350170
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюРабочие программыПланирования по казакском языку на тему Ардакты ана,аяулы ана,қымбаттым (9касс)

Планирования по казакском языку на тему Ардакты ана,аяулы ана,қымбаттым (9касс)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Мақсаты:

Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ананы сүюге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

1-жүргізуші:

Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі «Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, өйткені көктем секілді әйел аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емеспе?

1-жүргізуші:

Жер анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз.

«Біз өмірдің гүліміз» әні хормен орындалады.

2-жүргізуші:

Неге дәл осы күн Халықаралық әйелдер мерекесі болып белгіленді?

1908 жылдың 8-наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы оқиғаны еске қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің II Халықаралық конференциясында 8-наурыз Әйелдер күні болып белгіленді.

1-жүргізуші:

Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі.

2-жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандықтыңбәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

1-оқушы:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

2-оқушы:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың

Қарайтыным - қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

3-оқушы:

Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

4-оқушы:

Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезілер әр ісінен даралығы.

Ана – Өмір, Ана – Бақыт, Ана – Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.

5-оқушы:

Ана – деген өмірдің кәусәр бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы,

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

«Анаға сәлем» әні орындалады.

6-оқушы:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дастархансың, сен жомартсың, данасың!

7-оқушы:

Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,

Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.

8-оқушы:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына иақтанам!

1-жүргізуші:

Әйел – Ана. Әйел – өмір. Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігін тербетіп адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры биік. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген ұлағатты сөз бар. Көптеген ақындар аналарымызды өлеңге қосып жырлаған. Сол сияқты үйірме мүшелерінің де өз шығармашылықтарынан аналарына өлең жылдары бар, қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар! Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адам болуын қарайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының, бақыттың керегі жоқ.

9-оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

10-оқушы:

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

11-оқушы:

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген – сүйенерің, жан құрбың.

1-жүргізуші:

Анаға арнап айта берсең сөз жетпес, ол дегенің – өмірдегі асыл жан!

2-жүргізуші:

Шырылдап жерге түскенімізден-ақ біздің ең жақынымыз – ана.

1-жүргізуші:

Ең бір досымыз.

2-жүргізуші:

Ең бір ұстазымыз.

Бірге:

Ол – ана!

1-жүргізуші:

Ол біз үшін бәрінен қымбат.

2-жүргізуші:

Сондықтан біз бір-ақ адамды білеміз.

Бірге:

Ол – Ана!

1-жүргізуші:

Ананың жолы басқа.

2-жүргізуші:

Ана деген сөздің өзі ыстық.

1-жүргізуші:

Ана десе толқымайтын жүрек

2-жүргізуші:

Тасымайтын қан

1-жүргізуші:

Сезінбейтін сезім болуы

Бірге:

Мүмкін емес.

12-оқушы:

Орасақ та жәннат ішік, құндызға,

Баласақ та айға, күнге, жұлдызға.

Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.

13-оқушы:

Ана деген, ана деген – бұл өмірдің тірегі,

Аналардың мөп-мөлдірғой, мөмөлдірғой тілегі.

Құлынып деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.

14-оқушы:

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,

Борышты оған не бір дархан, данада.

Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,

Ей адамдар, жол беріңдер анаға.

15-оқушы:

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасыңдағы, кәріңде.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйыныңдар Ана деген тәңірге.

«Асыл ана» әні орындалады.

1-жүргізуші:

Ақ тілеуді, кең пейілді аналарымыз – өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен татулықтың болуын да тілейтін – ана.

2-жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар,

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін.

Сізден жақын адам бар ма, аналар?

Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе – Отан ғана!

Адам баласы үшін ең қастерлі сөз – «Ана» деп білеміз!

«Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана» дей отырып мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Краткое описание документа:

Общая информация

Номер материала: 411240

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.