План-конспект по казахскому языку на тему "Менің елім- Қазақстан"
1707601
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое КонспектыПлан-конспект по казахскому языку на тему "Менің елім- Қазақстан"

План-конспект по казахскому языку на тему "Менің елім- Қазақстан"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Менің елім- Қазақстан

Сабақтың мақсаты: ҚР туралы алған білімін кеңейту және тереңдету

Міндеттері:1. Білімділік: туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінмен таныстыру; оқушылардың алған білімін саралай отырып, практикалық дағдыларымен салыстыру;

2. Дамытушылық:берілген мәтінді түсініп,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру;тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөйлеу,ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке,оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойын элементтері,тест тексеру,проблемалық сұрақтар,ойлауды дамыту технологиясы,іздену

Пәнаралық байланыс: дүниетану,тарих,орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,тест,ребус,интербелсенді тақта,үлестірмелі қағаз

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу,оқушылардың назарын сабаққа аудару

  2. Психологиялық дайындық

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырып

Қазақ тілін бастаймыз!

  1. Кезекшімен жұмыс

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Сыныпта кім жоқ?

  • Қазір жыл мезгілі қандай?

  • Аптаның қай күні?

  • Дұрыс,балалар,бүгін күн жұма-сәттілік күн. Бүгін сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін,өйткені бүгінгі сабақ ерекше сабақ.Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,сондықтан біз өз білімізді жақсылап көрсетуіміз керек.

II.Қайталау

  1. Ребустің шешуін табу

- Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы – ең біріншіден ребустің шешуін табамыз.

  1. Тақырыпты жариялау,мақсатымен таныстыру

  • Қандай сөз шықты?

  • Дұрыс, сабағымыздың тақырыбы - Нәтиже сабақ.Модуль бойынша «Менің елім-Қазақстан» тақырыбын қайталау

  • Біздің ұранымыз «Қайталау – оқу анасы».

  • Мақсатымыз:модуль бойынша білімдеріне қорытынды жасау.

Ендеше,балалар, Қазақстан әлеміне сапар шегейік.

Бүгін мен сендерді екі топқа бөлемін.Біз бүгін топпен жұмыс істейміз.

І топ – Оңтүстік Қазақстан

ІІ топ – Солтүстік Қазақстан

І тапсырма: Сөздер

Сөздер болса,сөздерді қайталаймыз.

қуатты- сильный

еркін- вольно, свободно

тәуелсіз- независимый

мақтан етемін- горжусь

көмір- уголь

мұнай- нефть

мыс- медь

темір- уголь

ІІ тапсырма: Сұрақ – жауап

Сұрақ-жауап болса,сұраққа жауап бересіңдер

- Отан дегеніміз не?

- Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады.

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

- Еліміздің елордасы қай қала?

- Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.

- Мемлекеттік рәміздерді атаңдар. (әнұран, ту, елтаңба)

III тапсырма: Мәтінді мазмұндау

-Енді,балалар,Отан туралы не білесіңдер?

1)Үйге берілген мәтіннің мазмұнын сұрау

2) Қазақстанның табиғаты туралы әңгімелеу

- Біздің табиғатымыз қандай? Қандай көлдерді білесіңдер?

IV тапсырма: Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстан туралы сұрау

V тапсырма: Венн диаграмма

  • Өте жақсы!Енді тақтаға қараңдаршы,бұл не?

  • Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстанның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын Венн диаграмма арқылы көрсетесіңдер.

IV. Сергіту сәті

Дөңгеленіп тұрамыз

Керегені құрамыз

Уық болып керіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрамыз

V. Бекіту

VI тапсырма: жазбаша жұмыс.

  1. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып жазу

  2. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу

Наша Родина, большая роща, чистое озеро, красивый город, дружный народ, наша Республика, маленький аул, богатый край.

«Қазақстан» деген ассоциация толтырамыз.

hello_html_m4f8f6d9c.png


  • Келесі тапсырмада біз ойын ойнаймыз.Ойынның аты: «Жұлдызды сәт». Біздің мемлекетіміз қандай?

- Дұрыс Қазақстан

Ойынның шартты:әр топ «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз тауып,дәптерге жазады.

7-ші тапсырма: білім тексеру (тест)

Тест

1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

а) 42 ә) 38 б) 2

2. Сызбаны толтыр

3. Қазақстанның қазіргі астанасын ата:

а) Қызылорда ә) Алматы б) Астана

4. Оңтүстік Қазақстан қандай облыстарды қамтиды?

а) Павлодар, Ақмола, Қостанай

ә) Алматы, Тараз, Қызылорда

б) Көкшетау, Астана, Атырау

5. Солтүстік Қазақстан қандай облыстарды қамтиды?

а) Павлодар, Ақмола, Қостанай

ә) Алматы, Тараз, Қызылорда

б) Көкшетау, Астана, Атырау

6. Қазақстанның өзендерін тап

а) Есіл, Тобыл, Шу, Ертіс, Сырдария

ә) Балқаш, Алакөл, Сасықкөл,Марқакөл

б) Арал, Каспий

7. Қазақстанның көлдерін тап

а) Есіл, Тобыл, Шу, Ертіс, Сырдария

ә) Балқаш, Алакөл, Сасықкөл,Марқакөл

б) Арал, Каспий

VI .Рефлексия

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Балалар сендер елімізге қанадай тілек тілейсіңдер

Елімізде тыныштық болсын!

Еліміз бай болсын!

Бейбітшілік болсын!

Аспан ашық болсын!

  • Сабақ сендерге ұнады ма?Егер сабақ ұнаса стикерлеріңді тақтада ілулі тұрған көңіл күйі жақсы анимацияға ілесіңдер,егер де сабақ ұнамаса көңілсіз анимацияға ілесіңдер.

VII .Сабақты бағалау

Бағалау парағы бойынша

VIII .Үйге

- Балалар, сендер біздің мемлекетіміздің болашағы. Бүгін жақсы оқып, ертең еліміздің абзал азаматтары боласыңдар.

Қазақстанның шаңырағы биік болсын, үйінің қабырғасы кең, іргесі берік болсын!

Үш деңгейлік тапсырма орындау.

Жасыл кеспе. Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу.

Көк кеспе. Мәтін бойынша диалог құрастыру.

Қызыл кеспе. «Менің Отаным - Қазақстан» шағын шығарма жазу.


















































Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-315546

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс повышения квалификации «Формирование компетенций межкультурной коммуникации в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.