Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен ашық сабақ жоспары "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу"

Математика пәнінен ашық сабақ жоспары "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулермен таныстыру және оларды шешуін үйрету
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:интер белсенді тақта арқылы оқыту, ойын элементтерін қолдану
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, флипчарт, карточкалар.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде , олай болса бір-бірімізге сәттілік тілейік!
2. а. «Өрмекші шырмауынан шығып көр».
Мақсаты: Оқушылар бір- біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Ә. Үй тапсырмасын тексеру (2ші дәптерлерін жинап алу.)
3. «Білім сандықшасы» оқушылар білетін және білмейтін тақырыптарын реттеп , білмеген тақырыпты білуге ұмтылып, қызығушылықтары оянады.

4. «ойлан тап» сөз жұмбағын шештіру арқылы жасырын сөз теңдеу деген сөзді алып шығады.
1. Екі санның бөліндісі?
2. Түзудің шектелген бөлігі?
3. 3+(-2) * -9:(-9) жұлдызшаны таңбамен алмастыр.
4. Шеңбердің центрі мен кез келген нүктесін қосатын кесінді?
5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді?
6. Есептің шешімі?
- Оқушылар қалай ойлайсыңдар неге мен «теңдеу» сөзін жасырдым?

ІІ Жаңа сабақ : 1.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х айнымалы, а және в –қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Бір айнымалы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін :
-теңдеудің анықталу аймағы өзгермейтіндей етіп, оның бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе –тең түрлендіріп ықшамдау керек;
-айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
-теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=в түріне келтіру керек;
-теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің х= түбірін табу керек;
Слайд арқылы түсіндіру
2. -Енді теңдеуді шешудің алгоритмін құрайық ( слайд)
3. Тақтаға теңдеулерді шешу мысалдарын қарастыру 2-4 мысалдарды түсіндіру оқушылардың көмегі арқылы.
4. «Үшінші артық»
Мақсаты: Оқушылардың теңдеудің түрін ажырата және анықтай білуге бейімдеу
ІІІ Есептер шығару:
Оқулықпен жұмыс , жауабы тақтада көрсетілген түстерге сәйкес, сол түстер арқылы суретті бояйды. № 835 және №836(1,2,3)
1. Енді барлығымыз бірігіп берілген «Суретті бояйық»
флипчарт слайд бойынша

2. Балалар « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалдың кім мағынасын ашып береді? Олай болса тақтада берілген есептерді шығарып суретті құрастырайық. флипчарт слайд бойынша


3. Өздік жұмыс. № 853 В тобы деңгейі

Сабақты бекіту кезеңі:
1. «Білдім ,үйрендім»
Балалар, естеріңде болса «Алтын сандықшаны» ашқанда «Білгім келеді» қатарына біраз сұрақтарды жинақтағанбыз ,Енді сол сұрақтарыңа жауап алдыңдарма соны тексеріп көрейік!
Сұрақтарға жауап беру
-Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дейді?
-Теңдеудің түбірі деген не?
-Мәндес теңдеулер дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: №836 (4-6) №839,



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.09.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров21
Номер материала ДБ-213647
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх