Инфоурок / Логопедия / Конспекты / План-конспект урока по логопедии по теме: "Ш дыбысы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

План-конспект урока по логопедии по теме: "Ш дыбысы"

библиотека
материалов

Әбдіқожа Нарқыз,

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек мектебінің логопеді


Тақырыбы: «Ш» дыбысы
Мақсаты:
1) Білімділік: Балаларды «Ш» дыбысымен, әріп таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың «ш» дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару.
2) Түзетушілік: Балаларды «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3) Тәрбиелік: Балаларды «Ш» дыбысын дұрыс айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар, ойынға арналған суреттер, Ш дыбысы бар суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: -    сәлемдесу.

1. Шаттық шеңбері:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерге бұралып,
Дөңгелене билейік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі «З» дыбысына байланысты буындарды, сөздерді қайталау

ІІІ.Негізгі бөлім.

1.Жаңа сабақ

а)Айырға аздап ұқсайтын,
Сабы жоқ бір - ақ ұқсайтын.
Тарақты еске салатын
Қай әріп, кім табатын? (Ш) - Балалар сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз осы «Ш» дыбысымен танысамыз
Әріп таңбасы көрсетіледі.
- Қане бәріміз айтып көрейікші. ШШШ ал енді ААА дыбысын қайталайық
- ААА дыбысымен салыстырайық. Ш дыбысын а дыбысы сияқты еш кедергісіз айта аламыз ба?
- Себебі тіл, тіс, бөгет жасайды осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды көк түсті текшемен белгілейміз,
ә) Құрамында «Ш» дыбысы бар сөздерді атаңдар.Мысалы:Шана,шаңғы,арша,алаша т.б
б) Берілген сөздерге байланысты сөйлем құраңдар.Мысалы: Мен қыста шанамен сырғанадым т.б.

2.Тыныс алу жаттығулары.
«Қар жауды».Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып «қар түйіршіктерін» жасаймыз.Баламен бір бөлмеде «қар» жаудырамыз.Бала «қар түйіршіктерін» дұрыс үрлеу керек.
Қар ұшқыны аспанда
Қиыршықтап ұшады
Қанатты аппақ құстардай
Жердің бетін құшады.Осы және басқа да тыныс алу жаттығуларын жасауымызға болады.

3.Дыбысты қоюға арналған әдістермен жұмыс:
1.Балаға «Ш» дыбысының артикуляциялық кескінін көрсету арқылы;
2. «Ш» дыбысын қайталап айтқызу арқылы;
3. «Ш» дыбысына байланысты сөздерді буындап айтқызу арқылы:
ша-ша-ша-шана аш-аш-аш-ашық
шу-шу-щу-шашу еш-еш-еш-ешкі
ош-ош-ош-ошақ ша-ша-ша-шатыр

IV.Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағы өнерлі
Қала салсақ,жол салсақ.
V.Үйге тапсырма: «Ш» дыбысынан басталатын сөздерді жұмыс дәптеріне жазып келу.Кемінде бес сөзге сөйлем құрау.
VІ.Қорытынды.Жұмбақ арқылы сабақты қорытындылау.
Шағала боп шалқарды
Шарлаймын шарқ ұрамын
Шанышқының басындай
Үш тармақтан тұрамын. (Ш)

Қыста үйге кірмейді
Көктем шықса жүрмейді (Шана)





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-547454

Похожие материалы