Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Пән сабақтарында ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Пән сабақтарында ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

библиотека
материалов




Баяндама



Тақырыбы:

«Пән сабақтарында ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары»







Дайындаған:Информатика пәнінің жоғары санаты мұғалімі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы














Жоспар



  1. Кіріспе.

  2. Оқытудың ақпараттық технологиялары.

  3. Оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану.

  4. Қорытынды.

  5. Пайдаланған әдебиеттер.

























Пән сабақтарында ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары


1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» даму бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сайлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән.

Елімізге дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалуын, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, бағдарлы оқыту арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, эммоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ететін ізденістерден пайда болатыны түсінікті. Ақыл парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, өз қабілетіне сай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа технологиялардың түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.

Оқу тәрбие үрдісіне қолданып жүрген жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі; оза отырып оқыту; іс - әрекетін бағалау; тірек конспектілері арқылы оқыту; бағдарлап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар, модульдік оқыту; оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы т.б.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.

Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жасөспірімдерді жан – жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.

Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми – техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғарғы деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттілігін алға қоюда.

Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайданалу үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.

Теориялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау жасау негізінде мынадай тұжырымға келіп отырмыз. Біріншіден, көптеген жаратылыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда. Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық – педагогикалық талаптарға онша сай келмейді. Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым – қатынас тек мұғалім мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім және оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.

Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

- білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой - өрісінің даму деңгейін көрсету.

- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

Оқытудағы жаңа информациялық технология аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға септігін тигізеді және оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Жаңа ақпараттық технологияның негізі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көз қарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Жаңа ақпараттық технологияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.

Білім беруде жаңа ақпараттық технология:

- оқып үйренушілердің адамға тән тұлғалық сапасының негізі үлестілігі болып табылатын жеке қабілеттерінің дамуына, ашылуына, сақталуына;

- оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, өзін - өзі жетілдіруге тырысуға;

- оқыту мен тәрбие процестерінің мазмұнын, формасын динамикалық дамытуға мүмкіндік береді.

2. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммунациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:

- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;

- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерде біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялау;

- біртұтас ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейлі ақпараттармен алмасуды камтамасыз ету;

- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.

Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білім беруді заман талабына сай жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негізгі құрал болып табылады. Біртұтас телекоммуникациялық желіні білім беру жүйесінде пайдалану басты ақпараттық ағын мен жұмысшы ақпараттық ағынды әдеттегі іс - әрекет сәйкес пәндік аумақта дерек қорын таратуға пайдалануы қажет. Бұл жүйені дамыту мектепте информатика курсын оқытудан басталады.

Оқытудың компьютерлік технологиясын енгізу оқу-тәрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималдандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.

Сонымен орта мектепте компьютер арқылы оқытуды енгізудің мынадай негізі бағыттарын:

  • оқыту;

  • мұғаліммен оқушы бірлескен қызметін ұйымдастыру;

  • білім беру;

  • таным қызметін қалыптастыру;

  • оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастырудың мақсатты құралы екенін атап көрсетуге болады.

Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, жақыннан алысқа , таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту технологияларын енгізу арқылы оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Сабақ - өте күрделі, сан қырлы процесс. Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:

  • оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;

  • сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;

  • ақпараттық технологияны тиімді пайдалану, оқушылардың сезіміне әсерін білу;

  • балалармен ынтымақтастықта болу;

  • сабақтың өмірмен байланысын нығайту;

  • мұғалімнің сабақтағы жаңашылдық, шығармашылық әрекеті.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңаша оқыту технологияларын пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін қажет. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты«оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

  Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;

  Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;

  Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

  Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;

  Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

  Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

  Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

  Ақпарат іздеу жүйесі;

  Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

  Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

  Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

  Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

  әр түрлі форматты файлдар;

  мәліметтер қоры;

  бағдарламалық модульдер;

  жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.

Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

  ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек мәтінен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

  жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

  оқу сабақтарының жаңа формалары. Оқушылар мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар оқушылар үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

  білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

  сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

  Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;

  желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

  оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

  қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

  іштей және қашықтан оқыту түрлерін  біріктіру;

 қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.

3. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі – бағдармаламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.

Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Компьютер VGA – портына проект арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады.

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық обьектер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұғымды қалыптастыруын, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда технологиялар түрлерін қолдану тиімді. Жаңа технология әдістері әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істей білуіне өз бетімен жұмыс істеп қорытынды жасай алуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, жүйелі білім алуға жетектейді.

Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар. Кешенмен жұмыс істегенде екі режим: тышқан және аннотация режимі қолданылады. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып қолданушының іс әрекетін операциялық жүйеге трансляциялайды (жеткізеді), екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет салуға болады.Мысалы жұмыс үстелінде, PowerPoint  слайдтарында және кез келген қолданбалы бағдарламалар терезелерінде және т.б. Көптеген интерактивтік тақталар монтаждан соң калибрлеуді, яғни маркердің тақта бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді. Калибрлеу экранның әр бұрыштарын және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы утилит көмегімен белгілеу арқылы жасалады. Егер тақтамен проектордың орналасу орны өзгермесе, калибрлеуді қайтара жасау қажет емес.
Преоктордың орналасуына қарай интерактивтік тақталар тікелей (тура) және кері проекциялаушы деп екі класқа бөлінеді. Бірінші класқа жататындар – қолданушы кей уақытта экранды көлеңкелеп жауып қалу кемшілігіне қарамастан өте кең тараған. Сондықтан обьективті төменге еңкейтіп проектерді тақтаға мүмкіншілігінше жақындатып төбеге іледі. Екінші класқа жататындар біршама қымбат тұрады, онда проектор тақтаның артында орналасады да өте көп орын алып тұрады. Қазір интерактивтік тақтаны жасаушылар көбіне дайын кешендерді, яғни тақтамен жұмыс істейтін құралдардың барлығын бірге ұсынады. Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке бөлінеді:

  1. Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология;

  2. Электромагниттік технология;

  3. Лазерлік технология;

  4. Ультрадыбыстық / инфрақызыл технология;

Бірінші типтегі интерактивтік тақталарды өлшеу жүйесі аналогтық болғанымен қабылданған ақпарат цифрлық түрде өңделеді. Ақпаратты көрсету тігігнен және көлденеңнен мыңдаған нүктелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, Smart Technologies компаниясының SMARTboart  тақталары 4000 х 4000 нүктеден тұрады. Лазерлік технологиялы интерактивті тақталар жүйесіне екі инфрақызыл лазерлік бұрыш белгілеу құралы кіреді. Бұндай тақталарда тек маркермен жұмыс істеуге болады.
«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзе асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бұл жерде: «Бұл мақсатқа жету үшін оқыту үрдісін қалай құру керек?», - деген сұрақ туындайды. Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын.Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен «Автив экран» бағдарламалық – техникалық кешенін қолдану барысында оқушыға дәрістің мәнін жазу қажет емес екендігі анықталды.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі. Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын - ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.Семинарды өткізу әдістемесі. Семинарды өткізу бағдарламалық-техникалық кешені қолданылып келесі түрде жеткізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтың әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты қолданады.Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпарат объектер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

ACTIVwand - Электронды указкасының ұзындығы 54 см Тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге болады. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.

ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонымен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді.

ACTIVslate - Радио портты панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады.

ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгеріп бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы ұстаздардың тәжірибесі дәлелдегендей, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту – тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға көмегі көп деп есептеледі. Ал, білім берудегі интерактивті технология  сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір – бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті технологияларды оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді. өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді.  Интерактивті құралдарды пайдаланатын оқыту әдістемесі дәстүрлі оқыту әдістемесінен ерекшеленеді. Кез – келген жағдайда, соның ішінде интерактивті құралдарды пайдалану арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін сабақтың жоспарын, құрылымын, оқытудың мақсаты мен нәтижесін анықтау қажет. Интерактивті құралдарды қолданумен бірге сабақ құрылым да өзгереді. Дербес жағдайларда, интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін. Интерактивті құралдарды қолданатын сабақ сапасы, бірінші кезекте мұғалімнің өзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай қолданатынына тәуелді. Интерактивті тақта пайдалану кез – келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың  танымдық іс - әрекетінің артуына ықпал етеді.  Интерактивті тақтаны қолдану шартында білімді бақылау келесі формаларда жүзеге асады.

  • оn-line тест;

  • Activote2  тестілеу жүйесі;

Интерактивті тақтаны пайдаланудың артықшылықтары оқушы мен мұғалім үшін маңызды болып табылады.

Бүгінгі күні қолданылып жүрген Activ Inspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіндіктері мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді. Сабақ барысында материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін қолдана алады.Сабақтарды сақтау,толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Әрине ол үшін мұғалімдер арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивтік тақтаның мүкіндіктерін толық игеруі тиіс.Сонымен бірге интерактивтік тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білу маңызды. Интерактивті тақтамен түрлі жаттығулар орындауға болады. Жаттығулар орындау барысында оқушының білімді меңгеруі оң нәтиже береді.Интерактивті тақта- сыныптағы оқушылардың барлығын бір мезгілде оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты, тартымды және тез жеткізуіне көмектесетін көзге көрінетін ресурс.Оның ақпаратты түрлі мультимедиалық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады және веб-сайттар мен кез-келген қосымшалардан да жазу жаза алады, оларды әрдайым есте сақтай алады. Сонымен интерактивті тақтаны пайдалану сабақты өткізуге жеңілдік береді, жаңа сабақты түсіндіру,өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге және сабақтың қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі.Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын, сабаққа араласу белсенділігін арттырады. Оқушының жігерлілігін, өзіне деген сенімділігін және пәнге қызығушылық әрекеттерін қалыптастырады. Және әрбір оқушы тест арқылы өз білімінің нәтижесін көріп, қатесімен жұмыс жасай алады.
«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, оқушыны білімді,адамгершілігі мол, мәдениетті етіп,заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу керек.







































Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Беспалько В.П – Слагаемое педагогической технологий. Педагогика - 1989.

  2. Дьяченко В.К. - новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса.

  3. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейнігі білім беріудің дамуы тұжырымдамасы. Астана 2004 жыл.

  4. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы.

  5. «Математика және Физика» ғылыми - әдістемелік журнал №4. 2006 жыл.

  6. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал №2. 2013 жыл

  7. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.













Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

      Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің  күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

      Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.

      Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» даму бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сайлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына  ықпал етіп, қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән.

     Елімізге дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалуын, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан  іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім к

Общая информация

Номер материала: 145343

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"