Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Пәндік олимпиадаға бағыттау арқылы дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

"Пәндік олимпиадаға бағыттау арқылы дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"

библиотека
материалов

Пәндік олимпиадаға бағыттау арқылы дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


Аккайнанова Нургул

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның география пәні мұғалімі


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті. Соның ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.

Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.

Олимпиада резервтерімен дайындық жұмыстарын мен өзім құрған бағдарлама негізінде жүзеге асырамын. Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады.


Дайындық кезеңдері

Жүргілетін жұмыс түрлері

Оқушы іс-әрекеті


І кезең

Оқушының теориялық білімін жетілдіру бөлімі

1.Өтілген материалдар бойынша білімін толықтыру мақсатында қайталау дәріс сабақтарын өткізу.

Дайындық барысында пайдаланылатын қосымша әдебиеттерді беремін. Оқулықтан тыс күрделендіріліген тапсырмалар беру және ғылыми терминология бойынша жұмыс жүргізу маңызды.

2.Қосымша білім көздерін пайдалану (БАҚ материалдарымен танысып отыру)

Оқушылар БАҚ көздеріне сүйене отырып, күнделікті өмірде дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтармен танысып отыруы керек.

3.Электронды оқулықтарды пайдалану, интернет жүйесі арқылы мағлұматтар алу.

Интернет ресурстарын пайдалану. Интернет-кітапханалар арқылы білім алу. Дистанционды олимпиадаларға қатысу, «Дарын» сайтындағы өткен жылдардың олимпиада материалдарын орындау. Онлайн тесттерді орындату.

Теориялық білімін практикалық тұрғыда қолдану бөлімі

Оқу-тәжірибелік және сарамандық жұмыстарды: географиялық және экономикалық, демографиялық есептерді есептеуге, диаграммалар мен графиктер тұрғызуға, профильдер сызуға, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасауға, сызба, карта, кескін карталар, глобуспен жұмыстар жүргізуге, т.б. машықтану.

  1. Статистикалық мәліметтермен жұмыс;

  2. Картамен жұмыстар жүргізу;

  3. Кескін картамен жұмыс;

  4. Есептер шығарту;

  5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;

  6. Профиль сызуға үйрету,

  7. Жоспар бойынша сипаттамалар беруге үйрету;

  8. Салыстырулар жасауға үйрету;

  9. Кестемен жұмыс;

  10. Сызбалармен жұмыс

ІІ кезең

Зерттеу, талдау, түсіндіру және болжам жасау (пайымдау) кезеңі.

Оқушы алған білімдерін пайдалана отырып, заңдылықтар мен құбылыстарды, өзгерістер мен жаңалықтарды зерттеуге, оны талдай білуге немесе түсіндіруге , қажет болса болжам жасай білуге үйренуі тиіс.

  1. Оқушы табиғат құбылыстарын, қазіргі дүниедегі саяси өзгерістерді, жаңалықтарды, ғаламдық проблемалардың себеп-салдарын түсіндіре білуі қажет;

  2. Нақтылы фактыны зерттеуге, салыстыруға, талдай білуге үйрену, өз бетімен тұжырым және болжам жасай білу.

ІІІ кезең

Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Зерттеу-жобалау, өлкетану жұмыстарымен айналысу кезеңі.

8-9 сыныптарда алған Қазақстан географиясы туралы мағлұматтарына қосымша қосымша жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктерін, халқы және оның шаруашылық әрекетін танып-білу мақсатында өз бетімен зерттеулер жүргізу.

  1. Жергілікті жер табиғаты мен экономикасын зерттеу жұмыстарын жүргізу(жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, органикалық дүниесі, ішкі сулары, өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығы, халқы және еңбек қоры, т.б.)

  2. Оларды картаға түсіру, номенклатураларын жасау, диаграммалар тұрғызу,т.б.

  3. Статистикалық мәліметтер жинақтау.

IV кезең

Қорытынды кезең

Оқушының дайындық кезеңдері бойынша алған білімдерін саралау, жүйелеу, қорытындылау.

Тақырыптық тесттер орындату,

онлайн тесттер, әр тарауға байланысты тапсырмалар орындату.


Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы- географиялық есептер мен диктанттар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Әсіресе, физикалық география курсы бойынша атмосфера, Жердің қозғалысы, азимут, масштаб, сағаттық белдеулер, гидросфера тараулары бойынша, ал экономикалық география курсы бойынша демографиялық және экономикалық есептерді көбірек орындату керек. Өзімнің құрастырған жинағым, Ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер жинақтарын өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.

Оқушының білімін жетілдіруде статистикалық мәліметтермен жұмыс жасату нақты сандық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушыға дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай мәліметтерге мемлекеттердің, аймақтардың, облыстардың, аудандардың жер көлемі мен халқының саны, ұлттық және жас-жыныстық, діни құрамы, миграциялық көрсеткіштер, өнеркәсіп өнімдерінің өндірілу көрсеткіштері, тауар айналымы, ЖІӨ және оның жан басына шаққандағы көрсеткіші, т.б. жатады.Осындай статистикалық мәліметтер көздерін пайдалана отырып, оқушы график немесе диаграммалар, мониторинг, кестелерді жасауға үйренуі қажет.

Диаграмма және графика- оқу үрдісінде сандық көрсеткіштердің көрнекті бейнеленуі. Оларда табиғи немесе экономикалық құбылыстар көрнекі бейнеленеді. Мерзіміне, саласына, өнім түріне, өндірілу мөлшеріне,т.б.қарай салыстыра отырып, оқушы бағана түріндегі, дөңгелек немесе бағана түріндегі диаграммалар мен графиктер, түрлі-түсті мониторингтер тұрғыза алады.

Оқушының кішігірім ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмысымен айналысуы оның өз өлкесінің географиясы туралы мағлұмат алуына жол ашады. Осылайша, ол өз өлкесінің табиғаты мен байлықтары, халқы мен шаруашылық жағдайын бейнелейтін карталар түсіріп, органикалық дүниесі мен жер-су атауларының номенклатурасын жасақтап, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұматтар жинақтайды.


8-9 сынып оқушыларын олимпиадаға дайындауға арналған үлгі- жоспар

Жер туралы мәліметтер.

1

Практикалық тапсырмалар орындау.

1

Жер табиғатының басты ерекшеліктері.

1

Жоспар бойынша сипаттамалар беруге үйрену.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу.

1

Жер қабықтары. Даму заңдылықтары. Негізгі ерекшеліктері.

1

Есептер шығару.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу.

1

Материктер табиғатының ерекшеліктері.

1

Материктерге жоспар бойынша сипаттамалар беру.

1

Карта бойынша жұмыстар жүргізу.

1

Мұхиттар.

1

Карта бойынша анықтаулар мен сипаттамалар беру.

1

Физикалық- географиялық терминдерге анықтамалар беру.

1

Қазақстан табиғатының ерекшеліктерін сипаттау.

1

Жоспарлар бойынша табиғат аудандарына сипаттама беру, салыстыру,анықтама беру.

1

Құбылыстар мен факторлар, олардың себептерін анықтау, түсіндіру.

1

Карта бойынша тапсырмалар орындау.

1

Қорғауға алынған аумақтар: қорықтар, саябақтар, қорықшалар, табиғат ескерткіштері.

1

Қазақстанның экономикалық аудандарына сипаттама беру.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу.

1

ЭГЖ-на сипаттама беру жоспарларының түрлерін таныстыру.

1

Аудандар мен қалалардың ЭГЖ-на сипаттама беру.

1

Шаруашылық салаларына сипаттама беруге үйрену.

1

Өнеркәсіптердің орналасу принциптері.

1

Карта бойынша аймақтардағы және елдердегі өнеркәсіп салаларының орналасу принциптерін анықтауға машықтандыру.

1

Экологиялық проблемалар, олардың туындау себептері. Шешу жолдары.

1

Қазақстанның халқы.

1

Халықтар картасы бойынша және статистикалық мәліметтер, жас- жыныстық пирамидалар бойынша тапсырмалар орындау.

1

Демографиялық есептер шығару.

1

Елдер арасындағы байланыстар. Халықаралық ұйымдар жұмысы туралы.

1

Атырау облысының географиясы

1

Практикалық жұмыстар

1

Қорытынды тестілеу

1


10-11 сынып оқушыларын олимпиадаға дайындауға арналған үлгі- жоспар

Дүние жүзінің саяси картасындағы елдер, өзгерістер.

1

Практикалық тапсырмалар орындау.

1

Халықаралық ұйымдар. Елдер арасындағы байланыстар.

1

Жоспар бойынша сипаттамалар беру.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу.

1

Дүние жүзінің халқы.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу.

1

Халықтар картасы бойынша және статистикалық мәліметтер, жас- жыныстық пирамидалар бойынша тапсырмалар орындау.

1

Демографиялық есептер шығару.

1

Дүние жүзінің табиғат ресурстары.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу. Жоспар бойынша сипаттамалар беру.

1

Дүние жүзінің шаруашылығы.

1

Карта бойынша анықтаулар мен сипаттамалар беру.

1

Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары.

1

Ауыл шаруашылығы географиясы

1

Анықтаулар, салыстырулар жүргізу, сипаттама беру.

1

Экономикалық -географиялық терминдерге анықтамалар беру.

1

ТМД елдері.

1

Карта бойынша тапсырмалар орындау.

1

Жоспар бойынша елдерге сипаттама беру.

1

Карта бойынша анықтаулар жүргізу.

1

ЭГЖ .сипаттама беру жоспарларының түрлерін таныстыру.

1

Аудандар мен қалалардың ЭГЖ.сипаттама беру.

1

Карта бойынша аймақтардағы және елдердегі өнеркәсіп салаларының орналасу принциптерін анықтауға машықтандыру.

1

Шетелдік Еуропа

1

Шетелдік Азия

1

Солтүстік Америка

1

Латын Америкасы

1

Африка

1

Австралия және мұхит аралдары

1

Халықаралық экономикалық байланыстар.

1

Атырау облысының географиясы

1

Практикалық жұмыстар

1

Қорытынды тестілеу

1

Білімді ұрпақ- Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Қорыта айтқанда, оқушының мектеп қабырғасында алған білімі оған қызмет жасайтындай дәрежеге жеткізуге ұмтылуымыз керек.

Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров157
Номер материала ДБ-037649
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх