Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Пәндік шара "Ел тірегі- білімді ұрпақ" (1 касс)

Пәндік шара "Ел тірегі- білімді ұрпақ" (1 касс)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ел тірегі - білімді ұрпақ» интеллектуалды сайыс
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, тапсырмалар.
Түрі: сайыс
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе Жер үстінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Драма театр 5дом 1подъезд қасында офис орналасқан Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімнен аспанға жол салынар. Армысыздар, ұстаздар ! - Бармысыздар, болашақтың бастауы Балғын шақты балалар ! Алдарыңызда тұрған 1 а сынып оқушыларының «Ел тірегі - білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық сайысын тамашалап отырсыздар. Ал оқушы, ұстаздар Бәрің бермен қараңдар. Білімділер ортада Қол соғып бір қойыңдар, - деп барлық сайыскерлерге бір қол соғып қоялық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік, - дей отырып, сіздерге тек сәттілік тілеймін ! Интеллектуалды сайысымыз 7 бөлімнен тұрады. Әр сұрақ жауабына жұлдызша беріліп отырады. 1. Таныстыру
2. Кім білгір? (Танымдық сұрақтар)
3. Бәйге
4. Жұбын тап
5. Ойлан, тап (Сөзден сөз құрап жазу)
6. Суретшінің қатесін тап.
7. Кім жылдам ?
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. «Ел тірегі – білімді ұрпақ» сайысында, Таныстыру бөліміне кезек беріңіз.
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
І. Таныстыру
І топ «Қыран» тобы

Таныстырсақ тобымызды «Қыран» көкке самғайтын. Біз ұрпақпыз ата салтын, Ғасырларға жалғайтын.

Гүлмайдан, Аят, Айназ Қасиет пен Ерасыл бар. Зерделідей зерделі қыз, Бәрі озат, бәрі асылдар.
Ұраны: «Қырандай қалықтап самғаймыз!»

ІІ топ «Тұлпар» тобы

«Тұлпар» тобы біздерміз, Білімнің айдынында жүзгенбіз. Алғы күннен шуақ шашқан, Бақыт нұрын іздерміз.

Тобымызда Альбина, Нұртілеу, Ерасыл, Айназ, Марғұлан. Аққу бар - озат қай кезде де, Білім қуған тұлпардайын біз ұлан.
Ұраны: «Біз талапты баламыз,
Біліммен алға самғаймыз!»

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп?
ІІ.Сайысымыздың келесі кезегі «Кім білгір?»деп аталады.

1-топ «Қыран» 1. ҚР рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран) 2. Білім ұясы (мектеп) 3. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра) 4. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (әже) 5. Көшет қай мезгілде отырғызылады? (көктемде) 6. Биылғы жыл қалай аталады? (мешін) 7. Ақтөс – ит, Марат – кім? (адам) 8. Иіс сезу мүшесі (мұрын) 9. Қыстың көркі не? (қар) 10. Жылдан құр қалған жануар (түйе)

2-топ «Тұлпар»
1. Әуенмен айтылатын рәміз (әнұран)

2. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (жасыл) 3.Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата) 4. Түн ұйқысын төрт бөлген адам (ана) 5. Торғай шырылдайды, мысық ....... . (мияулайды) 6. Дәм сезу мүшесі (тіл) 7. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт) 8. Судың пішіні бола ма ? (пішінсіз) 9. Жеті күнді не дейміз? (апта) 10. Жылдың ең соңғы айы (желтоқсан) Сонымен бірінші бқлім аяқталды.

ІІІ. «Бәйге» бөлімі

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік, Сөз кезеңін «Бәйгеге» берелік. Арамызда тапқыш достар көп екен, Солардың енді жауаптарын көрелік.

Бұл бөлімде 1 - ден бастап 6 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады. Солай ойын жалғаса береді.
І топ
1сұрақ: Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Ж: екіге
2 сұрақ: Сөйлем неден құралады?
Ж: сөзден
3 сұрақ: Алмұрт 5, алма 2. Барлығы неше жеміс?
Ж: 7
4 сұрақ: 9 – 7 7 + 3
Ж: 2, 10 5 сұрақ: Сұйық зат, ол бұлақ, өзен, көл, теңіздерде болады? Ж: Су 6 сұрақ: Табиғат құбылыстарын ата
Ж: Жаңбыр, жел, қар, боран, құйын, аяз т. б
ІІ топ
1. Сұрақ: Зеңгібаба қай малдың пірі?
Ж: Сиыр
2. сұрақ: Балапан сөзінде неше дауысты дыбыс бар? Ж: 3
3 сұрақ: Сенде барлығы 10 теңге, сен 8 теңгесіне қарындаш сатып алдың.Сенде қанша теңге қалды?
Ж: 2
4 сұрақ: 10 – 6 5 + 4 Ж: 4 , 9 5 сұрақ: Қыс мезгілінің айларын ата Ж: желтоқсан, қаңтар, ақпан 6 сұрақ: Табиғат нешеге бөлінеді? Ж: екіге

ІҮ бөлім «Жұбын тап»
Логикалық тапсырма суреттер бойынша беріледі.

Сұрақ: Әр заттың жұбын тап, олар бір – біріне не үшін керек?

D:\ерекше\Сериялы корнекіліктер\Сериялы корнекіліктер\JUBIN TAP\er3.jpg D:\ерекше\Сериялы корнекіліктер\Сериялы корнекіліктер\JUBIN TAP\er5.jpg D:\ерекше\Сериялы корнекіліктер\Сериялы корнекіліктер\JUBIN TAP\er6.jpg D:\ерекше\Сериялы корнекіліктер\Сериялы корнекіліктер\JUBIN TAP\er7.jpg
Ү бөлім. Ойлан, тап. Сөз ішінен сөз құра
І топқа
Қарлығаш (қар, ағаш, аш, лақ, арлы,шар, шал,қарға,аршы, шағыр,қаш,аша,ар)
ІІ топқа Асқабақ (ас, қабақ, қақ, бақ, бас, сабақ, асқақ, ақ,бақса)

ҮІ бөлім. Суретшінің қатесін тап .
D:\ерекше\Сериялы корнекіліктер\Сериялы корнекіліктер\SURETSHININ KATESI\er8.jpg D:\ерекше\Сериялы корнекіліктер\Сериялы корнекіліктер\SURETSHININ KATESI\er3.jpg
ҮІІ бөлім. «Кім жылдам?» (Қағазға жазылған сөздерді қимылмен көрсету)
Етік, кітап, қалам, орындық, телефон, машина.
Қорытынды:
Жұлдызшаларды санап, жеңімпазды анықтау, марапаттау.

«Ел тірегі - білімді ұрпақ» интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рақмет!



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-456674

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>