Инфоурок Биология Рабочие программыПәні: Биология 8 Тақырыбы: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфа айналымы. №12 зертханалық жұмыс.

Пәні: Биология 8 Тақырыбы: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфа айналымы. №12 зертханалық жұмыс.

Скачать материал

Пәні:  Биология 8

Тақырыбы: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфа айналымы. №12 зертханалық жұмыс.

Оқу – тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты:  Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері  мен лимфа айналымы туралы білім беру.

Міндеттері:

Білімділік:  Оқушыларға үлкен және кіші қан айналым шеңберлері мен қанның қантамырларымен қозғалуын талдай отырып түсіндіру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеуқан топтарын сауатты ажырата білу, қан құю жолдарына түсінік беру.

Құрал – жабдықтар: Слайд,секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер,сфигмоманометр және фонендоскоп

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау 1. «Ой қозғау».

1.      Жүрек автоматизмі деген не? Жүректің құрлысы туралы не білесіңдер?

2.      Жүрек құрылысындағы қандай бейімделу қанның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді?

3.      Неліктен жүрек бүкіл өмір бойында қажусыз және үздіксіз жұмыс істей алады.

4.      Жүрек жұмысына жүйке жүйесі қалай әсер етеді? Олардың маңызы неде?

5.      Гормондар жүрек жұмысына қалай әсер етеді?

6.      Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады.

7.      Жүреті қандай ұлпалар құрайды?

8.      Артерия құрылысы қандай?

9.      Вена құрылысы қандай?

10.  Капилляр дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру «Мағынаны тану». Ағзадағы қантамырлар екі тұйық жүйе кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін құрайды. Үлкен қанайналым шеңберлері дегеніміз- қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ жүрекшеге қайтып келуі. Бұл жүйе ағзаны оттегі мен қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

      Сол жақ қарынша жиырылып, оттегіге бай артериялды қанды адамның ең ірі артериясы қолқаға айдайды. Одан барлық мүшелерде, жүректің өзінде қанмен қамтамасыз ететін артериялар тармақталады. Артериялар әрбір мүшеде біртіндеп тармақтала отырып, көптеген ұсақ артериолдар мен капиллярлар торын түзеді. Үлкен қан айналым шеңберінің қылтамырларынан дененің барлық ұлпаларына оттегі мен қоектік заттар әкеледі, ал жасушадан капиллярларға көмірқышқыл газы өтеді. Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады. Капиллярлар алдымен ұсақ, одан соң едәуі ірі венаға бірігеді, сөйтіп қанды жүрекке жеткізіп, оң жақ жүрекшеге құяды.

Қан үлкен қанайналым шеңберін 23 секундта айналады.

Үлкен қан айналым шеңберінің сызбанұсқасы:

     Сол жақ қарынша  → қолқа → артериялар →  мүшелердің капиллярлары → оң жақ жүрекше

    Кіші қанайналым шеңбері – үлкен қанайналым шеңберінен оң жүрекшеге келген веналық қан үш жақтаулы қақпақшалар арқылы оң қарыншаға келеді. Оң қарыншадан кіші қанайналым шеңбері басталады. Веналық қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе артериясы арқылы өкпені торлап жатқан капиллярларға жетіп, артериялы қанға айналып, қайта өкпе венасы арқылы жүректің сол жақ жүрекшесіне дейінгі жүретін жолы өкпелік, немесе кіші қанайналым шеңбері деп аталады. Сол жақ жүрекшеден артериялы қан сол жақ қарыншаға екіжақтаулы қақпақшалар арқылы кіреді. Сол қарыншадан артериялы қанды мүшелерге тарататын үлкен қанайналым шеңбері басталады. Кіші қанайналым шеңбері 4 секундта айналады.

Кіші қанайналым шеңберінің сызбанұсқасы:

  Оң қарынша → өкпе артериясы → өкпе капиллярлары → өкпе венасы → сол жүрекше

        Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық.  Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

        Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:

1.      Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты.

2.      Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен.

3.      Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады

Оқытылған тақырып бойынша білімді қорыту және жүйелеу. Зертханалық жұмыс №12

Тақырыбы: Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу. Жүрек қан-тамырлар жүмысына байқау жүргізуді мөлшерлі жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соққыларын салыстыру арқылы анықтайды (20 рет отырып тұру).

Мақсаты: Жүрек қан-тамырлар жүмысына байқау жүргізуді мөлшерлі жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соққыларын салыстыру арқылы анықтау

Құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер,сфигмоманометр және фонендоскоп

Жұмыс барысы.

1.Оқулықтағы 37-параграфты оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырлың соғуы дегеніміз не? Оны қалай және қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатынын түсіндіріңдер.

2. Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үйреніңдер.

3. 1 минуттағы: а) отырып; ә) тұрып; б) 20 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соғысын санаңдар. Кестеге толтырыңдар

 

отырып

тұрып

20 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соғысын санаңдар.

 Тамыр соғысы саны

 

 

 

Қорытынды.

Үйге тапсырма: §37,39 мазмұндау. Жаңа сөздерге анықтама жазу, жаттау

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пәні: Биология 8 Тақырыбы: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфа айналымы. №12 зертханалық жұмыс."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 2790
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габдуллина Айнур Берикказыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25956
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека