Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: "Адамның нашар мінезі" (4 сынып)

Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: "Адамның нашар мінезі" (4 сынып)

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«№2 орта мектеп» КММ















Адамның нашар мінезі

4-сынып









Дайындаған:К.Артикова,

бастауыш сынып мұғалімі

















2014-2015 оқу жылы






Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Адамның нашар мінезі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:оқушыларды Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адам бойындағы жағмды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.

2. Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру, үлкенді, ата-ананы сыйлау керектігін ұғындыру.

Сабақтың түрі:ізденушілік,
Сабақтың әдістері:топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу, салыстыру, талдау.
Пәнаралық байланыс: музыка,қазақ тілі, бейнелеу.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, фильм, флипчарт,көрме бұрышы.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың өту барысы:
Психологиялық дайындық.Баяу музыка қойылады (Слайд 1 – 10 оқиды.)
- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!
- Мен өз күшіме сенемін.
- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!
- Мен күннен күнге күшті болып келемін!
- Менің барлық армандарым орындалады!

- Мені бәрі жақсы көреді!
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,

Кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

Адалдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге!» -деп Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, сабақ ретінде бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

1-кезең . «Абай әлемі»деп аталады.







1-топ «Абай дана- Абай дара қазақта» (Абай өміріне қысқаша тоқталу, киіз үйдің суреті арқылы бөліну)

Абай Құнанбаев - белгілі қазақ ақыны, ағартушысы, ойшылы, қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай (Ибрагим)  Құнанбаев 1845 жылы 10 (23) тамызда Семей облысы Шыңғыстаудағы   Тобықты руында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы

Абай ауданы)  дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы Тобықты руының басшысы, аса ірі феодал, уездің аға сұлтаны болған адам. Бала  Абайды парасатты да талантты анасыҰлжан мен әжесіЗере тәрбиелеген.  
Абай алғаш рет ауыл молдасы Ғабитханнан сауат ашқан. 
Оданәрі он жасар Абай Семей қаласындағыАхмет-Риза медресесіндеоқыды

Абайдың балалары туралы айтатын болсақ , ақынның 10 баласы болған. Бәйбішесі Ділдәдан; Ақылбай; Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Гүлбадан кенже баласы Мағауия. 
Екінші әйелі Әйгерімнен: (Шүкімән)- Тұрағұл, Мекайл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт артқан талантты балалары Әбдірахман (Әбіш), Мағауия, Тұрағұл, Мекайл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан әнші, домбырашы болған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған,»- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді.

2-топ  Әнді сүйсең, менше сүй! (Әншінің суреті арқылы бөліну.Абайдың әнді өлеңдері )

В) Өлең мен қатар ән де жазған: «Бойы бұлған», «Сегіз аяқ» , «Желсіз түнде жарық ай» , «Қараңғы түнде тау қалқып» т.б 8 мыңға жуық өлеңдері, 70-ке жуық ән жазған.3 поэма, 3 күй.

«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

3-топ. Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы(Кітап арқылы бөлінеді.

Оқу-білімге шақырған өлеңдері, табиғат суретшісі, орыс жазушыларынан аудармалары.)
Ә) Абай табиғат суретшісі: «Қансонарда», «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым». 
Б) Орыс жазушыларынан аудармалары: «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі» 
А) Абайдың оқу – білімге шақырған өлеңдері «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге»

Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтанжирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен.

-Экранға назар аударайық. Құрбы –құрдастарыңның сұрақтарына жауап беріп көрейік.

  1. Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.) туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.) 

  2. Абайдың шын аты кім еді? ( Ибрагим.) 



  1. Абайдың әжесінің,анасының аты кім? (әжесі Зере, анасы Ұлжан)

  2. Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай)

  3. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.) 

  4. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.) 

  5. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

  6. Абайды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім? (М. Әуезов)

  7. М. Әуезов Абай туралы қандай кітап жазды? ( «Абай жолы»)

(Абай туралы видео)

Оқушылар, Абайды тек қана қазақ елі танып қоймай, бүкіл әлем таниды екен.

-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».

- Мына дорбада не бар деп ойлайсыңдар? (Дорбаны өлеңдерге толтырып қою. Оқушылар өз ойларын айтады. «Ғылым таппай мақтанба!», өлеңін сұрау.) 

Абай Құнанбаевтың жолын қуған немере інісі кім? Асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композиторШәкәрім Құдайбердиев.

1-оқушы

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды.

2-оқушы

Шәкәрім Құдайбердіұлы асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы.

3-оқушы

Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады.

4-оқушы

Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады.

5-оқушы

Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді.

6-оқушы




Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен, үйренсе әкесі Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі.

7-оқушы

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді қайтыс болғанда айтқан мына бір тырнақ алды өлеңі дәлел бола алады.

8-оқушы

Далада ойнап жүрген жас Шәкәрім өрлеп бара жатқан бір жұлдыз құртын өлтіріп алады. Аздан соң өзінің сол ісіне әрі әкесінің өлімі есіне түсіп, мына бір өлең жолдарын жұлдыз құрттың атынан суырып салып айтса керек:

9-оқушы

«Өлтірдің, онан таптың қандай пайда,
      Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.
      Өлімнің қандайлығын көзің көрді,
      Кешегі тірі жүрген әкең қайда?!
      Менің де жетім қалды балаларым,
      Олар да жылайды іздеп аналарын.
      Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
      Жоқ екен басыңда ми-саналарың!»

10-оқушы
      Осы болған оқиғаны әжелеріне келіп айтқан жас Шәкәрімге олар «Енді
бұдан былай өлең шығарма!» деп тыйым салыпты. Мұны естіген Абай тірі тұқымнан шыққандарға өлең жазу айып саналатынын біле тұра, әлгі аналарға қарсы, «өлең жазба деу дұрыс емес» деп Шәкәрімді қорғап қалыпты.

11-оқушы

Есейе келе Шәкәрім ағасы Абайдың сол ұмытылмас қамқорлығын еске алып: «Абай болмаса, менің ақын болуым екіталай еді» деген екен.

12-оқушы

Ақын өзінің 19 жаста жазған «Жастарға» атты өлеңінде де ұлы ұстазының өз өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген әсер-ықпалын орынды бағалап:
      «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
      Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
      Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
      Бір білімді данышпан жан табалық.



      
      Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
      Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
      Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
      Жалыналық Абайға, жүр баралық!
      13-оқушы
Білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын ескертеді:
   

14-оқушы

«Сендерден белгі нең қалар,
 Жемтігін жеген жем қалар.
Ақылы дария Абайдан
 Таусылмас қоры – кен қалар!» - дейді.

« Ызақор» өлеңін оқу.

Түртіп алу стратегиясы.
Шәкәрімнің “Еріншек”өлеңін хормен оқимыз жаңа сөз кездессе түртіп алыңыздар,түсінік беру.”Харекет”деген сөзгет түсінік беру.
Харакет- әрекет.

-Өлеңде ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тап.

-Өлең нақты біреуге арналып жазылған ба?

-Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.

2-кезең «Жалқаулық- жаман ауру» өлеңді сахналау

1топ. Ызақор адамның бейнесін сахналайды.(ашуланып тұрған баланың суреті)

2-топ.Салақ адамның бейнесін сахналайды. (салақ баланың суреті)

3-топ.Ызақорлықты, салақтықты болдырмаудың жолдарын сахналау (әдепті баланың суреті)

  • Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді «Т кестесіне» салып таразылап көрелік. (үш топ кестені толтырады)

3-кезең Өздігінен білім жетілдіру

1-топ Ызақорөлеңін қара сөзге айналдырады. (дәптердің суретін көрсету, дәптерге орындайды.)

2-топ Еріншек баланың суретін бейнелейді..(альбомның суретін, мақалдар қоса айтадыватманғаорындайды)

3-топ Еріншек өлеңдеріне сатылай талдау жасау(қаламның суретін көрсету ватманғаорындайды):

Өлеңнің авторы:Шәкәрім Құдайбердиев
Өлеңнің тақырыбы: Еріншек

Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
Жанры:


Негізгіидеясы:
салақтық, надандық, жалқау, ұқыпсыз,
Шумақ: аяқталған біртұтас ойды білдіреді. Ызақор өлеңі 2 шумақты.
Тармақ:өлеңнің әр жолы. Ызақорөлеңі 12 тармақты.

Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. Өлең 8 буынды. 

Ұйқас- өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі.

(салақтық, надандық, жүре алмас, жуа алмас)
ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Өлеңді оқу арқылы нені сезіңдің? 

  • Қандай қылықтардан аулақ жүруіміз керек? 

  • Өлеңнен қандай ой түйдіңдер? 

  • Рефлексия:  Өткен өлеңдерден баланың  қандай  болу керектігін түсіндік.
    Баланың  бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек
     Ә-әдепті
     Д-дарынды
    Е- еңдекқор
    П -парасатты
    Т-тәртіптті
    І-ізетті
    Балалар біздер әдепті болуымыз керек екен. Осының барлығы өз қолымызда.
    Үйге тапсырма.

Шәкәрім Құдайбердиев туралы қосымша мәліметтер жинақтау, буклеттер дайындау.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров126
Номер материала ДВ-144716
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх