Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: "Адамның нашар мінезі" (4сынып)

Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: "Адамның нашар мінезі" (4сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Артикова Коммуна Зиядинқызы

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі»

ММ-нің «№2 орта мектеп» КММ-сі

Бастауыш сынып мұғалімі

Бірінші санатты, екінші деңгей

Әдебиеттік оқу

4«А» сынып

Адамның нашар мінезі

Жаңа сабақ


Аннотация

Әдебиеттік оқу пәнінен өтілген «Адамның нашар мінезі» тақырыбы бойынша сабақ барысында деңгейлік оқудың жеті модулдерін ықпалдастыра пайдаландым: сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, көшбасшылық, дарынды балаларды оқыту, оқу үшін бағалау, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны пайдалану. Оқушыларды Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі және шығармашылығымен таныстырдым. Бұл сабақтың нәтижесінде оқушылар тақырып бойынша толық мәлімет алып, өз ойын еркін жеткізуге, сын тұрғысынан ойлауға, мәнерлеп оқуға дағдыланады, есте сақтау және ойлау қабілеттері дамиды.


Сабақтың тақырыбы: Адамның нашар мінезі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:оқушыларды Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру арқылы адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын ұғындыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуін, мәнерлеп оқуын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік:адами қасиеттерді бойына жинау, қоршаған ортасына деген көзқарасын қалыптастыру, үлкенді, ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденушілік,

Сабақтың әдістері: топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу, салыстыру, талдау.

Пәнаралық байланыс: музыка,қазақ тілі, бейнелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, фильм, флипчарт,көрме бұрышы.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың өту барысы:
Психологиялық дайындық.Баяу музыка қойылады (Слайд 1 – 10 оқиды.)

- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!

- Мен өз күшіме сенемін.

- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!

- Мен күннен күнге күшті болып келемін!

- Менің барлық армандарым орындалады!

- Мені бәрі жақсы көреді!

- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,

Кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

Адалдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге!» -деп Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, сабақ ретінде бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

1-кезең . «Абай әлемі»деп аталады.

1-топ «Абай дана- Абай дара қазақта» (Абай өміріне қысқаша тоқталу, киіз үйдің суреті арқылы бөліну)

Абай Құнанбаев - белгілі қазақ ақыны, ағартушысы, ойшылы, қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай (Ибрагим)  Құнанбаев 1845 жылы 10 (23) тамызда Семей облысы Шыңғыстаудағы   Тобықты руында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы)  дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы Тобықты руының басшысы, аса ірі феодал, уездің аға сұлтаны болған адам. Бала  Абайды парасатты да талантты анасыҰлжан мен әжесіЗере тәрбиелеген.  

2-топ  Әнді сүйсең, менше сүй! (Әншінің суреті арқылы бөліну.Абайдың әнді өлеңдері )

В) Өлең мен қатар ән де жазған: «Бойы бұлған», «Сегіз аяқ» , «Желсіз түнде жарық ай» , «Қараңғы түнде тау қалқып» т.б 8 мыңға жуық өлеңдері, 70-ке жуық ән жазған.3 поэма, 3 күй.

«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

3-топ. Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы(Кітап арқылы бөлінеді.

Оқу-білімге шақырған өлеңдері, табиғат суретшісі, орыс жазушыларынан аудармалары.)

А) Абай табиғат суретшісі: «Қансонарда», «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым». 

Б) Орыс жазушыларынан аудармалары: «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі» 

В) Абайдың оқу – білімге шақырған өлеңдері «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге»

Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтанжирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен.

-Экранға назар аударайық. Құрбы –құрдастарыңның сұрақтарына жауап беріп көрейік.

  1. Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.) туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.) 

  2. Абайдың шын аты кім еді? ( Ибрагим.) 

  3. Абайдың әжесінің,анасының аты кім? (әжесі Зере, анасы Ұлжан)

  4. Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай)

  5. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.) 

  6. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.) 

  7. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

  8. Абайды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім? (М. Әуезов)

  9. М. Әуезов Абай туралы қандай кітап жазды? ( «Абай жолы»)

(Абай туралы видео)

Оқушылар, Абайды тек қана қазақ елі танып қоймай, бүкіл әлем таниды екен.

-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс» деген.

- Мына дорбада не бар деп ойлайсыңдар? (Дорбаны өлеңдерге толтырып қою. Оқушылар өз ойларын айтады. «Ғылым таппай мақтанба!», өлеңін сұрау.) 

Абай Құнанбаевтың жолын қуған немере інісі кім? Асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композиторШәкәрім Құдайбердиев.

1-оқушы

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды.

2-оқушы

Шәкәрім Құдайбердіұлы асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы.

3-оқушы

Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады.

ІІІ. Жаңа сабақ

« Ызақор» өлеңін оқу.

Түртіп алу стратегиясы.

Шәкәрімнің “Еріншек”өлеңін хормен оқимыз жаңа сөз кездессе түртіп алыңыздар,түсінік беру.”Харекет”деген сөзгет түсінік беру.

Харакет- әрекет.

-Өлеңде ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тап.

-Өлең нақты біреуге арналып жазылған ба?

-Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.

2-кезең «Жалқаулық- жаман ауру» өлеңді сахналау

1топ. Ызақор адамның бейнесін сахналайды.(ашуланып тұрған баланың суреті)

2-топ.Салақ адамның бейнесін сахналайды. (салақ баланың суреті)

3-топ.Ызақорлықты, салақтықты болдырмаудың жолдарын сахналау (әдепті баланың суреті) Берілген суреттер арқылы топқа бөлінеді.

  • Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді «Т кестесіне» салып таразылап көрелік. (үш топ кестені толтырады)

3-кезең Өздігінен білім жетілдіру

1-топ Ызақор өлеңін қара сөзге айналдырады. (дәптердің суреті арқылы топқа бөлініп, дәптерге тапсырманы орындайды.)

2-топ Еріншек баланың суретін бейнелейді. (сурет дәпері арқылы топқа бөлініп , ватман қағазына орындайды)

3-топ Еріншек өлеңдеріне сатылай талдау жасау(қаламның суретін арқылы топқа бөлініп, тапсырманы орындайды):

Өлеңнің авторы:Шәкәрім Құдайбердиев

Өлеңнің тақырыбы: Еріншек

Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

Жанры:

Негізгіидеясы:салақтық, надандық, жалқау, ұқыпсыз,

Шумақ: аяқталған біртұтас ойды білдіреді. Ызақор өлеңі 2 шумақты.

Тармақ:өлеңнің әр жолы. Ызақорөлеңі 12 тармақты.

Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. Өлең 8 буынды. 

Ұйқас- өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі.

(салақтық, надандық, жүре алмас, жуа алмас)

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Өлеңді оқу арқылы нені сезіңдің? 

  • Қандай қылықтардан аулақ жүруіміз керек? 

  • Өлеңнен қандай ой түйдіңдер? 

V. Рефлексия:  Өткен өлеңдерден баланың  қандай  болу керектігін түсіндік.

  • Баланың  бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек

  • Ә-әдепті

  • Д-дарынды

  • Е- еңдекқор

  • П –парасатты

  • Т-тәртіптті

  • І-ізетті

  • Балалар біздер әдепті болуымыз керек екен. Осының барлығы өз қолымызда.

V І. Үйге тапсырма.

Шәкәрім Құдайбердиев туралы қосымша мәліметтер жинақтау, буклеттер дайындау.

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДВ-144729
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх