Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / По Қазақ тілі (5класс)Өзен

По Қазақ тілі (5класс)Өзен


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2abc4d63.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың тақырыбы Өзен

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың педагогағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойөрісін, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғатананы қорғап, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: СТО, сұрақжауап, топтастыру.
Көрнекілігі: электронды оқулық, өзен, көлдің суреттері, карта, сызбалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Сәлемдесу.
3.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
4.
Сабаққа психологиялық дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялап, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпемұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жанжағым.
Міне, осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткен тарауды қайталауға арналған тапсырмаларды орындай отырып, сөзжұмбақты шешу.
Абай атамыздың «Жанжануар, адамзат анталаса, атаанадай елжіреп күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі суреттелген?
• «
Көктем сәніжасыл желек» деген қай жануардың сөзі?
• «
Жаңбыр» өлеңінің авторы кім?
Ит «Көктем сәні» неде деді?
Олжас Сүлейменовтың өлеңінде кімдер жайлы айтылған?
• «
Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!» - деген жолдарда қандай мейрам туралы айтылған?
Көктемгі тіршілікте малдар қайтеді?
Осы сұрақтарға жауап берсек, бүгінгі тараудың тақырыбы ашылады.
Т
А
Б
И
Ғ
А
Т
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгін біз «Табиғатменің өз үйім» атты бөлімді бастаймыз.
(
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау)
Сыныптағы оқушыларды ІІІ топқа «Әдебиетшілер», «Географтар», «Экологтар» деп бөліп алу.
1. «
Әдебиетшілер», «Өзен» өлеңінің авторы жайлы не айтар едіңіздер?
Топтастыру стратегиясы
2.
Енді өзен туралы географиялық саласы бойынша «Географтар» түсіндіріп береді.

1 -
оқушы: Өзеннің анықтамасы мен бөліктерін (бастауы, саласы, сағасы) таныстырады.
Электронды оқулықтан «Өзен» бейнесін талдау.
2 –
оқушы: Қазақстанның өзендерін картадан көрсетеді.

3.
Енді сөз кезегін «Экологтарға» берейін.

1 –
оқушы: өзеннің пайдасы туралы айтып береді.
2 –
оқушы: өзенді қорғау туралы айтады.

V.
Оқулықпен жұмыс.
1.
Іштей оқыту.
2.
Сөздік жұмысы (дәптермен жұмыс)
3.
Өлеңді шумақтарға бөліп оқыту, талдау, идеясын ашу.
4.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту (күй ырғағымен)

Сергіту сәті.
Судан неге сасасың?
Судан неге қашасың?
Сергітетін денеңді,
Сапсалқын су жасасын!

Шығармашылық тапсырма
(
Дәптермен жұмыс)
1 –
топ. Қазақстандағы өзендердің аттарын жаз.
2 –
топ. Табиғат туралы мақалмәтелдер жаз.
3 –
топ. Суға байланысты тыйым сөздер жазу.

V
І. Жаңа сабақты бекіту.
«
Балық аулау» ойыны арқылы бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін тиянақтау, сұрақтарға жауап беру.
• «
Өзен» өлеңінің авторы кім?
• «
Қынарда» сөзінің мағынасы.
Таулардан сарқырап не ағады?
Өзен су күшінен не өндіріледі?

V
ІІ. Қорытынды.
Егер денім сау болсын десең,
Егер көңілім жай болсын десең,
Табиғатқа табын, Адам!

V
ІІІ. Үйге тапсырма: «Өзен» өлеңін жаттап келу. – бет. Өзеннің суретін салу.
ІХ. Білімдерін бағалау

Кері қайту

Материал рейтингісі:



















































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































C.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен























Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі



Сыныбы: 5 «а»

Пәні: Әдебиет

Пән мұғалімі: Қойлыбаева Лиза Калиевна



Ыбырай Алтынсарин



hello_html_5c1b6089.jpg

«Өзен » тақырыбындағы ашық сабақ







Құрастырған: Букенова Айнагуль Ахатовна

Білімі: жоғары

Санаты: жоғары





Тақырып: Ы.Алтынсарин. «Өзен»

Мақсаты: - Ы.Алтынсарин шығармаларын еске түсіру, «Өзен» өлеңімен таныстыру, білімдерін бекіту.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, талдау, суреттеу,өз ойын айту дағдыларын дамыту.

  • Табиғатты сүю, қорғау, оның адам өмірі үшін маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дүниетану мен ана тілі пәндерінің кіріктірілген сабағы. Топпен жұмыс.



Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты сүйікті түстер арқылы топқа бөлу.

-Сабақты Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен бастайық!

Өлеңдегі негізгі ойды атаңдар:

Ол- оқу, білім,бәрі де еңбекпен табылатыны.

-Ендеше бүгін сабақта біз көп еңбектеніп, жақсы нәтижеге жетуіміз керек.

ІІ Жаңа тақырыпқа кіріспе:

Слайд: «Табиғат – менің өз үйім».

Неге табиғатты біз өз үйіміз деп атаймыз?

Табиғаттан адам не алады?

Әр топ өз ойларын постерге салады, қорғайды.

Ендеше біз бүгін сендермен табиғаттың маңызды бір бөлігі табиғи су туралы сөз қозғаймыз.

Балалар! Табиғатта су қалай таралады? Қандай түрде бізге кездеседі?

Өзен, көл, бұлақ, теңіз, мұхит, жер асты сулары.

(кестемен тексеру).



Энциклопедиямен жұмыс;





«Жер бетіндегі судың таралуы»

Өздерің іздеп жауабын жазыңдар: (үлестірмелер толтыру)



Сулар

Түрлері

Жер бетінде таралуы

Пайдасы

Зияны

Тұщы сулар

1.

2.

3.







Ащы сулар

1.

2.









ІІІ Жаңа тақырып:

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.

-Алдымен өлеңді оқымас бұрын біз Ыбырай атамыз туралы не білетінімізді еске түсірейік.





hello_html_m28110c11.jpg



Ыбырай Алтынсарин кім?

Жауаптарын постерге салдырту.



- Ы.Алтынсаринның шығармаларымен сендер жақсы таныссыңдар. Мына берілген үзінділер Ыбырай атамыздың қай шығармасынан алынғанын айтыңдар: (Интербелсенді тақтада)

1.Бұл ертегіде кейіпкерлер жақсылыққа жақсылық бар екенін дәлелдемекші болды. («Баланың айласы»)

2. Аз істен қашсаң, көп іске тап боларсың. («Әке мен бала»)

3. «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» («Таза бұлақ»)

4. Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер. («Асан мен Үсен»)

5. Жер бетінде жанды, жансыз заттардың ештеңеге жарамсызы болмайды. Бәрі де іске асады.

(«Бір уыс мақта»)

6. Сыртының әдемілігіне қызықпа, іші әдемі болсын. («Алтын шеттеуік»)

7. Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. («Өнер, білім бар жұрттар»)

8. Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған. («Кел, балалар, оқылық»)



ІҮ -Енді Ыбырай атамыздың «Өзен» атты өлеңін оқиық.



hello_html_m4953bd0b.jpg



Мен өлеңді оқимын, ал сендер ілесіп іштей оқып, түсініксіз сөздер кездессе, қарындашпен астын сызып қойыңдар.

А) Өлеңді мәнерлеп оқу.

ә) Әр шумақты жекелеп талдау.

І шумақтағы « Арқыраған, сарқыраған, жарқыраған» сөздерін қалай түсінесің? Өзен неге солай ағады деп ойлайсыңдар?

Жауабын бірінші шумақтан іздеңдер. (Таудан ағатын өзен)



Ү Сергіту сәті.



ҮІ Сөздік жұмысы:

Мақсаты: түсініксіз сөздердің мағынасын, ашу, қолдана білуге үйрету.

Қынарда- жағада

Жанабында- маңайында



ІІ шумақтағы қынарда сөзінің орнына жағада жеген сөзді қойып оқып көріңдер.

ІІІ шумақтағы жанабында деген сөз орнына маңайында деген сөзді қойып, оқып көріңдер.



ҮІІ Өлеңді оқушыларға шумақтап оқыту.



- Балалар! Осы өлеңдегі өзен таудан ағып жатқанын айттық. Ал енді өзіміздің тұрған жерімізде қандай өзен бар? Әрине, Ертіс өзені.

Павлодар өңірінің ақыны М.Жаманбалиновтың «Ертіс» өлеңінен үзінді оқу.



Ертісім ағар жайланып,

Тұрады кейде лайланып,

Бір ішсе суын жан- жануар

Келеді қайта айналып.



Өлеңді оқып, сипаттай отыра, оқулықтағы өзеннен айырмашылығы мен ұқсастығын айтыңдар. (Талдау)

«Ертіс» өзені туралы не білеміз?

-Енді Ертіс өзені туралы не білеміз? Шағын эссе жазайық. (2-3минуттық)



Соңынан интербелсенді тақтада мәлімет беру.

1. Қытайдан «Қара Ертіс» деп бастау алады.

2. Қазақстанда Зайсан көліне келіп құяды.

3. Жалпы ұзындығы- 4284 км

4. Қазақстан бойындағы ұзындығы – 1700 км

5. Ресейдің Обь өзеніне қосылады.

6. Солтүстік Мұзды Мұхитқа барып құяды.

7. Аңдары – 15 түрлі

8. Құстары - 174 түрлі

9. Балықтары – 16 түрлі

10.Өзен бойындағы ҚР қалалары: Өскемен, Семей, Павлодар




Қазақ «Сулы жер – нулы жер» деп тегін айтпаған.Өзендер бойында қалың орман, шабындықтар өсіп, жан – жануарлар, балықтар мен құстардың көптеген түрлері мекендейді.



ҮІІІ Қорытынды: Әр топқа постер жасау тапсырмасы беріледі.

1-топ: судың адам өміріндегі маңызы, 2-топ судан келетін қауіпті жазады.







Судың адам өміріндегі маңызы

Судан келетін қауіп



























ІХ Қосымша:



22-наурыз- Бүкіл әлемдік суды қорғау күні



hello_html_m5d02542.jpg



Проблемалық сұрақ:



Суды неліктен қорғауымыз керек? Өз ойыңды білдір. Жалпы талдау.

Х Үйге тапсырма:

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Қазақстан өзендерінің аттарын дәптерге жазып келу.

3.Жазғы өзеннің суретін салу.



ХІ Бағалау.Топ басшысы әр оқушыға баға береді. Соңынан мұғалім қорытынды бағаны қояды.










а) Өзен өлеңін мәнелеп оқу мазмұнын ашу.
Өлеңді талдау: «Өзен»
-Өлең неше шумақ? (4 шумақ)
-Неше жол? (18 жол)
-Неше буын бірінші жолы? (11 буын)
-Неше тармақ? (3 тармақ)
-Ұқсас сөздерді айтыңдар: сарқыраған, жарқыраған, арқырған.
(н, н, а, н) Қара өлең.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Адам мен табиғат – егіз. Табиғат асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал- байлық» деп өсиет айтып келген.
V. Сөздік жұмыс
Өксіген - өзегін сипап, мұң жылаған
Қынарда -жағасында
Жанабында –маңайында
ІV.Тізбектей оқыту (1 шумақтан, 2 оқушыға мәнерлеп оқыту)
Сергіту сәті «Есіл ағады» өлеңін әндетіп айту.
V. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
-Ақын өзенді қалай суреттеген?
Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты? (оқушының жауабы)
-Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? (оқушының жауабы)
-Адамдар неліктен суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? (оқушының жауабы)
-Өзеннің қандай пайдасы бар? (оқушының жауабы)
-Өлеңге сүйеніп айтып бар? (оқушының жауабы)
-«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында » деген жолдардан не түсінесің? (оқушының жауабы)
-Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.
Қосымша мәлімет: Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
VІ. Дәптермен жұмыс (Шығармашылық жұмыс)
1-топ Өзенің суретін салу. (тиым сөздер айту).
2-топ Өзеннің пайдасы шағын шығарма жазу.
Ойын: «Кім шапшаң»
Өлеңдегі бір шумақты жылдым жаттап алып жатқа айту.
VІІ.Сабақты бекіту:(Ағашқа апырып ілу)
-Өзен суының адамдарға, жануарларға табиғатқа қандай пайдасы бар?
VІІІ.Сабақты қорыту:
-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Халлыққа жолдаған «Қазақстан-2050» жолдауы –болашағымыздың бағдары. Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.
Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізге суды сабамау, суды лайламау, былғамау, туралы өсиет сөздерді көп айтқан.
Балаларға ата-анасы:
«Судың сабама-балығын шошытасың,
Бұлақты лайлама-құсын кетіресің»,-деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген.
ІХ. Үй тапсырмасы: жаттап алу, оқулықтағы №11 тапсырма
Х. Бағалау





Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.Әрбір оқушы білімді бар ынта-жігерімен, жүрегімен қабылдауы керек. Олай болса сендердің білімді қалай меңгеріп жүргендеріңді сынау мақсатында «Білімге деген махаббат »ойыны арқылы өткізсек. «Ребус» шешу.



Жүрегім менің нәзік тал,

Лүп етсе желге иілген.

Жүректе қандай жазық бар,

Жалықпаса егер білуден.



«Білімге деген махаббат» ойыны

Сұрақтарға жауап бер:

1.Абай кімнің немересі? / Өскенбай/

2. Абайдың әжесі кім? / Зере/

3. Абайдың қандай поэмасын білесің? /Ескендір/

4. Қ.Р. тұңғыш президенті кім? /Нұрсұлтан/



Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бергенде жүрек суретінің ішінен ӨЗЕН деген бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы белгілі болады.



2.Жаңа сабақты түсіндіру

1.Оқушыларға «Өзен » өлеңін тізбектей оқыту әдісі арқылы оқытып, не ұққандарын ортаға саламын.

- Өзен деген не?

-Қандай өзендерді білесіңдер?

2.Ы.Алтынсарин туралы мағлұмат беру.

Ы.Алтынсарин-ақын,ағартушы,ғалым,жазушы. Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оқулық жазған.Ы.Алтынсарин 5 жасында әке-шешесінен жетім қалып, атасы Балғожаның
тәрбиесінде болады. Атасы кейін Орынборға оқуға жібереді.Сол кезде кішкентай Ыбырай атасын, әжесін сағындым деп хат жазады.Ол хатқа атасы Балғожа былай деп жауап жазыпты:

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағаллам.

Атаң мен анаң мұнда аман-есен,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Ата-анамды сағындым деп аһ ұрарсың,

Білімге көңіл бөлсең басыларсың

Білімді қатарыңнан болсаң егер,

Ата-анаңды сонда ғана асырарсың,-деген екен.

3. Мұғалім түсіндірмесі:

1.Сөздік жұмысы

Қынарда-жағасында

Жанабында-маңайында

Мағыналарын түсіндіру.

4.Қазақстандағы қандай өзендерді білесіңдер?



-Сырдария

-Жайық т.б. оқушылар жауабы



5.Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі

Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі-уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ

1.Ертіс-4242 км

2.Тобыл-1600 км

3.Жайық-2428 км

4.Есіл-2450 км

5.Сырдария-2212 км

6.Іле -1400 км

7.Шу -1186 км



6.Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс



ЖАЙЫҚ ТОБЫЛ ЕСІЛ ЕРТІС



*Астана





СЫРДАРИЯ ІЛЕ ШУ



Осы картадан 7 ірі өзенді көрсету.



7. Өзеннің пайдасы туралы әңгімелеу.

Өзен пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы, Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады.Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені –Тьян-Шаннан бастау алады,Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды.Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін,электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.



8. Оқушыларға оқыту. Ы.Алтынсарин «Өзен»



-Бұл шығарманың қай түріне жатады?

-Ақынның сарқыраған, жарқыраған арқыраған сөздері неге қатысты айтылған?

-«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсіндің? Оқушы өз ойын айтады.

-Өзен суын не үшін пайдаланамыз?



9.Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп,

Өзенге қармақ салайық.

Орнымыздан түрегеп,

Балық аулап алайық.

10. Қорытынды:

Ыбырай шығармаларының картасымен жұмыс

.

ЫБЫРАЙ



Дала жұлдызы Әке мен бала



Аққұс туралы аңыз Әнші Әміре



Еңбекпен тапқан тиын Өзен



Осы картадан тек оқушылар Ыбырай шығармаларын ғана жазуы керек.

-Өзен суретін салу.

-Оқушы жұмысын бағалау: 5-ке -жүрек

4-ке -қызыл төртбұрыш

3-ке – жасыл үшбұрыш



11.Үйге тапсырма:«Өзен» өлеңін жаттау, Ы.Алтынсарин туралы деректер жинақтау.










Күні: 24.12.2013ж

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 5 «а»

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ы. Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,

Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу,

ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,

Тәрбиелік: адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, салыстыру,кітаппен, сөздікпен, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, география, әуез

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреті, «Қазақ хрестоматиясы» кітабы,интерактивті тақта,нақыл сөздер

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу

ә) зейіндерін сабаққа аудару

2) Үй тапсырмасын сұрау.

М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңі жатқа айтылады.

«Бәйге» ойыны. Суреттердің астында жасырын тұрған тапсырмаларды топпен орындау.

C:\Users\111\Documents\Downloads\i.jpg

C:\Users\111\Documents\Downloads\i (1).jpg

C:\Users\111\Desktop\imgres.jpg

C:\Users\111\Documents\Downloads\i (2).jpg

C:\Users\111\Documents\Downloads\i (4).jpg

C:\Users\111\Documents\Downloads\i (5).jpg


Дулығаның тапсырмасы.

М.Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?

Қызғыштың тапсырмасы.

«Қызғыш» дегеніміз не?

Жылқының тапсырмасы.

Исатай кім?

Лашынның тапсырмасы.

«Қызғыш құс» өлеңі қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

Домбыраның тапсырмасы.

Махамбеттің жауы кім?

Қылыштың тапсырмасы.

Туған жер, туған ел туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  1. Қызығушылықты ояту.

«Табиғат әзілді сүймейді, ол әрқашан әділдікті қорғайды, ол қатал, оныкі ақиқат, оныкі дұрыс. Қателік пен адасу адамнан шығады» (Гете)

«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғат пен адам егіз ұғым.

( Слайдтан табиғат көрінісі, өзен суреті көрсетіледі)

  • Осы көріністен қандай әсер алдыңдар?

  • Балалар, біздің бүгінгі қозғар тақырыбымыз не болмақ?

2. Мағынаны тану.

- Ы. Алтынсарин кім?

- Несімен танымал?

- Не істеді?

әңгімелерімен

аудармаларымен

өлеңдерімен

еңбектерімен









Ақын

Жазушы

Ұстаз

Аудармашы

Балалар әдебиетінің атасы

Қоғам қайраткері








C:\Users\111\Documents\Downloads\images.jpg

жазды

мектеп ашты

оқулық жазды

зерттеді

аударды

білім берді











Оқулықпен жұмыс

«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу

Дәптермен жұмыс

Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып жазады.

Сөздікпен жұмыс.

Өксіген - шөлдеген

Қынарда – жағасында, маңында

Жай – орын, қоныс

Жанабында - жанында

Топпен жұмыс.

1-топ.

1.Өлең лириканың қай түріне жатады?

2.Су,өзен туралы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең жаз.

2-топ

1.Ә.Тәжібаевтың «Сырдария»өлеңін жатқа айт.

2. Сырдария және Тобыл өзендерін салыстыр.

3-топ

1.1-шумақты өлең құрылысына талда.

2. «Сарқыраған», «жарқырағн», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты?

3.Қазақстанда өзің білетін өзендерді ата.


3.Ойтолғаныс.


Нені білдім?

Нені үйрендім?













Үйге тапсырма.

1.Өлеңді жаттау.

2. «Өзен жағасында» атты тақырыпта әңгіме жазу
































Пәні: қазақ әдебиеті
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңі


Сабақтың мақсаты:
1. Ы.Алтынсарин туралы мәлімет бере отырып, «Өзен» өлеңін оқытып, талдату.
2. Сабақта түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: география, музыка, экология, тарих
Көрнекілігі: бейне көрініс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1. Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Өткенді қайталау
Оқушылар сабақта топқа бөлініп отырады.
Бағалау парақтары таратылады.
Әр топ өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
1. М.Өтемісұлы туралы не білесіңдер?
2. Махамбеттің өлеңдері қандай тақырыпта жазылған ?
3. «Соғыс», «Қызғыш құс» өлеңдерінің ерекшелігі неде?
4. Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні туралы не айта аласыңдар?
5. Махамбет Өтемісұлының ерлігі жайында не айта аласыңдар?
Мәнерлеп, жатқа оқу.
М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін жатқа оқу.
Әр топтың лидері өз тобының мүшелерін бағалап отырады.
Сергіту сәті. «Көңіл көтеріп, бір билейік!!!»
«Қара жорға» биін билеу. (2 мин)
ІІІ.Жаңа сабақ
Шығармашылық тапсырма.
Әр топ Ы.Алтынсарин туралы дереккөз жинап, презентация түрде қорғайды.Топ мүшелері бағалап отырады.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту
Топтық жұмыс
Әр топ Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңнің мазмұны айтылады.
Сөздікпен жұмыс
Өксіген – шөлдеген.
Қынарда – жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс.
Жанабында – жанында.
Дерт – ауру.

Жаңа сабақ бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ. Өлең құрылысына қарай талдау.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.
4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы

2-топ.
Қазақстанның өзендері туралы не айта аласыңдар? Қандай өзендерді білесіңдер?
3-топ. Өзеннің бүгінгі таңдағы проблемалық мәселелері туралы не айта аласыңдар.

4-топ. «Табиғат –ана» тақырыбына ой толғау. «Өзен» өлеңінің идеялық-мазмұнын ашыңдар.

5-топ. «Өзен» өлеңі бойынша сурет салу. Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздерді табу. Мағынасын ашу.
Ү Бекіту.
«Атакалау» әдісі бойынша әр топ бүгінгі тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
Табиғат туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айту.
(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
ҮІ.
Үй тапсырмасын беру
«Өзен» өлеңін жаттау.
Ү.Бағалау




Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров150
Номер материала ДВ-529270
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх