Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / По физике на тему "Ньютонның 2 заңы"

По физике на тему "Ньютонның 2 заңы"


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

9а сынып №11 сабақ ____________________


Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның екінші заңымен таныстырып, масса жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның екінші заңымен танысамыз.

  1. Күш нені сипаттайды?

  2. Күш неліктен векторлық шама болып саналады?

  3. Денеге түсірілген күш үдеу туғызатынын көрсететін тәжірибені сипаттаңдар.

  4. Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?

  5. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні.

2 Дененің массасы.

3. Ньютонның екінші заңы, оның формуласы.

4. SI жүйесіндегі күш бірлігі.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§12 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?

  2. Дененің массасы дегеніміз не?

  3. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?

  5. Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

1К.

  1. Санақ жүйесі теміржол тіркемесімен байланысқан. Ол қандай жағдайда инерциялық болады: а)пойыз станциада тұр; ә) пойыз станциядан жүріп кетті; б) пойывз станцияға жақындады; в) пойыз жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалады.

  2. Бала таудан сырғанап келеді. Мына төмендегі қайсы денелердің әрекеттері теңгеріледі: а) жер мен қардың әсері; ә) жер, қар және ауаның әсері; б) денелердің әсерлері теңгерілмейді.

10-жаттығу (1,2)

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §12 , 10-жаттығу (3,4)


Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров168
Номер материала ДВ-104155
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх