Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / По казахскому языку "Фонетиканы оқытудың практикалық жолдары".

По казахскому языку "Фонетиканы оқытудың практикалық жолдары".

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m4172464a.gifhello_html_f35c9c0.gifhello_html_7009ba62.gifhello_html_m55b422f2.gifhello_html_1f525b7.gifhello_html_m5772d3f7.gifhello_html_f35c9c0.gifhello_html_f35c9c0.gifhello_html_m77fb22a0.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif
















Факультативтік курс


«Фонетиканы оқытудың практикалық жолдары»













Құрастырушы: Киямова Анфиса Накиповна
















2015 жыл











Мазмұны

  1. Алғы сөз.

  2. Түсінік хат. Бағдарлама.

  3. Сабақ үлгілері.

  4. Әдістемелік қысқаша ескертпелер.

  5. Негізгі ұғымдар, кестелер мен шартты белгілер.

  6. Артикуляциялық гимнастика үлгілері.

  7. Жаттығулар.

  8. Фонетикалық ойындар.

  9. Талдау үлгілері.

  10. Тесттік тапсырма.

  11. Қолданылған әдебиеттер.










































Алғы сөз



Бұл факультивтік курс қазақ тілі мұғалімдеріне көмек құрал ретінде арналған.

Негізге мақсаты: басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйрену басырында фонетика саласынан теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын жетілдіру.

Әдістемілік құрал тек қана фонетика саласын қамтиды. Фонетика саласы бойынша тақырыпты жоспар жасалды, сабақ үлгілері беріліп отыр. Бақылау түрі – тест тапсырмалары және талдау үлгілері. Жаттығуларды орындау басырында оқытушы алдында қойған мақсатына орай жұмыстарды түрлендіріп, өзгертіп отыруына, аудитория деңгейіне сәйкес тандап алуына болады. Логикалық ойдауды дамытатын ойындар мен жаттығулар да бар. Есте сақтау дағдысын қалыптастыратын негізгі терминдер, кестелер мен шартты белгілер берілген.



































Түсінік хат

Бұл бағдарлама фонетика саласына арналған. Фонетика бөлімінде тіл дыбыстарын таныстыруға дауысты, дауыссыз дыбыстардың қазақ тіліне тән ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Орыс тілінде жоқ , қазақ тілінде кездесетін дауысты, дауыссыздардың айтылуы, жазылуы, жуан, жіңішке дауыстылардың іргелес тұрған дауыссыздарға тигізетін әсері,

сондай –ақ дыбыстардың бір -біріне әсері орфоэпиямен байланыстырыла оқылатыны бағдарламада талап етілген. Ешбір тілде оның фонетикалық жүйесінсіз оқып үйрену мүмкін емес.

Фонетика өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйрету барысында негізгі саласы.

Білім алушыларға бұл әдістемелік құрал фонетика үлгілерін жетік әрі жеңіл түрде меңгеруге ықпал беріп, сөйлеу әрекеттерін дамытуға негізделген.

Мақсаттары:

  • білім алушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілде сөздік қорын дамыту;

  • мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізу;

  • орфографиялық және орфоэпиялық біліктілігін іске асыру.

Міндеттері:

  • фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата алу, орынды қолдану;

  • дыбыс пен әріптің айырмашылығы бірлігін білу;

  • дыбыстардың жіктелуін, сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін, олардың әр қайсысының жасалу жолы мен орнына, дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай түрлерін ажырата білу;

  • сингармонизм, ілгерінді, кейінді ықпалдардың мәнін түсініп, олар туралы білімін сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;

  • қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін жатқа білу;

  • сөздерді орфографиялық, орфоэпиялық нормаларға сай жазып, айта білу;

  • сөзге, сөйлемге тиісті екпіндерді дұрыс түсіріп интонациясын сақтап айта білу;

  • орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істей білу.

Жоғардағы талаптар мен міндеттерді орындау мақсатында оқыту әдістемелік тұғырнамамды төрт тарауға бөліп, жинақтадым.

  1. Фонетика саласын оқыту бағдарламасы.

  2. Оқытушыларға ұсынылған әдістемелік қысқаша ескертпелер.

  3. Сабақ үлгілері.

  4. Жаттығулар, талдау үлгілері, тестілер.

Білім алушылардың әдістемелік құралдан күтетін нәтижесі:

- қазақ тілінің тән дыбыстарын ажырата білу;

- ауызша және жазбаша тілін дамыту;

- мемлекеттік тілде еркін сөйлеу білу.








Тақырыптық жоспар

Жалпы сағат саны: 34 сағат


т/б №

Тақырыптардың аты

сағат саны

өткізу түрі

білімділік қазынасы

1

Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

3

Дыбыстық құрамының түрлерін дәріс негізінде беру

Тақырып бойынша фонетикалық минимум беріледі.

2

Алфавит. Орыс тілі алфавитимен салыстыру

2

Өзге тілдің дыбыстар тіркесін практикалық жақтан қатесіз, мүлтіксіз меңгерту.

Алфавитті жаттау. Дыбыс пен әріпті жаттығулар арқылы ажыратуға баулу.

3

Дыбыс пен әріп.

3



4

Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

2

3


Презентация арқылы түсіндіру.

Тест.


5

Дауыссыз дыбыстар

3

Топпен жұмыс.

Талдау.

6

Буын және тасымал

2

Дәріс

Жаттығу орындау.

7

Үндестік заңы.

Буын және дыбыс үндестігі.

3

3

Практикалық сабақ

Өздік жұмысы.

8

Екпін.

2

Сұхбаттасу, жаттау.

Ауызша мәлімет, мәтінмен жұмыс.

9

Фонетикалық жаттығулар мен фонетикалық талдаулар.

5

Практикалық сабақ, талдау.

Шығармашылық жұмыс.

10

Қорытынды, нәтиже сабақ.

3

Деңгейлік тапсырмалар.

Тест.


























Бағдарламаның мазмұны:


Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

Дыбыс пен әріп. Алфавит, оның құрамы. Алфавитті білудің сөздікті пайдаланудағы қажеттілігі.

Алфавит. Дыбыс пен әріп.

Қазіргі қазақ тілі алфавитінің негізі. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы. Дыбыстау мүшелерінің қызметі. Әріптердің жазу емлесі.

Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың жуан , жіңішке түрлері. Дауысты дыбыстардың орыс тіліндегі дауысты дыбыстармен үндес, мағыналас кетіндері және қазақ тіліне тән дауыстылар артикуляциясы, жасалуына қатысатын сөйлеу мүшелері, айтылуы, жазылуы.

Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар және олардың құрамы. Дауыссыз дыбыстардың ішіндегі орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстармен мағыналас келетіндері. Орыс тілінде жоқ, қазақ тілінде ғана кездесетін дауыссыз дыбыстар, оларды жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері, дыбыстардың өзіне тән артикуляциясы, жазылуы.

Буын және тасымал.

Буын жасаудағы негізгі тірек дауысты дыбыстардың ролі, сөздегі буынның жігін білудің дауыс ырғағына, дұрыс оқуға қатысы. Тасымалдың буын жігінен жасалуы.

Үндестік заңы.

Бұл заң қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі екі түрге бөлінеді: дыбыс және буын үндестігі. Буын үндестігі бойынша сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатыны. Сөздерді дұрыс айту мен жазуда сингармонизм заңына сүйену. Буын үндестігі сөзбен қосымша арасында болатыны сөзге қосымша қосқанда осы заңға сүйенуге үйрету, диссимиляция заңдылығынан хабар беру, сөзді дұрыс айтуға, дұрыс жазуға үйретуде ассимиляция, диссимиляция заңдылығын негізге алу.

Екпін.

Қазақ тілінің екпінімен байланысты да орыс тілінен үлкен айырмасы бар, сондықтан екпін мәселесіне тоқталу қажет. Қазақ тілінде екпін сөздің соңына түсетінің, тұрақты екені айтылады, оның орфоэпияға қатысы ескертіледі..

Фонетикалық жаттығулар мен фонетикалық талдау.

Фонетика тарауын бекіту барысында талдау үлгілерін бекіту, әр түрлі деңгейлі жаттығулар орындату арқылы ой өрісін, есте сақтау қабылеттерін арттыру.

Қорытынды, нәтиже сабақ.

Фонетика саласы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау. Нәтиже сабағында ашық, бақылау, салыстырмалы тестілерді орындату. Ойындар өткізумен қатар қазақ тіліне қызығушылығын ояту және тілдік деңгейін көтеру.






Оқытушыларға ұсынылған әдістемелік қысқаша ескертпелер.


1.Тілде бір - бірімен байланыспай, жеке тұратын ешбір элемент жоқ . Тіл элементтері бір - бірімен тығыз байланысты. Мысалы, дыбыс сөзде, сөз сөйлемде, сөйлем де, ешбір тілдік элементті байланыссыз, жеке үйрету нәтижесі болмайды.

Оқу процесінде тыңдау, ауызша дұрыс айтуға, оқуға, жазу жаттықтыру жұмыстары бірге жүргізіледі. Сөйтіп, дыбыс жеке үйретілмейді, ол сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін құрамында үйретілсе, оның нәтижесі жақсы болуы сөзсіз.

2.Тілдің фонетикалық жүйесін үйретуде оқытушының қазақ тілінің өзіне ғана тән, орыс тілінде кездеспейтін дыбыстарға ерекше тоқталуы керек. Орыс тілінде де қазақ тілінде бар үндес, мәндес дыбыстар оқу процесінде үлкен қиындық келтірмейді. Ал, қазақ тілінің ә, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ, і, һ дыбыстарының орфоэпиясын меңгерту оңайға түспейді. Сондықтан, оқытушы осы дыбыстарды меңгертуге оқу процесінің басынан бастап ерекше мән беру керек. Қазақ тілінің дыбыстық құрамындағы осы дыбыстардың әр қайсысының жасалуына, қатысатын мүшелер, олардың дыбысты жасаудағы қалпы суретке сүйене отырып, мұқият үйретілуі қажет.Мұнда осы дыбыстардың жеке айтылуынан бастап, сөз ішінде, басқа дыбыстармен тіркесте айтылуына әрбір оқушы арнайы жаттықтырылуы қажет. Мұндай жаттықтыру, оқушының дұрыс айтуын қадағалауы тек фонетика бөлімінде ғана емес, курстың аяғына дейін оқытушының назарынан тыс қалмау керек.

3.Сөзді дұрыс айтуға үйрету тек қазақ тілінің ерекшелігіне тән дыбыстарға ғана байланысты емес. Орфоэпия мәселесі одан әлде қайда кең. Әсіресе, сөз бен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бір - біріне әсерінен айтылуда, кейде жазылуда болатын өзгерістер сөздердің орфоэпиясын қиындатады. Сондықтан, түбір мен қосымшаның ара жігінде болатын дыбыстық өзгерістер жөнінде толығырақ айту қажет. Бұл үшін сөздің дұрыс айтылуын оқытушының айтуымен бірге, үнтаспаға немесе күйтабаққа жазылған материалды тыңдатып, оқушыларды соған ілесіп айтуға жаттықтырған нәтижелі болады.

4.Екпінге байланысты кездесетін қиындықтар оқушының өз тілінің заңдылығын қазақ тілімен қолданумен байланысты туады. Басқа ұлт өкілдері қазақ тілін оқығанда, екпінді сөздің басына , кейде сөздің ортасындағы буынға түсіруі де кездеседі. Сондықтан, қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін түсіндіруі өте қажет. Қазақ тілінде екпіннің сөздегі тұрақтылығы, оны меңгеруді жеңілдетеді, тек оқушы осы заңдылықты орфоэпияда сақтауға дағдыландыруы керек. Ал сөздің соңына түскенімен, екпінді қабылдамайтын жіктік жалғауы, болымсыздық етістіктің жұрнағы, сын есімнің - дай, - дей жұрнақтары сияқты қосымшаларды оқушы білуі керек. Сонымен, бірге қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей тым көтеріңкі айтылмайтынын ескерген дұрыс.

5.Ешбір тілдік материал ереже жаттау түрінде өтілмеуі тиіс. Барлық тілдік материал іс жүзінде сөйлеу, тіл үйрену процесі ретінде жүргізілуі тиіс. Жатталған ереже ұмытылады, оны іс жүзінде қолданғанда ғана есте жақсы сақталады, тілді жақсы үйретуге көмектеседі. Сондықтан, барлық сабақ тілдік материалды оқушының қолдануына, тәжіребе жүзінде меңгеруіне лайықтап құрылуы қажет.

6.Басқа ұлт өкілдеріне сабақ беретін және қазақ тілі үйірмелерінде сабақ беретін оқытушылар тіл үйренушілерді қызықтыруына әсерлі өтуіне ерекше мән бергені жөн. Ол үшін бір сабақ екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп өткізілгені дұрыс, бұл әрине, оқытушының шеберлігіне байланысты.






7.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі тәсілдермен әсерлі өткізуге ерекше мән беруге қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары күні бұрын жасалып, сабақта өтетін материалдар күні бұрын анықталып, онда қолданатын әдістемелік тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы қандай материалды қалай үйрететінін әбден анықтап, келуге тиіс.

8.Оқытушы жаңа материалды тіл үйренушілердің бұрын алған біліміне сүйене отырып үйретуі керек. Мұндай жағдайда бұрын алған білімі қайталанып отырылады, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік туады. Ал бұның екеуі де тіл үйренудің сапасын арттырады.

9. Көрнекілік құралдар сабақтың ұтымдылығын арттыратыны, материалды жақсы түсіндіруге қажет екені белгілі .

10. Сабақта техникалық құралдарды қолдану қазір өте кең тараған. Оның маңызы өте зор. Сонымен бірге интерактивтік әдістерді пайдалану және озат тәжіребені зерттеу, жинақтау және оқу процесіне енгізу. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу.


































Сабақ үлгілері.


Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы түсінік беру, бұрынғы алған білімдерін пысықтай отырып, жаңа мәлімет беру.

Дамутышылық: Сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін арттыру, қоршаған ортамен байланыстыра отырып, тілдік құрамын дамыту.

Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: дәріс, түсіндіру, пысықтау.

Көрнекілік құралдар: кестелер, сызба.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ. Әрбір сөздің екі жағы болады: біріншісі мағыналық жағы, екіншісі дыбыстық жағы. Мәселен, мына төмендегі кестеге көңіл аударайық:


Сөздер

Сөздің сыртқы жағы, \қабығы\

Дыбыс саны

Сөздің ішкі мазмұны \мағынасы\

ру

Ру айтылуы у\ ру

2

Адамның туыстық қатынасының жігі

қуат

Қуат \ айтылуы

қ \ у \ а \ т

4

Күш, жігер, әл

қамал

қ\а\м\а\л

5

Қорған, бекініс


Осы таблица бойынша сөз дыбыс мағынадан тұрады деп қорытынды шығаруға болады. Фонетика - тіл дыбыстары туралы ұғым, дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы да табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен тең. Әрбір затты темірді темірге, ағашты ағашқа, тасты тасқа немесе бұлардың әрқайсысы өзара бір - біріне соғудан әркелкі дыбыстар пайда болады. Тіл дыбыстарды өкпеден шыққан ауаның дыбыстау мүшелеріне қақтығысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады.

Фонетика дыбыс атаулының бәрін зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағыналы сөздер жасай алатын дыбыстарын ғана зерттейді.

Мәтінмен жұмыс: Мектеп.

Деңгейлік тапсырмалар:

  • Білім ордасы туралы мақал – мәтелдер;

  • мәтінді оқу, аудару;


  • бірінші сөйлемнен қазақ тіліне тән дыбыстарды теріп жазу;

  • сипаттама беру.

Бекіту: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясиясы арқылы бекіту:

-

+

!

?

түсінбеді

бұрыннан білген

жаңалық ашты

сұрақтары бар




Сабақтың тақырыбы: Алфавит. Дыбыс пен әріп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың дыбыс пен әріп туралы алған білімдерін пысықтай отырып, оларды қайталау.

Дамытушылық: Дыбыс пен әріп туралы ұғымдарын әріқарай дамыту, тілдік қорын молайту.

Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеу, еңбектенуге сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: әліппе кестесі, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тілдік жаттығу. Мамандықтар бойынша ауызша сұрақ жауап әдісі арқылы меңгергенін қадағалау.

Жаңа сабақ:

Ы с

Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы табу. Д ом бы ра

р

пен Ә л і п пе. \ Сабақтың тақырыбы шешілді «Дыбыс пен әріп»\

Алфавитте тізілген,

Қырық екі әріп бар.

Алфавитті құрайтын

әріп деген таңба бар.


Дыбысты айтуға, құлақпен естуге болады, әр әріпті көруге, жазуға болады. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз.



Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Әріптердің баспаша және жазбаша нұсқалары, олардың жазбаша да баспаша да нұсқаларының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Әріптің рет - ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Қазақ тілінде қырық екі әріп бар. Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмірі үшін, еңбек процесін жеңілдету үшін практикалық мәні зор. Дыбыс сөздің ең кіші бөлігі. Тілдік дыбыстық жүйесінің өздеріне тән, орнықты, дербес заңдары болады. Сөздерді айтып қана қоймаймыз. Дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Ол үшін бұл сөздерді жеткізудің әртүрлі әдіс жолдары бар. Радио, телеграф, телефон, теледидар болмаған жолдарда қолданылатын әдіс жазу таңба.

Жаттығу жұмыстары:

Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп, көшіріңдер. Алфавит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыс мәні жоқ әріптерді көрсетіңдер:

Қала, ұршық, тарақ, қайшы, жіп, тігінші, шолақ, фонетика, альбом, әдіскер, бұрағыш, велвет, ғажап, дәріс, шалбар, жейде, жібек, мақта, насос, құрал, сиса, хат, шеңбер, ілгіш, әмбебап.

Қорыту:

Қазақ тілінде неше әріп бар?

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

Алфавит тізімін жатқа айтып беру.












Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты дыбыстарды терең меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ тіліне, пәнге, ұлтқа деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: кесте, сызба, үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі түрде өткізу.

Жаңа сабақ:

Сурет пайдалану арқылы дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметіне көңіл аудару. Сонымен, айтқанда дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде тоғыз жалаң \моновтонг\ дауысты а,ә, е,о,ө, ұ, ү, ы, і, және екі дифтонг у, и дауысты дыбысы бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары он бір. Орыс тілінен енген э, е, ю, я дыбыстарын қосқанда, не бары он бес дауысты болады.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі.


Еріннің қызметіне қарай

Иектің \жақтың\ қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

Еріндік дауыстылар

о,ө, у, ү,ұ

Езулік дауыстылар

а,ә,е,і,ы,эғ\и\

Ашық дауыстылар

а,ә,е,о

Қысаң дауыстылар

ы,і,ұ,ү,и

Жуан дауыстылар

а,о,ы,ұ, \и,у\

Жіңішке дауыстылар

ә,і,е,ө,ү, \у,и\








Мақал -мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту жұмыстары:

Өнерлі өрге жүзеді.

Шебердің қолы көпке ортақ.


Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен.


Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкені жоқ болса, кішіден сұра.


Жақсы қыз жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.


Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.


Ердің атын еңбек шығарады.


Тапсырма: Дауысты дыбыстарға дыбыстық талдау жасаңыз.

Қорытынды:



Сызба бойынша дауысты дыбыстардың жіктелуін түсіндір.





Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауыссыз дыбыстарды терең меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Патриоттық сезімдерін ояту , сабақтың белсендігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: дауыссыз дыбыстар кестесі, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Айтылым арқылы дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру, мақал мәтелдерді еске түсіру арқылы ойлау қабілеттерін молайту.

Жаңа сабақ:

Ауа кедергіленіп шығатын дыбыстары дауыссыз дыбыстар дейміз. Қазіргі қазақ тілінде жиырма бес дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,\у\,һ,ф,х,ц,ч,ш,щ. Сонымен бірге в,ф,ч,ц қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен енген дауыссыздар.

Дауыссыздардың жіктелуі:

Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстарға үн мен салдыр бірдей емес.


Мәтінмен жұмыс:


Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16-шы желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Бұл күн Қазақстан тарихына « Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды.

Сондықтан да 16-шы желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Бұл республиканының барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

Деңгейлік тапсырмалар:

  • дауысты дыбыстарды бір сызықпен, дауыссыз дыбыстарды екі сызықпен сызыңдар.

  • жолдасына немесе туысқандарына Тәуелсіздік күніне құттықтау жолда.

Сабақтың қорытындысы:

Тұңғыш, болашақ, Қазақстан, қаһарманберілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды теріп жазып, сипаттама беру.



Сабақтың тақырыбы: Буын, тасымал.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Буын мен тасымалды меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Буынның түрлерін терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сабаққа деген ынтасын ояту, белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: кесте, сызба, үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тілдік материал: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Топпен жаттығу орындату.

Жаңа сабақ:

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі олардың буын құрайтындығы болып табылады. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша


буын болады. Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады: бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын, ә\ке, ат, ер; екі дыбысты буын ба\ла, үш дыбысты буын көз, ұлт; төрт дыбысты буын қант, жұрт.

Буын түрлері.






Тасымал

Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз. Демек, сөздерді буын жігімен тасымалдау керек. Кейбір тасымалдауға болмайтын жағдайлар болады.


Өздік жұмыс:

Зергерлік өнер.

Өткен заманда қазақтың қолөнерінің дамыған түрі зергерлік өнер. Бұл өнердің түрі ұлттық мәдениет тарихында өзгеше орын алды. Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс тағы басқа металдар өңдіріледі. Зергерлік бұйымдардың түрлері: әйелдерге, қыздарға арналған шолпы; білезік, сырға, қапсырма, алқа, шаңырақты, есікті зерлеу, ағаш және былғары ыдыс аяқтың, музыка аспаптарының әшекейлері. Осы зергерлік бұйымдардың көптеген түрлері Мемлекеттік өнер мұражайында бар.

Тапсырма: Мәтінді оқу, аудару. Зергерлік бұйымдар атауларын мәтіннен теріп жазу және буынға бөлу, буын түрін ажырату.


Есік қорғанынан табылған « Алтын адамның» киімдері салтанатты, өте бай, алтыннан тігілген. Берілген сөйлемдегі сөздерді тасымалдап жазу.


Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үндестік заңымен таныстыру , тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа тақырып:

Қазақ тілінің байырғы сөздеріндегі дыбыстар сөз ішінде, сөзбен қосымша, сөз бен сөз арасында бір - бірімен үйлесіп, ыңғайласып айтылады.Бұл заң қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі екі түрге бөлінеді: дыбыс және буын үндестігі. Буын үндестігі бойынша сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатыны. Сөздерді дұрыс айту мен жазуда сингармонизм заңына сүйену. Буын үндестігі сөзбен қосымша арасында болатыны сөзге қосымша қосқанда осы заңға сүйенуге үйрету, диссимиляция заңдылығынан хабар беру, сөзді дұрыс айтуға, дұрыс жазуға үйретуде ассимиляция, диссимиляция заңдылығын негізге алу қажет.

Үндестік заңы

Буын үндестігі

а\ жуан ; жуан ; ә\ Жіңішке ; жіңішке; жіңішке

Оқу \ шы\ лар етік \ ші \ лер

Дыбыс үндестігі

а\ қатаң: б,в,г,д,; қатаң бас\тық

ә\ Ұяң: \б,в,г әріптерінен басқа\ ұяң, үнді ауыл\ ға

б\ ...қ - ғ тарақ \ тарағы; ...п - б кітап \ кітабы

Тапсырма:

Фонетикалық талдау: 1- мамандық, 2 - заңгер. 3- тігінші.


«Шеберхана» тақырыбына байланысты диалог құрастыру.



Сабақтың тақырыбы: Екпін.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Екпін тақырыбын меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Патриоттық сезімдерін ояту , сабақтың белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: дауыссыз дыбыстар кестесі, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі түрде өткізу.

Тілдік материал: Сөздік диктант арқылы буын және дыбыс үндестігін бекіту.

Жаңа сабақ:

Екпін сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Қазақ тілінде сөз екпіні негізінен соңғы буынға түседі. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.


Екпін түрлері.

Ой екпіні

Тіркес екпіні

Дыбыс екпіні

Сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөліктеп айту.

Бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле бір тұтас екпінмен бөлектене айтылуы.

Сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созылып айтылуы.







«Анаға сәлем» атты өлеңімен жұмыс ұйымдастыру.

Мереке күнімен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын толғанам.

Қабыл ал балаңның,

Сәлемін жолдаған.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Оқубарысында екпіннің дұрыс қойылуын қадағалау.

Әуен арқылы әнді шырқау.





Сабақтың тақырыбы: Фонетикалық жаттығулар мен талдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша талдау үлгілерін пайдаланып, жаттығулар орындау.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: практика сабағы

Көрнекілік: кесте, сызба, үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі түрде өткізу.

Жаңа сабақ:

Практикалық бөлім :

Фонетика тарауын бекіту барысында талдау үлгілерін бекіту, әртүрлі деңгейлі жаттығулар орындату арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Берілген үлгілер бойынша мақал сөзді оқы, екпінді дұрыс қой, сөздерді буынға бөліп, тасымалдау үлгісін көрсет және фонетикалық талдау жаса.


Талабы жоқ жас ұлың,

Жалыны жоқ шоқпен тең.

Жаманға айтқан ақылын,

Далаға айтқан оқпен тең.


Фонетика. (1 нұсқа)


1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?

А) 36 В) 35 С) 37 Д) 38 Е) 42

2. Сөздің ең кішкене бөлшегі қалай аталады?

А) сөз В) буын С) дыбыс Д) әліпби Е) дифтонг

3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз?

А) қаршыға В) кұмырсқа С) қарға Д) қасқыр Е) қарағай

4. Ілгерінді ықпалды табыңыз?

А) басшы В)шекара С) бұрыңғы Д) саудагер Е) көзқарас

5. Буын үндестігі деген не?

А) дауыссыздар үндестігі В) тоғыспалы ықпал С) дауыстылар үндестігі

Д) ілгерінді ықпал Е) кейінді ықпал

6. Жіңішке буынды сөзді табыңыз

А) әлдеқашан В) жолдас С) ғарышкер Д) әріптес Е) әрқалай

7. Буын тіл білімінің қай тарауында қарастырылады?

А) Фонетика В) Лексика С) Морфология Д) Синтаксис Е)Пунктуация




8. Дауысты дыбыстар ненің қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді?

А) еріннің В) жақтың С) үннің Д) салдырдың Е) тілдің

9. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

А) ұлт В) дауа С) қайық Д) елім Е) оқу

10. Кейінді ықпалды табыңыз.

А) ешкі В) жұмысшы С) өнерпаз Д) бір күні Е) баспасөз

11. Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 6 Е) 5

12. Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?

А) соңғы буынға В) ортаңғы буынға С) бірінші буынға Д) тұрақты емес Е) түспейді

13. Бітеу буынды табыңыз.

А) ал В) төрт С) ата Д) бала Е) алға

14. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.

А) жабу, кебу В) туу, жуу С) дауыс, қауын Д) бу,қу Е) жазушы, шешуші

15. Жуан-жіңішкелі дауыстылардан болған аралас буынды сөзді табыңыз.

А) анда-санда В) Талдықорған С) ҚазМҰҰ Д) келешек Е) әнұран

16. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

А) 26 В)25 С) 9 Д)15 Е) 12

17. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) ң, п В) Һ, ң С) ғ, ш Д) ч, щ Е) в, з

18.Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітетін буын түрін көрсетіңіз.

А) ашық буын В) тұйық буын С) буын үндестігі Д) аралас буын Е) бітеу буын

19. Буынға дүрыс бөлінген сөзді табыңыз.

А) зау-ық-сыз В) и-на-бат С) әз-іл-кеш Д) ес-еп-теу-іш Е) қаж-ыр-лы-лық

20. Буынның неше түрі бар?

А) 1 В) 4 С) 3 Д) 2 Е) 5

21.Қай буын бір дыбыстан тұрады?

А) тұйық В) бітеу С) ашық Д) аралас Е) ешқайсысы

22. Ашық- тұйық- бітеу буынды сөді табыңыз?

А) қатысқан В) мұрагер С) туысқан Д) жиналыс Е) қиылыс

23. Дауысты дыбыстар ерін қатысына қарай .... болып бөлінеді№

А) жіңішке, жуан В) ашық, қысаң С) еріндік, ашык Д) езулік, жуан Е) езулік, еріндік

24. Дифтонг дыбыстарды көрсетіңіз?

А) я, ю, ё В) ү, ұ, у С) ы, и, і Д) а, о, ы Е) ь, ъ,й

25. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз?

А)- мен,-бен,-пен В) –лар,-дар,-тар С) -қа, -ке, те Д) -мын, -бін, -пін Е) -дың,- дің, -тің


Фонетика (2 нұсқа)


1. Фонетика нені зерттейді?

а) әріп

ә) сөйлем

б) дыбыс

в) сөз

2. Негізі жуан сөздерді көрсет:

а) аула, ағаш

ә) кереует, пәтер

б) өзіміз, бөлме

в) гүл, терезе

3. Қазақ тіліне тән дыбысы бар сөзді көрсет:

а) тұрамын

ә) жазды

б) алды

в) мектеп

4. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата:

а) к, қ, с

ә) р, д, ғ

б) м, ң, л

в) б, в, г

5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсет:

а) қ, ғ, ң, ө

ә) а, б, в, г

б) ж, т, с, х

в) р, л, м, н

6. Ө қандай дыбыс?

а) жуан дауысты дыбыс

ә) жіңішке дауысты дыбыс

б) ұяң дауыссыз дыбыс

в) қатаң дауыссыз дыбыс

7. Бірыңғай жіңішке дауыстылы сөзді көрсет:

а) бүгін

ә) қонақ

б) ұнады

в) сабақ

8. Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар?

а) 5

ә) 7

б) 3

в) 9

9. Бірыңғай жуан дауыстылы сөзді ата

а) келді

ә) пісті

б) егін

в) ыстық




10. –нан, -нен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылады?

а) а, у, ы

ә) р, л, й

б) м, н, ң

в) і, к, қ

11. Нүктенің орнына керекті дауысты дыбысты тап

Сөз: б...лме

а) ә

ә) о

б) ө

в) ү

12. Мына сөзге қай жалғау дұрыс сәйкеседі?

парасат...

а) –нан

ә) –тен

б) –тан

в) –ден

13. Қазақ тілінде неше әріп бар?

а) 37

ә) 25

б) 42

в) 30

14. Жуан дауыстылы жалғауларды көрсет

а) –ым, -ың

ә) –ден, -тен

б) -дің, -тің

в) –дер, -лер

15. І дауысты дыбысы бар сөздерді көрсет

а) қыс, қар, ауыл

ә) ілгіш, өрік, егін

б) аула, жылқы, қора

в) сабақ, лақ, шаш

16. Негізі жіңішке сөздерді көрсет

а) астана, Отан, мейрам

ә) жыл, бақша, бақ

б) көше, егін, пісті

в) қармақ, бор, тақта

17. Бұлбұл деген сөзге сәйкес келетін жалғау:

а) –тар

ә) –тер

б) –лер

в) –дар


18. –тау қай сын есімге дұрыс келеді?

а) төмен

ә) алыс

б) жақын

в) тапал

19. Дауыстылар неше топқа бөлінеді

а) 5

ә) 2

б) 3

в) 4

20. Сөзде неше буын бар, белгіле

Сөз: мыс

а) екі

ә) бір

б) төрт

в) үш

21. –тан, -тен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылады?

а) а, і, ы, у

ә) б, в, г, д

б) р, л, й, ю

в) м, н, ң, л

22. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?

а) лексика

ә) морфология

б) синтаксис

в) фонетика

23. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді тап

а) көмір, кеме, көңіл көтереді

ә) мұнай, алтын, мыс

б) өлке, қарағай

в) жол, ағаш

24. –те жалғауын қай сөзге жазуға болады?

а) сынып

ә) аула

б) сурет

в) бөлме

25. Дауыссыздар саны:

а) 10

ә) 25

б) 7

в) 26

26. Мына сөзде неше буын бар, белгіле

Сөз: өшіргіш

а) төрт

ә) бір

б) үш

в) екі



27. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді?

а) 3

ә) 2

б) 5

в) 1

28. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді тап

а) жастық

ә) құрылыс

б) тәрбие

в) мысық

29. Сөзге сәйкес жалғауды көрсет

Сөз: жер...

а) –дан

ә) –ден

б) –нен

в) –нан

30. Дауысты дыбыс нешеу?

а) 20

ә) 15

б) 7

в) 11

Фонетика (3 нұсқа)

1. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді көрсет:

а) ғалым

ә) аманат

б) жалау

в) азамат

2. Оқымыстылар сөзінде неше буын бар?

а) жеті

ә) бес

б) төрт

в) екі

3. “Тобы” деген сөз дыбыс үндестігінің қай түріне жатады?

а) ілгерінді ықпал

ә) тоғыспалы ықпал

б) кейінді ықпал

в) алдыңғы ықпал

4. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсет

а) ғар-ышкер

ә) мұғ-әлім

б) ұс-таз

в) бө-лме

5. Негізі жіңішке сөз:

а) шара

ә) көрініс

б) тамаша

в) мазмұндама

6. Бес буыны бар сөз:

а) аулаймыз

ә) шомыламыз

б) демаламыз

в) көмектесеміз

7. Нүктенің орнына керекті дауысты дыбысты көрсет

Сөз: б...зау

а) ұ

ә) ү

б) ә

в) ө

8. Жуан дауыстылы жалғауларды белгіле

а) –ға, -қа

ә) –лер, -тер

б) –ден, -тен

в) –ге, -ке

9. Мектеп деген сөзге иелік форманың қай жұрнағы дұрыс келеді, белгіле

а) –дікі

ә) –тікі

б) –нікі

в) –ыншы


10. Ң – бұл қандай дыбыс?

а) үнді дауыссыз дыбыс

ә) қатаң дауыссыз дыбыс

б) жуан дауысты дыбыс

в) жіңішке дауысты дыбыс


11. Жуан дауысты дыбыстар бар сөздер:

а) өзгеше

ә) құрамы

б) ерекше

в) мөлдір

12. Нүктелердің орнына керекті дыбысты қой:

к...мір

а) ұ

ә) ө

б) а

в) о

13. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөз:

а) маңыз

ә) сай

б) жаман

в) асыл

14. Сөзде неше буын бар, көрсет

Сөз: мемлекетіміздің

а) бес

ә) жеті

б) төрт

в) алты

15. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысты сөздерді көрсет

а) еңбек етті

ә) құрамы

б) қосты

в) осылайша

16. Жіңішке дауыстылы жалғауларды белгіле

а) –тар, -дар

ә) –қа, -ға

б) –да, -та

в) –лер, -дер

17. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді белгіле.

а) жем, су, малшы

ә) аудан, таза, жасайды

б) ет, адам, мал

в) жұмыртқа, құс, жағдай

18. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсет

а) з, ж, г

ә) к, л, м

б) д, т, с

в) н, ң, ғ

19. Негізі жуан сөзді ата

а) үстел

ә) сабақ

б) кезекші

в) еден

20. “Звук” қазақша қалай айтылады?

а) үн

ә) дыбыс

б) әріп

в) буын


21. –дау, -деу жұрнақтары қай сөздерге сәйкес келеді?

а) сары, ескі

ә) алыс, қараша

б) ұзын, жеңіл

в) ұсақ, ірі

22. Қазақ тіліне тән дыбысты сөз:

а) толы

ә) теңсіздік

б) пана

в) пайда

23. Тасымалдауға келиейтін сөз:

а) аспан

ә) ғарыш

б) күндіз

в) мұрт

24. Негізі жіңішке сөз:

а) бұғана

ә) желбіретті

б) пана

в) құл

25. Ашық буынды сөз:

а) өрт

б) күш

б) жаңбыр

в) қараша

26. Қазақ тіліне тән дыбыстары:

а) қ, ң, ғ

ә) д, н, м

б) р, в, л

в) ф, х, ш

27. Екі буынды сөз:

а) жазушы

ә) баспадан

б) ақын

в) шығарма

28. Бірыңғай жуан дауысты дыбыстары бар сөз:

а) сезім

ә) келісім

б) қуыстанып

в) дегбірсізденіп

29. Ұяңнан басталып, үнді дыбыспен аяқталған сөз:

а) жаттығу

ә) қарт

б) ғалым

в) достық

30. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер:

а) мұрын, өкпе, ерін

ә) бауыр, бас, шаш

б) бала, ана

в) ауыз, адам, пайда




Фонетика ( 4 нұсқа)


1. Үнді дауыссыз дыбыстар:

а) қ, к, с

ә) ң, н, л

б) а, о, ұ

в) ә, у, ү

2. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар сөз:

а) оқытушы

ә) тыңдады

б) өшіргіш

в) болды

3. Нүктенің орнына керекті дауыссыз дыбысты белгіле

Сөз: то...ай

а) қ

ә) ң

б) ғ

в) м

4. –ші жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді?

а) орман

ә) жұмыс

б) қол

в) кезек

5. Ә дауысты дыбысы бар сөздер:

а) қалам, кітап, бала

ә) елтаңба, жалау, әнұран

б) әтеш, сәулетті, сәбіз

в) малшы, сиыр, қой

6. Бірыңғай ұяң дауыссыз дабыстан құралған сөз:

а) торғай

ә) бағбан

б) қазан

в) теңіз

7. Бірыңғай жуан дауысты дыбысты сөз:

а) кірпік

ә) мандай

б) көз

в) ерін

8. Бітеу буын қалай жасалады?

а) дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады

ә) дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталады

б) жалғыз дауыстыдан басталады

в) дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыспен аяқталады


Сабақты қорыту: жасалған жұмыстарға талдау жасап, қатемен жұмыс жасау.

Бағалау.




Сабақтың тақырыбы: Қорытынды, нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін анықтау.

Дамытушылық: Фонетика туралы ұғымдарын әрі қарай дамыту, тілдік қорын молайту.

Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеу, еңбектенуге сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Көрнекілік: кесте, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.

Психологиялық бағыт.

Ауызша жұмыс: Сұрақтарға жауап беру.

Сіздің ұлтыңыз кім? Өзіңіздің ана тіліңіз?

Сіздің мекен жайыңыз?

Фонетика саласы туралы қандай мәлімет бере аласыз?

Тапсырма:

(Көшірме диктанты.)

Қағазды қалай жасайды?

Елімізде ормандар көп. Орманда шырша ағашы өседі. Орман жұмысшылары шырша ағаштарын кесіп алады. Олардың бұтақтарын кесіп, қабықтарын сыдырады. Шырша ағаштарын машина арамен кесіп, бөренелер дайындайды. Бөренелерді қағаз жасайтын фабрикаға жеткізеді. Фабрикада бөренелерді ұсақтайды. Оған ескі -құсқы шүберектерді қосып, қышқыл құяды. Қышқыл ағашпен шүберекті ерітеді. Оны арастылып былғайды. Арастырылған қоспаны темір сүзгіден өткізеді, машинаға қатты қызады, кептіреді. Қағаз осылай дайындалады.

Тапсырмалар: Мәтінді көшіріп жазу. Қазақ тілінің тән дыбыстары кездесетін сөздерге назар аударып, теріп жазу, оларды орыс тіліне аудару,дыбыстық







Фонетика саласының негізгі ұғымдары.



Дыбыс Дауысты дыбыстар Дауссыз дыбыстар

Әріп

Алфавит - жуан - қатан

- жіңішке - ұяң

- еріндік - үнді

- езулік - шұғыл

- ашық - ызың

- қысаң - діріл


Буын Үндестік заңы

Екпін Буын үндестігі

Тасымал Дыбыс үндестігі

- ілгерінді ықпал

- кейінді ықпал

- тоғыспалы ықпал



Қолданылатын шартты белгілер.


  1. Дыбыс .

  2. Дауысты дыбыс -

  3. Дауыссыз дыбыс =

  4. Үнді дауыссыз

  5. Ұяң дауыссыз

  6. Қатаң дауыссыз



Фонетика – тілдегі дыбыстар, олардың жасалуы, жүйеленуі және дыбыс заңдарын қарастыратын тіл ғылымының бір бөлімі.

Фонетиканың зерттейтін дыбыстары – адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметі арқылы шығатын, бір-бірінен сапалық жағынан ажыратылған, әлеуметтік мәні бар тіл дыбыстары.






img674



Артикуляциялық гимнастика үлгілері.


  1. Ауыз кең ашылып, астыңғы жақ жылжымайды.Тіл үстіңгі астыңғы тіске кезек - кезек тіреледі.

  2. Тіл ұшы жақтың ішкі сол жағына, оң жағына кезек - кезек тіреледі.

  3. Бірінші мен екінші жаттығуларды кезекпен қайталап шығу.

  4. Тілді алға, артқа қарай тартып жаттықтыру.

  5. Қызыл етке дейін тісті көрсету.

  6. Шамасынша екі ерінді дөңгелентіп алға қарай жылжыту.

  7. Шамасынша екі ерін шеттерін кейін тарту.

  8. Кезекпен 6-7 жаттығуды қайталау (бірде жылдам, бірде баяу).

  9. Артикуляциялық ерекшеліктерді ескере отырып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды айту.

  10. Ауызды ашпай, тілдің артқы жағын тандайдың астыңғы жағына тигізіп «мөңірейсіз».

  11. Тіл ортасы жұмсақ таңдаймен жымдасып, дыбыстарды бөлек айтыңыз (дауысты, дауыссыз дыбыстарды кезекпен).

  12. Қысқа дем шығарып, [п], [т], [қ] дыбыстарды айту.


Есту дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар.


  1. Айтылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемдерді тыңдап шығып, кімнің дауысы екені анықтау, (әйел, ер, бала дауыстары).

  2. Фонограмма темпін анықтау және (тез, баяу) айтып сөйлеушінің анықтығын табу.

  3. Естіген сөзді дыбыстарға бөліп, оларды анықтау.

  4. Естіп тұрған бірнеше дыбыстардан, оқытушы көрсеткен дыбыстарды анықтау.

  5. Естіп тұрған сөздердің буын санын анықтау.

  6. Естіп тұрған сөздер қай тілге жататынын анықтау.

  7. Естіп тұрған сөздердің ішінен қайсысы (жуан, жіңішке, еріндік, езулік, ашық, қысаң дауысты).

  8. Сөздерді естіп, ұйқас сөздерді айтыңыз.

  9. Мәтін ішінен керекті дыбысқа (і, қ, ғ, ә) сөздерді жазыңыз.

  10. Айтылған сөйлемдердің сөз санын анықтау.

  11. Айтылған сөйлемдердің соңғы сөздерін дұрыс жазу.

  12. Естіген сөздердің екпін орнын анықтау.

  13. Фонограммадан естіген сөйлеу қателіктерін анықтау(тез айту, сөзді жеп қою, [р] дыбысын айтылмауы т.б. ).


Айтылу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар.

  1. Фразада, сөзде айтылған дыбысты естіп, кейін бөлек дыбысты тыңдаңыз.

  2. Бірнеше дыбысты тыңдаңыз, егер керекті дыбысты естісеңіз қолыңызды көтеріңіз.

  3. Жұп дыбыстарды естіп, жаңа дыбысты естісеңіз қолыңызды көтеріңіз.

  4. Сөйлемді тындап шығып, белгілі дыбыс қанша рет қайталанғанын санаңыз.

  5. Сөйлемдерді тыңдап шығыңыз, егер хабарлы (лепті, сұраулы, бұйрықты) сөйлемді естісеңіз қолыңызды көтеріңіз.

  6. Сөз (сөз тіркес, сөйлем) қатарынан диктор айтқанды сызыңыз.

  7. Сөйлем ішінде екпін түсетін сөздің астын сызыңыз.

  8. Мәтінде оқытушының (диктордың) дауыс ырғағымен айтылған фонетикалық ерекшеліктерді көрсетіңіз, одан кейін мәтінді оқып шығыңыз.

  9. Диктор соңынан белгіленген дыбыстарға көңіл аударып, дыбыстарды (буындарды, сөздерді, сөз тіркестерді) қайталау.

  10. Керекті дыбыс құрамында бар, сөздерді қайталау.

  11. Сөйлемді хабарлы формада оқып, оны сұраулы, лепті, бұйрықты қылып оқыңыз.

  12. Сөйлемді мұқият тыңдаңыз. Неше сөзден құралған сөйлем?

  13. Сөздерді буынға бөліп оқыңыз.

  14. Ұйқас сөздерді тыңдап, оқытушы соңынан қазақ сөздерін қайталаңыз.

  15. Қазақ тіліне тән бірнеше фонемаларды айтыңыз.

  16. Коммуникативті сөйлемді баяу оқып, кейін тездетіп оқыңыз.

  17. Есте қалған мақал-мәтелді (жаңылтпашты, өлеңді) айтып шығыңыз.

  18. Дауысты дыбыстырды қайталаңыз (ашық, қысаң, еріндік, езулік, жуан, жіңішке).

  19. Алфавит әріптерін атаңыз.

  20. Диктордың соңынан жеке дыбысты қайталаңыз.

  21. Сөзде оқитын дыбыс болса, оны 2-3 рет қайталаңыз.

  22. Сөздерді мұқият тыңдаңыз дыбыстығы жағынан орыс тіліне ұқсас сөздерді атаңыз.

  23. Суретте көрсетілген сөздерді атаңыз (керекті дыбысқа көңіл аудару).

  24. Сөздердің айтылуына көңіл аударып, аудитория ішін сипаттаңыз.

  25. Шағын мәтінді дауыстап оқыңыз.


Жаттығулар


1 – жаттығу. Берілген сөздері алфавит тәртібімен жазыңыз:

Циркуль, чемодан, ілім, щетка, ырым, йод, көк, қанат, ләззәт, үлгі, намыс, мұғалім, ой, сағат, патша, рақат, өлең, табиғат, хат, яғни, юбка, шөл, ұйым, фонетика, дәріс, иық, жігіт, еңбек, жайлау, зерек, азамат, ғибрат, вагон, әдеп, бақыт, гүл, риза, экран.

2 – жаттығу. Көшіріп, көп нүктенің орнына керекті а, ә әріптерін жазыңыз:

У...ли, күм...н, с...нді, д...укес, д...реже, г...зет, з...улім, Күл...нда, с...рсенбі, к...лендарь, сір..., С...уле, дүд...м...л, ...ртель.

3 – жаттығу. Көшіріп, көп нүктенің орнына керекті ө, е әріптерін жазыңыз:

Күр...к, өлк..., бөб...к, Ақт...бе, көл...ңке, көб...л...к, көрк...м, өск...л...ң, бөлш...к, төрт...у, Ботаг...з, Ақб...п....

4 – жаттығу. Көшіріп, көп нүктенің орнына керекті ұ, ү, ы, і әріптерін жазыңыз:

Кұнд...з, ұз...н, бүг...н, күлк..., бүрс...г...н, бұр...н, кұр...қ, бүлд...рг...н, мұр...ндық, түлк..., жұлд...з, құм...рсқа, жұд...р..қ, үск...р..к.

5 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, көп нүктенің орнына керекті ы, і әріптерін жазыңыз:

Баяу өскен жазғ... жыл... жел көк жас...л терек ағаштар...н...ң жас бұтағ...н д...р-д...р етк...зеді. Он...ң жайқалған жап...рақтар... б...р- б...р...н қағ..п ойнап, с...б...рлас...п тұрғандай. Ағаш арас...на ерк...н бойлай өскен алуан түрл... шөптер де бастар...н төмен и...п тұр.

(Н. Габдуллин.)

6 – жаттығу. Өлеңен жуан, жіңішке даусты дыбыстарды теріп, бөліп,жазыңыз:

Ана тілім

Сенсіз маған мағынасы жоқ ғаламның,

Ана тілім мейірімі анамның.

Ана тілдің құдіреті деп сенем.

Кеңістігін сезсем дархан даламның,

Тілім барда бақыттымын әр күні,

Сыңғырласын сәбилердің бал үні,

Аяғынан әлі де тік тұрмаған,

Толғандырады ана тілдің тағдыры.

(Г. Торғаев.)

7 – жаттығу. Ашық, қысаң дауысты дыбыстарды бөліп жазыңыз:

Бас,мыс, дыбыс, тұр, мол, бай, күн, бала, жыл, ол, ас, ал, алма, ұят, үш, ұшты, ұшқыш, ора, ойна, оймақ, ойла, одақ, ана, орман, сабақ, кәсіп.

8- жаттығу. Үлгі бойынша мысал келтіріңіз:

Ұ,ж,қ ( бас ) - [б] ұяң, [а] жуан, [с] қатаң

Ж, ұ ( із) - [і] жіңішке, [з] – ұяң

Ү ж, ққ, жқ (мектеп) [м]- үнді, [е]- жіңішке, [к]- қатаң, [т]- қатаң, [е] – жіңішке, [п]- қатаң


9- жаттығу. Егер әріптерді дұрыс қоссаңыз, ғылымға қатысты сөз шығады:













!



10-жаттығу. Ай атауларын дұрыс табыңыз:

Нақарт, пақна, уарзын, арқаша, зақан, лежсантоқ, рымма, мысума, рқуқыйке, мазыт, деліш, суірә.


11- жаттығу.Мына мақалды үлгі бойынша жазыңыз:

Өмір- үлкен мектеп

Мектеп – кеме, білім теңіз.

Үлгі: – дауысты дыбыс

І дауыссыз дыбыс

Мысалы. Мен – І -, білім І -І-І .



12-жаттығу.Дауысты, дауссыз дыбыстардың түрлерін ажыратып, көшіріп жазыңыз:

Үлгі: суретші

Жуан д.д. жінішке д.д. қатаң д.д. Ұяң д.д. Унді д.д.


-- е, і с,т,ш -- Р, у


Абырой, жағдай, думан, шәкірт, айтыс, белес, жүлде, қырау, мәңгі,сыншы.



13-жаттығу.Жуан, жіңішке түбірлі сөздері бөліп жазыңыз:

Мектеп оқушы, Отан, ел, мемлекет, ұстаз, тәуелсіз, мұғалім, шәкірт, Астана, әдемі, бала, қыз, сұлу, үлгілі, халқы, ұлты, тәртіпті, сүйеді, дарынды.


14-жаттығу. Қазақ тіліне тән дыбыстарына көңіл аударып сөздерді дұрыс айтыңыз:

Бағила, Асқар, Қайсар, Темір, Күләндә, Әмзә, Бәтес, Ғарифолла, Ғайни, Үміт.





15-жаттығу. Мына кестені толтырыңыз.



Қ



Қ




Қ




Қ






Қ







Қ








Қ










16-жаттығу. Сөздің соңғы әріпі Ә, Қ, І аяқталатын он сөз ойластырыңыз.


17- жаттығу. Көшіріп, көп нүктенің орнына керекті қ-к әріптерін жазыңыз.

А...ша, басты..., білі..., е...інші, ...елдім, жа...сы, еті...ші, ...ітап, ...ала, ...она..., сызды..., ...ыры..., о...ы, о...ушы, та...та.


18- жаттығу. Көшіріп, көп нүктенің орнына керекті Ұ-Ү әріптерін жазыңыз:

Б...ғы, ж...гір, ж...з, қ...лақ, ж...зім, ...кімет.


19 – жаттығу. Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дыбыстарды жіктеп, бөліп жазыңыз:


Қай халықтың да өз тілі, яғни ана тілі ойландырмай, толғандырмай қоймайды. Бұл мәселе бәрімізге де анық. Ана тілі деген біз үшін қасиетті ұғым. Оны жетілдіру, көркейту – біздің міндетіміз. Тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін ұмытпай, оныі мәртебесін көтеру үшін әлі де көп еңбек ету керек.


20- жаттығу. Көшіріп, әр сөзді буынға бөліп, буын түрін анықтаңыз:

Жастық шақ - өмірдің ең бір ғажайып кезеңі. Жалын мен оттан жаралатын, бойындағы қуаты тасып, көңілі алып ұшатын, сан саққа жүгіретін, санасын жүгендеуге дес бермейтін уақыт. Азаматтың сілкінетін, жігерленетін, тепсе темір үзетін шағы да – жастық шақ.

21 – жаттығу. Кесте бойынша мысал келтіріңіз:

Үлгі: А/Б/А – ғы/лым/ға

ТАА, А/А/А/Т, Б/Б/Б, Б/А/Б, А/А/Б/Б, А/Б/А/А, Т/А/Б, Б/Б/А/А, А/А/Б/А.



22-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып, асты сызылған сөздерді буынға бөліңіз:

Біздің жатақханамыз .... . Апам .... жұмыс істейді . Олар .... тапсырма алған. Кітапты жыртпай,бүктемей, .... ұста. Өздерінен .... кісілерді сыйлайды. Ата-аналары балаларын мақтаныш .... . Ана тілінде .... .


23-жаттығу. Керекті жалғау жазыңыз:

Қа-ке

Класс, металл, грамм, тест, мәтін, прогресс, ведомость., разьезд, повесть, авантюрист, киловатт .

Ды-ді

Балл, милиграмм, килограмм, сьезд, подьезд.

Тар-тер

Институт, көлік, пеш, тас, сурет, куәлік.

Да-де

Шөл, су, қар, уәде, дала, көше, алаң.


24-жаттығу. Ілгерінді, кейінді ықпалдарға бөліп жазыңыз:

Кітап, тақта, жүрегі, шабу, қыздар, барыс, күрегін, он ғасыр, сөзшең, кеуіп, жүз жыл, тез шық.


25-жаттығу. Ықпал түрін анықтап, сөздермен мысал келтіріңіз:

Қосжан, ортаң қолдай, Есенкелді, мен көрдім.


26-жаттығу. Асты сызылған сөздермен ықпал түрін анықтаңыз:

Жүнісбек пен Жанпейіс бүгін барлық сабақтардан бағаланды. Сәрсенгүл, Жүсіпбек, Айтбай әдебиет сабағында екі рет бағаланды. Ал Есенкелді тәртібі жағынан ерекше көзге түсті. Бұрын мұндай оқиға болған емес.


27-жаттығу. Мына сөздерді кестеге жазып, сөйлем құрастырыңыз.

Затпен, қашса, тұзсыз, клубқа, көзсал, жұмысшы. Бағдатта, жазда, бір күнгі, қағаздың, этажға, көк жиек, бұрынғы, тас жол, балалық, қалаға, Есжан.





Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал





28-жаттығу.Төмендегі мәтіннен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарын теріп жазыңыз:

Түрік тұқымдас Қыпшақтар Оңтүстік-Шығыс Еуропаға осы күнгі Қазақстан жерінің Солтүстік Батыс өңірінен келген. Оныншы ғасырда Еділ бойына жеткен.

Содан кейін түрік тұқымдас печенег елдерін қуып, Дон мен Еділ өңіріне беттеп барған. Он бірінші ғасырдың орта ішінде Днепр өзеніне барып тоқтаған. Ғасырлар бойы әдеттенген тәсілдері бойынша, шабатын жауына жоқ жерден тиіп, заматта ғайып болып, үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері шынында соғысқа әбден үйренген, ұзақ жорықтарға шығып жүрген нағыз жау жүрек жауынгерлер еді. Жасынан садақ атып, арқан тастап баулыған, қыпшақ сыпайлары ұшып бара жатқан құсты көздемей атып түсіретін шетінен мерген болатын.


29-жаттығу. «Бұл мамандықты тандағамын .... » деген тақырыпқа шығарма жазып, үндестік заңына қатысты сөздердің астын сызыңыз.


30-жаттығу. Біріңғай жуан, жіңішке дыбысты сөздердің астын сызыңыз.

Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шолушысы – ой,

Сынаушысы – халық,

Қорғаушысы – сабыр,

Қорғанышы – мінез,

Ең қымбаттысы – ар,

Таусылмайтыны – арман,

Барлығынан қымбаттысы - өмір.

(Ш.Уалиханов.)




Фонетика тарауы бойынша оқыта үйрету ойындары.

I. « Домино » ойыны

Құрал – жабдығы

  1. Бір бөлігінде дауысты және екінші бөлігінде дауыссыз дыбыстар жазылған домино тасы.

Б

А





Д

2.Бір бөлігі бос, екінші бөлігінде дыбыс жазылған





3.Екі бөлігі де бос домино





Ойынның жүру барысы.

Сынып екі немесе үш топқа бөлініп, әр топқа домино тастары таратылады.

    1. Алдымен екі бөлігі де бос домино тасы ортаға қойылады.

    2. Қай топта бір бөлігі бос, екінші бөлігінде дыбыс жазылған домино болса сол топ бастайды және жазылған дыбыстың қасиетіне тоқталып өтеді.

Мысалы А – дауысты, жуан, ашық, езулік

    1. Келесі топ езулік дыбыс болатын кез келген әріпті алып ойынды әрі қарай жалғастырады және доминоның екінші бөлігіндегі дауыссыз дыбыстың қасиетіне тоқталады.

    2. Егер доминоның екінші бөлігі бос болса, онда кез келген дыбыстан бастауға болады.

Мысалы 1топ. Доминоның 1 – бөлігі бос

2 – бөлігінде А – дауысты, жуан, ашық, езулік.

2топ. Доминоның 1 бөлігінде і – езулік, жіңішке,дауысты, қысаң.

2 – бөлігінде к – дауыссыз, қатаң, шұғыл.

3топ.Шұғылдан басталатын дыбыс қоюы қажет

Үлгі:






К

і

А










II. «Бақытты сәт» ойыны


Құрал-жабдығы

  1. Кішкене бөшке

  2. Секундамер

  3. Ортақ бағалау парағы

  4. Фишкалар

  5. Үй тапсырмасы (әр топқа 2 сұрақтан)

  6. Сайыс тапсырмалары

  7. Жауап үлгілері


Ойынның жүру барысы:

Сынып екі топқа бөлінеді, әр топтың өз басшысы және атауы болады.

1. гейм. «Бой сергіту»

Әр топқа фонетика саласы бойынша 10 сұрақтан беріледі, оларды талдауға 5 минут беріледі. Ал, бәсекелес топ жауаптың, дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады.

2. гейм. «Бөшкеден шыққан әріптер»

Топтар бөшкеден әріптер жазылған шарлар алып шығып, қандай әріп алса сол әріптін, қасиетіне тоқтала отырып шағын әңгіме құрастырады.

3. гейм. «Жұмбақтас»

Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдармырақ жауап берген то п ұтады. Егер жауап дайын болса, топ көк жалаушаны көтереді.

4. гейм. «Сен- маған, мен саған»

Әр топ үйден дайындап әкелген қызықты сұрақтарын қояды.

5. гейм. «Суреттен сөйлейміз»

Топтарға әріптер бәріледі, сол әріптердің қасиетін суретпен салып көрсетуі қажет

Мысалы: кез келген дыбыстың суретін салатын болсақ

Көз – ашық, қысаң

Мұрын – жуан, жіңішке

Ерін – езулік, еріндік

Қыз – дауысты, ұл- дауыссыз дыбыстар.

А дыбысы: дауысты –қыз,

Ашық- қөз,

Жуан- мұрын,

Езулік – ерін бейнесі

2,3,4,5-ші геймдерді талқылауға 1 минуттан беріледі. Егер бірден жауап бермесе, онда осы үнемделген уақытын топ басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа топ 1 фишка алады.

III. «Қызықты сөз тізбесі»

Ойынның жүру барысы

Оқушыларларға қызықты сөз тізбесі құру



Ұсынылады. Шарты: Біріншіден, сөз тізбегінің әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталады. Екіншіден, сөз тізбегі ақыл, нақыл мақал сөз болып келуі тиіс. Қызықты сөз тізбегін екі түрлі әдіспен жасауға болады.

Бірінші жолы: өзгертуге оңайлы кез келген мақал мәтелді алып, құрамындағы сөздерді бір дыбыстан жазу қажет.

Мысалы: Жаман достан жау артық – Жаман жолдастан жау жақсы.

Екінші жолы: сөз тізбекті оқушы өз ойдан құруға тапсырма беріледі.

Мысалы: Әлди - әлди, әлдилеп, әнмен әжем әлпештер.

V. «Адасқан әріптер»

Ойынның жүру барысы

Оқушыларларға өлең жолдары немесе мәтін беріледі, бұл тапсырмада қазақ тіліне тән дыбыстар ауыстырлып жазылады. Оқушылар сол әріптерді тауып жазуы қажет.

Ескерту. Әріптер бір сөйлем ішінде немессе өлеңнің, бір тармағында ауыстырылады. Мысалы: Ана тілі- арың,бұл



Ана тылұн – арің біл



V. «Кім жылдам» ойыны

Ойынның жүру барысы

  1. түрі. Оқушыларларға әр түрлі буындар таратылып беріледі. Осы берілген буындарды қолданып отырып сөздер құрайды және шағын әңгіме құрау тапсырылады. Сонымен қатар буын түрлеріне тоқталып өтеді.

  2. түрі. Бір оқушы кез келген сөзді алып буынға бөледі, келесі оқушы сөз қандай буын түріне аяқталса, сол буыннан сөз құрап талдайды. Сөздер бір сөз табынан болуы қажет.

Мысалы: Ал –ма,ма-са,са-бақ, бақ- ша, ша-па, на-ға-шы, шы-ны-лар.

VI. «Ойдығы сөз» ойыны

Ойынның жүру барысы

Бірінші ойыншы кез келген зат есімді ойында ұстап, дауыстап айтпай, тақтаға сол сөздің, бірінші әрпін жазып қояды. Айталық, ойлаған сөз «әке» болса, «ә» деген әріпті ғана салады. Екінші оқушы «ә» деген әріпті қарап жіберіп, «ә» ден басталатын мүлдем басқа сөзді өзінше ойлап тауып, бірақ дауыстап айтпастан салады - әт... екінші баланың ойлаған сөзі- «әткеншек».

Үшінші бала «әт» деген буынға қатысты дыбысты тағы өзінше табады. Оның ойлағаны «тәте»деген сөз. Сөйтіп, бұл да үнсіз тақтаға барып, «әт» деген буыннын, алдына «т» әрпін тіркейді де, орнына отырады, осыдан ойыншылар «тәт»/е/деген сөзді басқа мағыналы сөзге бұрып әкете алмаса, жеңілелді.Ал соңғы «т» деген әріпті салған бала жеңіледі сөйтіп,өзінің ойлағаны «тәте» деген сөз екенін хабарлайды.



VII. «Аквариум тәсілі»

Ойынның жүру барысы

Сынып топтарға бөлініп, шеңбер немесе шаршы бойына орналасады. Әр топ арасынан өздерінің көзқарасын білдіретін «өкіл» сайлайды. Мұғалім фонетика бойынша тапсырмалар ұсынады, оны топ өз ішінде талдайды. Ортақ пікірге кейін, сыныптың ортасына әр топтың « өкілдері» жиналады.

« Өкілдер» сөз алып, әрқайсысы өз тобының көзқарасын білдіріп, сұрақтарға жауап береді. Топ мүшелері өз өкілдеріне кішкене қағазға жазып, нұсқауларын бере алады. Аса күрделі жағдайларда «өкіл» тайм- аут алып, өз тобына келіп, ақылдасады. Тайм – ауттар санын мұғалім белгілейді.

Талқылау аяқталған соң, оқушылар қызметі бағаланады.


А

Б

В

Г

өкіл


өкіл


өкіл


өкіл















Фонетикалық талдау үлгілері (I нұсқа)



Талдау реті:


1.Сөзді буынға бөліп, буын түрін анықтау.


2.Сөз құрамымынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтық, еріннің қатысына қарай талдау.


3.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына жататынын анықтап, жасалу жолын да көрсету.

4.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санына анықтау.


5.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылысты анықтау.

Талдау үлгісі :


Құлыншақ – құ – лын – шақ , үш буынды 1 – ашық 2,3 бітеу буын


[қ] – дауыссыз, қатаң, тіл арты

[ұ] – дауысты, жуан, қысаң, еріндік

[л] – дауыссыз, үнді, тіл ұшы

[ы] – дауысты, жуан, қысаң, езулік

[н] – дауыссыз, үнді, тіл ұшы

[ш] – дауыссыз, қатаң, тіл алды

[а] – дауысты, жуан, ашық езулік


Сөзде 8 дыбыс, 8 әріп бар

А) сөздің 1 – буындағы ұ ерінді дауыстының әсерінен

2 – буынғы ы дыбысы ұ болып айталады құ – лұн – шақ

ә) сөздің үш буынға да дауысты дыбыстардың жуан болуы үндестік заңына жатады.

















Сатылай комплексті талдау (II нұсқа)

___________________ Мемлекетке


1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай

жіңішке буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы

дауыста дыбыстар жіңішке.

2.Бұл сөз мем – ле – кет – ке – 4 буынға бөлінеді себебі сөздің құрамында 4 дауысты дыбыс бар.

Мем, кет – буындары бітеу буындар, себебі буындар дауыссыз дыбыстардан басталып дауысты

дыбыстарға аяқталып тұр!

3. Бұл сөз

Мем –

Ле –

Кет –

Ке - болып үш жағдайда тасымалданады.Себебі, сөзде төрт буын бар немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалдаған.

4.Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты.

Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде сөз екпіне ке буындағы е дауысты дыбысына түседі.

5.Сөзде буын үндестігі бар. Түбірдің соңғы буыны – кет жіңішке болғандықтан оған жалғанатын

қосымшаның /- ке / жіңішке

нұсқасы келіп тұр, сондықтан жуан

/- қа / нұсқасын алмаймыз.

Мемлекет + ке - / - қа /

6. Сөзде дыбыс үндестігі бар. Түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Түбірдің соңғы дыбысы т қатаң болғандықтан, өзіне

жалғанатын қосымшаның / -ке / қатаңнан басталатын нұсқасы келуін талап етіп тұр, сондықтан біз оның / - ге/ ұяңнан басталатын нұсқасын алмаймыз




Талдаудың қысқа түрі

_________________ Мемлекетке

1.жің. б.с.

2.Мем – ле – кет – ке

3.Мем

Ле

Кет

Ке

4.Мемлекетке

5.Мемлекет + ке /қа/

6.Мемлекет + ке /ге /



Бақылау тест

1.Қатаң мен ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді табыңыз

А) Тоқтау

ә) әдепті

б) талдау

в) ырыстан

г) арнау

2.Тұйық буында сөзді табыңыз

А) мал

Ә) бұзау

Б) көпір

В) ақ

Г) қозы

3.Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Осы Адам үш түрлі шөп жинады

Ә) Мұқанның жасы қырақ беске келген

Б) Жасына, кәріңе саулық берсін

В) Қалаға барып, ескі достарына жолақты

Г) Дүниеде түрлі адамдар кездеседі

4.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз

А) рельске

Ә) көйлекшең

Б) діндар

В) хатты

Г) басшылақ

5.Басы үнді, аяғы үндіге аяқталатын сөзді көрсетіңіз

А) соқ

ә) сақ

б) лақ

в) елін

г) лақ

6.Езулік дауысты сөзді табыңыз

А) жеміс

ә) жону

б) бұлбұл

в) мүше

г) көл

7.Бітеу буында сөзді табыңыз

А) Сары

ә) жігер

б) көмек

в) әдет

г) бірлік

8.Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз

А) лагеры

ә) лагерьы

б) лагарды

в) лагері

г) лагерьі


9. «Астанаң,» сөзіндегі буын үндестігіне ықпал жазушы дыбысты кқрсетіңіз

А) т

Ә) а

Б) н

В) с

Г) ң

10.Үндестік заныңа бағынбайтын қосымшаны табыңыз

А) шы

ә) лар

б) ке

в) тал

г) діктен

11.Пікірдің авторын белгілеңіз

А) К.Аханов

ә) Б. Момышұлы

б) А. Құнанбаев

в) С. Мұқанов

г) М Әуезов

12.Үш буынды әрі бірыңғай бітеу буыны қайсысы, табыңыз

А) дәнігу

Ә) талапай

Б) дәстүрлі

В) тайсалмау

Г) талқурай

13.Қате тасымалданған қатарды көрсетіңіз

А) Махам – бет

ә) 25 - %

б) Ду - лат

в) Есе – най

г) Доспан - бет

14. «Досжан» сөзіндегі үндестік орнын көрсетіңіз

А) біріккен сөзде

ә) қос сөзде

б) сөз тіркесінде

в) түбір сөзде

г) туынды сөзде

15.Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз

А) жіңішке дауыстыдан

ә) үндіден

б) дауыстыдан

в) қатаңнан

г) ұяңнан

16. «Мейірімді» сөзіндегі дауысты дыбыстар санын табыңыз

А) 2

ә) 3

б) 1

в) 4

г) 5

17.Ұяң дауыссыздан басталатын айтыс ақынын табыңыз

А) Бекболат

ә) Біржан

б) Бауыржан

в) Балуан Шолақ

г) Бейімбет

18.Ашық буынды сөзді табыңыз

А) кітапты

ә) ұшқыш

б) қысқы

в) оқушы

г) мұражай

19. Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз

А) аудан

ә) 10 км

б) тарих

в) Семей

г) береке

20.Кейінді ықпал табыңыз

А) ашса

ә) геологпен

б) таңертен

в) әрқалай

г) бетеген

21. Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз

А) тарбағатай

ә) су

б) мекеме

в) мемлекет

г) жер

22.Көп нүкте орнына керекті сөз жазыңыз, ... ел

А) өмірсіз

ә) туынды

б) жазғы

в) артық

г) егеменді

23.Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз

А) ә, ү, ы, э

ә) ы, ұ , и,і

б) а, ә, и,і

в) э, е, ү, о

г) ү,у, е, о

24.Соңы үндіге аяқталатын сөзді көрсетіңіз

А) Көрпеш

ә) Міндет

б) Қозы

в) Кенесары

г) Аған

25.Бірыңғай ашық буынды сөздерді көрсетіңіз

А) әдемі сурет

ә) кішіпейіл бала

б) кешегі оқиға

в) құрметті

г) аяулы Сәния

26.Қай дыбыс сөздің соңына келмейді, табыңыз

А) о

ә) е

б) а

в) ы

г) і

27.Үнді дауыссыздар қатар тұрған сөзді табыңыз

А) ойлан

ә) күлкі

б) орда

в) тәрбие

г) істе

28. «Инабатты», «ирек», «имену»- сөздеріндегі «и» дыбысы жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді, табыңыз

А) қатаң

ә) ұяң

б) қысаң

в) үнді

г) дауыссыз

29.Алфавиттің 10 – ыншы әріпті белгілеңіз

А) г

ә) қ

б) д

в) т

г) ж

30. « Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз

А) 4

ә) 5

б) 3

в) 1

г) 2

Тест жауаптары

1В 16в Ескерту : Дұрыс жауаптар бойынша

2 В 17ә тестті бағалау

3а 18в «5» - 30- 28

4б 19ә «4» - 27-25

5а 20ә «3» - 24- 19

6б 21а «2» 18 -0

7г 22г

8в 23ә

9ә 24г

10в 25в

11г 26а

12в 27а

13ә 28в

14а 29г

15в 30г




Сәйкестік (салыстыру) тесті

Тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, мазмұны бойынша озара байлалнысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған.

I. Дыбыстарды ажыратыңыз

1. жуан дауыстылар а) а, о, у, ұ,и

2. жіңішке дауыстылар б) ә, ө,ү,і,е,и,у


II. Буынға ажыратыңыз

1.бор,тор,көл а) тұйық буын

2. от,өк,ор б) бітеу буын


III Қажетті әріпті жазыңыз

1......ке,......мір а) а дыбысы

2.......на,.......қын б) ә дыбысы


VI. Дыбыстарды ажыратыңыз

1.дауысты дыбыс а) а,ә,ы,і

2.дауысыз дыбыс б)п,қ,ғ,д


V. Ажыратыңыз

1.фонетика................. зерттейді а) дыбыстар

2.дауысты дыбыстар............. құрайды б) буын


VI. Дыбыстар бөлінуін ажыратыңыз

1.дауысты дыбыстар бөлінуі а) ашық, қысаң,жуан,жіңішке

2.дауыссыз дыбыстар бөлінуі б) қатаң,ұяң,үнді


VII. Орфографиясы дұрыс сөздер

1.айтылуы бойынша жазылған сөздер а) қүлын,жұлдыз,бөрік

2.жазылуы бойынша жазылған сөздер б) күдүк,көрүк,орұн


VIII. Дауысты,дауыссызды ажыратыңыз

  1. Дыбыстың кедергіге ұшырамай шығуы а) дауысты дыбыс

  2. Дыбыстың кедергіге ұшырап шығуы б) дауыссыз дыбыс


IХ.Буын түріне ажыратыңыз

1.А, ВА а) бітеу

2.ВАВ,ВАВВ б) ашық буын


Х.Ажаратыңыз

1.құлақпен естиміз а) дыбыс

2.көзбен көреміз б) әріп







ХI. Ажыратыңыз

1.Буын, екпін, тасымал а) фонетика саласы

2.жуан, жіңішке, ашық, қысаң б) дауысты дыбыс


ХII. Ажыратыңыз

1.сөз ішінде буын құрайды а)дауысты

2.буын құрай алмайды б) дауыссыз


ХIII. Ажыратыңыз

1.екпін сөзді соңғы буынына түседі а) орыс тілінде

2.екпін сөз мағынасына қарай түседі б) қазақ тілінде


ХIV. Ажыратыңыз

1.дауысты дыбыстар а) екпін қабылдайды

2.дауыссыз дыбыстар б) екпін қабылдайды

ХV. Ажыратыңыз

1.Жақтың тар ашылуы арқылы

жасаған дауысты дыбыстар а) ашық

2.Жақтың кең ашылуы арқылы

жасалған дауысты дыбыстар б) қысаң


Тест жауаптары.

I. 1 - А, 2- Б

II. 1 –Б,2 - А

III. 1 –Б, 2 -А

IV. 1 –А, 2 - Б

V . 1 –А, 2 -Б

VI . 1 –А, 2

VII . 1 –Б, 2 -А

VIII . 1 –А, 2 -Б

IX. 1 –Б, 2 -А

X. 1 – Б , 2- А

XI. 1 –А, 2-Б

XII. 1 –А, 2-Б

XIII. 1 –Б, 2- А

XIV. 1 –А, 2 -Б

XV. 1-А, 2-Б












Еске салу тестілері.

Тест сұрағына жауап қандай бір факты, заң мағынасы, ережелері болады.

Мұнда нақты сұраққа бір жауапты білу тексеріледі.

1.____________________тіл дыбыстарын зерттейді.

2.Дыбыстау мүшелері үш топқа бөлінеді _______________________

3.____________________айтуға, құлақпен естуге болады.

4.____________________көруге,жазуға болады.

5.Әріптің рет-ретімен тізілген жиынтығын___________________дейміз.

6.Дыбысты айтқанда ауа дауыс шымылдығынан кедергісіз еркін шығатын дыбыстарды_________________дейміз.

7.______________________сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы.

8.______________________дыбыс буын жасай алады.

9.Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын________________ деп аталады.

10._______________________дыбыстар дегеніміз өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап жасалатын дыбыстар.

11.Сөз ішіндегі сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-біріне ұқсауын ______________________________деп атаймыз.

12.Үн мен салдардың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ____________________________ дауыссыздар деп атаймыз.

13.П, Ф, К, Қ, Т, С, Ш, Щ, Х, Ц, Ғ_____________________ дауыссыз дыбыстар.

14.Жуан дауыссыз

дыбыстар____________________________________________

15.Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін ______________________________________________ дейміз

16.Қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз ______________________________________

17.Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді_____________________________________ дейміз

18.Ә, Ө, Ұ, І, Е, Ұ,(И), (У)_______________________ дауыстылар.

19.Қазақ тілінде__________________________ әріп бар.

20.__________________________ әріптері дауысты және дауыссыз дыбыстарда көрсетеді.

21.Жуан сөздерге жуан, жіңішке сөздерге жіңішке буынның жалғануын _______________________________ заңы дейміз.

22._____________________ дегеніміз тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңгелену арқылы жасалған дауысты дыбыстар.

23.Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, ВАВ- буынды ______________________________ дейміз.

24.Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар ______________________________ дауыстылар.

25.____________________________ дыбыстардың жазудағы таңбасы.


Тест жауаптары.

1.фонетика

2.тыныс алу, тамақ қуыс

3.әріп

4 дыбыс

5 алфавит

6 дауысты

7 буын

8 дауыссыз

9 тұйық

10 дауыссыз

11 дыбыс үндестігі

12 ұяң

13 қатаң

14 а,о,ы,у,ұ и

15 артикуляция

16 қ ғ і ы ұ ү ә ө ғ

17 тасымал

18 жіңішке

19 42

20 у и

21 сингармонизм заңы

22 жуан

23 бітеу

24 ашық

25 әріп



Ескерту Дұрыс жауаптар бойынша тестті бағалау

5- 25-24

4- 23-18

3- 17-13

2- 12-0


























Қолданылған әдебиеттер


1. Аралбаев Ж.«Қазақ фонетикасы бойынша этюдтар», Алматы: 1998 ж -184б

2. «Алға» журналы № 3 – 4, 2004 жыл

3. Әбдібекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қәбілетін дамыту.

Алматы: 1994 ж – 78 б

4. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі . Алматы: Мектеп, 1997 ж – 280 б

5. Бектұров Ш.Т. Қазақ тілі. Алматы: Мектеп, 1998 ж – 180 б

6. Бектұров Ш.Т. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: 2003,380 б

7. Белбаева М. Қазақ тілінен дәріс. Алматы: 1995 ж – 62 б

8. Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы: 1973 ж

9. «Жас талап» жорналы № 3. 2004 ж

10. Ишмұхамбетов Д. Қызықты грамматика. Алматы: 1995 ж – 286 б

11. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы. Алматы: 1984 ж – 135 б

12. Кеңесбаев С., Мұсабаев Т. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы: 1996 ж – 162 б

13. Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. Алматы: Қазақ университеті 1993 ж – 135 б

14.Оралбаева Н. Практикалық қазақ тілі. Алматы: 1993 ж – 271 б

15. Шакирова Ж. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: 2004 ж – 91 б

16. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде жорналы, 2001 № 3 18 – 20 б, 2002 ж № 2, 30 – 32 б, 24 – 26 б.

17. Оралбаева Н. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдісшемесі. Адматы: Анатілі 1996 ж

18. Жұбанов К. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, 1996 ж

19. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. 1962 ж

20. Джунусбеков А. Сингармонизм в казахском языке 1980 ж

21. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 1981 ж

22. Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық тарихи тұрғыдан сараптау

23. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы: «Мектеп» 1987 ж

24. Н.Қ. Мухамадиева, Н.Ә.Үстемір. Қазақ тілі. Алматы: 2006 ж 9б, 131б

25. Қазақ мақал – мәтелдері Құраст: Ж. Малайсарин. Алматы: Ана тілі 2006 ж, 11б, 49б, 91б

26. Н. Уәли «Ө.Қыдырбаев. Қазақ тілі (сөз мәдениет)». Алматы: Мектеп

2006 ж – 118б

27. К.Сариева Қазақ тілі . Алматы. Білім 1997 ж 9-11б

28. Шакирова Ж.Ж. Алматы 2004 ж 1-24б

29. Дюсебаев С., Байтелеуова Т. Қазақ тілі. Алматы: «Мектеп» 2007 ж 7-8б,

30. Асқарбаева А. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. Алматы. Рауан

31. Джунисбеков А., Зайцев Н.А. Қазақ тілінің оқу тәсімі. Алматы 1991 ж

32. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы «Қазақстан» 1988 ж

33. Кожахметова Хадиша. 40 уроков казахского языка. Алматы «Жалып» 1989ж 22 – 25б

34. Нұртазина Р. Қызықты грамматика, Алматы. Мектеп, 1970 ж

35. Жиентаев С., Жаттығу, емле және тіл дамыту. Алматы 1990 ж.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров217
Номер материала ДВ-362452
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх