Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / По казахскому языку Жігіт сұлтаны 7-8-9 классы

По казахскому языку Жігіт сұлтаны 7-8-9 классы


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

«Жігіт сұлтаны»

байқауының сценарийі

Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

                                           Біздерде ойын-сауық басталады,

                                           Тамаша күй тартылып ән салады.

                                           Қошеметтеп қол соғып отыралық,

                                           Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

                                           Дария ой, даналардан бата алғандар,

                                           Айнымас алмас қылыш атанғандар.

                                           Қазақтың қасиетті жігіттері,

                                           Халқына қалқан болған қаһармандар- деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне  ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

             «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

             Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.

             Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз.Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

                                           Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

                                           Мектепте өнерімен болған сыйлы.

                                           Бітіруші сыныптың ер жігіті,

                                           Шақырайық ортамызға Денис ұлды-

9-сынып оқушысы  Натаров Денис

                                           Спортпенен білім жағын бір қосқан

                                           Кем қалмаған талантпенен  табысқан

                                           Қараңыздар Гусен ортада

                                           Тауды бұзар шын кіріссе намыстан-

8-сынып оқушысы Зейналов Гусен

                                           Біледі ол жақсы менен жаманды

                                           Өнерменен тамсандырған адамды

                                           Қошеметтеп шақырайық ортаға

                                           Эльвин атты жігіт болған сабазды-

8-сынып оқушысы Гусейнов Эльвин.

                                           Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

                                           Барлық істі тыңдау бар ойында.

                                           Жанатұлы Дамир жігітті,

                                           Шақыралық қошеметпен ортаға-

8-сынып оқушысы .

Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:

  1. 1.     «Таныстырсам өзімді» - таныстыру

  2. 2.     «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету

  3. 3.     «Күш атасын танымас» - қол күресі

  4. 4.     «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу

  5. 5.     Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі

  6. 6.     «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1Қазақ тілі пәнінәі мұғалімі –Баянбаева О.Ж.

2Орыс тілі пінінің мұғалімі –Казимбекова С.А.

3Бастауыш сынып мұғалімі- Шагай Т. А.

Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.

                                                                             Сәттілік тілейміз.

           І.Ей, тәкәппар дүние,

            Маған да бір қарашы

            Танимысың сен мені

            Мен қазақтың баласы- деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді»-деп аталады. Сонымен 1-ші  талапкерімізді шақырамыз.

2-ші,3-ші,4-ші.

ІІ. «Еңбек ердің-санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл- парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

Қазақта жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,

«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,

«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,

«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің  өнерін тамашаласақ.

Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.  Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.

ІІІ. Ер өнері білінбес,

            Қоян қолтық алыспай.

            Күш өнері білінбес,

            Бәйгеге түсіп жарыспай- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз 16 кг кір тасын көтереді. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазы алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының  бағасын берсеңіздер.

            ІҮ.Би болатын жігіттің,

            Төбеде болар жұмысы.

            Мерген болар жігіттің,

            Мергендік болар жұмысы- дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2- ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.

Ү.Жігіттің көркі өнері,

            Талап – кісі мұраты.

            Өнер қалмақ артында,

            Дүниенің өшпес шырағы.

Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы  алқасы уақытты белгілесе.

Әділқазылар алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын берсеңіздер.

            ҮІ. Ей, жігіттер!

            Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,

            Ақтай білсең ата-баба үмітін,

            Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміздің  өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз»  деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді.

Әділқазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ» шартының бағасын берсеңіздер.

«Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.

ӘН.

Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі Надира апайға береміз.

Сау саламатта  болыңыздар!



Общая информация

Номер материала: ДВ-511222


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Интеллектуальная собственность: авторское право, патенты, товарные знаки, бренды»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»