Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / По казакский языку на тема " Ара мен шыбын" ( 4 сынып )

По казакский языку на тема " Ара мен шыбын" ( 4 сынып )



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Сілтеме оқулық
Сабақтың мақсаты: Жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы негізгі ойды ашып сандарлы ойлату
Сабақтың міндеттері: Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Қазақ жастарының рухани көсемі болған, ел тағдырына алаңдап, көп қырлы ісімен, даналық саясатымен көзге түскен А. Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру.
Оқушылардың көркем сөзді, салиқалы ойды өз сөздік қорларына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, эстетикалық талғамын арттыру, еңбекке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Диалогты оқыту арқылы ойын еркін жеткізу
Сабақ бойынша нені білгендерін, нені білу керектігін кері байланыс жасауға үйрету. Оқушылардың бірін бірі оқыту арқылы жаңа білімді меңгерту. Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқушылардың ойлау білігіне, біліміне сүйену. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау. Оқушылар мысалдың мән мағынасын білетін болады Жұптық, топтық жұмыстар арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді. Өз ойын айтуға, салыстыруға, талдауға үйренеді
Тапсырмалар: Автор туралы қысқаша дерек., Оқулықпен жұмыс: Сөздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, Сипаттау жаз: «Кім ақын?» тапсырмасы. Мысал бойынша мақал - мәтел тауып жазу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: «10 сұрақ» стратегиясы, «Жеміс - жидек машинасы», Ой қозғау: «Әңгіме кестесі
Пайдалы ресурстар: Оқулық, ресурстар.
Кезеңдер Мұғалімнің іс - әрекеті Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық ахуал
Топқа бөлу: оқу, жазу, өнер сөзін айтқызу арқылы топқа бөлу. 1. топ: өнер
2 топ: жазу
3 топ; оқу
Үй тапсырмасын тексеру «10 сұрақ» стратегиясы арқылы үй тапсырмасынан сұрақтар беріледі.
1. А. Байтұрсынұлы кім?
2. Мысал дегеніміз не?
3. А. Байтұрсыновтың кітабы қандай атпен шықты?
4 А. Байтұрсынұлының шығарған кітабы қалай аталады?
5. Мысалдың негізі ойы қандай?
6. һәм қандай мағынаны білдіреді?
7. Ғибрат сөзінің мағынасы қандай?
8. Бірлік, ынтымақ туралы мақал айтып көр
9. Мысалда аққу, шаян, шортан жүкті қайда, қалай тартты?
10. Крылов кім? қай елдің ақыны?«Аққу, шортан һәм шаян» 3 топтан жатқа айтады. Оқушылар сұрақтар жазылған стикерді топтан 3 оқушыдан алып оқып, танысып сұраққа жауап береді.

Өлеңді жатқа айтады.
3 оқушы 3 топтан мысал өлеңнің жатқа айтады. бағаланады
Білу
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Ой қозғау:(шыбын мен ара туралы видео көрсету)
Бейнефильмнен не көрдіңіздер? Ара мен шыбын туралы не білеміз? Олардың пайдасы мен зиянын анықтайық? Ара қандай жәндік? Араның адам өміріндегі маңызы қандай?
Ол үшін 3 топқа 3 тапсырма беріледі:
1 топ: «аз» тобына: шыбын туралы
2топ: «өнер»тобына: ара тарлауы
3 топ;»оқу» ара мен шыбынды салыстыру венн диаграммасын сызу Видеоны көргеннен кейін оқушылар өз топтарына берілген тапсырманы орындайды, постермен қорғайды.
Ендеше бүгінгі сабақ тақырыбы «Ара мен шыбын» деп аталады. Авторы Оспанхан Әубәкіров.:
Түсіну Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик.
Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз. Автормен танысады.

Қолдану Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді іштерінен оқып танысады
1 топ: «оқу» өлеңді мәнерлеп оқытады
2 топ:»жазу» өлеңнен түсінгенін жазады
3 топ:»өнер» тобы: өлеңді сахналату
Сөздік жұмыс:
нығымдап - нығарлап, батыл түрде
Жұғындап - түртінектеп, әр жерден бір іздеп Өлеңді мәнерлеп оқиды, сахналайды, өлеңді мазмұндап жазады.
Топ бойынша жұмыстарын қорғап шығады.

Талдау «Жеміс - жидек машинасы» әдісі арқылы жемістерді тере отырып, сұрақтарға жауап беріп машинаға салады.
Жеке жұмыс ретінде және үндемей қалып отырған оқушыны сөйлету.
1. Шыбын Араға не деді?
2. Ара оған неге бірден келісе алмады?
3. Қонақ күтуге шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
4. Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?
5. Шыбынның қонақ күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
6. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?.
Топ ішінен отырған оқушыны
Тақтаға шақырып, алманы суырып сұраққа жауап береді.
Сергіту сәті Қимылды жаттығуды видеоны көрсету арқылы серпілту
Жинақтау Сипаттап жаз:
І топ;
О. Әубәкіров жөнінде
не білесің? Шыбын қандай? Ара қандай?

ІІ - ТОП:
«Кім ақын?» тапсырмасы.
Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті..
ІІІ топ: «Әңгіме кестесі» Мысалдың аты; (Ара мен шыбын ) Авторы (О. Әубәкіров) Мысал не жайлы? (еңбекқор, қонақжай, талапты, адал болу) Кейіпкерлері (ара мен шыбын:) Оқиға орны: (ұяда) Оқиға қалай аяқталды? ( Ренішпен) Не үйрендің? (Жалқаулықтан, еріншектіктен, яғни жаман қасиеттерден аулақ бол)
3топқа:
1топ: «оқу» тобына кестені толтыру
2 топ: «жазу» тобына:
«кім ақын?»ұйқасын табу
3 топ: «өнер» тобына
«әңгіме кестесін» жазады, қорғайды.
Бағалау
«Бір сөйлеммен түйіндеу»
Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, мысалдан өзіңе не түйдің? Қандай мақал айтуға болады? 1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
2. Қонақ асыңа емес, қабақ - қасыңа риза.
3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. Өз ойларын бір сөйлеммен түйіндеу.
Кері байланыс Шаршылар дәптерге сызып, ішін қызыл, сары, жасыл бояумен бояймыз.
Қызыл шаршы - түсініксіз
Сары шаршы - аздап түсіндім
Жасыл шаршы - 100 пайыз түсінгенін білдіреді.
Кейінгі оқу Мысал өлеңді жаттау.
Ара мен шыбын суретін салу.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров145
Номер материала ДВ-136731
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх