Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПо казакскому языку на тему рефлексия

По казакскому языку на тему рефлексия

Скачать материал

      «Болашақ»мектеп- гимназиясының көшбасшысы Байжарқынова Шарипаның 2015-2016 оқу  жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстарының есебі.

       Мектебіме өзгеріс енгізу мақсатында мен, алдыма үлкен талап қойдым.Ең бірінші кезекте сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жоспарды смарт түрде құрып алдым.Мектептің даму жоспарын өз мектебіміздегі басшылары және бірінші деңгейді бітіріп келген әріптестеріммен бірлесе отырып жасадық. Д.Сaрсенбaев,Н.Aбдрaйымoвa, Ш.Бaйжaрқынoвa,З.Тaскулoвa, Г.Шерова, А.Тулеева, Л.Мамытбаева,Н.Байбосынова

 Мектепті дамыту жоспарының басымдылығы:  Диaлoгтік  oқытуда ашық сұрақтарды қоя oтырып,  oқушылaрдың  функциoнaлдық  сaуaттылығын  aрттыру.Міндеттері:Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерінің ықпалымен мұғалімдердің сабақтарында 7 модульді  тиімді пайдалану барысында мақсатқа қол жеткізу;  Іс әрекеттегі зерттеу арқылы рефлексия жасауды меңгерту.

1.    Ұйымдастыру кезеңінде мектеп әкімшілігімен кездесіп,жылдық жұмыс жоспарымен таныстым.

2.    Пед.кеңеспен келісе отырып оқу тобына қатысатын мұғалімдердің тізімін жасадым.

3.    Жылдық жұмыс жоспарын және оқыту тобына қатысатын мұғалімдердің тізімі  мектеп басшысының бұйрығымен бекітілді.

 

 «Болашақ» мектеп-гимназиясы  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2015-2016 оқу жылының І-жарты жылдығында өтетін 

Байжарқынова Шәриипаның  коучинг-сессиялардың кестесі

 

Қ/с

 

Коучинг-сеесияның тақырыбы

Мерзімі

Өткізілетін орны

Жауапты

 

 

 

1

 

 

 

№1     коучингсессия ОМЖ мен ҚМЖ жасау тиімділігі

 

 

 

 

27.08.15ж

Сағат 12.00

 

 

 

№215

 

 

 

Ш.Байжарқынова

2

№ 2     коучинг-сессия Диалогты оқытуда топтық жұмысты пайдалану

 

21.09.15 ж

Сағат 12.00

№215

Ш.Байжарқынова

3

№ 3    коучинг-сессия

 « Lesson studу тәсілінің демократиялық ерекше-ліктері»

 

05.10.15 ж

Сағат 12.00

№215

Ш.Байжарқынова

4

  № 4     коучинг-сессия

«Диалогты оқыту барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі»

21.10.15 ж

Сағат 12.00

№215

Ш.Байжарқынова

5

   №5 коучинг-сессия

 

«Диалогтік оқытуда оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау

06.11.15 ж

Сағат 12.00

№215

Ш.Байжарқынова

6

№ 6    коучингсессия Диалогты оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі.

 

18 11 .15ж

Сағат 12.00

№215

Ш.Байжарқынова

7

№7 «Дaрынды жәнe тaлaнтты оқушылaрды оқытудa диалогтік оқытудың тиiмдiлiгi»

09.12.15 ж

Сағат 12.00

№215

Ш.Байжарқынова

 

«Болашақ» мектеп-гимназиясының 2015-2016 о.ж.

 Байжарқынова Шәриипаның    коучингтер-сессиясына қатысатын «Сапа» тобындағы      мұғалімдердің тізіміне тоқталсақ:

Тәлімгерлік үдерісте тәлім алушыларымның тұлға ретінде өсуіне қолдау көрсеттім,мұғалімге сындарлы оқытудағы басты ролін аңықтауға көмектестім.

Мақсаты:  мектептің  даму жоспарына еңгізу,  коучингке  мектептің барлық мұғалімдерді тарту, коучингті кезеңдер бойынша жүргізу

Күтілетін нәтиже:

Берілетін тапсырмаларды жуйелеу

Қатысушылардың жұмыс қарқының дамыту

Қосымша ресурстар:

Қатысушыларды қолдау

   Рефлексия

 

 

 

Сыны

бы

Мұғалімдердің аты-жөні

Қызметі

 Телефоны

1

-

Анарбаева  Айгүл

Бастауыш сын.мұғалімі.

 

2

3 «А»

Айдарова Лаззат

Бастауыш сын.мұғалімі

2-20-94

3

 3«Ә»

Ахметова  Ботагөз

Бастауыш сын.мұғалімі

75-1-72

4

2 «Г»

Батырова Жанар

Бастауыш сын.мұғалімі

 

5

4 «Г»

Бейсекова Нурипа

Бастауыш сын.мұғалімі

2-26-65

6

4 «В»

Бөрібекова Сәуле

Бастауыш сын.мұғалімі

 

7

2  «А»

Жабаева Лаззат

Бастауыш сын.мұғалімі

2-20-74

8

4 «Ә»

Қазыбекова Гүлжан

Бастауыш сын.мұғалімі

2-32-33

9

2 «Б»

Құлыбаева Ханзада

Бастауыш сын.мұғалімі

2-28-05

10

2 «Д»

Майлыбаева Нағима

Бастауыш сын.мұғалімі

-

11

2 «В»

Смайлова Сұлушаш

Бастауыш сын.мұғалімі

-

12

 -

Сейдаханова Гүлжан

Бастауыш сын.мұғалімі

-

13

4 «Б»

Шушбай Назира

Бастауыш сын.мұғалімі

2-

14

0 «А»

Каленова Шолпан

Бастауыш сын.мұғалімі

 

15

      -

Тағай Алмас

Қосымша білім беру педагогі.

 

16

-

Даусейтова Рабиға

Қосымша білім беру педагогі.

2-16-04

 

 

 

 

 

№1 Коучинг сессия

 Тақырыбы:

 «Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар  жасаудың тиімділігі».                        Мерзімі 27.08.2015ж  

Рефлексиялық есеп

 

          Коучинг мұғалімдерге үлкен әсер қалдырды.  Мен  алдыма қойған  мақсатыма  жеттім.  Орта  мерзімді  жоспар  мен  қысқа  мерзімді  жоспар жайында  мұғалімдер  толық танысып, оның  маңызы  мен  міндетіне  көздері жетті. Мақсатқа жету бейне ролигін  көрсеткенімде  мұғалімдер   сұрақтарына  нақты жауап  ала  білді.   Әрбір  сұрақты  дұрыс қоя білу оқу үдерісін жақсартады.Негізгі бөлімде   өзара  бағалау критериі  бойынша  тапсырмалар берілді. Бұл жерде мұғалімдерге «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісінің нұсқауымен толық таныстырып, өздері  берілген тапсырмалар жайлы ойлана отырып, жұбымен ой бөлісті. Бұл әдіс өте тиімді  таңдалған  әдіс болғанын , мұғалімдерге қойылған сұрақтың жауабынан байқадым. Нәтижесінде  «Бағдаршам» әдісі арқылы тақырып  қорытындыланып,  жоспарды  дұрыс құра білу  керек екендігіне мұғалімдер  көз жеткізді. Коучинг барысында бес саусақ әдісінде  мұғалімдер  бір –бірімен не үйренгісі келетінін, не білгені жөнінде ой бөлісіп, ой тарқатты.

  Сәтті өткен тұстарым- мұғалімдерге  үлгі ретінде  түрлі пәндердің  ҚМЖ, ОМЖ  жоспарын  көрсеткенім, сәтсіз тұсы:ашық,жабық, жетекші сұрақтарды дұрыс әрі тиімді қоя алмайтындығын байқадым.   Келесі коучингтер барысында  осы мәселені дұрыс қарастыруым керек екендігін түсіндім.

Коучинг мұғалімдерге үлкен ой салды,  орта  мерзімді  жоспар  мен  қысқа  мерзімді  жоспар жайында  мұғалімдер  толық танысып, оның  маңызы  мен  міндетіне  көздері толық жетті.  Мұғалімдер   сұрақтарына  нақты жауап  ала  білді.Әрбір  сұрақты  дұрыс қоя білу оқу үдерісін жақсартады. Негізгі бөлімде   өзара  бағалау критериі  бойынша  тапсырмалар берілді.  Мұғалімдерге «Өкіл» әдісінің нұсқауымен  таныстырып,  берілген тапсырмалар жайлы ойлана отырып, жұптарымен,топтарымен  ой бөлісті. Бұл әдістің тиімділігін , мұғалімдердің сұрақтарға берген жауабынан байқадым. Мұғалімдерге  үлгі ретінде  түрлі пәндердің  ҚМЖ, ОМЖ  жоспарын  көрсеткенім,мұғалімдердің өз пәндеріне  ҚМЖ,ОМЖ жасағаны және оны қорғағаны,сәтсіз жақтары бір- бірінің жұмысын бағалауда сыни пікірлерін айта білмеуі, топтық жұмысқа төселмеуі,ашық , жабық , жетекші сұрақтарды дұрыс әрі тиімді қоя алмайтындығын байқадым.Келесі коучингтер барысында  осы мәселені дұрыс қарастыруым керек екендігін түсіндім.

Қыркүйек  айының II аптасында мұғалімдер оқушылардың көзқарастарын өзгерту үшін  оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.Бірлескен және топтық жұмыс топтарды жұмыс жүргізу әдістемесі сыныптағы оқу үдерісімен ондағы өзгерістерді басқару  мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасы  негізінде шағын топтарда жұмыс жүргізу ережесі жасалды.Мұғалімдерді сыныпта қадағалау жүргізу әдістерімен таныстыру жалпы мәдениет мән-мәтінге қол жеткізді.Барлық адамдарға тән жалпы сипаттар,әр адамның өзіндік сипаттарын  түсіндіру жүргізілді.Мұғалімдердің қадағалау үдерісін «құрылымдалған және құрылымдалмаған» жоспарлау дағдыларын меңгерді.Мұғалімдердің ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы қоршаған орта туралы факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы білімдері кеңейді.Сынып мәдениеті мен оқу ортасын құрады.Сыныпта бақылау әдістемесін меңгереді.Сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесін үйренді.Коучингтен соң тәлім алушыларымның сабағына ендім.Тәлім алушыларымның сабағынан соң,оқушы үнін алдым.Оқушыларға да жаңа әдіс тәсілдер ұнағанын айтты.Топтық жұмыстың тиімділігін келесі коучингтер барысында  осы мәселені дұрыс қарастыруым керек екендігін түсіндім.

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 №2 Коучинг-сессия  

Тақырыбы: «Диалогты оқытуда топтық жұмысты пайдалану» Мерзімі:21.09.2015ж                                                  

                               Рефлексиялық есеп

Коучинг  барысында  тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін толықтай аша білдім. Психологиялық ахуал орнатып болған соң,гүл түсімен топқа бөлдім.Топтық ережені өздеріне құрғыздым. «Диалог попугаев»бейнероликті көрсеттім. . «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Мұғалімдерге  төмендегідей ашық  сұрақтар қойдым.

- Диалог дегеніміз не?

-Диалог барысында не жүзеге асырылады?

-Өз тәжірибеңізде оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін  пайдаланасыз ба?

 -Сіз сабағыңызда диалогтің  қай түрін қолданасыз?

 -Оқушылардан рефлексия  аласыз ба?

Берілген сұраққа жауап алып,бүгінгі коучингіміздің тақырыбы   «Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмыстағы диалогтік оқытуды дамыту.»  Сәтті жақтары  мұғалімдерге тақырып  мұқият түсіндірілді. Әріптестерімнен алынған ашық сұрақтарды  талдай отырып, диалогтің түрін ажырату   кезінде қиналатындықтары байқалды. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар  өзара талдау жасай отырып диалогтің  түрлерін ажырата алды.Қатысушыларға қолдау жасай отырып, әңгіменің  түрлерін сабақтарында тиімді қолдануды үйреттім.

Коучингімдегі сәтсіз жақтары  кейбіреуі әңгіменің түрлерінің  осы күнге дейін ажырата алмай келгендігі бүгін терең түсінгенін айта кеткен.  Мектеп үшін білім сапасын көтеруге бұл әдістің тиімділігі басым. Оқушылардың қабілетін  диалогтік қарым қатынасқа түсіре отырып, дарынды және таланты оқушыларды анықтайды, оқушылардың сыни тұрғыдан өзін­өзі бағалауға, өзара бағалауға сенімін арттырады.  Мұғалімдерге келесі берген тапсырма  «Өкіл»әдісі арқылы әңгіменің түрлерін үш топқа бөліп бердім.Олар  постерге түсіріп,басқа топтан келген елшіге топ ішінде талқылап, топтың бір мүшесіне қорғаттым. Постер қағазындағы тапсырманы  бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бірінші топ ішінде,  сосын  топ­ топты бағалады. Әр топ өзгелердің және өзінің жұмыстарын бағалау арқылы бағалау өлшемдері туралы мағлұмат алады. Мұнда бүгінгі өткен тақырыбымызды білулеріне, түсінулеріне күш салып, өмірде, сабақ процесінде қалай қолдануға, пайдалануға болатынын үйреттім. Қорытындысында: диалогтік оқытудың тиімділігі ,соның ішінде зерттеушілік әңгіменің  әлдеқайда тиімді екендігіне көз жеткізді, сонымен бірге  әрбір істеген ісіңе диалогтік  оқытуды  дұрыс қоя білу кемшіліктеріңді жоюдың, жақсартудың жолы екендігіне көз жеткізу .Мұғалімдер тыңдады,  тиімді әдістерді жазып  алды.  Оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және диалогтік  оқыту үшін әңгіменің  маңызды рөл атқаратынын мұғалімдер түсінді. Мұғалімдерге оқушының оқуға ынтасын, қабілетін ашу мақсатында бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасауда Блум таксономиясын қолдана отырып, диалогтік оқытудың тиімділігін  үйреттім. Презентациясы арқылы тақырыпты аштым..Коучинг барысында стикерге бүгінгі  өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін  көрсетіп, өз пікірлерін жазды. Сәтті тұсы-  мұғалімдер бір-бірінің жұмысын бағалауда  сыни көзқарастарын  нақты айта білген,  кері байланысты сабақ үдерісінде тиімді пайдалана алу жолын  толық түсінгенін стикерге жазған рефлексиядан  білдім және мұғалімдер коучингтің ұнағандығын жазған. . Бұл сессиядан  үйренген әдісті өз сабақтарында тиімді пайдаланатынын да айтып өтті. Бұл тақырып мектептің маңызды мәселелерінің бірі болғандықтан, келешекте үздіксіз өз жалғасын табатынына  сенімдімін.  Коучигтің сәтті өткен тұстары мұғалімдердің іс-әрекетіне бақылау жасай отырып үйренуіне жол ашуы,ой қозғау жасауы нақты жауап беруі мен түйінді ой айтуға үйренуі берілген тапсырмаға құрылымдық талдау  жасай білуі.Ата-ана мен мұғалім арасындағы көріністі жақсы бейнелей алуы.Ғалымдар арасындағы зерттеушілік әңгімені көрсете білуі.Мұғалімдердің диалогтық оқыту туралы берген түсініктемелері және пицца әдісі өте жақсы өтті,сәтсіз тұстары топ мүшелері бірін-бірі бағалауда артық бағалап жатты.Коучингтен кейін тәлім алушым Айдарованың сабағына ендім.Сабақ барысында топтық жұмыста диалогтік оқыту сәтті шықты.Тәлім алушымнан сұхбат алып,оқушы үніне зер салдым.Оқушылар сабақтың осылай өткенін құптап жатыр.Біз сыныпта үш деңгейдегі оқушылардың сабағын зерделеуді жөн көрдік.Сөйтіп,келесі коучинг тақырыбына осы Lesson  study тәсілінің демократиялық ерекшеліктерін үйретуді жөн деп санадым.

№3 Коучинг-сессиясы

Тақырыбы: «Lesson  study тәсілінің демократиялық ерекшеліктері »

Өткізілген уақыты

05.10.2015ж.

 Мақсаты

Оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study тәсілінің ерекшелігін  ұғындыру.

 

Күтілетін  нәтижесі

Lesson Study  тобы біріге отырып, жұмыс нәтижесін айқындайды.Lesson  Study жүргізумен танысу арқылы өз тәжірибесінде қолдануға ынталанады.

 

Рефлексиялық есеп

Коучинг өте сәтті шықты.Мұғалімдерге сабақты зерттеу әдісі түсінікті әрі қызықты өткенін рефлексия алғанда білдім. Әрбір кезеңде әріптестерім белсенділік танытты.Сәтсіз жағы теорияны түсіндіргенде байқадым.Сабақты зерделеу кейбір мұғалімдерге қиындық тудыратынын айтты.Ынтымақтастықта жұмыс іске асатынын түсіндіріп отырдым.

Дәстүрлі сабаққа қарағанда бұл сабақтарда барлық оқушының сабаққа  белсене қатысатынын  айтты. «Lesson study» мектепте қолданудың тиімділігі бар ма? деген сұраққа  мұғалімдер әрине бар деп жауап берді, оқушының пікірін білуге болатынын,олардың қандай деңгейде екенің анықтауда маңызды екенін айтып өтті.

Коучингтен кейін тәлім алушыларым біріге отырып,жоспар түздік.Кейіннен жеребе тастап,қай мұғалімге түссе сол мұғалім өтті.Құлыбаева Ханзада,Шушбай Назира,Айдарова Лаззат,Қазыбекова Гүлжан сабақ барысында туындаған кедергілерге өте мұхият қарап,келесі өтілетін сабақ жоспарында басымдықты жойып отырды.Осылай тізбектелген сабақтар топтамасында үлкен жетістікке жетіп отырдық.Білім сапаның артып отырғанын тоқсан қорытындысында анық көріне байқалды.Мектебімізде бірнеше сыныптар зерттеуге алынып,сапа өскені байқалды.Мектебіміздің басшысы бізге үлкен қолдау көрсетті.Ай сайын сабақты зерттеу нәтижесі топпен талқыланып отырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№4 Коучинг сессия

Тақырыбы:« Диалогты оқыту барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі »  Мерзімі:21.10.2015ж

Тақырыбы

 «Диалогты оқыту барысында ақпараттық - коммуникациялық  технологияларды пайдалану»

    Мақсаты

Заман талабына сай білім беру, өз бетінше ізденуін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Күтілетін нәтиже

Ойлау қабілеті дамиды, материалдарды талдап үйренеді, өз ойын ауызша, жазбаша көпшілік алдында білдіреді, сыни пікір айта алады.

                                                                                                  Рефлексиялық есеп

         Коучинг өте сәтті шықты. Өз әріптестерім әр кезеңінде белсенділік танытып,өз ойларын айтып отырды. Бейне жазбаны көрсетіп төмендегі сұрақтарды қойдым: 1.Бұл бейне фильмнен қандай әсер алдыңыздар?

2. Сіздер бұл бейне фильмнен қандай ой түйдіңіздер? 3. Бұл бейне фильмнен қандай өмірді көріп отырсыздар? Осы АКТ – пайдалы және зиянды жақтарын айтып өтті. Сәтті шыққан тұсы: қима суреттерді топпен   құрастырып, арқасындағы сұрақтарға жауап берді.«Рафт» әдісін қолданып қалта телефонының зиянды және пайдалы тұстарын анықтады. Сәтсіз тұсы:сабақты зерделеу барысында бірнеше қиындықтар туғызды.Коучингтен кейін тәлім алушыларым Анарбаева Айгүл,Ахметова Бота,Шушбай Назираның сабағына еніп,дарынды және талантты оқушылардың қабілетін анықтадық.Оларға талдау жасалды.

  

 

 

Коучинг-сессия  №5

        Тақырыбы: «Диалогтік оқыту барысында оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау»     Мерзімі: 06 .11.2015   

Рефлексиялық есеп.

Коучингімді мен алдымен жағымды психологиялық ахуалдан бастадым.

.Сәтті жақтары  мұғалімдерге тақырып  мұқият түсіндірілді. Әріптестерімнен алынған ашық сұрақтарды  талдай отырып,  бағалау кезінде қиналатындықтары байқалды. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар  өзара талдау жасай отырып бағалаудың түрлерін ажырата алды.Қатысушыларға қолдау жасай отырып, өзара бағалау түрлерін сабақтарында тиімді қолдануды үйреттім.

Коучингтегі сәтсіз тұстары кейбіреуі оқушыларды  төмен бағаласа, кейбіреуі жоғары бағалағандықтарын айтты. Бүгінгі сабағымның  қорытынды бөлімінде жеке жұмыс бойынша әркім эссе жазып, өз ойларымен бөлісті. Сабақ процесіндегі формативті  және жиынтық бағалаудың маңызын, сабақ үрдісінде нәтижеге жету жолдарына құрылған сабақ құрылымы, мұғалім мен оқушы қарым­қатынасы, мұғалімнің теориялық білімінің нақтылығы басты мәселе екенін айтып өтті.

Сырттан бізді бақылайтын,  қадағалайтын адамдардың, жанымыздағы жолдастарымыздың өзіміз білмейтін қасиеттерімізді бағалай алатындығын көруге болады. Ендеше бұл тапсырма арқылы біз өзімізді- өзіміз ғана емес өзара бағалауға болатындығын көргендігіміз жайлы өзара әңгіме жүргіземін. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алуға тырыстым.

1)    Оқыту процесі кезінде топтағы оқушылар  өзін- өзі және өзара бағалауы дұрыс па ?

2)    Сабақта  сіздер нені бағалауға тырысасыздар?

3)    Шынайы  болуы  үшін бағалаудың қандай түрлерін қолданасыздар.?

Ақ параққа көбелектің суретін салғыздым және өздерін бағалату арқылы баға қойғыздым. Содан кейін суретін көршісіне беріп қайта бағалауын өтіндім. Соңында бағаға қанағаттана ма, жоқ па екендігін сұрай отырып, олардың бағаға  деген көзқарастарын анықтадым.Тапсырма бағалау үшін қандай да бір критерийдің қажет екендігін анықтады.  Алдын- ала бағалау критерийін бергеннен кейін енді өз суреттерін  қайта бағалауларын сұрадым. 

Коучингте қозғалған тақырып әр қатысушы үшін маңызды екендігін мен коучингтің соңында  алаған кері байланысты оқи отырып білдім.  Коучингтегі әр тапсырма  қатысушыларға  көп ой тастай алды деп ойлаймын

 

 

 

 

Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін аша білдім. Ең алдымен психологиялық ахуал орнатып болған соң қима қағаздар арқылы топқа бөлдім.Сәтті жақтары мұғалімдердің мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп түсінуі,бірнеше берілген тапсырмаларды өздерінің орындауы.Бағалаудың түрлерін ажырата алады,өзара бағалаудың түрлерін сабақтарында қолдана алады.Коугингтің сәтсіз тұстары кеибір мұғалімдердің өз ойларын ашып айта алмауы.

Коучинг-сессия  № 6

Тақырыбы: «Диалогты оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі.»

                                                        

 Мерзімі:   18.11.2015ж

 

Жалпы мақсат:

Белсенді іс  -қимылдар арқылы диалогты оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі  тұрғысынан ойлаудың түсінігін кеңейту.Мұғалімдердің топтық жұмыста АКТ дағдысын  дамыту,жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға үйрету,топпен жұмыс жасау арқылы белсенділігін арттыру

Сілтеме:

МАН,  ресурстар

Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімдер арасында бір-біріне сенімді байланыс орнайды, АКТ-да сыни тұрғыдан ойлау дағдысы  қалыптасады, топтағы іс-әрекет белсенділігі артады.Идеяларын еркін түрде жеткізе алады.Бұл әдістерді сабақ тарында  пайдалана алады.

 

Рефлексиялық есеп DSC_0011

 

 

Тәлімгерлік үдерісте тәлім алушыларымның тұлға ретінде өсуіне АКТ-ны қолдады көрсеттім,мұғалімге сындарлы оқытудағы басты ролін аңықтауға көмектестім.  

 

Күтілетін нәтиже:

Берілетін тапсырмаларды жуйелеу

Қатысушылардың жұмыс қарқының дамыту

Қосымша ресурстар:

Қатысушыларды қолдау Презентациясын АКТ арқылы тақырыпты аштым..Коучинг барысында стикерге бүгінгі  өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін  көрсетіп, өз пікірлерін жазды. Сәтті тұсы-  мұғалімдер бір-бірінің жұмысын бағалауда  АКТсыни көзқарастарын  нақты айта білген,  кері байланысты сабақ үдерісінде тиімді пайдалана алу жолын  толық түсінгенін стикерге жазған рефлексиядан  білдім және мұғалімдер коучингтің ұнағандығын жазған. . Бұл сессиядан  үйренген әдісті өз сабақтарында тиімді пайдаланатынын да айтып өтті.

  

 

 

 

№7 КОУЧИНГ-СЕССИЯ

Мақсаты:

Өту мерзімі

Күтілетін нәтиже

Көшбасшылық және оның түрлері туралы жалпы түсініктерін топтық жұмыстар арқылы тереңдету

 

10.11.2015

 Көшбасшылықтың түрлері, міндеттері,бағыты, функциялары,сипаттамалары  туралы түсініктін тереңдетеді. Бір-бірінен ажыратады. Мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде көшбасшылықтың мүмкіндіктерін  байқайды.

 

Рефлексиялық есеп

 

Коучингтің сәтті өткен тұстары көшбасшылық тақырыбын аша білуі берілген тапсырмаларды орындауы. Қатысушылар қолдау жасай отырып мәтінді мағыналық бөліктерге бөле білуі. «Балық қаңқасы» әдісімен оқу сапасының төмен екенін постерге түсіріп қорғауы өз ойларын еркін жеткізе білуі.Сәтсіз тұстары кейбір мұғалімдердің немқұрайлы қарауы.Барлық мұғалімдермен өткендіктен топқа бөлінуде қиындықтардыңболуы.


Мектеп оқушыларымыздың көшбасшылары анықталды.

 

 КОУЧИНГ-СЕССИЯ

Аудандық семинар бастауыш сыныптар арасында М.Өтемісұлы атындағы мектепте болды.Ол жерде мен ашық сабақ және коучинг өттім.Сәтті жағы: ауданымыздың барлық мектептерінің әдіс бірлестік жетекшілері мен бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатысқан.Сабақ өте жоғары деңгейде болды.

 

Аудан аралығында желілік қоғамдастықтың семинары Т.Рысқұлов мектеп лицейінде болды.

Рефлексиялық есеп.

Коучингтің тақырыбы: Оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау.Коучингте ең алдымен мұғалімдерге психологиялық ахуал жасатудан бастадым.Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін аша білдім. Мұғалімдер шаттық шеңберін құрып «Өрмекші торы» әдісімен  бір- біріне танысу сұрақтарын қойып, сұрақтарға жауап берді.Смайликтер бойынша үш топқа бөлінді.Алғырлар.Білгірлер. Ойшылдар.Сәтті жақтары мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп түсінуі,берілген тапсырманы орындауы бір-бірін әділ бағалауы,тұжырымды ой айтуы ұнады. Мұғалімдер бағалаудың түрлерін ажырата алады,өзара бағалау түрлерін сабақтарында тиімді қолдана алады.Коучингтің сәтсіз тұстары  кейбір мұғалімдердің белсене араласпауы.Коучинг соңында кері байланысты оқи отырып көптеген мұғалімдерге коучинг-сессиясының ұнағанын ауданда химия және биология әдістемелік бірлестіктер арасында кезекпен коучинг – сессияларының ұйымдастырылып отырылуын ұсынды. Дөңгелек үстел кезінде «Қарабастау» орта мектебінің мұғалімі Тоғызбаев А колучинг- сессияның жақсы өткендігін айта келіп, бейне фильмнен берілген тапсырмаға FILA кестесін пайдаланған кезіңізде өте жақсы өтер еді деп өз ұсынысын білдірді. «Жылы –бұлақ» орта мектебінің мұғалімі Жаппашев Арман коучинг- сессиясының өз дәрежесінде өткізілгенін айтып рахметін білдірді,алдағы жұмыстарымызға сәттілік тіледі.Коучинг-сессиясына Қазығұрт ауданындағы мектептерден 35 мұғалім қатысты.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "По казакскому языку на тему рефлексия"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 1110
    • DOCX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжаркинова Шарипа Абдешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байжаркинова Шарипа Абдешовна
    Байжаркинова Шарипа Абдешовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37738
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 838 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек