Инфоурок Литература Другие методич. материалыТілдер апталығының есебі "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"

По недельный отчет по казахскому языку апталықтың есебі

Скачать материал

  2017-2018 оқу жылы 13.12-27.12 күндері аралығында

«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

тақырыбындағы қазақ, орыс  және ағылшын тілдері

онкүндігінің есебі

    Оқушылардың ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту, тілдерін дамыту, мәнерлеп сөйлету, ой өрісін кеңету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбымен қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері онкүндігі болып өтті.

      13.12.17 Апталық салтанатты жиынмен ашылды. Оқушылар қазақша, орысша, ағылшынша өлеңдер мен әндер орындап, қазақ, өзбек халықтарының билерін тамаша орындады.  Саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс шаралар жоспарымен таныстырылды.

     13.12.17 Айжарикова А.А. оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту мақсатында №142 топта «Роботты техника. Термин сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Теориялық жағынан оқушылар мәтінмен танысып, өз ойларын жеткізсе, практикалық жағынан фонетикалық, синтаксистік талдау, термин сөздерді кәсібіне қарай ажырату сияқты жұмыстар орындалды. Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланды және сабақ соңында үй тапсырмасы берілді.

     14.12.17. Джумагалиева Ж.К.   қазақ тілі және әдебиеті пәнінен, І курс, орыс топтары арасында олимпиада өткізді. Олимпиада барысында оқушылар ауызша, жазбаша, аударма жұмыстарын, грамматикалық және тест тапсырмаларын орындап, нәтижесінде:

І орын №112 топ оқушысы Хрысева Татьяна

ІІ орын №172 топ оқушысы Каренских Люда

ІІІ орын №122 топ оқушысы Русаковская Ксения иеленді

     15.12.17 Айжарикова А.А. І курс оқушылары арасында қазақ тілі пәні бойынша олимпиада өткізді. Қазақстандық-Ресейлік «Филолог» қауымдастығы және Жалпыресейлік ОҒҚ оқушылардың ғылыми қоғамы ІІ Халықаралық қашықтықтан өткізілген олимпиадада қазақ тілі пәнінен №321 топ студенттері Есмадиярова Гүлбану және Шарипов Жасұлан жүлделі І орынға ие болды.Олимпиадада грамматикалық тест тапсырмалары болды.

      20.12.17. Ашық сабақ Беркалиева Д.К. «Ақиқат пен аңыз» романы.  231-топта Әзілхан Нұршайықов«Ақиқат пен аңыз» тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін білгізу. Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Шығарманың композициясына, сюжетіне талдай білуге, басты кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге үйрету. Оқытушы мен оқушының арасындағы қатынас орнатылды. Ен алдымен оқытушы үй тапсырмасын тексерді. Оқушылар үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келді.  Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ең алдымен оқушыларға жалпы шолу бағытында қысқаша сұрақтар қойылып, оқушылар жаксы жауап беріп отырды. Содан кейін интерактивті тақтаға Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы туралы қысқаша мәлімметтер мен өмір жолын көрсетіліп тұрды. Оқытушы интерактивті тақтамен  жаңа сабақ түсіндіріп, оқушыларға тапсырмалар беріп отырды. Сабаққа белсенді қатысып отырған Талғатқызы Ш, Қунышева А, Амирханова Ш. Тақырыпқа қатысты оқушылар эссе жазды.  Үйге тапсырма Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолы  және «Ақиқат пен аңыз» туралы диалог романды оқып келу. Сабақ өз мәресіне жетті.

     21.12.17.№222 Сыныптан тыс шара. Литературная  гостиная «Любовь» дружба в русской поэзии» оқытушы Зинетова Ж.С. Кабинет орыс және шетел жазушыларының достық, махаббат туралы  өлең жолдары жазылған плакаттармен  және шарлармен кешке арналып  дайындалып, безендірілген.  Кешті жүргізушілер Олейников Данил  және Семина Вера ашты. Савельева Алена Р.Рождественскийдің «Все начинается с любви» өлеңін нақышына келтіре оқыды. Кеш барысында  орыс ақындарының  шығармашылығымен  таныстырылып, топ оқушылары  Семина Вера мен Зекина Ольга А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин»романынан  «Татьянаның   Онегиннге хатынан»  көріністі  образға ене отырып, тамаша орындауымен жалғасты. Сондай-ақ, С.Есениннің , А.Ахматованың,  М.Цветаеваның өлеңдері оқылды.  Чечикова Олеся және  Гончарова Елена М.Цветаеваны өлеңіне жазылған «Мне нравится, что вы больны не мной» романсын  орындады. Кеш Зекиной Ольганың  орындауындағы  Т.Снежинаның «Позови меня с собой» әнімен аяқталды. Оқушылардың  орыс поэзиясына деген сүйіспеншілік пен құрметін көруге болады.

      21.12.17. Азимуратова Э.Ш. 121 топ және 111 топ арасында “We are from Kazakhstan” тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.Сыныптан тыс сабақтың мақсаты ағылшын тілін оқуға қызығушылығын арттыру. Білім деңгейін қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін тану арқылы арттыру. Оқу,  жазу, сөйлеу дағдыларын әртүрлі тапсырмалар жасау арқылы дамыту.Әр топтан 5 адамнан қатысты. Сыныптан тыс сабақ ойын-викторина түрінде өтті.Сабақты мұғалім жүргізді. Викторина 7 сатыдан тұрды.

1 “Submission instructions”

2 “Warming-up”

3 “Understand proverb”

4 “Make a word”

5 “Guess a riddle”

6 “The best translator”

7 “Make a suggestion”

121 топ Достық және 111 топ Парасат өздерін таныстырып өтті. Оқушылар қазақша сөздерді ағылшын тіліне аударып, ағылшын тіліндегі мақалдардың ұқсас қазақша баламаларын тапты, сұрақтарға жауап берді, жануарлар туралы жұмбақтарға жауап берді, әр топтың капитаны ағылшын тіліндегі мәтінді аударып, түсінгенін айта алды. Екі топ әр сатыда белсенділік танытты. Сондықтан әзіл қазылардың қорытындысы бойынша екі топ та сыныптан тыс сабаққа белсенділік танытқан үшін дипломмен марапатталды. 

      22.12.17. Зинетова Ж.С №122 тобында  «Наречие как часть речи» ашық сабақ өткізді. Сабақтың басы үй жұмысын тест сұрақтарына жауап беру арқылы тексерілді. Жаңа тақырып  пәнге деген қызығушылығын арттыру, ана тілге құрмет, оның тарихы меңгертуді мақсатында бейнематериал мен тапсырмалар және тест жұмысы жүргізіліп,  оқушылар жоғары белсенділікпен орындады. Сабақта қолданылған тапсырмалар: оқулықпен жұмыс, семантикалық карта, өлеңдерді талдау және т.б.сабақ соңында оқушылар өздеріне лайықты бағаларын қойып, сабақтан алған білімдерін жинақтап айтты. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды. Сабақ барысында грамматикалық талдауларға көп көңіл бөлінген, оның ішінде септік жалғау, көптік, тәуелдік, фонетикалық талдаулар. Үйге тапсырма «Роль наречии в нашей жизни» тақырыбында эссе жазып келу. Сабақ мақсатына жетті.

        22.12.17. Джумагалиева Ж.К. Абай Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі тақырыбында өткізген ашық сабағын Абайдың қара сөздері туралы түсіндіруден бастап, Сакиева Аружанның Абайдың 7-қара сөзінің мағынасын ашумен, ал Искалиева Айдананың  Абайдың 31 қара сөзін жатқа айтуымен жалғасты. Бұдан соң Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі үнтаспадан тыңдалды. Сабақ барысында мәтінмен жұмыс, мақал-мәтелдермен жұмыс топпен жұмыс т.б. түрлі жұмыстар жүргізілді. Шығармашылық жұмыс кезінде оқушылар  Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып, салыстыру жұмыстарын жүргізе отырып, өз пірлерімен толықтырды. Сатылай кешенді талдау жұмыстары жүргізілді.  Сабақ Абайдың «Терең ойдың түбінде теңізі бар,

                                                                       Тесіле көп қараса, көңіл ұғар» деген мағынасы терең ұлы  сөзімен  қорытындыланды.

       22.12.17. Азимуратова Э. Ш. “Radio and TV,Internet and Modern Life” тақырыбында №121 топта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты жаңа тақырыпты меңгере отырып, күнделікті өмірде қолдана білу, сөйлеу, жазу, оқу дағдыларын әртүрлі тапсырмалар арқылы жүзеге асыру. Оқытушы мен оқушының арасында қатынас орнатылды. Оқытушы берілген үй тапсырмаларын тексерді. Жаңа сабақты меңгеру тақырыптық сұрақ қоюдан басталды. Содан соң интерактивті тақтада бұқаралық ақпарат түрлері көрсетіліп, әрбіреуінің анықтамасын стрелка арқылы қосу тапсырмасы болды. Топ оқушылары Сисенгалиев А, Наурызгалиева Н. белсенділік танытты. Оқушылар «Advantages and disadvantages of  TV» мәтінін оқып, аударды. Мәттіннен пайдалы және пайдалы емес заттарды кестеге толтырды. Present Continuous Tense грамматикалық тақырыбы түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты жаттығулар орындалды. Жумагазиева А., Нурсейтов А., Қажы Қ. берілген тапсырмаларды орындай алды. Содан кейін үйге тапсырма беріліп, оқушылар бағаланды. Сабақ өз мақсатына жетті.

   25.12.17. Орыс тілі пәні бойынша Зинетова Ж.С. І, ІІ курстар арасында олимпиада өткізді. Олимпиада ІІ турдан тұрды: І турда оқушылар тест жұмысын орындады. ІІ турда грамматикалық тапсырмалар:

          1.Фонетика (звукобуквенный анализ слов);

2.Словообразование (найти однокоренные слова и разные формы одного и того же слова);

3.Лексика (фразеология – дописать фразеологизмы, указать значение устаревших слов и т.д.);

4.Орфография (работа с текстом с пропущенными орфограммами);

5.Орфоэпия (расставить ударения в словах);

6.Синтаксис (разбор предложения);

7.Пунктуация (расставить пропущенные знаки препинания).

8.Стилистика (определить тип и стиль текста) орындады.

 Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті:

1 курс:

1-орын  Турускина Татьяна – 122 топ,

2-орын  Русановская Ксения – 112 топ,

3-орын  Наурызгалиева Назира – 141 топ

2 курс:

1-орын  Баймуратова Розалина – 222 топ,

2-орын  Савельева Алена – 222 топ,

3-орын  Куанышева Альбина – 231 топ.

     26.12.17. Джумагалиева Ж.К. №121Сыныптан тыс шара. Әдеби сазды кеш «Қазақ әнінің Қадыры» Кеш оқытушының кіріспе сөзінен кейін,

халқымыздың әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бірге айтып, осы кешті ашу ұсынылды. Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің, халқымыздың бүкіл болмысын көз алдыңа келтіретін «Қазақ осы» әнін Жасұланов Жәңгірхан  орындап берді. Ана тақырыбына арналған өлеңдерінің бірі  «Он баласы бар ана» өлеңі,  биік адамгершілік, адал еңбек, пәк махаббат, балғын  жастық  шақ тақырыптарындағы  «Студент» т.б. өлеңдері оқылды.   Ақынның балаларға арнап шығарған өлеңдерінің бірі «Жалқаубек» әнін №121топ студенттері көрініс етіп қоя отырып, тамаша орындап шықты.

      27.12.17 Жабылу салтанатына жауапты Зинетова Ж.С. Азимуратова Э. Ш. Беркалиева Д.К. онкүндіктің соңғы күні салтанатты жабылу кешінде белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, дипломлар мен алғыс хаттар табыс етті.  Онкүндік белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тілдер апталығының есебі "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 222 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Продолжение сказки «Снежная королева», или новые приключения Герды и Кая. Работа ученицы 5-Б класса школы ФГБУ «РСРЦ для детей – сирот» Слепцовой Любови.
  • Учебник: «Литература (в 2 частях)», Коровина В.Я., Журавлёв В.П., Коровин В.И.
  • Тема: X. К. Андерсен. «Снежная королева». Перевод А. Ганзен
  • 22.01.2018
  • 1182
  • 1
«Литература (в 2 частях)», Коровина В.Я., Журавлёв В.П., Коровин В.И.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2018 1186
    • DOCX 24.7 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумагалиева Жанар Крыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джумагалиева Жанар Крыкбаевна
    Джумагалиева Жанар Крыкбаевна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15656
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы предпринимательской деятельности

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

Учитель иностранного языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек