Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / По обучению грамоте: Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны.

По обучению грамоте: Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

КММ №26 орта мектебі « Күн» шағын орталығы











Ашық сабақ

Тақырыбы: « Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны.






Орындаған: Ақажаева М.Е.




















Өскемен қаласы, 2015ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі:сауат ашу

Тақырыбы: « Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны.

Мақсаты:

Білімділік: балалардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыру;

Дамытушылық: сөздік қорларын, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік.

Билингвалдық компонент: Кітап- книга- book

Оқу іс әрекетінің көрнекіліктері: топтың аттары, суреттер, тапсырмалар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Амансыздар ма, құрметті қонақтар!


II.Мотивациялық қозғаушы кезең




Құрметті қонақтар, бүгін біздің сынып балаларының арасында « Ойлы болсаң озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр.Осы сайысқа сынып балалары ішінен 3 топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек.

Ендеше сайысқа түсер 3 топпен танысайық.

А) топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері « Қазақстан», «Болашақ», « Орда» топтарын шақырайық.

Ә) Әділ қазы мүшелерін сайлау.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дей отыра әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

Литвинова Нина Михайловна

Сапарова Зарина Аскарбековна

Манвилер Маржан Андреевна

Ал енді сөз кезегін топтарға берсек.

Топтар өздерін таныстырды енді топ басшыларын атап өтейін.

« Қазақстан» тобының топ басшысы: Еркежан

«Болашақ» тобының топ басшысы: Аружан

«Орда» тобының топ басшысы: Нұрасыл.









ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері « Қазақстан», «Болашақ», « Орда» топтары келеді.















Біздің топ: «Қазақстан»

Біздің ұран: Қазақстан ол біздің алтын ұямыз

Сол ұядан білімді болып ұшамыз.

Біздің топ: «Болашақ»

Біздің ұран: Асқар арман шалғайды,

Самұрық құстай барлайды.

Балғын бөбек өрендер

Болашақты жалғайды.

Біздің топ: «Орда»

Біздің ұран: Орда тобы алда

Ешкімнен де қалма.




1-айналым: «Дыбыстық тадау» деп аталады.

Қай топ бірінші болып дұрыс орындаса сол топқа 5 ұпай, екінші біткен топқа 4 ұпай, соңғы біткен топқа 3 ұпай беріледі.

Шарты: мен сендерге әртүрлі суреттер таратып беремін, сендер сол суреттерге дыбыстық талдау жасауларың керек.

2-айналым.Буындардан сөз құра. Шарты: сендердің алдарыңда әртүрлі шашылған буындар жатыр, сендер осы буындардан сөз құрап, оқып берулерің қажет.

Қай топ бірінші болса, сол топқа 5 ұпай беріледі, екінші біткен топқа 4 ұпай, соңғы біткен топқа 3 ұпай ғана беріледі.

3-айналым.

Сергіту сәті.

Ян-ян-ян

Секіреді қоян

Ю-ю-ю

Қорбаңдаған аю

Ін-ін- ін

Жаңғақ жинап жүр тиін

4- айналым. « Кім жылдам?» ойыны.Е әріпіне байланысты 5 сөз ойланып, жазу. Е дыбысы басында, ортасында, аяғында кездесе берсін.

5- айналым. « Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады.Мына тапсырманы жылдам әрі дурыс орындау арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.

Шарты:Мына жердегі есептерді шығарып, шыққан жауаптарға сәйкес әріптерді сәйкестендіру.Қандай сөз шықты? Үш тілде айтамыз.

Эксперименттік жұмыс: тастан әріптер жазу.

«Қазақстан» тобы « Е» әріпін жазады.

« Орда» тобы «Н» әріпін жазады.

« Болашақ» тобы « О» әріпін жазады.




Т- дауыссыз, себебі ол кедергіге ұшырап айтылады, әндетілмейді, созылмайды. Қызыл, көк қарындашпен белгілейді.










Буындардан сөз құрап, оқып береді.











Сергіту сәтін орындайды.







Есік, кесе, елік, етік, ет








Тапсырманы алып орындайды.

Жауабын 3 тілде айтады







«Қазақстан» тобы « Е» әріпін жазады.

« Орда» тобы «Н» әріпін жазады.

« Болашақ» тобы « О» әріпін жазады.


III.Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

  • Зияткерлік ойын нәтижесін анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін береміз.

  • Мақтау. Мадақтау.


Балалар алған орындарына қуанышты болады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу қажет: тапсырмаларды тыңдап, орындай білу қажет.

Не істей алады: топтен, ұжыммен жұмыс істей алады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров81
Номер материала ДВ-337028
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх