Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / По психологии на тему "Абай Құнанбаевтың мұраларындағы дидактикалық ой-пікірлерін педагогика пәндеріне енгізу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

По психологии на тему "Абай Құнанбаевтың мұраларындағы дидактикалық ой-пікірлерін педагогика пәндеріне енгізу"

библиотека
материалов

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар, халқымыздың қорғаны болар рухы биік азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл іске уақыт сынынан мүдірмей өтіп келе жатқан халық даналығын еске түсіре отырып кіріскеніміз абзал.

Бұдан былайғы кезде осы мүмкіндікті кеңінен зерделеп, педагогиканың тарихы мен теориясы, тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері мазмұны мен ереже қағидаларын байыту арнайы ғылыми зерттеулердің үлесінде. Осындай мүмкіндігі мол, бай мұраның бірі Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармалары екені белгілі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Абай мерейтойында сөйлеген сөзінде былай деп айтқан болатын: “Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болар еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. Өз халқын “жұрт болсын, өссін, өнсін” дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ ассын.

...Казіргідей заманда Абай мұрасына айына емес, аптасына емес, күніне бір үіңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың"[1].

Бұл ретте кейінгі кездерде орындалған теориялық, тарихи-педагогикалық зерттеулерді айтуға болады. Қазіргі кезде оқыту теориясына қатысты, әсіресе, оқыту әдістеріне байланысты “жаңа технология”, “белсенді әдістер” деген жаңа сипаттағы ұғымдар пайда болды. Олардың көпшілігі компьютерлік технология, аудио-видео технологиялары мен кәдімгі ертеден бері қарай қолданып келе жатқан әдістер мен тәсілдердің түрліше топтастырылуы мен талдануы. Бұл ретте ақын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды да тың сипатта талдап, жаңаша көзқараспен зерделесек осы “жаңа технология мен белсенді әдістерді” байыта түспек.

Сонымен бірге әдеби мұралардағы тәлімдік ойлар мен оқу, білім, ғылымға қатысты пікірлер отандық педагогиканы дамытып қалыптастырудың қайнар көзі. Осыған орай біршама жұмыстар жүзеге асып та келеді, атап айтсақ, Қ.Жарықбаев [2], К.Қ.Құнантаева [3], А.К.Көбесов [4], С.Қалиев [5], Т.М.Әлсатов [6], С.Ұзақбаева [7], К.Ж.Қожахметова [8], І.Р.Халитова [9], А.Н.Ильясова [10], т.б. еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы Абай шығармаларының философиялық тегі, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты А.Байтұрсынов [11], Ж.Аймауытов [12], М.Жұмабаев [13], Т.Тәжібаев [14], М.Әуезов [15], зерттеулерін айтуға болады.

Абайдың педагогикалық пікірлеріне ең алдымен 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлының [16] мақаласын, одан кейінгі кездерде Қ.Жарықбаев[2], А.Көбесов [4], т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген мақалаларын айтуға болады.

Осы уақытқа дейін орындалған зерттеу жұмыстары мен басқа да ақын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап, олардың оқу үрдісіндегі қажеті мен мүмкіндіктерін ашып, практикаға ендіру мәселесін қарастырған жөн. Біздіңше бұл отандық педагогиканың теориясын жаңа идея, тың пікірмен байыта түспек. Осы тұрғыда жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде мынадай қайшылықтардың беті ашылды: Абай мұрасының кең мүмкіндіктері мен олардың толық ашылып, практикаға ендірілмеуі арасындағы; ақын мұрасындағы дидактикалық мәндегі шығармалары және ондағы дидактикалық пікірлер мен олардың толық ашылмауы және оқу үрдісіне ендірілмеуі арасындағы. Бұл қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Абай Құнанбаевтің қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлерді педагогика пәндеріне енгізудің маңызы” деп айқындауға жол ашты.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлерді айқындап, оны оқу үрдісіне ендірудің жолдарын қарастыру.

Демек, осы қайшылықтарды ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлердің мүмкіндіктерін айқындау зерттеуіміздің басты мәселесін құрайды.

Зерттеу нысаны: Абай Құнанбаевтың әдеби шығармашылық мұрасы.

Зерттеу пәні: Абай қара сөздеріндегі дидактикалық идеялар.

Зерттеу міндеттері:

- Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі мен мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап сипаттау;

- Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау;

- Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі дидактикалық ойларын жүйелеп, педагогика пәндеріне енгізудің маңызын көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ақын, ұстаз, ғалым Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларына ғылыми-педагогикалық тұрғысынан талдау берілсе, оның дидактикалық пікірлер жүйесі жасалса, онда бұл оқу үрдісіне ұлттық сипат әкеліп, отандық педагогика ілімі жаңа теориялармен байытылып, ол өз кезегінде оқытуды тиімді ұйымдастыруға шарт түзеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлердің педагогиканың теориясындағы алатын орнын айқындау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Диалектикалық философиялық таным теориясы, жалпы теория туралы ілім, оның ішінде педагогикалық теорияның оқу үрдісін ұйымдастырудағы мәні, шығармашылықтың мәдени педагогикалық маңызы, этникалық және әлеуметтік идеялардың ара қатынасы, дидактиканың философиялық, психологиялық негіздері, оқу үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық, философиялық негіздері.

Зерттеудің көздері: философ, педагог, психологтардың таным үрдісіне қатысты еңбектері; шетелдік және отандық педагог ғалымдардың дидактика туралы ойлары; отандық және шетелдік ғалымдардың Абай мұрасына қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектері; мемлекетіміздің Ата заңы, білім туралы заңдар мен тұжырымдары; ғылыми зерттеулер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар.

Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, тарихи, әдістемелік әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары мен Абай мұрасына арналған басқа да материалдарды талдау, гносеологиялық заңдылықтар мен дидактика туралы ілім арасындағы байланыстарды ашып беретін ақпарлар және басқа да материалдарды зерделеу, жіктеу, топтастыру пайымдау әдістері қолданылды.

Зерттеу кезеңдері мен барысы:

Бірінші кезеңде (2013ж.) зерттеу тақырыбы анықталып, қойылған мәселеге байланысты ғылыми-теориялық, тарихи-педагогикалық, философиялық, психологиялық әдебиеттер мен жекелеген мақалаларды талдау арқылы зерттеу жайы анықталды. Осы негізді зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталып, қажетті материалдар жинақталды.

Екінші кезеңде (2014ж.) жинақталған материалдар мен ақпарлар, жекелеген мәліметтер педагогиканың теориясы, таным үрдісі тұрғысынан талданды. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық пікірлер сараланып талданды, жүйеленіп, тексеруден өтті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- Абай Құнанбаев шығармаларының зерттелуіне талдау беріліп, педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды;

Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ойлар айқындалып жүйеленді;

- Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндерін оқыту үрдісіне ендіру жолдары қарастырылып, осыған орай ұсыныстар әзірленді.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәнділігі:

- жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған “Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру” тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы түзілді;

- зерттеу нәтижелерін педагогиканың тарихы, жалпы педагогиканың дидактика бөлімдерінде қолдану мүмкіндігі кең; жалпы білім беретін мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, жоғары мектеп оқу үрдісіне, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарында ендіруге болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- Абай Құнанбаев мұрасындағы таным теориясына қатысты педагогикалық ойлар;

- Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-тұжырымдар жүйесі;

- Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық тұжырымдарды оқу үрдісіне ендіру жолдары мен арнайы курс бағдарламасы.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, кестелер мен суреттерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімінде Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық, таным үрдісіне қатысты ойлардың зерттелуі туралы айтылды.

Екінші бөлімінде Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлер педагогика пәндерінде оқыту мәселелері қарастырылды.

Зерттеу жұмысының қорытындысында Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойларға қатысты тұжырымдар жинақталып, ұсыныстар берілді.
































1 Абай құнанбаевтың шығармашылық мұрасындағы дидактикалық ойлар


1.1 Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі


Дидактика дегенде педагог ғалымдар қауымы оқыту теориясын және соған қатысты мәселелер туралы ойланады да, ол ғылым болғандықтан ақын шығармаларында қалай орын алмақ деген пікірге келуі мүмкін. Ал, осы ғылымның даму тарихына ой жүгіртсек, Ян Амос Коменскийге [17] дейін-ақ оның алдымен, философтардың ой-толғаулары мен әдеби мұраларынан орын алғанын көреміз. Теориялық ілім ретінде қалыптасу жолында одан кейінгі жетілу кезеңінде де дидактикаға байланысты сан алуан пікірлер пайда болды. Бұл ретте И.Г.Песталоцци [18], И.Ф.Гербарт [19], Д.Дьюи [20], П.Ф.Каптеров [21], т.б айтуға болады. Дидактиканың кейбір мәселелеріне байланысты пікірлерді А.Байтұрсынов [11], Ж.Аймауытов [12], М.Жұмабаев [13], еңбектерінен де табуға болады.

Дидактика қалай оқыту, не нәрсеге оқыту, не үшін оқыту, кімді оқыту, қашан оқыту, нәтижесі қандай болуы керек, қалай бағалау керек деген мәңгілік мәселелерден тұрады.

Оқыту мазмұны, оқыту қағидалары оқыту әдістері, оқыту формалары, оқыту құралдары, оқытудың мақсатына қатысты әр түрлі ойлар айтылған. Дидактикалық ой-пікірлерді іріктеп алуда, оның жалпы және жекелеген тұстарын танып білу керек болса ақын, жазушы, ойшыл не зерттеуші ғалымдардың мұрасынан оларды іздей отырып, өсіп келе жатқан жас буындардың санасында оқу, ғылымға ұмтылыс пен қажеттенулерін қызығуларын туындатып, білім алу, іздену жолына бағыттауға тигізетін септігі ескеріліп келеді. Олар көбінесе дидактиканың жалпы мәселелерін қамтиды, “жалпы дидактиканың пәні оқыту мен оқу және оны туындататын жағдайлар мен ол жүретін шарттарды, сонымен бірге ол алып келетін нәтижелер болып табылады”. Дидактиканың жалпы мәселелеріне қатысты Ч.Купсевичтің [23, 19] осы айтқандарын ескерсек, ақын, ойшыл Абай шығармаларындағы дидактикалық пікірлер жекелеген пәндердің оқыту әдістемесінен гөрі жалпы оқытуға қатысты ойларды көбірек қамтиды. Соған сай оның жалпы дидактикалық кейбір ойлары жеке пәндер дидактикасына да жарамды.

Педагогиканың оқыту теориясы туралы бөлімінде дидактиканың төмендегідей негізгі санаттары берілген: оқыту және оқыту үрдісі, оқытуды ұйымдастыру формалары, оқыту мақсаты, оқыту ұстанымдары, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқыту құралдары, т.б. Сонымен бірге оқытудың заңдылықтары мен қозғаушы күштері, оқытудың қызметі, оқыту мазмұны, оқытуды бақылау және бағалау. Демек, ақын мұрасынан біз осыларға байланысты пікірлерді іріктеп алып, оларға талдау беріп, түсіндірмелей отырып, педагогика пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндіктерін көрсетілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты ерекшелігі ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін жоғарыда келтірілген оқыту теориясына байланысты негізгі санаттар тұрғысынан пайымдай отырып айқындалды

Ақын мұрасын зерттеуде, белгілі ғалым Ә.Нысанбаев айтқандай, “қазір Абай философиясы мен дүниетанымы, ол айтқан дана пікірлер адамның қадір-қасиетін көтеруге, ұғуға бағыттайтын өміршеңдігі мен егеменді еліміздің мемлекеттік идеологиясы болып табылады” [23,8] деген пікірінің жөн бар. Қалай десек те, дидактикалық пікірлердің белгілі бір тарихи даму кезеңдерін басып өту арқылы біртіндеп жинақталғаны анық. Сол секілді Абай сынды ғұлама ақынның шығармаларындағы дидактикалық пікірлер де бір күнде пайда болмағаны, оның шығармаларында айтылған ойлар қазақ халқының даналық тұжырымдарының жалғасы, шетелдік Ресей мен Еуропа және шығыс ғұламаларынан алған тәлімдерінің нәтижесі деуге болады.

Бүкіл мұсылман әлемі ұстанатын қағидалар жинағы, ғылымдардың негізі Құран кәрімдегі “оқы, бір Алланың атымен оқы” деген сөздер біздің ата-бабаларымызға айтылған басты өсиет, жетекші идея болғанын, одан кейінгі түрік дәуірінен бергі бүкіл ауыз әдебиеті, жазба әдебиетінде оқу, білім ал, ғылым ізде деген тұжырымдар даналарымыз бен ғұламаларымыздың шығармаларының арқауы болған.

Осы пікірді негізге ала отырып, оның дидактикасын зерттеуде ақынның 38-қара сөзінде айтқан ой-тұжырымын оның дидактикалық пікірлерінің кілті деуге болады. Оның ықылас-бірлән оқып, ұғып алыңыздар” дегені оқыту-оқу, білім алу мен білім берудегі ұстанатын басты идея, негізгі ұстанатын пікір емес пе? Ақын дидактикалық ғылыми еңбек жазбағанымен соған қажетті және осы оқыту теориясының қыр-сырын ашуға, осы үрдісті ұтымды ұйымдастырып, тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін келелі пікірлер жазып қалдырғаны белгілі.

Сонымен жоғарыда келтірілген дидактиканың мынадай мәселелері осы педагогика пәнінің нысанасының өзегі болып табылады:

- оқу;

- оқыту;

- оқу мен оқытуды туындататын жағдайлар;

- оқу мен оқытуды ұйымдастырып, жүзеге асыратын шарттар;

- оқыту мен оқудан шығатын нәтижелер;

- үйрету, үйрену;

- үйрену мен үйретуге шарт түзетін ахуалдар;

- үйрету нәтижелері;

- іздену;

-ізденуге жетелейтін немесе итермелейтін ішкі мотивтер мен сыртқы факторлар;

- білім және білу; олардың арасындағы байланыс;

- білімге қажеттенуін туындататын ахуалдар;

- білуге құмарлықты туындататын жағдайлар;

- ұғыну;

- ұғым мен ұғыну арасындағы байланыстар;

- ұғыну мен түсінудің мәні;

- ғылым мен білім және олардың ара қатынасы.

Дидактика туралы әдебиеттерді (негізінен қазақ және орыс тіліндегі педагогика оқулықтарын) зерттеу барысында оларда көбінесе оқыту іс-әрекетіне байланысты ғылыми-педагогикалық талдаулар, ұғымдар мен түсініктердің жеткілікті. Сонымен бірге педагогикалық психология мен жалпы оқу іс-әрекетіне байланысты әдебиеттерде жоғарыда келтірілген санаттар жеке дара қарастырылмай, үнемі оқыту іс-әрекетіне байланысты талданып келе жатқаны айқындалды. Оқулықтарда бұл ұғымдарға жеке-жеке түсініктер берілмейді және мағынасы да ашып көрсетілмейді. Әрине, олар өзара тығыз байланыстағы ұғымдар. Оқу үрдісінде бірінсіз екіншісі жүзеге аспайтыны да белгілі, дегенмен, болашақ педагог маманы осы ұғымдардың мән-мағынасын жете түсінбей, олардың арасындағы логикалық байланысты да толық меңгермейді. Осы мақсатта оларды алдымен жеке-дара талдап алып, одан соң ара қатынасын педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету қажет. Өз ойымызды дәлелдеу мақсатында студенттер арасында алдын-ала зерттеу жұмысын ұйымдастыра отырып, студенттерден мына сұрақтарға жазбаша түрде қысқаша жауап талап етілді: оқу деген не? Білім дегенді қалай түсінесіз? Ғылым деген не? Ұғу мен түсіну деген екі мәндегі сөздер ме, жоқ әлде мағынасы бірдей ме? Ұғыну мен түсіну арасында қандай айырмашылық бар? Іздену деген не? Ол қалай пайда болады? Ізденудің мәні неде? Абай мұрасындағы дидактикалық ойларды айқындау, оны жалпы педагогиканың дидактика бөліміне ендіру үшін осыларды анықтап алу керек деген оймен тексеру жүргізілді. Жұмыс ауызша және жазбаша түрде жүргізілді. Бұған барлығы 66 студент қатысып, олардан алынған жауаптар төмендегідей болды.

Келтірілген 1-кестеден көріп отырғанымыздай, педагогика мен психология пәндерінен сабақ алған студенттердің берілген сұрақтарға жауаптарының толық емес екенін байқауға болады. Ал, кейбір дұрыс жауап бергендер сөздің мәнін тіл тұрғысынан ашып көрсеткен. Келтірілген көрсеткіштер педагогика пәні оқулықтарында оқу үрдісін ұйымдастыру теориясына байланысты кейбір ұғымдар мен түсініктердің жеткіліксіз берілген тұстарын көрсетті. Зерттеуді жүргізудегі мақсат ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларды айқындау және осы келтірілген ұғымдарға берілген өлең, қара сөз түріндегі түсініктерді салыстырмалау болатын. Бірақ оқулықтарда олар жеке-жеке қарастырылмағандықтан, оны ақын шығармаларына сүйене отырып толық ашып көрсету үшін, алдымен ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларға байланысты зерттеулер мен жекелеген мақалаларға талдаулар жасалды.

Айта кететін бір жәйт, бұл жердегі “оқу” мен “оқыту” деген ұғымдарға осы үрдістің барлық жақтарын қамтитын кең мағына беріліп отырғаны. Ол білім беру, біліктер қалыптастыру, оқыту мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері, үйрету, жаттықтыру, т.б. қамтиды.






Кесте 1

Дидактиканың кейбір ұғымдарына студенттердің жауабы (%-пен)


. Бұл Абай шығармаларында ерекше орын алған. Біл – бір нәрсе туралы толық хабардар болу, ұғу, түсіну, жете тану. Білу – байқау, бақылау, көру, есту, істеу. Ал білім – оқу, үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінік. Бұған сондай-ақ, адамның ақыл, парасат, ой өрісі, көп оқу арқылы пайда болатын ой-сана құбылысы да жатады.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарда оқу, үйрену, оқыту, үйретудің психологиялық мүмкіндіктері мен педагогикалық сипаты жеке оқушы тұлғасы тұрғысынан зерделенбейді, мысалы, үйрен, үйрену, үйрету, үйренді сөздерінің әлеуметтік-психологиялық тегі ашылмайды. Сонымен бірге оқы, оқу, оқыды, біл, білу, білді сөздерінің де ішкі психологиялық мәні жеке оқушы тұлғасының іс-әрекеті тұрғысынан зерделенбеген. Дерліктей барлық оқулықтарда оқыту мен білім беру, оқу үрдісі, көбінесе, ұстаз бен оқушының іс-әрекеті ретінде қарастырылады.

Десек те, дүниеге жаңа келген жас баланы не болмаса мектеп оқушысын, тіпті кәсіптік оқу орындары оқушыларын, жоғары мектеп студенттерін біз белгілі бір дағдылар, әдеттерге үйретуді әрқашан іске асырып отырамыз. Алайда, бұл осы уақытқа дейін ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыда қабыстырыла талданбағаны таң қаларлық.

Сонымен “үйрену, үйрету” жайлы психология не дейді. Үйрену – адамның қоғамдық – тарихи тәжірибені өздестіруін сипаттайтын іс-әрекет түрі[12]. Үйрен екендігін, тек өзіміздің материалдарымызды ғана тапқандарын атап көрсетті. Өзі білмеген нәрсені түсініп, көңілге тоқу, басқалардан біліп алу. Бір іске не қимылға дағдылану, көзі үйрену, машықтану, жаттығу. Бір таңқаларлығы, педагогикалық-энциклопедиялық сөздікте, педагогика оқулықтарында үйрену мен үйрету туралы анықтамалар мен түсіндірулер жоқ. Педагогикалық психологияда научение – үйрету ішкі және сыртқы іс-әрекетті өзгерту делінген ол “іс-әрекетті тұрақты, мақсатты түрде біртұтас өзгерту болып ол бұрынғы іс-әрекетке байланысты”. Мұнда үйрету – сөз бен іс-әрекет, зат не құбылыс арасындағы логикалы байланысты түсіну, оны басқаларға айтып жеткізу ретінде келтірілсе, үйрену – ұғым қалыптастыруға байланысты талданған. Ал, біліктілік пен дағды үйрену нәтижесі емес практикалық іс-әрекет қорытындысы ретінде берілген. Осы жерде қазақ тіліндегі үйрену сөзінің орыс тілінде жоқ екенін көреміз. Оқудың, білімнің, үйренудің тұрмыстық-практикалық мәні, мысалы, кәсіп үйрену, өнер үйрену, т.б. үйрену мен үйретуге байланысты тағы да қарастырылмайды. Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлардың мәні де осы ғылыми педагогикада көп зерделенбеген кейбір тұжырымдарды зерделеуге тұғыр болуында.

Осыған орай айта кететін жәйт, қазақ ұғымында оқы мен оқу бір мақсатты көздеген екі түрлі санат ретінде талданбаған. Мысалы, “оқы” тар мәндегі жеке тұлғаға бағытталса, “оқу” кең мәндегі жеке және жалпылама сипатқа ие. Сол секілді “біл” – жеке тұлғаның ақыл-ой әрекетіне бағытталса “білім” жекеден жалпыға, көпке тән кең мағынадағы ұғым. Ал, “үйрен” мен “үйрену” жеке және жалпы сипатта болып оқу, білім алу, бір істі атқаруды, орындауды үйренуден өнер, ғылым үйренуге дейінгі кең мағынаны қамтиды. Бұдан басқа тағы да “ілім”, “ғылым” деген кең мағынадағы ұғымдар ерте заманнан бері қарай орын алған. Осының өзі-ақ қазақ халқының ілім, білімге, әдетте, кейбіреулер ойлағандай емес, әлдеқайда бұрын ұмтылғанын сондықтан қадірлеп, қастерлегенін көрсетеді. Бұл ұғымдар орыс тілді оқулықтарда “учиться, учение, научение, изучение, наука” деген сөздермен келтіріледі.

Ақын мұрасындағы дидактикалық тұжырымның тағы бірі – “ұқ”. Оқу үрдісінде бұл ұғыну, ұқтыру мәнінде қолданылады, “ұғу – түсіну, білу, санаға тоқу, жадында сақтау”. Сөздікте түсінудің синонимі ретінде берілгенімен қолданыста олардың мәні әр түрлі, мысалы, түсінеді – айтқан сөздің байыбына бару болса, ұғады – одан да тереңдеу секілді. Мысалы, ұғып, көңіліңе тоқып ал, ұқтыру – санаға орнықтыру, ал түсіну – әр сөздің мәнін пайымдау дегенге саяды. Оқыту үрдісінде сабақ түсіндіру туралы көп айтылғанымен, сабақты ұқтыру демейді, керісінше сөз ұғады, сөз ұқпайды делінеді.

Абай мұрасындағы кейбір тәлім-тәрбиелік пікірлерді дөп басып, тауып орынды пайдаланып келе жатқан мектеп мұғалімдерінің ақын шығармаларын әр түрлі пәндерді оқытуда дидактикалық мақсатта көбірек қолданып жүргенін байқадық. Атап айтсақ, олар сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асырумен қоса оқушыларда білім, әдет, дағды қалыптастыруда, белгілі бір ереже, қағиданы оқушылар ой-санасына орнықтырумен әдет, дағдыларға үйретуде ақын мұрасын тиімді қолдануға ұмтылыс жасағанын олардың сабақ үрдісін талдаудан көруге болады. Бұл, әсіресе, ақынның туғанына 160 жыл мерейтойына байланысты ерекше қуатпен кең қанат жайған. Олардың жекелеген мақалалары мен конференцияларда жасаған баяндамаларынан осыны аңғаруға болады.

Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларына байланысты ғалымдар мен жекелеген зерттеушілердің еңбектеріне тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, Ресей ғылым академиясының академигі, Грузия ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.К.Құнантаеваның “Ұстаздарға өсиет” [3] еңбегіне тоқталуға болады. Мұнда ғалым, ақын мұрасындағы ұстаздарға қатысты педагогикалық идеяларын болашақ ұстаздарды даярлауда пайдаланудың кейбір жолдарын көрсетеді. Сонымен бірге сөз өнерінің ұстаз қызметіндегі маңызын талдай келіп, ақынның “сөздің күші”, “сөздің қуаты” деген пікірлерінің маңызын ашып көрсеткен және сол арқылы болашақ мұғалімдерді сөзді дұрыс пайдалануға баулудың жолдарына тоқталған. Ғалым Абайдың “Қарашы өз бойыңда түгел ме екен, ыстық жүрек, оң шырай, қуат пен күш” деген пікірін ұстаздардың өзін-өзі тәрбиелеуде үлгі етіп алуға болатындығын дәріптеген.

Қазақ жеріндегі дидактикалық ой-пікірлердің дамуына арналған еңбектер саусақпен санарлықтай ғана. Солардың ішінде Абай мұрасындағы дидактикалық пікірлер А.Е.Дайрабаеваның “Қазақстанда дидактикалық ойлардың дамуы” тақырыбындағы ғылыми зерттеуін атауға болады. Ол Абайдың арнайы дидактикалық еңбектер жазбағанын, мұғалімдік іспен тікелей шұғылданбағанын айта келіп “оқудағы ықылас, ынта, тиянақты ұғым қалыптастыру, меңгерген білімді жүзеге асыру жөніндегі пайымдаулары дидактикалық заңдылықтарға өте үйлесімді айтылған” дейді. Ол ақын мұрасындағы дидактикалық заңдылықтар – ойлануға, салыстыруға жаттығу, машықтану жолдарын көрсетіп, шәкіртке ықпал етудің амалдарын сөз еткендігіне тоқталады. Сөйтіп А.Е.Дайрабаева ақынның дидактикалық, ағартушылық түсініктердің дамуына ықпал еткен, ғылым, білімді меңгеру жолдары мен әдістері, тәсілдерін тапқырлықпен айтқанын баса көрсеткен[33]. Сондықтан ақын мұрасына байланысты жүргізілген бұл зерттеудің отандық педагогиканы дамытуда өзіндік орны бар екені даусыз. Десек те, осы жерде оқу, білім, ғылым және оны меңгеру, осы іс-әрекеттің келіп шығу тегіне меңзейтін ақын пікірлері толық ашыла қоймаған. Біздің зерттеуіміз осы мәселені ашып көрсетуді жан-жақты да тереңдете түсу, жетілдіруді көздейді.

Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар және оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға арналған І.Р.Халитованың “Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж)” [9] ғылыми-зерттеуінде біршама тың мәселелерді көтерумен бірге ақын мұрасында дидактикалық ойлардың бар екендігін айта келіп [9], олардың кейбірлеріне тоқталған. Мәселен, оқыту мақсаты, оқыту міндеттері, оқыту қағидалары, т.б. тоқтала келіп оны педагогика пәндерінде пайдалану жолдарына да көрсетіп өткен. Жалпы бұл зерттеудің басты жетістігі ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің тұжырымдамасы болып табылады. Өйткені, Абай шығармаларын топтастыру және жіктеу өте күрделі мәселе. Себебі оның бір өлеңі не бір қара сөзінде сан алуан мәселелер көтеріледі. Осыған орай педагогикалық идеялары негізінен тәрбиелеу бағыттарына қатысты топтастырылып келген болатын. Бірақ, бұл топтастыру да ақын мұрасының тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін толык ашып бере алмайтын еді. Ғұлама ғалым М.Әуезов ақын мұрасын 15 топқа бөледі[15]. Дегенмен, бұлардың барлығы оның мазмұнын толық оқу-тәрбие мақсатында ашуға мүмкіндік бермейтін. Осы проблеманы түбегейлі зерттеген І.Р.Халитова оның біртұтас тұжырымдамасын жасап, сол негізде оқу үрдісіне енгізу және тәрбиелік мақсатта пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар берген[9]. Дегенмен, ғалымның бұл зерттеуінде ақынның дидактикалық ойлары толық берілмейді.

Кейінгі кездегі маңызды еңбектердің бірі К.Ж.Қожахметованың [8] “Қазақ этнопедагогикасының теориялық-методологиялық негіздері” тақырыбындағы ғылыми-зерттеуі. Оның мақсаты – қазақ этнопедагогикасының методологиялық және теориялық негізін айқындау деп белгіленіп зерттеу барысында педагогиканың методологиясы, этнос теориясы, этнопсихология, қазақ философиясы, мәдениет теориясының түпкі жиынтығынан (іргетасы) тұратын қазақ этнопедагогикасының негіздері айқындалған. Ғалым педагогиканы жалпы, ал этнопедагогиканы ерекше, қазақ этнопедагогикасы дара бола тұра өзара тығыз байланыста деп ой қорытады. Сонымен бірге этностағы этникалық және әлеуметтік бірліктің мәні туралы негізгі идеяны тануға септігін тигізетін халық педагогикасының, әлеуметтік педагогиканың, этнопедагогиканың байланыстары айқындалған.

Белгілі ақын Ә.Табылдиев “Қазақ этнопедагогикасын оқытудың дидактикалық негіздері” деген зерттеуінде Абай шығармаларын этнопедагогика тұрғысында оқытуды “өнер, білім, тіл, мәдениет келешегіне сәуле беру, ұлттық тәрбиенің ұрықтарын шашу” ретінде қарастыру керек екендігі айтылған[34]. Бірақ та ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерге тоқталмаған. Абай шығармаларының тәлім-тәрбиелік маңызы туралы кейінгі кездерде көптеп айтылуда, мәселен, С.Ғаббасов “Әлі күнге дейін, ашық айтылып батыл түрде талданбай жүрген, ...өзіне тән ерекшеліктерін даралай көрсетіп айтуымыз керек” дейді де оның мынадай ерекшеліктерін атайды: бірінші, ешкімге ұқсамайтын шәкірттік ғұмыры; екінші, ол өмір сүрген орта ерекшелігі; үшінші, жалпы әлеуметтік деңгейі мен отарлық сипаттағы қоғамдық ортаның зұлымдыққа толы жан төзгісіз ерекшеліктері[35].

Абай шығармаларын оқулықтарға ендіруде, оларды оқушылардың білім, біліктілігін қалыптастыруда, тәрбиелік мақсатты жүзеге асырудағы мән-мағынасын ашып көрсету туралы Б.Әрінова [36] ақын мұрасын эститикалық талдаудың маңызын айта келіп “оларда бір жақтылық басым болды, Абайдың ішкі жан дүниесіне үңілген жоқ” дейді.

Ақын өмірі мен қызметі жайлы мәлімет беруде оқушылардың өз алдына жұмыс істеуіне, іздену, зерттеу, жаттау, мәнерлеп оқу, айтып беру іспетті дағдыларын қалыптастырудың маңызын аша келіп, К.Кетебаев [37] ақын мұрасын мектепте оқыту сол арқылы олардың дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру екеніне тоқталады “баяндау барысында Абайдың әкесі мен қақтығыс диалогын екі оқушыға орындаттым” дейді. Мұнда мұғалімнің ақын шығармаларын дидактикалық құрал – оқушыда белгілі бір білім қалыптастыру мақсатында пайдаланып отырғанын көреміз.

Ақын өмірі мен қызметін оқыту мәселесіне бұдан басқа М.Әуезовтен [15], А.Көшімбаев [38], т.б. бірқатар авторлар тоқталады.

Абай мұрасын мектепке дейінгі жастағы балаларға жеткізу, сол арқылы тәрбиелік мақсатты жүзеге асырудың кейбір тұстарына тоқтала отырып О.Қаймолдаұлы [39] ақынның 6 жастан пайымшыл бола бастағанын айта келіп, ұлы ойшылдың осындай балалық шағы мен жастық шағының тәрбиелік ықпалы балалар мен жастарға ерекше болатынын белгілейді.

Абай шығармаларын дидактикалық мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды оқу-әдістемелік құрал Ұлықман Әбілдаұлы [40] жазған “Абайды оқу әліппесі”. Ол кітапты оқушыларға таныстыра келіп, “сенің сезімтал жүрегіңді нұрлы сезімге бөлеп, балаң қиялыңды қиырға талпындырып, балғын дүниеңе күш-жігер құяды” деп Абай мұрасының маңызын аша келіп, оқушыларды оның өмір жолы және қызметімен таныстырады. Ол ақын шығармаларын өлең, поэзия туралы білім қалыптастыру мақсатында, басқаша айтқанда, дидактикалық мақсатта пайдаланған. Осы кітапта өлең туралы түсінік бере келіп, оған мысал ретінде ақын өлеңдерін келтіріп, соңынан ондағы кейбір сөздерге түсіндірулер берген. Төменгі сыныптарда оқытуға болады деген бірқатар өлеңдерді келтіре отырып, соңында әр өлеңнің маңызын ашатын сұрақтар қояды, оқушылар өз алдына орындауына арналған дидактикалық сипаттағы тапсырмалар келтіреді. Мектеп мұғалімі Р.Анарбекова [41] ақын мұрасын М.Әуезовтің “Абай жолы” романының кейбір тұстарымен ұштастыра оқыту бойынша бірқатар дидактикалық сипаттағы кеңестер береді. Мысалы, ол “Абай өмірі мен еңбегінің Әуезов творчествосындағы орны” деген тақырыпта кесте түзіп, оған қоса сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастырған.

Бұдан басқа “Абай өлеңдеріндегі адамгершілік идеялар” тақырыбындағы мақаласында Х.Машаев [42] ақын өлеңдерін оқытудағы адамгершілік тәрбиенің маңызын аша келіп, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдеріне шығарма жазу, сауалнама өткізу, күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері, т.б. дидактикалық мәсе-лелерін зерделеген. Мектеп мұғалімі Т.Әділханұлы [43] “Талапқа сай талдадық па?” деген мақаласында ақын шығармаларын оқытуда кеткен кейбір кемшіліктерді талдайды. Ол ақын мұрасын оқытуда оған “идеологияның тар шинелін кигізу” тәлімдік мәні, тәрбиелік мақсатын ашу және күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін төмендететінін айта келіп, онда кәсіп қылу, еңбек етіп адал жолмен мал табу жолдарының бар екендігін және осылардың қазіргі кезге дейін толық ашылмай келе жатқанын айтқан.

Абайдың “Қара сөздерін” оқыту өз алдына дидактикалық жуықтау жолдарын қарастыру керектігін байқатады. Осыған орай М.Мырзахметов пен Қ.Майтанов [44] “Абайдың қара сөздерін оқыту” деген дидактикалық сипаттағы мақалада, оның ерекшеліктерін ескере келіп, оқушыларға арналған жұмыс түрлерін сол тұрғыда анықтау қажет екеніне тоқталады. Олар, әсіресе, ақынның “жан”, “тән”, “жан құмары”, “тән құмары” туралы айтқандарының тәрбиелік маңызына тоқтала келіп, ақын мұрасындағы осыған орай пікірлердің оқушыларға әлі де болса толық жеткізілмей келе жатқандығын көрсетеді. 1990 жылы жарық көрген “Қазақ әдебиетінен білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру” жинағында бірқатар авторлардың осыған орай мақалалары келтірілген. Атап айтсақ Т.Ақшолақов [45], А.Дайрабаевава [33] т.б. мақалаларын зерделей келе, олардың ақын мұрасын оқытудың әдістемелік тұстарын аша отырып, сол арқылы оқушыларда білім қалыптастыру, сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асыру мәселелеріне мән бергені белгілі болды. Бірақ, олардың ешбірінде ақын мұрасының дидактикалық маңызы мен дидактикасы келтірілмеген.

Зерттеу барысында ақын шығармаларын оқулықтарға ендіру мәселесіне қатысты Қ.Сыдықов [46], Тайжанов А [47], К.Шаменов [48], Н.Ғабдуллин [49], оны оқытудағы уақыт (бөлінген сағат) мәселесіне және мазмұнын таңдаудағы кемшіліктер жайлы пікірлер айтқан. Мәселен, “Әдебиет теориясынан алғашқы ұғымдар” тақырыбындағы мақаласында С.Дүкенбаев [50] ақын мұрасы арқылы оқушыларға өлең, поэма (дастан) туралы ұғымдарды меңгерту әдістерін зерделеген. Ал Б.Шалабаев [51], М.Ақынжанов [52] ақын шығармаларын әр қырынан қарастырады.

Педагогиканың теориялық мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеуінде А.Н.Ильясова [10] жалпы оның даму кезеңдерін 1900-1960 жж аралығындағы тенденцияларын бүгінгі күн қарастыра келіп мынадай мәселелер төңірегінде зерттеулер жүргізген педагогикалық теория негіздерінің қалануына әсері тиген саяси-әлеуметтік жағдайлар; “Алаш” қозғалысы және оның көсемдерінің білім мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған прогресшіл идеялары мен белсенді іс-әрекетінің ықпалы тарихи-педагогикалық тұрғыда талданып қорытылған.

Еңбекте педагогикалық ұйымдастыру ерекшеліктері мен заманның дәуірі арасындағы дидактикалық байланысы, ғылыми-педагогикалық ізденістердің жағымды және жағымсыз нәтижелері айқындалған. Мәселен, білім саласының дамуына қатысты заң актілерінің жасалуы, мектептің әртүрлі типтері, білім мазмұны, жазу және алфавит проблемасы, сабақтың құрылысы, оқытуды ұйымдастыру, т.б.

Зерттеу жұмысында 40-60 жж. аралығында педагогиканың теориясының даму бағыттары, әдіснамалық негіздері сол кездегі қоғам қайраткерлері, педагог-ғалымдар т.б. еңбектерін зерделеу арқылы анықталған. Ғылыми-зерттеуде 60-жылдардағы педагогиканың тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі педагогикалық теорияның тәжірибелері іріктеліп алынған.

Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысына қатысты жазылған ғылыми зерттеулердің барлығында Абай мұрасы қамтылады. Мәселен, Ж.Т.Баймағанбетова “Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы жас кезеңдеріне қатысты тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер (XVIII-XIX ғғ.)” жұмысында Абай шығармаларындағы жас кезеңдеріне қатысты пікірлерге тоқталады[53].

Абай шығармаларындағы дидактикалық пікірлерді айқындау бағытында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ондағы дидактикалық пікірлердің жалпы педагогикадағы ойларды толықтырып анықтай түсетіні және осы жұмысты өз зерттеуіміздің міндетінде көрсеткенімізді тағы бір рет дәріптейміз. Сонымен жалпы педагогикадағы дидактика мен Абай мұрасындағы дидактикалық ойлар оқыту теориясының құрылымын төмендегідей үлгіде көрсетуге мүмкіндік берді (кесте 2).

Абай Құнанбаев шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тарихы мен теориясына арналған зерттеулерде, қазақ жерінде дидактикалық ой-пікірлердің дамуына арналған еңбектерде, ақын мұрасын этнопедагогика, психология тұрғысынан зерделеген еңбектерде, оның тәлім-тәрбиедегі құндылығы бағаланып, іс жүзінде қолдану жолдарын қарастырған.


Кесте 2

Ақын мұрасындағы дидактикалық ойлар құрылымы




Сондай-ақ, үйрету мен үйренудің педагогикалық, психологиялық сипаттамасы толық ашылмағандығы белгілі болды. Іздену – бұл оқу, білім алу іс-әрекетіндегі басты мәселе болғандығына қарамастан бұл туралы да терең ашып айтылмайды.

Ұғынып, түсіну - дидактикалық үрдістің аса маңызды құрамдас бөлігі бола тұрса да, ол туралы анықтамалар, ережелер мен қағидалар және ұстанымдар толық қарастырылмаған. Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай ақын шығармаларында кездесетін білімнен бастап оны іс жүзінде қолданып, керекке жаратқанға дейінгі аралықта оқыту, үйрету, білдіру, ұғындыру, түсіндіруден шәкірттің оқып, біліп, үйреніп, ұғынып, түсінуіне дейін немесе ұстаздан оқушыға жеткенге дейін және одан кейін барлығы оқытушы мен оқушының іс әрекетінен тұрады.




































1.2 Абай Құнанбаевтың мұрасындағы таным үрдісіне қатысты ойлар


Дидактика туралы сөз қозғағанда оның “атасы” Я.А.Коменскийдің “Ұлы дидактикасын” және басқа да классик педагогтардың еңбектерін айналып өте алмаймыз. Қаншама ғасырлар өтіп, қаншалықты жаңалықтар ашылғанымен оқыту[17], білім берудің негізі әлі күнге осы ғұлама ғалымның айтқанын, жазып қалдырғанын негізге алып келеді. Осы еңбекте ол дидактиканы “бәрін барлығына үйрету туралы өнер” деген. Ол “үйрету” сөзіне білдіру, оқыту, жаттықтыру деген секілді іс-әрекет түрлерін жатқызып ерекше кең мағына береді. Я.А.Коменскийдің педагогикалық көзқарастарына қатысты сөз қозғағанда алдымен оның жалпы дүниетанымына тоқталып, “Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік те көзқарастарда болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан түсіндірді” дей келе, оның оқу мен тәрбие жүйесін құруда таным мәселесінің негізгі жақтарын ескергендігіне мән береді[17] . Әйтсе де мұнда “Коменский ақиқаттың бір саласы – логика, оның көзі – діни сапа.., ал екінші саласы – табиғатты танудан шығады” деп белгілеген. Оның жалпы педагогикалық көзқарасының негізі – мектеп адамгершіліктің шеберханасы болуы керек деген тұжырымға негізделеді де барлық ой-пікірлерін: оқу мен жазуға үйрету, ойды жүйелі баяндауға дағдыландыру секілді күнделікті өмірге қажетті іс-әрекет түрлерін дамытудың жолдарын іздестіреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Абай Құнанбаев та өз шығармаларында өсіп келе жатқан жас буындарды оқыту, оларға өнер үйрету немесе олардың белгілі бір өнерді меңгеруіне мән бергендігі өткен 1.2-пәреде айтылды.

Көріп отырғанымыздай, бүкіл әлемдегі оқу, оқыту жүйесіне ықпал еткен және осы уақытқа дейін басқадай тиімді жолдары, әдістері, тәсілдері, ұстанымдары табылмай, егер табылса тек осы және басқа да классик педагогтардың ой-пікірлеріне негізделген, оны дамытып не өзгертіп қана отырған дүниетанымы мен білім беруге көзқарасы алшақ кетпегендігін байқаймыз. Мұны айтып отырғандағы себеп ұлы Абайдың да осы іспеттес оқыту мен білім беруге болған көзқарасы жалпы дүниеге болған түбегейлі ой-пікірімен үндесіп, сабақтасып кетеді. Оның білім, ғылымға, өнер үйренуге болған көзқарасы жалпы дүниетанымына, философиялық ойларына негізделеді, білім, ғылым ақын пікірі бойынша дүние, мал табудың көзі болуымен пайдалы. Абай “дүние де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл берсеңіз” немесе “түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып білім алған” деген. Осы арқылы ол адамдарды, әсіресе, жастарды оқу, ғылымға қызықтырғысы келеді. Ол ғылым, өнердің мал тауып жақсы өмірге тұғыр болатынын “ниетің түзу болса сенің аппақ, ғылым, өнер, мал таппақ жұртқа жақпақ” дей келе, өнер туралы “әуелі өнер үйренелік қолдан келсе”, немесе “ұқпасын ба сөзді тез өз өнері тұр таяу” деп өнер мен ғылымды адамның қабілетімен байланыстырады.

Ғалымдар және басқа да ақын мұрасын зерттеушілер көріп отырғанымыздай, ақынның жалпы дүниеге көзқарасын, оқу, білім туралы пікірлерін зерделегенімен олардың адамның оқу, білім алу іс-әрекетіне, даму үрдісіне болған ықпалы, таным теориясына қатысы терең қарастырылмайды.

Бұл ретте, әрине, абайтанушы, белгілі ғалым академик, жазушы М.О.Әуезовтің ой-пікірімен санаспауға болмас[15]. Ақын мұрасын зерттей келе оның дүниетанымына қатысты айтқан пікірлерін жинақтасақ, ол ақынның жалпы көзқарасын белгілі бір бағытқа байлап қою не болмаса ат қойып айдар тағудың орынсыз деп санайтынын көреміз, сол себепті болса керек ол өзі оны нақты атап көрсетпеген. Шығармаларын талдай келе әрқайсысының мәнін ашып көрсету кезеңі сол мәселеге болған пікірін білдіріп отырады. Мысалы, дінге қатысты өлеңдері мен қара сөздерін талдағанда оны толық идеалист деп атауға, ал дүниені танып-білу жолдарына қатысты шығармаларын талдағанда материалист не болмаса дуалист, сенсуалист, т.б. деуден бойын аулақ салады. Бұны оның С.Мұқановтың “Абай Құнанбаев” [55] монографиясына жазған пікірінен байқауға болады. Ол “адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз” деген. Жалпы ақын көзқарасына байланысты пікірін ол “Абай діні - өзінің заманы мен ортасына бір жағынан, сырттай баж бере отырса да, негізінде және де ақылдың, адамгершіліктің діні болады” деп түйіндейді.

Әрине, Абай секілді кесек тұлғаның ауқымды ой өрісін, кең пікірін кейбір жекелеген ұғымдарға сыйғызу оның мәнін таяздатып, маңыздылығын төмендетер еді. Дейтұрғанмен, кейбір философ ғалымдар оның көзқарасын нақтылап айқындап, атап көрсетуге тырысқан. Абай дүниетанымының үш арнасын зерделей келе “...діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі”, М.Әуезов [15] “Абай рационализм мен демократизм бағытын ұстанды” десе, Қ.Бейсембиев “Абай дуализмге жол берді” деген пікірлер айтқан[56]. Ақын шығармашылығының бастауын, қайнар көзін шығыс, батыс, қазақтың ұлттық әдеби мұрасы дей келе М.Әуезов “өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды” [15]. Оның шығармаларындағы барлық ой-пікірлердің түп негізі философияға барып тіреледі. Сондықтан қай тұрғыдан талдап, іс жүзінде қолданудың қандай жолдарын іздестірсек те алдымен, оған осы тұсынан таянудың өзі ақын шығармаларының табиғатын дұрыс түсіну арқылы оған жуықтау болар еді. Абайдың білім, ғылымға қатысты ой-толғаулары философиялық сипатта болғандықтан оны гносеологиямен тығыз байланыста десек жаңыла қоймаспыз. Гносеология – грек сөзінен аударғанда таным, ұғым, үйрену деген мағынаны бідіреді. Ол таным үрдісінің маңызы мен заңдылықтары туралы ілім. Гносеология зерттейтін басты мәселе: танымның пәні мен оның келіп шығу тегі қандай; оның негізін қалайтын нәрселер мен қозғаушы күштері нелер; таным үрдісі қандай сатылардан тұрады; оның әдістері мен формалары; шындық деген не; таным мен практикалық іс-қимыл арасындағы қатынас сипаты, т.б. Философияда адам материалдық орта құбылыстарын, олардың өзара байланыстарын, мәмілелерін, өзара алмасуларын, қарама-қайшылықтарын түсінуі үшін оның санасында туындайтын ұғымдар соншалықты икемді, жүйрік, қарама-қайшылықты болуы тиіс делінген. Абай мұрасындағы дидактикалық ойларды зерделеуде, оларға сипаттама беруде және ішкі қайшылықтарын ашу мен мүмкіндіктерін қарастыруда біз осы заңдарды негізге алдық. Таным үрдісінің бастамасы қоршаған ортаны қабылдау, бұл туралы психолог ғалым Л.А.Венгер оны қабылдау іс-қимылы (перцептивные действия) дей келе, ол туа бітпейді оның пайда болуына дейін сырттан хабар алатын саңылаулар (анализаторлар) әрқайсысы өз алдына, бір-біріне тәуелсіз қызмет етеді[57]. Ол “первые перцептивные действия формируется в результате включения этих сенсорных процессов в осуществление элементарных практических действии ребенка. Они представляют собой отоброжение свойств предметов в единицах двигательных возможностей самого ребенка.

Осы тұрғыдан жуықтайтын болсақ, дүниеге келген тірі жанның танымының бастауын ғұлама ақын 7-қара сөзінде “жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады” олардың бірін тән құмары, екіншісін жан құмары дей келе, соның танымдық тұсын “біреуі білсем екен демеклік” дейді де, оның дамуының алғашқы кезеңін не көрсе соған ұмтылып, жалтыр-жұлтырға қызығып, дәмін татып, бетіне басып, дауысқа ұмтылып; одан кейінгі кезеңін - одан ержетіңкірегенде, психология тілімен айтсақ, өмірден алған тәжірибенің кейбір элементін жинаған соң “ол немене?”, “бұл немене?” деп “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп көзі көрген, құлағы естігенннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді, “бұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген” ой қорытады. Бұлар тірі жанның адам болып, әлеуметтік ортаға қосылуының бастамасы, танымының біртіндеп үнемі жаңа сатыға көтерілуінің алғашқы кезеңдері. Ұстаз Абай адам болып қалыптасудың басты белгісі осы танымының өмір өтіп тірі жан өсіп жетілген сайын тереңдеп, ауқымының кеңейе түсетінін пайымдаған, егер олай болмағанда мұндай тірі жанды адам қатарына қосуға болмайды. “Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады” дейді және адамның жаны хайуан жанынан ірі, әсерлі болатынын белгілеген. Танымның ары қарай қалыптасу кезеңін “жан тамағы” немесе жан азығын толықтырумен болатынын айта келіп, “көз көрген нәрсенің сырын қалай білуге болады деп көңілге” ой салу арқылы толатынын айтады[54].

Таным үрдісінің негізін талдай келе оны дұрыс ұйымдастырудың басты шартын “алтын ережесін” Я.А.Коменский “мүмкіндігінше барлығын сезім арқылы қабылдауға шарт түзу: көрінетінді көру арқылы қабылдауға; естілетінді тыңдауға; иісті искеуге; дәмді татуға; түйсінетінді түйсіну арқылы, егер белгілі бір затты мүмкін болса барлық сезім мүшелерімен қабылдауға шарт түзуді” талап етті[15].

Таным тұрғысынан алып қарасақ, ақын 38 қара сөзінде алдымен ғылым, білім жайлы сөз қозғайды да, одан соң таным үрдісінің кезеңдеріне тоқталады. Ақынның білім, ғылым жайлы пікірінің тақырыпқа сай тұстарын екшеп алып қарастырып, одан соң оның таным үрдісі жайлы ойларына қарай ойысамыз[54].

Махаббат туралы ой толғау – Абай ілімінің бір тұтқасы. Ол осы ұғымның мән-мағынасын құмарлық, ғашықтық, сыйластық, достық секілді ұғымдарымен шатыстырмай өзінше жеке бөліп алып, оны адамның ішкі жан-дүниеннің басты қажеттенуі, мәңгі ізденіс, шындыққа сүйіспеншілік ретінде айтып отыр. Осы тұрғыдан алып қарасақ, ақын мынадай үш сүюді “имани гүл” деп сипаттайды. Олар: “сиддық, кәрәм, ғақыл” – шындық, ізгілік, даналық болса, осы үш сүюдің тағы бір сипаты – адамзатын, Алланы әділетті сүю. Ақынның осы діни көзқарастарының да кейбір тұстары Я.А.Коменскийдің пікірлеріне сәйкес келеді. Мысалы, Я.А.Коменский, әлемді құдай жаратқан, ал танып, білу бұл құдайға жол іздеу дейді. Оның бұл пікірі кезінде діни бағыттағы көзқарас ретінде бағаланған еді[15]. Бұл әуелі Алла тағаланың басты қасиеттерінің бірі болып адамға берілген мүмкіндік ретінде қарастырылады. Ғылым, философияда – зат, табиғат, қоғам құбылыстарымен ой жүргізу және олардың арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Қазақтың ұлттық энциклопедиясында “Адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы” дей келе ғылым заңдарының ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп, мазмұндап беруге септігін тигізетіні көрсетілген. Ақын осы жерде ғылымның мынандай екі түрлі саласын атап өткенін айтпасқа болмас: біріншісі, “Алланың ғылымы”, қазіргі күні біз оны дінтану дейміз де ізгілікті ғылымдар қатарына жатқызамыз; екіншісі, “һәммәні білетұғын ғылым” – біз оны жаратылыстану бағытындағы ғылымдар жүйесіне жатқызамыз[54].

Ақын ғылым іздеу үшін оның өзіне махаббат құмарлық болуы керек екенін дәріптей келе, малға, мансапқа құштарлық пен ғылым екеуінің қабыспайтын тұсын “мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-хұрмет таппақ” секілді нәрселердің махаббаты бірлән ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды” бұл жерде ақынның дидактикалық ойларын талдауды мақсат еткендіктен оның ғылым, таным туралы осы қара сөзіндегі пікірлерін басқа бір еңбектің үлесіне қалдырамыз.

Ақын енді осы ғылымды меңгеруді білім арқылы келетінін “ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басынды зорлықпенен, яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша”, - дейді. Байқап қарасақ, осы жерде үш дидактикалық ой жатыр. Олардың біріншісі, баланың, оқушының бойындағы ерік күшін жұмылдыру, оқу білім алу барысында кездесетін сәтсіздіктерге төтеп беруге баулу, басқаша айтқанда, әрқандай пәнді меңгеру барысында кездесетін тапсырмаларды орындау, мәселелер шығаруда мойымай іздену арқылы жол табуға болатынын оқушылардың санасына сіңіру; ең бастысы оқу еңбегіне дағдыландыру; екіншісі, алдау мен ғылым, білімге, оқуға үйір қылу; бұл қазіргі кезде дәстүрлі емес әдістермен ұштасатын секілді. Солардың бірі сабақ үстінде ойын тәсілдерін қолдану, мысалы, рольді ойындар, конкурс сабақтары, бәсеке, пікірсайыс, т.б. белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушыны білімге еліктетуді көздеп ұйымдастырған сабақтар. Бұл оқушылардың белсенділігін арттырып, білімді меңгеруін жеңілдетеді. Үшіншісі, оқушының қызығуын ояту арқылы өзінің ізденуіне түрткі беру. Ақынның осы жердегі “үйрене келе өзі іздегендей болғанша деген пікірін дидактиканың “үйрету-үйрену” деген басты тұжырымымен тектес деуге болады. Ол баланың (оқушының, студенттің) ғылым, білімге ынтасын арттырудың негізгі жолы оған сүйіспеншілігін “қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” демекке Абай ғылым, білімге құштарлықты адамдық қасиеттің бір мәні ретінде ой түйіндейді. Осы қара сөзінде ол ғылым деген ұғымға “адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хиқметін білмекке ынтық” болуы мен болатынын белгілеген. Бұдан “ғылым” дегеніміз хақиқатты, растықты не болмаса шындықты іздеу және әр нәрсенің хикметін-қасиетін, сипатын, мүмкіндігін іздеп табу үрдісі деп ой түйіндеуге болады. Осы қара сөзіндегі ақын пікірлерін зерделей келіп ғылымды тәрбиенің бір құралы ретінде қарастыруға болатынына көз жеткіземіз, “білмекке ынтық бірлән табылады” дегені міне осыған меңзейді. Өйткені, ғылым арқылы зат, дүние, қоғам, адам құбылыстарының хиқметін-кереметін, қасиетін, шынайы сипатын танып білу арқылы оған қызығушылық туындайтыны белгілі. Бұған “һәммәні білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді” дегенін дәлел ретінде келтіруге болады.

Оқытудағы басты мақсат білім беру болса, бүгінгі күні бұған қоса баланың, оқушының өз белсенділігі мен ізденімпаздығы ерекше мәнге ие болып отыр. Ақынның осыған орай “ғылым іздеп ой тап” деген тұжырымы қазіргі кезде аса маңызды.

Іздену – жалпы оқу іс-әрекетінің арқауы десек те болады. Оқытудың алғашқы күнінен-ақ оқушыны біртіндеп ізденуге үйрету бүгінгі күн талабы болып мұндағы мақсат олардың барлығын бірдей ғылым іздеуге ғана емес, жалпы ізденуге баулу, соның жолдарын үйрету. Ғұлама ақын Абай Құнанбаев айтып отырған іздену тұжырымы көп қырлы, сан алуан мағынаға ие. Ол “кітап бетінен оқып іздену” “көңіл ізденуі” (44 қ.с), [54], “ісмерлер іздеп...көріп”, “өнер іздеп”(33 қ.с) [54], т.б. іздеулерден тұрады. Оқу үрдісінде бұлардың барлығы дерліктей оқушының ізденуін қалыптастыруда қолдануға болатын дидактикалық пікірлер. Мектеп және басқа да оқу орындарында бұлардың барлығы үйрету арқылы жүзеге асады:

- кітаптан оқу арқылы ізденуге үйрету;

- оқыту барысында шын ниетпен табу үшін іздеуге тәрбиелеу;

- қызығып, білсем екен, көрсем екен деген ынтамен ізденуін дамыту;

- іздегенін нағыз білгірлерден сұрап білу, шеберлерден көріп үйренуіне шарт түзу;

- ғылым, білім, өнер, жақсы тұрмыс, мазмұнды өмір іздену арқылы тапқанын іске жарату арқылы жүзеге асатынынына оқушыларды иландыру.

Ғылыми педагогикалық пікірлерге сүйенсек, дидактиканың мақсаты оқыту мен оқу, басқаша айтқанда, білім беру мен білім алу үрдісінің заңдылықтарын зерделей отырып, оны тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастыру деуге болады.

Қазіргі кезде оқу үрдісінің заңдылықтары туралы әр түрлі пікірлер бар десек те, ол философияның гносеология саласының заңдылықтарымен ұштастыра қарастырғанда ғана дұрыс болмақ. Осы желімен пайымдасақ ақынның “...өз ижтиһадің бірлән, ниет халис бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ”, атап айтқанда, шын көңілден, таза ниетпен ізденсең ғана ғылым-білімді меңгере алуға болады, әйтпесе жоқ- міне бұл танып-білудің басты заңдылығы деуге болады. Ақын сөзінен тапқан одан кейінгі заңдылық “пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек”, сөздің мәніне үңілсек танып білу, ой жүргізу арқылы әсерлену туындап, одан барып білім қалыптасады және әсерлену жолымен табылған білім берік, мәңгі есте сақталып қалатыны психологтар тарапынан айтылған. Оқу үрдісінде бұл оқуға, білім алуға белсенді араласу үшін оған дайын болу, ой-санасы мен сезімін соған аударып, зейін қою. Одан соң оқу барысында сезім мүшелерінің барлығын тыңдау, көру, бір істі орындау, иіске, түйсіну мүмкіндіктерін қабылдауға жұмылдыру. Қабылданған мәліметтерді талдау, топтау, жіктеу, салыстырмалау, т.б. үрдістер арқылы пайдалысын және қажетсізін іріктеу одан соң, қорытындылау. Мұнда іріктеп алынған мәліметтердің қажеттілігін, мүмкіндіктерін пайымдап ең соңында іс жүзінде қолдану. Оқытудың мәні де осы алған білімін адамзатының пайдасына жарату емес пе? Ғұлама ақынның 38-қара сөзінде [54] дін философиясы жайлы көп айтылғанымен оның арасында таным үрдісіне – гносеологияға қатысты пікірлер көптеп кездеседі, мәселен, “ғибратланушыларға тыю жоқ, бәлки сұнғатынан себебін білмекке құмарлықтан саниғна ғашықтық шығар” немесе әсер мен әсерленудің шексіздігі, шеберліктің себебін білуге құмарлық, жарату немесе жасампаздыққа ғашықтық – барлығы да зерттеу, іздену мен танымның басты талаптары. Іздену үрдісі, іздегенін тапқаннан кейінгі рахат, ләззаттың өзі де адамды таным іс-әрекетіне жетелейтін, қозғаушы күш десек болады, ойды тереңдете түссек, іздеуші “әрбір нәрсенің себебін таппақ бірлән ләззаттанады”. Ғұлама ғалым Абайдың таным туралы пікірінің бірі “әгәрше фатлубни тәжидуни - талап қылсаң табасың” дегені хакімдердің ізденістеріне қатысты айтылғанымен ғылым, білім іздеуде де талаптың орны бөлек. Қаншалықты ақылды болса да талабы болмаса құр ақылдың ғылым, білімге пайдасы аз.

Өйткені, 38-қара сөздегі таным жайлы пікірлер енді осы үрдістің дамып, қалыптасу сатылары тұрғысында жалғасын тапқан. Негізінен бұны таным үрдісінің психологиясы деуге де болады.

Ғалым Абай бұл жерде таным үрдісіндегі сезім мүшелерінің қызметі мен мотив-тілек, ырықты-ырықсыз рефлекстер туралы “..білсем екен, көрсем екен арзу, бұлардың да басшысы жибили” немесе ырықсыз қызығудан туындайтынына меңзеген[54].

Оқыту, үйрету таным үрдісінен басталады. Ал таным үрдісінің ең тиімді анықтамасын кезінде В.И.Лениннің түбегейлі айтқаны белгілі, ”нақты пайымдаудан дерексіз ойлауға және онан практикаға көшу - ақиқатты танудың, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы, міне осындай” деп жазған, бұны таным үрдісінің сатылары немесе кезеңдері деуге де болады[58].

Диалектиканың таным туралы қағидаларына сүйенсек, ол мынадай үш сатыдан тұрады:

1-сатысы, қоршаған ортаны: зат, дүние, адам, т.б. жанды қабылдау. Бұл тек қана бас миында көргенін, естігенін, түйсінгенін шағылдыру емес, сол қабылдап отырған нәрсенің сипатын, қасиеттерін саралау, сол негізде ары қарай ой жүргізу. Бұнда сезім мүшелері арқылы қабылданған қасиеттер негізінде жауап іздеу басталады. Халқымызда “қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті, жүйрікте не жүйрік” деген жұмбақ бар. Бұл балаларды ой жүргізуге тәрбиелеу үшін тапқан жұмбақ және ол осы таным үрдісінің алғашқы кезеңіндегі ой ұшқырлығын сипаттайды. Осы сәттен бастап дереу ойлау басталады. Әлгі жанды қабылдау дегеніміз – міне осы. Себебі, қабылдап отырған зат не құбылыстың қасиеттері ой туындатады, дереу бас миын қызметке қосады. Бұл кезеңде қабылданған қасиеттерді түсіну, сараптау, іріктеу жүргізіледі. Абай 43-қара сөзінде “ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көңілге түседі” дегенін зат не құбылыс туралы сыртқы сезім мүшелері мен ішкі түйсік арқылы мәліметтер жинау және оны ой елегінен өткізіп, талдау, саралау кезеңі десек те болады, бұны ол “көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілге суреттемек” деп келтіреді. Іріктеп алу барысында қажеттілерін көңілге түйіп, еске сақтап, керек еместерін ұмытады[54].

Осы кезден танымның 2-сатысы – дерексіз ойлау басталады. Белгілі болғандай бұл кезеңде әлгі қабылданған қасиеттер негізінде салыстыру, топтау, жіктеу, екшеп бөліп алу, талдау, жалпылау, жекеден жалпыға, жалпыдан жалқыға, белгіліден белгісізге деген секілді қиялдану, сұрыптау арқылы ой қызметі немесе дерексіз ойлау жүргізіледі, ақын мұны “кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жиғаны бар адам: сынап орынды-орынсызын бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады” деп ой өрбітеді.

Әлгіндей ой елегінен өтіп сараптау жүргеннен соң ғана осы ми қызметінің нәтижесі ретінде зат не құбылыстың қасиеті, сапалары анықталады, бірақ не үшін қажет екені белгісіз. Бұл таным үрдісінің 3-сатысының басталуы. Сол кезде әлгі белгілі болған қасиет, сапалар тексеріліп, тәжірибеден өтеді, “...жақсы нәрседен көңілде жақсы әсер хасил болу секілді нәрселер” дегені осыған сай келеді. Осы кезеңде көмескілер нақтыланып, ұғымдар, түсініктер туындайды, “тыстан тауып алып, ішке салғанын” бекіту іске асады. Абай осы үрдісті “жан қуатыменен адам хасил қылған өнерлерді күнде тексерсең күнде асады” осы кезден бастап, айқындалған нәрсені іске қосудың басталатына меңзейді.

Ғұлама ұстаз Абайдың таным үрдісіне қатысты пікірлерінің шыңы осы 43-қара сөзінде [54] мынандай үш түрлі ұғым төңірегінде даму тапқан: “подвижный элемент” – біз бұны қозғаушы қуат-энергия деп ұғындық; одан кейінгісі “сила притягательная однородного” – сараптау деп, ал “впечатлительность сердца” – әсерлену немесе сыртқы ықпалдан туындайтын көңілде қалатын із, тап деп ұғындық. Осыларды талдаудан бұрын “қуат” сөзіне ақын берген мәнділікті ұғыну керек секілді. Қазіргі күні қуат дегенді энергия деп пайдаланып жүрміз. Адам психологиясына қатысты орыс тілінде энергия, мысалы, энергичный деп қам-қарекетшіл адам туралы айтады. Қазақ тіліндегі Ж.Аймауытовтың “Жалпы психология” [12] оқулығында “Танымдық жан қуаттары” деген тақырып астында түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял ұғымдары талданады. Оқулықта “қуат”, “жан қуаты” ұғымына талдау не анықтама берілмеген. Бұдан Абайдың қуат дегені осы психикалық үрдістерді айтып отырғанын, оның 43-қара сөзіндегі пайымдауларынан байқаймыз[54].

Психолог ғалымдардың және Абайдың “қуаттың ішінде үш артық қуат бар, ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты” деген пайымдауларын зерделей келе, қуат деп – адамның психикасы немесе ішкі жан дүниесін қимылға келтіретін, түрткі беретін тұлғаның өз бойындағы күштерін айтуға болады деп түйіндедік. Жобада айқын айтқан үш қуат таным тұрғысынан қарастырылды.

Біріншісі “подвижный элемент”, бұны ақын өзі “не көрдің, не есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозғап жібереді” дегені жалпы таным үрдісінің алғашқы кезеңіне тән десек, бұл біз әдетте қолданатын ақылды, ақылы күшті, ақылы терең, ақылы көп, не болмаса ақылсыз, ақылы жоқ, ақылы жетпейді дегендермен салыстырсақ, ақыл күшінің өлшемі, мөлшерінің көрсеткіші болса керек. Өйткені, ол ары қарай “керекті уақытында ойламай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып” деп жалғастырады. Уақыт қашанда көрсеткіш екенін ескерсек, әлгі қозғаушы күштің жылдам не баяулығы, оның бір көрсеткіші болып табылады. Демек, әркімнің танымдық мүмкіндігін оның ой қызметі көрсетеді.

Екіншісі, “сила притягательная однородного” – таным үрдісінің екінші кезеңіне сәйкес келеді, “бір нәрсені естіп, көріп, білдің, хош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің” – салыстыру, сараптау немесе Абай айтқандай “түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап...” дегені таным үрдісінің екінші сатысы, дерексіз ойлауға саяды. Одан соңғы кезең практикада тексеру болатынын ол “білгенін тексеріп” деп келтіреді. Таным үрдісінің іздену, талаптану, білуге құмарлық секілді ішкі қозғаушы күштер арқылы іске асатынын пайымдаған ғұлама Абай осы жерде “білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды” деген ой желісімен дәріптейді.

Үшінші, “впечатлительность сердца” сырттан келетін мәліметтердің психикада таза, жақсы айнада шағылғандай, дұрыс шағылуы “жүректе анық, рәушан” болып түсуі. Ақынның осы пікірінің аса тереңде жатқан бір мәселені қозғайтынын айтпасқа болмас. Ол Абай өзі айтатын жүрек тазалығы, “яғни жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт нәрсе бірлән кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық, рәушан болып түседі”, - дегені. Осыған орай ақынның 31-қара сөзіндегі [54] тағы бір пікірін келтірсек, ол мынандай ой кеселдері: ”уайымсыз, салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу” дейді де, осы төрт нәрсені күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын ңәрселер деп ескертеді.

Сократ пен оның шәкірті Аристотель арасындағы Жаратушы иеміздің құдіреті жайлы сөз болатын әңгімені келтіруде Абай Құнанбаев сыртқы дүниені танып білудегі дененің әр мүшесінің қызметін айта келіп “әуелі көзді көрсін деп беріпті, құлақ болмаса жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік, бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?” деп ой қорытады. Мұнда дененің әр мүшесінің дүниені танып-білудегі мәнін ашып көрсетеді. Дүниені танудағы ағзалардың қызметін дәріптей келе, олардың барлығының ақылмен байланысын “өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып һәм бірі-біріне себеппен байланыстырылып” ой қорытуға, таным мүмкіндігін анықтауға, жалпы өмір сүруді көркем және пайдалы етуге ең бастысы білім, ғылымды меңгеруге шарт түзеді.

Таным үрдісі ақыл-ой қызметімен сезім мүшелері арқылы ғана іске асады десек жаңсақ болары анық. Сол себепті, мұнда адамның ішкі жан-дүниесінің алатын орны бар. Жан-дүние деген поэзияға жақын сөзді ғылым тіліне аударсақ, ол психиканың қызметі болып табылады. Олар өз кезегінде әртүрлі атауларға ие болып ойлау, сезіну, түйсінуден бастап қызығу, қажеттену, талаптану, аңсау, құмарлану, т.с.с. қамтиды. Ақыл, ой-қызметінің сапасы мен мүмкіндіктерін көрсетеді, мысалы біз әдетте ақылды, ақылсыз деп жатамыз. Бұның дидактикалық мәні тереңде жатқанымен адамның көзкөрінеу іс-қимылы, мінезі, жүріс-тұрысы тағы басқаларына қарата берілетін баға

Сол себепті ол ақылды кісі мен ақылсыз кісінің айырмашылығын осы тұрғыда бағалайды. Алайда, 15-қара сөзінде [54] қызығуды адамның танымдық іс-әрекетінің басты қозғаушы күші ретінде пайымдағанын көруге болады. “әуел- пенде адам болып жаратылған соң, ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсені іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалып” - дегені бұған дәлел. Қызығу – бұл психиканың қызметі үрдісі болып, ол адамның белгілі бір нысананы таңдауы болып, сол нысананың өмірлік мәні, тартымдылығын білдіреді. Ол қажеттену негізінде туындайды, бірақ онымен қабысып кетпейді. Қызығу әртүрлі затқа не іс-әрекетке қарай бағытталады да, егер ол тұрақтанып қалса қажеттенуге айналады.

Абайдың “есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен..” дегені осы қызығудың тұрақтанып қажеттенуге айналуына мысал. Осындай тұрақтанған қызығудан туындаған қажеттену адамның таным ауқымын кеңейтуге және тереңдетуге себеп бола алады. Бұны ұстаз “...әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен... әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде бір түрлі мастық пайда болады екен” деп қызығу мен қажеттенуден туындайтын құмарлықты таным үрдісін жүзеге асырудағы қозғаушы күш ретінде қарастырады. Одан кейінгі іс-әрекетті осы үрдістердің тереңдеуі ретінде талдай келіп “бір түрлі мастық пайда болады екен” деп одан соң оның пайдалы зиянды тұстарын зерделейді. Мастықты ол мынадай екі түрде пайымдайды: біреуі оғаттыққа жетелеп ақылдың көзін байлайды; екіншісі бойды сынататыны. Осы кезден бастап есті мен есердің танымы екіге айырылады: есті кісілер “ақылды қолдан жібермей...ізденеді, есер... екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі, соны көрдім” дейді. Осыдан барып ол мынадай ғылыми-педагогикалық маңызы терең, оқу теориясында ескермесе болмайтын кеңес береді, “есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал” деп ары қарай мұнда не нәрсені ескеріп есеп алу керек екенін “сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей өткізіпсің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?” [54].

Білім алу, білім беруді ұйымдастыру ғылыми білім арқылы дүниені тану үрдісі десек жаңылмаспыз. Өз кезегінде есеп алу осы үрдістің дұрыс, бұрысын, мақсат, міндеттерін айқындап алуға көмектеседі.

Таным үрдісіндегі ақыл қызметі, ондағы ерік, күш, қайраттың орны, сезіммен осы алғашқы екеуінің байланысы Абайдың 17-қара сөзінде [54] қарастырылады. Біз ақын, философ деп жүрген Абайды ұстаз ретінде танытатын бір тұсын осы қара сөздері екені айтпаса да белгілі. Өйткені, осы 17-қара сөзін жазу тәсілі мен стилінің өзі дидактикалық талаптардың түсінікті, анық, айқын, бірізді, қысқа да нұсқа дегендеріне сәйкес келеді. Мұнда алдымен ғұлама ұстаздың осы сөзді жазудағы мақсатын, адам болмысының аса маңызды сипаты болып табылатын ақыл, біз психологияда ерік күші, ырық деп жүрген қайрат және сезім үшеуінің өмірдегі мәнін айқындап алуға мүмкіндік туғызатыны анық.

Ұстаздың 17-қара сөзінің басталуында-ақ ол “ақыл, қайрат, жүрек үшеуі өнерлерін айтып, ғылымға жүгініпті” деп олардың өзара тығыз байланысына жаңсайды. Біз психологияда ерік күші деп адамның бір істі үйренуі, белгілі бір мақсатқа жету үшін талмай ізденуі мен жан құмарынан бас тартуы, қиыншылықтарды жеңудегі табандылығы, мұқалмайтын жігері, сезімін басқарудағы күш салуы, т.с.с. барлығы қайтпас қайраттың ісі деп білеміз. Мұны қайраттың өзі былай түсіндіреді, “ей ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын” дейді де, қайрат немесе ерік күшінің адамның өзін танудағы қызметін “әуел өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек” деп тиянақтайды. Ерік күші туралы Ж.Аймауытов “ырық тек қимылды ғана басқаратын иесіз агент емес, бұл тіпті кейде сақтануды да ұмытып кететін белгілі бір нәрсе үшін қимылды басқаратын сана мен ізгілікті сезімнің іс-әрекеті” дейді[12]. Демек, қайрат немесе ырық, сана, сезіммен тығыз байланыста болып, кейде оларды өзіне бағындыра алады, осы қара сөзінде Абай қайраттың бұл қасиетін бір істі “ерінбей, жалықпай орнына келтірмек... орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай” көрсеқызар, нәпсі азғыруынан құтқаратынын, бойды адасудан жиғызып алатынын көрсеткен. Осыларды ескерсек, ол адамның бойындағы осындай ерік күші мүмкіндігін “қайрат” деп дұрыс атаған. Қайрат психиканың таным үрдісіндегі қызметімен тығыз байланыста. Белгілі болғандай таным қоршаған ортадан алған ақпарларды талдау, жіктеу, дерексіз ой жүргізуге одан жинақталған білімді есте сақтау, т.б. ерік күші-қайраттың қызметі болып осыдан барып ұғымдар, түсініктер пайда болады. Бұлармен қатар қайрат адамның бойындағы барлық күш-қуатын іске қосатын және тежейтін тетік. Іс-қимылды қайрат арқылы реттеу дене күшін және ақыл-ойды мақсатқа жетуге саналы бағыттайды не болмаса тежейді. Абай қайраттың осындай мүмкіндіктерін дәріптейді. Қайрат адам психикасының басқа да қызметімен тығыз байланысты, 17-қара сөзінде пайда мен зиянды ажыратып білетін ақыл өз қызметінің орнын жоғары бағалап, сөзді ұғатын мен “менсіз ғылымды ұғып үйрене алмайды” дейді. Сонда “мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ” дейді ет жүрек. Осы жерде жүректің физиологиялық қызметімен қатар психикалық маңызын басқаша айтқанда сезімдік қызметін “...жанын ашытып, ұйқысын ашып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен” ұят сақтап, рақым қылатын мен “бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады”, мен таза болсам адам алаламаймын, жақсылыққа елжіреп, жамандықтан жиреніп, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық – барлығы менен деп көрсетеді. Абай осы үшеуінің қызметін айта келіп, барлығын реттейтұғын ғылым “сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім” деген қорытынды шығарады[54].

Таным үрдісіндегі осы үшеуі – ақыл қызметі, ерік күші және сезімнің өзара байланысын қызығу, қажеттену, іздену нәтижесіндегі туындаған эмоциямен қуаттауға болады. Қайрат, мақсатқа жетуге, ізденуге күш жұмсаса, ақыл оны талдап, бағалап, қажетті, қажетсізін айқындап пайда, зиянын көрсетеді, ал сезім – қызығу, қажеттенумен бірге алынған нәтиже, табылған ілім, білім не өнер, ғылым туындысынан қанағат тауып, ләззат алады және тағы ізденуге түрткі береді.

Таным үрдісі жайлы тақырыпты оқытуда оның негізі танып білу философиясы немесе гносеология екенін айта келіп, оның кезеңдеріне тоқталу арқылы оқу үрдісіндегі көрінісі зерделенеді. Бұл ретте оның кезеңдері қарастырылады:

Нақты пайымдау – сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен қарым-қатынасқа ену, олардың әртүрлі қасиеттерін бір мезетте түйсіну, сезінуден басталады. Осыған байланысты ұстаз Абайдың 43-қара сөзінде “көзбен көріп, құлақпен есітіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады” деген[54].

Бұл психологияда танымдық жан қуаттарының қызметі ретінде қарастырылады, түйсік туралы айта келіп, Қ.Жарықбаев “сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі” деп келтіреді [2]. Ал И.П.Павлов мұны анализаторлардың қызметі дей келе, жүйке жүйелерінің анатомиялық-физиологиялық қызметімен байланыстыра түсіндіреді. Осы сыртқы саңылаулардың қызметінен кейін ол хабарлар “әрнешік өз суреті менен көңілге түседі... көңілде суреттеледі”, сөйтіп ол дерексіз ой жүргізуге керекті зат және дүниенің не құбылыстың сапасы, қасиеттері, пішіні мен суреттері туралы дәлелдер мен бейнелерді әзірлеп береді. Сыртқы дүниеден алған осы деректердің көмегімен оның толық бейнесі түзіледі. Нәтижеде ұғым не түсінік қалыптасады[59].

Таным процесінің екінші кезеңі – дерексіз ойлау. Түйсіну және қабылдау арқылы алған деректерді “сынап, орынды орынсызын бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады” делінген 43-қара сөзінде, бұл заңдар мен заңдылықтардың қалыптасу барысын көрсетеді [54].

Ал, үшінші кезеңде әлгі табылған заңдар мен заңдылықтар немесе шығарылған қорытындыны іс жүзінде практикада қолдану Абайдың 38-қара сөзінде былайша берілген: “адамның ғылыми білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады” деген. Бұл жерде осыны таным үрдісін оқыту барысында қолдану жолдарына тоқталамыз.

Абай көрсеткен үш элемент дүниені танып білудің әр қырын қарастырады, мысалы, “впечатлительность сердца” – дегеніміз – дүниені эмоция арқылы немесе әсерлену арқылы танып білу. Бұл қабылданған зат не құбылыстың мәңгі есте сақталуына шарт түзетін аса қуатты тәсіл десек те болады. Осы жерде мынандай сұрақ туындайды: Білген артық па? Не болмаса сезген артық па? Білім күшті ме? Не сезім күшті ме? Білім ақиқат па? Сезім ақиқат па? - міне осыларды талдауға тура келеді, мәселен, “подвижный элемент” не көрдің, не білдің – соны шапшаң ұғып, “арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозғап жібереді” – бұл ішкі қозғаушы күш (мотив) ол сезіммен ұштасып жатады. Айталық, қажеттену (потребность) бір нәрсенің жетіспеуін не жоқтығын сезіну, түйсіну. Абай “егер бұл болмаса, көп білуге, көп оқу оңды пайда бермейді”, - дейді[54]. Кез келген білім мекемесінің оқу үрдісін бақыласақ, көбінесе білім берудің рационалды жағы ескеріліп, эмоционалды жағына мән берілмей қалатындығын байқаймыз. Тағы қырынан қарасақ, оқушылардың эмоциясын қозғау жағы жеткілікті болмайтын секілді. Сол себепті берілген білім көбінесе, іске жарамай ұмытылып қалатын күйге жетеді. Бұның себебін пәндер бойынша түзілген бағдарламалар мен оларды жүзеге асыруда белсенді әдістердің жеткіліксіздігінен деуге болады. Демек, танып-білу эмоцияға негізделсе ғана ұзақ уақыт есте сақталып, көпке азық бола алады. Білуге эмоция арқылы жол ашу тәсілдерін қолдану жолдарын қарастыру керек.

Ұстаз Абай айтқан “сила притягательная однородного” біртектестердің тартылуы – ақыл күші, сыртқы дүниеден алған деректерді салыстыру “түгел ұқсаған ба?”, яки бір ғана жерден ұқсаған ба? Бұл педагогикадағы дерексіз ойлау тәсілдерінің топтау, жіктеу, талдау, сараптау секілді ой қызметін көрсетеді, “соған ұқсағандарын тексересің” немесе жіктеу “әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап талдау, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей тыншытпайды”. Қазіргідей ақпарланған замандағы таным үрдісінің мәнін осыдан көруге болады. Бұл ақыл-ойдың қызметі. Осы тыншытпайтын күш эмоцияға, қызығу сезіміне қатысты. Себебі, қызыққанын тапса қанағаттанады, қуанады, таппаса тағы іздейді, таппайынша тыншымайды. Не нәрсе күшті әсерлену сезімін тудырса, сол ұмытылмайды яғни, ол “впечатлительность сердца” – жүректің әсерленгіштігін, басқаша айтқанда, қоршаған ортаны сезімталдықпен қабылдауды білдіреді. Абай мұны 43-қара сөзінде “әр нәрсенің суреті жүректің айнасына раушан болып” түсуіне, зат, дүние, құбылыстары туралы ұғымның дұрыс қалыптасуына тосқауыл болатын нәрселер – салғырттық, тиянақсыздық деп көрсетсе жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгүрт көрсетеді“ деген. Сондықтан бұлардан сақтанып “бойды ерте тиып алуға” ақыл мен қайрат керек. Демек, дүниені дұрыс танып білу үшін сезім мен сананың таза, дертсіз, кінәратсыз болуы керек.

Оқыту үрдісіндегі ұстаз бен шәкірті арасындағы байланыс анық көрініс тапқан. Кесте бойынша тапсырманы орындау барысында студенттер, ақын шығармаларындағы таным теориясын меңгере отырып оқушы мен оқытушы іс-әрекетінің байланысын зерделейді.

Осы пәредегі зерделенген Абай Құнанбаев шығармаларының танымдық мәні мен ондағы таным үрдісіне байланысты пікірлердің дидактикадағы орнын оқыту теориясының отандық тың пікірмен байытуының өзін ерекше жаңалық деп айтуға болады. Осыған орай ақынның дүниетанымын философиялық тұрғыда қарастырған ғалымдар және басқа да ақын мұрасын зерттеушілер оның жалпы дүниеге көзқарасын, оқу, білім туралы пікірлерін зерделегенімен олардың адамның оқу, білім алу іс-әрекетіне, даму үрдісіне болған ықпалы, таным теориясына қатысы тереңдеп талдамайтыны белгілі болды. Қалай десек те ақын шығармаларының дидактикалық мәнін зерттеуде алдымен ақынның өзінің дүниетанымына қатысты пікірлерді талдау арқылы ғана оның ғылыми негізді әрі нанымды болатынына көз жеткіздік. Сөйтіп гносеология – таным туралы ілімнің негізгі қағидалары мен таным үрдісінің сатыларын талдау және оның оқыту мен білім алудағы мәнін зерделей келе ақын шығармаларына жуықтауға мүмкіндік алдық. Нәтижеде ғұлама ақынның 7-қара сөзінде [54] таным үрдісінің алғашқы кезеңдерін талдай келе, жалпы адамның қажеттенулерінің тән құмары мен жан құмарына бөлінетінін, сөйтіп, тірі жанның – индивидтің адам болып әлеуметтік ортаға қосылуындағы танымның мәнін ашып көрсеткені белгілі болды.

Ақынның 38-қара сөзінде жалпы дүниетанымының екі бағытын: ғылыми жолмен жаратылысты тану және діни жолмен рухани әлемді тану жолын көрсетеді. Одан соң дидактика үшін аса маңызды мәселе баланың, оқушының дүние туралы әуелгі алғашқы танымын дамытып, байытудың жолын мәжбүрлеу арқылы қызықтыру, одан соң өзі ізденуіне шарт түзу екендігін дәріптейді. Осы қара сөзіндегі таным үрдісінің үш сатысы ғылыми педагогикадағы оқытуды ұйымдастыру және ондағы таным үрдісінің мәнін ашып көрсетуге арналған тақырыпты меңгеруге ұтымды ықпал етеді[54]. Ал, 17-қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек және осылардың қызметін дұрыс танып білуге жол ашатын ғылым туралы пайымдаулары оқыту теориясын байытумен күнделікті оқыту мен оқу үрдісінде үнемі ескеріп отыратын пікірлер[54]. Ғұламаның 43-қара сөзіндегі жан қуатының үш элементі жалпы оқушы психикасын, оқыту психологиясын танып-білуге, оны ұйымдастыруға ұрымтал әсер ететін пікірлерге толы[54].

Қорыта келгенде, бұл пәреде ғұлама ақынның таным үрдісін жүйелі түрде зерделемесе де оның адамның қатарға қосылуындағы маңызын жете пайымдай келе, бұны тұлға ретінде қалыптасудың басты шарттарының бірі екендігін және оның адам баласы есейген сайын ауқымы кеңейіп, мәні тереңдей түсетінін пайымдаған. Сонымен бірге таным адамның рухани әлемінің қалыптасуындағы жан азығы болып, көз көрген ғана нәрселерді емес көрмегенді де оймен пайымдаудың орнын ерекше бағалайды. Ақынның 7, 15, 17, 38, 43, т.б қара сөздеріндегі таным туралы пайымдауларын білім қалыптастыру барысында пайдалану дидактиканың негізгі ұғымдарын жете меңгеруге, оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізбек.

Зерттеу жұмысымыздың Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың маңызын зерделеуге арналған 1-тарауында мынадай мәселелердің беті ашылды:

1. Теориялық ілім ретінде тарихи даму және қалыптасу жолында одан кейінгі жетілу кезеңінде де дидактикаға байланысты сан алуан пікірлер туындаған. Олар оқыту мазмұны, оқыту қағидалары, оқыту әдістері, оқыту формалары, оқыту құралдары, оқытудың мақсаты секілді дидактикалық санаттарға қатысты әртүрлі ой-пікірлер болатын. Дидактикалық ой-пікірлерді іріктеп алуда оның жалпы және жекелеген тұстарын ескеру керек болса ақын, жазушы, ойшыл не зерттеуші ғалымдардың мұрасынан оларды іздегенде өсіп келе жатқан жас буындардың санасында оқу, ғылымға ұмтылыс пен қажеттенулерін, қызығуларын туындатып, білім алу, іздену жолына бағыттауға тигізетін септігі ескеріліп келеді. Сонымен бірге ақын шығармаларындағы дидактикалық пікірлердің толық ашылмағаны, ғылыми-педагогикалық тұрғыда талданбағанына қарамастан оқыту практикасында оны пайдалануға ұмтылыстар болғаны белгілі болды.

2. Дидактика туралы әдебиеттерді (негізінен қазақ және орыс тіліндегі педагогика оқулықтарын) зерттеу барысында оларда көбінесе оқыту іс-әрекетіне байланысты ғылыми-педагогикалық талдаулар, ұғымдар мен түсініктердің жеткілікті берілгені анықталды. Алайда, педагогикалық психология мен жалпы оқу іс-әрекетіне байланысты әдебиеттерде оқу; оқыту; оқу мен оқытуды туындататын жағдайлар; оқу мен оқытуды ұйымдастырып, жүзеге асыратын шарттар; оқыту мен оқудан шығатын нәтижелер; үйрету, үйрену; үйрену мен үйретуге шарт түзетін ахуалдар; үйрету нәтижелері; іздену; ізденуге жетелейтін немесе итермелейтін ішкі мотивтер мен сыртқы факторлар; білім және білу; олардың арасындағы байланыс; білімге қажеттенуін туындататын ахуалдар; білуге құмарлықты туындататын жағдайлар; ұғыну; ұғым мен ұғыну арасындағы байланыстар; ұғыну мен түсінудің мәні; ғылым мен білім және олардың арақатынасы жеке дара қарастырылмай үнемі оқыту іс-әрекетіне байланысты талданып келе жатқаны айқындалды. Оқулықтарда бұл ұғымдарға жеке-жеке түсініктер мен анықтамалар берілмейді және мағынасы да ашып көрсетілмейді. Әрине, олар өзара тығыз байланыстағы ұғымдар. Оқу үрдісінде бірінсіз екіншісі жүзеге аспайтыны да белгілі. Болашақ педагог мамандар осы ұғымдардың мән-мағынасын жете түсінбей олардың арасындағы логикалық байланысты да толық меңгермейді. Біздің пікіріміз бойынша оларды алдымен жеке-дара талдап алып одан соң арақатынасын педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету қажет секілді. Өз ойымызды дәлелдеу мақсатында студенттер арасында алдын-ала зерттеу жұмысын ұйымдастырғанымызда осы пікіріміз дәлелденді.

3. Өлең, поэзия арқылы тәрбиелеу мен білім беру халқымыздың дәстүрге айналған жолы екені анықталды. Ақын, жыраулардың ел аралап көпшілік алдында жыр, дастандар орындауының өзі тәрбие мен білімді уағыздаудың ұрымтал түрлерінің бірі болғаны белгілі. Бұл үрдіс ертеден келе жатқан, әсіресе, көшпенділер арасында кең тараған тәсіл. Себебі, олардың күн көрісі мен шаруашылығы көбінесе мал өсірумен байланысты болғандықтан отырықтасып балаларын мектеп, медреселерде жаппай оқытуға мүмкіндік болмаған. Алайда, ежелгі дәуірлерде қазақ даласында білім ордаларының болғаны белгілі, дей тұрғанмен, жауынгершілік заман, көшпелі өмір оның ары қарай дамуына мүмкіндік бермеген. Бұған түрік дәуірінен келіп жеткен, қазақ даласында кең тараған жыр, дастандар, өлеңдер, т.б. поэзия туындылары мысал. Абай мұрасындағы дидактикалық пікірлер осылардың заңды жалғасы.

4. Бүкіл әлемдегі оқу, оқыту жүйесіне ықпал еткен және осы уақытқа дейін басқадай тиімді жолдары, әдістері, тәсілдері, ұстанымдары табылмай егер табылса тек Я.А.Коменскийдің ой-пікірлеріне негізделген, оны дамытып не өзгертіп қана отырған дүниетанымы мен білім беруге көзқарасы алшақ кетпегендігін байқаймыз[54]. Мұны айтып отырғандағы себеп ұлы Абайдың да осы іспеттес оқыту мен білім беруге болған көзқарасы жалпы дүниеге болған түбегейлі ой-пікірімен үндесіп, сабақтасып кетеді. Оның білім, ғылымға, өнер үйренуге болған көзқарасы жалпы дүниетанымына, философиялық ойларына негізделеді, білім, ғылым ақын пікірі бойынша дүние, мал табудың көзі болуымен пайдалы. Ол “дүние де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл берсеңіз немесе, түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып білім алған” деген. Осы арқылы ол адамдарды, әсіресе, жастарды оқу, ғылымға қызықтырғысы келеді. Ол ғылым, өнердің мал тауып жақсы өмірге тұғыр болатынын “ниетің түзу болса сенің аппақ...ғылым, өнер, мал таппақ жұртқа жақпақ” дей келе, өнер туралы “әуелі өнер үйренелік қолдан келсе” немесе “ұқпасын ба сөзді тез, өз өнері тұр таяу” деп өнер мен ғылымды адамның қабілетімен байланыстырады.

5. Ғұлама ақынның 7, 12, 13, 15, 17, 25, 32, 33, 38, 44, 45 қара сөздерін таным теориясы тұрғысынан талдай келе, оның дидактикалық пікірлерінің оқытуды ұйымдастырудағы оқушы мен оқытушының танымдық іс-әрекетінің кезеңдерінің мәнін ашып көрсету мүмкіндігіне ие болдық. Атап айтсақ, таным үрдісінің әр кезеңінің белгілі бір сатылардан тұратыны және оның жүзеге асыру тәртібін Абайдың көрсетілген қара сөздеріндегі дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, ашып көрсетуге болады[54].









2 Абай құнанбаевтың қара сөздеріндегі дидактикалық ойлар және оларды оқу үрдісіне ендіру мәселелері


2.1 Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлер


Дидактиканың басты мәселесінің бірі үйрету, үйрену болса, оны түбегейлі меңгеру алдымен істің мән-жайын ұғынып, түсіну арқылы атқарылады. Бұл оқытуды ұтымды жүзеге асыруда, жалпы әдістердің негізін құрайтын сөз түріндегі, практикалық іс-әрекет түріндегі және көрнекіліктерді қолданудың бағыт-бағдарын белгілейді. Қазіргі кезде жаңа технология деп жүргеніміздің де құрамында осы әдістер бар. Сөз түріндегі әдістердің мән-мағынасы мен оны қолдануда көздеу тұтатын негізгі пікірлерге Абайдың қара сөздерінде, өлең шумақтары мен тармақтарында көптеп кездеседі. Оларды педагогиканың теориясын оқытуда қолдану студенттер тарапынан дидактикалық ережелер мен қағидаларды жете меңгерулеріне шарт түзеді. Осыған орай ақын шығармаларынан сөз туралы сөздің күші, сөздің іші, сөздің қуаты деген ұғымдарды кездестіреміз.

Ғұлама ақынның “Біреудің кісісі өлсе қаралы ол” [54,26] “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек” [54,73] және өлеңдерінде “сөз ұғу”, “сөзді ұғарлық”, “ұға алмайсың”, “сөзді ұғар”, “Білімдіден шыққан сөз” [54,28] өлеңінде “ұқпасын ба сөзді тез”, “ұғар көңіл шын беріп”, “Келдік талай жерге енді” [54,8] өлеңінде “тыңдаушымды ұғымсыз”, “салсын құлақ ұққандар”, “Әбдірахманға Кәкітай атынан хат” [54,12] өлеңінде “тегіс ұғар қай құлақ”, “Талай сөз бұдан бұрын” [54,49] деген өлеңінде “бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін” деп өлеңдерінде сөзді ұғу мәселесін мынадай үш түрлі мәнде ескертеді:

- адамның сөзді ұғарлықтай ақыл-ой, ынта, жігер мүмкіндігі болуы керек екені көңіл шын беріп ұғатын, құлақ салып ұқсын;

- сөзді ұғатын адамның психологиялық ерекшеліктерін – талапты, көкірегінде “көз” болсын, жүрегі айнадайын таза, көңілі ояу немесе зейінді болсын;

- сөз ұға алмайтындарды – ұғымсыз, елдің бәрі тегіс ұға бермейді деп әр жеке тұлғаның өзіндік психикалық ерекшеліктеріне жаңсайды.

Педагогикада ұғу, түсіну сөзі орыс тілінде понять, понимание деген бір ғана мағынада қолданылса, қазақ тіліндегі оның мәні түсінуден гөрі кең мағынаға ие. Біздіңше, бұл, оқыту барысында тыңдаушылардың зейін қойып тыңдауы, тыңдағанын ой елегінен өткізуі, артында не бар екен деп сараптап, саралап, іріктеп, ой жүргізу арқылы мәнін пайымдап аңғаруға ұмтылуы – ұғу мағынасында болса, түсіну – тыңдағанын ой елегінен өткізіп, өздестіруіне, басқаша айтқанда, білімділікке айналдыруына байланысты қарастырылады. Бұл ретте ұғу сөзінің келтірілген түрлері оқыту барысында ескеруге тұрарлық. Бұдан басқа қара сөздерінде де “ұғу” сөзі тек түсіну ғана емес меңгеру, өздестіру мағынасында кездеседі. Өздестіру дегеніміз – біздіңше, алған білімін өзінің сапасы, бойының қасиетіне айналдыру арқылы өмірде қолдану мүмкіндігіне ие болу. Осындай өздестіргені жеткілікті адамды білімді дейміз, Абай “көргені, естігені” көп адамды білімді дейміз деген. Мысалы, 7-қара сөзінде “көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз” деген. Осы келтірілген ақын сөзінен “ұғу” көзбен көрген нәрсенің сырын ой елегінен өткізіп, көңілмен саралау қажет екенін көрсетеді. 8-қара сөзінде [54] дүние, мал-мүлікке құмарлық сөз ұғуға мұршасын келтірмеді, “қолы тимейді” десе, 10-қара сөзінде [54] ғылым білімді ұғарлық ақыл болуы керек дей келе 17-қара [54] сөзінде ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің таласы-тартысын келтіре отырып, ақыл “сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз...ғылымды ұғып, үйрене алмайды... менсіз өздері неге жарайды?,” - депті. Көріп отырғанымыздай ұғу ақыл қызметі оған әсер ететін басты құрал сөз. Сөз, оқу мен оқыту үрдісіндегі басты қарым-қатынас құралы, оқыту әдісінің ұрымтал бір түрі. Бұл ақынның 31-қара сөзінде [54] айқындала түседі. Мұнда ғылым, білімді меңгерудің бір тәсілі “...естігенде көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек” десе 38-қара сөзінде “ықылас бірлән оқып, ұғып алыңыздар” дейді. Демек, ұғу зейін қойып шын ықылас, таза ниетпен ғана іске асады, мысалы, 43-қара сөзінде “не көрдің, не есіттің, әр нешік білдің, соны тездікпен ұғып, ұққандықпенен тұрмай” оның алды, артын себеп, салдарын ойша сұрыптап пайымдау арқылы “арты қайдан шығады, алды қайда барады сол екі жаққа да ақыл жіберу” керек екенін дәріптейді. Осының өзі ұғу дегеніміз – ой жүргізу арқылы пайымдау екенін көрсетеді.

Ғұлама, ақынның 38-қара сөзінде “...ұғып ғадаләтпен тәптештеуге керек” яғни, іздеп тапқан нәрсені не болмаса іздемек нәрсені алдымен ұғып, түсініп одан соң не үшін қажеттігін, тегін, пайда-зиянын жан-жақты білу дегенге саяды.

Мақсаттылық – дидактиканың тағы бір мәселесі. Білім алу, оқып үйрену алдымен, алдына ізгі мақсат қою арқылы іске асатыны белгілі. Бұл өз кезегінде әркімнің өз алдына қойған жеке мақсаты, соған кіретін білім алудағы жеке мақсаты болса, оны жүзеге асыратын білім алу үрдісіндегі ұстаздар тарапынан қойылатын оқытудың мақсаты, әр сабақтың мақсаты, әркімнің дербес іс-әрекетінің мақсаты болып бөлшектенеді. Осылардың барлығының іске асуына тірек болатын ниет пен талап “иннәмал-әғмал бин ниет” немесе іс істеу үшін ниет, талап керек. Мұнда, алдымен мақсатты қойып, сол мақсатты жүзеге асыруға ниет ету керек екені айқындалды. Ниет ету Абай ұғымында көздеген істі жүзеге асырудың бастамасы. Бұл пікірлер негізінен діни танымға байланысты айтылғанымен таным діни ме жоқ зайри ме бәрі бір таным емес пе? Абай Құнанбаевтың 32-қара сөзінде [54] “ақиқат мақсатпен” деп алдыға қойған мақсаттың шынайылығына мән береді. Бұндағы бастысы алдыға қойылған мақсат іске асатын, оған шамасы келетін, пайдалы болуы шарт. Әйтпегенде шынайы емес жалған, пайдасыз болмақ.

Жоғары оқу орындарында білім және тәрбие берудегі маңызды ескере отырып, Абай жас буынға жүйелі білім беру керектігін мойындайды. Ол тәрбие мен білім берудің жас буынды адам етіп қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын жақсы түсінді. Ол туралы: «Егер, мен заң қуаты қолымда болса, адам мінезін түзетуге болмайды деген адамның тілін кесер едім»,- деп жазды[54]. Абайдың осы қара сөзі арқылы біз қазіргі таңда жастар бойында кездесетін жаман қасиеттерді, мінездерді өзгермейді деген адамға мінезін өзгертіп көркем мінезді, тәртіпті, мәдениетті тұлға қатарына қосылуына талпынуына және де толықтай өзгеруіне бірден-бір түрткі болады деген ойдамын.

Абай оқыту ісіндегі схолостикалық әдіске, құрғақ жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің орнына саналы тәртіптің болуын жақтады.

«Дүниенің һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса, денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады»,- дейді Абай[54].

Абай ғылымды үйрену ісіне тек пайда көздеп қарауға қарсы болды. Ол балаларға әуелі олардың ақыл-ойын, дүниетанымын, мәдениетін дамытарлық жалпы білім беру қажет деп есептеді.

Ол жастардың еңбексіз жүріп, жаманшылыққа бой ұратынына қарсы болды. 1886 жылғы бір өлеңінде ол:

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп тегіс жұрттың бәрі болды аларман» [54,169],-

деп, өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды.

Надан адамды Абай ақылы саяз, біреудің ақылымен, біреудің айтқанымен жүретін ойсыз, бейшара адам деп таныды. Осылардың арам ниетті мінездерін көргенде қаның қайнайды дейді ол. Алайда мұндай ақымақтар мінезіңді түзе, білім ал деген адамнан қашады. Оларша білімсіздік, ойсыздық – ұят емес, өсек тасу, біреудің сыртынан жауығып, тас ату, біреудің сыртынан орынсыз мақтану – міне, олардың кәсібі.

Оқудағы мақсат “білмек үшін”; үйренудегі мақсат та “білмек үшін”. Яғни, жалған мақсат та бар екен, олар: “түпкі мақсатың өз пайдаң болса”, “киімін түземелік” болса оның білім, ғылымға пайдасы шамалы. Ғұлама ақынның 38-қара сөзіндегі дидактикалық пікірлер 43-қара сөзінде одан ары дамып, жалғасын табады. Мұндағы ой жүйесі деп отырғанымыз жеке пікірлер арасындағы сабақтастықпен оның жалпы дидактикалық ереже, қағида, ұғым, түсініктерімен байланысы. Осы 43-қара сөздегі пікірлерінің барлығын жүйелі түрде толық талдамаса жеке дидактикасын бөліп алу ақын пікірінің кеңдігін көрсете алмас еді.

Дидактиканың түпкі мақсаты білдіру, үйрету болса олар ақыл, ғылымсыз іске асуы мүмкін емес, “ақыл, ғылым - бұлар кәсіби немесе іздену, үйрену, оқу арқылы пайда болады, ал бұл өз кезегінде сезім мүшелерінің қызметі арқылы сыртқы дүниені қабылдаудан бастау алады, “көзбен көріп, құлақпен есітіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады” дейді Абай. Осының өзі кезінде Ян Амос Коменский айтқан дидактиканың алтын ережесімен сабақтас. Педагог-ғалым “Ұлы дидактика” еңбегінде “мүмкіндігінше барлығын сезім арқылы қабылдауға ұсыну: көрінетінді – көруге; еститінді – тыңдауға; иісті – иіскеуге; дәмді – татуға; түйсінетінді – ұстап көруге; Егер кейбір заттардың көптеген қасиеттерін бір уақытта сезіну мүмкін болса, оны да байқап қарасын” деген еді[15].

Абай мұрасындағы дидактикалық ереженің басты қағидасы “білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек” дегені. Бұл біз әдетте принцип, қағида, ереже деп жүрген педагогиканың ұстанымы.

Абай дидактикасының басты тұжырымының бірі “үйрен”. Бұл 12-қара сөзінде [54] негізінен құлшылық ету, ғибадатқа байланысты айтылған болатын. Сондықтан мұнда алдымен үйренетін нәрсеге ниет етіп “үйренемін, үйрене аламын, қолымнан келеді” деп соған сену керек екенін дәріптейді. Өйткені, сенім болмаған жерде алдыға қойған мақсат не іске аспайды не болмаса қателіктерге ұрындырады. Сондықтан алдымен мықты сенімді бекітіп, нығайтуға ниет ету керек екенін көрсетеді. Сонымен үйренуге қойылатын басты талап ниет ету – бұл дидактиканың, әсіресе, білік және дағды, әдет қалыптастыруға қоятын басты талаптарының бірі. Үйрену дегеніміз – көргенін, естігенін есте сақтап, соны көп рет қайталау арқылы өздестіру немесе өз басының бір қасиеті, мүмкіндігі, қабілетіне айналдыру. Осы қара сөзіндегі үйренуге қатысты басты пікірлердің тағы бірі “үйреніп, жеткенше осы да болады ғой демей үйрене берсе керек” дегені. Бұл да дидактиканың әдет, дағды, білік қалыптастырудағы басты қағидаларының бірі болып, ол жаттығу, көнігу, қайталау, қолмен, бармақтармен орындайтын операцияларды меңгеру арқылы іске асады. Мұны, әсіресе, кәсіби оқу үрдісінде кең қолданады: қол өнерінде пішу, тігу, кестелеу, ою, керту, сызу, бояу, т.б. практикалық іс-қимылдарды үйрену арқылы меңгереді. Меңгеру үйренуден кейінгі кезең болады, осы меңгеруді асқан ұқыптылықпен іске асыратын болса ол шеберлікке жеткізеді. Өзі шегіне жете меңгергенін біреуге үйрете алатындай күйге жетсе, бұл ұсталыққа жатады. Себебі, ол енді басқа біреуге ұстаздық етіп үйрете алады. Осыдан барып біз Абайдың:

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға деген өлең шумағының мәнін ұғынамыз. Үйрену, оқыту, білім беру үрдісінің барлық сатыларында орын алатын аса маңызды іс-қимыл. Үйренуді тек қана белгілі бір дене қимылдарын, қол, аяқ, т.б. деп ойласақ оның ауқымын тарылтып аламыз. Үйрену ақыл-ой қызметімен тығыз байланысты. Атап айтсақ, ой жүргізіп үйрену, жылдам ойлап үйрену, ойша ізденіп, қиялдану арқылы бір мәселенің шешімін іздеу, ойша талдап үйрену, тапқан пікірін ауызша айтып, қағазға түсіріп, үйрену; ойша талдау, топтастыру, жіктеу, қорытындылау, тұжырым жасау, т.б. меңгеру жатады. Жаратылыстану пәндері мен ізгілікті пәндер жүйесін оқытуда кең қолданылатын ой қызметіне қажет. Мұнда ұстаз Абайдың “күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды; ықыласымен өзін-өзі аңдып...шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды” дегені де дидактикалық мәнге ие. Тек бұл жерде ол имандылыққа қатысты айтылғанымен осының өзі-ақ үйренудің, білім алудың басты қағидаларына жататыны көзкөрінеу. Өйткені, мұнда ол әр нәрсені үйренуге қажетті мынадай бес нәрсені ескертеді: 1. күзету; 2. ескерусіз иман тұрмайды; 3. ықыласымен өзін-өзі аңду; 4. шындап жан ашу; 5. салғырттық болмайды. Енді осыларды дидактиканың ережелері тұрғысынан талдап көрелік:

- Үйреніп болмайынша күзету немесе өзін өзі қадағалау немесе үйрене алдым ба, дұрыс үйрендім бе, қандай қателіктер кетіп жатыр деген секілді. Оқыту үрдісінде осы уақытқа дейін оқушыларға айтылмай келе жатқан нәрсе осындай үйренуге үйрету;

- Ескеру немесе үйренгенін, білгенін үнемі есіне алып, тұрмыста іс

жүзінде қолданып, қайталап еске алып тұрмаса ұмытылып қалатыны. Оқу және оқытуда алған білімін іс жүзінде қолдануға үйрету жеткіліксіз болғандықтан жылдам ұмытылып, күнінде бір керек болып қалса іске жарамай қалатыны;

- Ықыласымен өзін-өзі аңду немесе өзін-өзі бақылау ұмытып қалған

жоқпын ба, есімде бар ма екен, есімде сақталып қалды ма жоқ па; егер есімде бар болса оны сол күйінде іске жарата аламын ба деген секілді. Мұнда тіпті қайталап істеп, орындап көріп, үйренгенін қаншалықты іске жарата алатынын бақылап көру;

- Шын жаны ашып тұрмаса болмайды немесе жүзеге асқан,

үйренілген не болмаса енді үйренбек болып жатқан іс-қимылдың таза ниет пен қалаудан, шын қажеттенуден туындауы. Демек, оқыту да білім алуға, үйренуге шынайы қажеттенуін туындату керек. Бұл білім беру қағидаларының басты ұстанымы, тұтқасына айналмайынша терең де, дәйекті білім, білік болмайды.

- Салғырттық адамның ішкі сезімі мен санасының сәйкестігіне

тосқауылдық келтіретін немқұрайды, салдыр-салақтық секілді білім алуға, әр нәрсені үйренуге кедергі келтіретін психикалық күй. Шын ниет таза көңіл мен қажеттену болмаған жерде орын алатын ешбір адамға пайда бермейтін теріс мінез. Ғұлама ақынның иман туралы осы айтқандарының дидактикалық тегі 13-қара сөзінде жалғасады [54]. Мұнда ақын иманға инануға екі нәрсе керек “хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізу, екінші, иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек...” дегенін дидактикалық тұрғыда талдасақ, біріншісі, сол үйреніп отырғанының қажеттігіне, дұрыстығына, өмірлік мәніне сену; екіншісі, үйренгенін берік, мықты бекіту арқылы мәңгі есте сақтау арқылы керегіне жарату деуге болады.

Абай айтқан осы пікірлерді оқытудың басты қағидаларына айналдыру білім беруді қазіргі заман талаптарына сәйкес ұйымдастыруға шарт түзеді. Педагогика оқулықтарында үйрету туралы айтылғанымен оның осындай ереже, қағидалары талданбайды және зерделенбейді. Сондықтан осы қағидаларды оқыту үрдісін ұйымдастыру оның ішінде дидактика оқыту теориясына ендіру қажеттігі туындап отыр.

Білім алу бұл таным үрдісімен тығыз байланысты болатыны белгілі. Білім қалай жинақталады және қандай адамды білімді деуге болады деген сұрақтарға Абай ұстаз ретінде 19-қара сөзіндегі [54] дүние танымның басталуынан барып “дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы сондайдан білгені көп, көргені көп болған адам білімді болады”, - дейді. Есті білімді болудың жолдарын көңіл қойып тыңдау, білмегенін сұрап алу, естігенін есте сақтау, ұғынып-түсінуге ұмтылу және іс жүзінде қолдануға үйрену екенін көрсете келіп, ол “мұндай сөзді есіткенде жайқақтап, шалғырттанып не салбырап салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғынайын деп тұщынбаса, сөздің расына көзі жетсе де шыға беріп қайта қалпына кетсе есітіп-есітпей не керек” дейді.

Абай ХІХ ғасырдың екінші жартысында әлемдегі басқа елдердің білім, ғылымға ұмтылып содан халық тұрмысының өрлеуіне, мәдениетінің дамуына алып келіп отырғанын ұғына отырып мал, мүлік, байлықты білім алып, өнер үйрену үшін жұмсау керек деген ой-пікірін халыққа жеткізеді. Шығармаларының 25-қара сөзінде [54] осы туралы айта келіп, “балаларды оқытқан жақсы, қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?” дей келе “мал тапса қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі”, - дейді. Мұнда ұстаз Абай тағы да сол “үйрену мен үйретудің” әлеуметтік мәселесін көтереді. Өнер мен білімнің адамның материалдық қажеттенуімен байланысын немесе материалдық қажеттенуінің білім, ғылымға, өнерге ұмтылудағы іргетас, базалық маңызын қарстырып отыр. Ақынның бұл пікірлері материалдық қажеттенумен рухани қажеттенуді қанағаттандыру арасындағы байланысты пайымдауға мүмкіндік береді. Осы қара сөзінде ғұлама “үйрен” тұжырымының “не нәрсені үйрену керек” деген қоғамдық-әлеуметтік мәнін айқындайды. Мысалы, адал еңбекпен мал табуға үйрену; үйрену арқылы басқа өнер, білімі озық халықтармен теңелу; жұрт білгенді, біліп қатарға қосылу ниетінде үйрену керек деп кеңес береді. Ол “мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма!” деген.

Абай мұрасындағы дидактикалық пікірлердің бірі 31-қара сөзіндегі “естігенді ұмытпастыққа” берген нұсқауы десек те болады. Ол “әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек” деп белгілейді[54].

Бұлар шындап келгенде білім алу, үйрену, білімнің беріктігі секілді оқыту қағидаларымен оны жүзеге асыратын тәсілдеріне келіп саяды. Атап айтсақ, алдымен білуге ниет етіп талаптану, сол үшін табандылық көрсету; бұл дидактикадағы оқу үрдісінің екі жақтылығы мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ұстанатын қағидаларға саяды. Мұнда да білуге талаптану, ол үшін білмегендігі мен білу арасындағы қайшылықты жеңуде табандылық арқылы білім қалыптасатыны белгілі. Одан кейінгі кезең білуге ынталанып естігені, көргенінен әсерлену, таңдау секілді тағы басқа да эмоционалды ахуалдың туындауы білім қалыптастырудың тағы бір аса маңызды дидактикалық тұжырымдарының бірі. Ынта білуге ұмтылыс, көңіл бөліп, зейін қою сияқты психиканың қызметін білдіреді.

Бірақ, ол үшін білуге деген қызығумен, құмарлану немесе қажеттену болуы керек. Оқытуды ұйымдастыруда ескеретін аса маңызды мәселе осы білім алуға, білуге қажеттену. Бұның тегі күнделікті, әп сәттегі, осы кездегі “керектенуден” кең көлемді тұрмыстық, өмірлік тіпті материалдық қажеттену секілді адам үшін мәнділігі күшті әлеуметтік сұрау, талаптардан туындайтыны белгілі. Бұл ретте оқу білімдіге жақын. Орта, түпкі мақсаттың өзіндік орны бар. Ұстаз Абай белгілеген білім алудағы аса маңызды дидактикалық үшінші нұсқау, естіген, көрген, білгенін қайталап, есте сақтауға ұмтылу. Қайталау – оқыту үрдісін ұйымдастырудағы аса маңызды әдістердің бірі. Осындай ойша қайталау, ауызекі қайталау, практикалық іс-қимылдарды қайталау секілді тәсілдерден құралады. Қайталаудың ұрымтал әдістерінің бірі жаттығу. Алған білімді берік есте сақтау, керек уақытта еске түсіру немесе практикада ұтымды қолдануға шарт түзетін жаттау мен жаттығу. Сондықтан оқыту әдістерін меңгеруде ескеруге қажетті дидактикалық пікірлердің бірі осы. Осы қара сөзінде Абай ой кеселдері туралы пікір қозғайды. Олар “уайымсыз, салғырттық, ойыншыл-күлкішіл... қайғыға салыну, құмарлық пайда болу” бұлар қазіргі кезде де жастар мен балалар арасында кездесетін, оқуға, білім алуға кедергі келтіретін нәрселер. Ақын бұларды “ой кеселдері” деп атаса, осының өзін психикалық ауытқулар ретінде кездесетін өз ісіне есеп бере алмай әртүрлі құмарлықтарға салыну түрлері қазіргі күні өзгергенімен тегі бір. Мысалы, қазір ойын автоматтарына құмарлық, ішімдікке құмарлық, ойын-сауыққа орынсыз еліктеп құмарлану, нашақорлық та құмарлықтың бір түрі. Ұстаз осындай құмарлықтардан сақтандырады.

Оқу мен ғылым жолының өзіндік ішкі және сыртқы шарттары бар. Шарттар немесе білім алуға түзілетін ішкі жағдайлар тағы да сол адамның ой-сана дайындығы, ниет етуімен байланысты. Ал, сыртқы жағдайлар материалдық қамсыздық. Бұл туралы Абай 25-қара сөзінде “мал тапса қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен” деп көрсеткен[54].

Ал, 32-қара сөзінде білім алып, ғылымға ұмтылудың қажеттенулер мен ішкі жан-дүниесінің сұрау талаптарына тоқталады. Ұстаз Абай білім, ғылым үйренбекке “талап қылушыларға оның өзінің біраз шарттары бар” дей отырып, оны білмей іздегенмен табылмайтынын айтады. Сол шарттар мыналар:

1. Білім-ғылым табылса дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеу, басқаша айтқанда, риясыз;

2. Білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін өзін дәулет білсең;

3. Әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рақат хұзур хасил болады;

4. Сол рақат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады;

5. Әр естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен

ішке жайғастырып алады.

Келтірілген шарттардан соң ақын, оны жүзеге асырудың тетіктерін психологиялық тұрғыда ашып көрсетеді. Білім, ғылым іздеуге қажетті адамның ішкі жан-дүниесіндегі құбылыстарды мынандай тұжырымдарға байланыстырады:

Біріншісі, білім-ғылымға “көңіл мейірімінің түсуі”, әрине, мұндай білім нағыз, шынайы “білсем екен” деген құмарлықпен ұмтылғандар туралы болса керек, десек те білім-ғылым тезірек “қолға түсуі” үшін аса маңызды мәселе ішкі жан-дүниенің қалауы мен тілегінен туындаған ұмтылыс, соған түрткі беретін ішкі қуат немесе мотив болса керек. Ол үшін ой, сананы өзге нәрселерге шашыратпай білуге, білім алуға бағыттаған жөн, әйтпегенде көңіл, ой, сана “өзге нәрседе болса” білімдар болу екіталай; Білім-ғылымға ұмтылудың ежелден келе жатқан бұл қағидасы осы күні де сол күйінде деуге болады. Бірақ алған білімін тұрмыс қажеттеріне жарату, ғылым жетістіктерін адамзат өмірін жақсарту үшін пайдалану қазіргі заман мәселелерінің бірі. Оған жету үшін алдымен шын ниетпен білуге құмарлану арқылы іргелі, мықты, сапалы білім алуға болады.

Екіншісі, білім-ғылымды үйренгенде “ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек” дегені ақиқат, шынайы білімге ұмтылу. Шынайы білім, ғылым бұл адамның күнділікті тұрмыс игіліктеріне жаратумен бірге оның ішкі жан-дүниесін де өркениетті, парасат деңгейіне көтеретін ілім. Демек, оқу, білімнің түпкі мақсаты тек материалдық байлық жасау үшін ғана емес, адамгершілікті, игі қасиеттер-қайырым, мейірім, т.б. молайтуды көздеуі керек. Осы ақиқат мақсатқа қол жеткізуде баскалармен күш сынасу, бәсекеге түсу, онда жеңіп шығу бүгінгі күн талабы. Осыған орай ғұлама ақын Абай мән-жайын ашып түсіндірген бәсекенің маңызы оқыту барысында ескеретін дидактикалық талаптардың бірі деуге болады.

Қазіргі кезде “бәсеке-конкуренция” деген ұғым пайда болды. Өмірдегі барлық нәрсе соған құрылмақ та, мысалы, “бәсекеге қабілетті” білім беріп, біліктілік пен дағдылар қалыптастыру қазіргі оқытудың басты мәселесі болып отыр. Бұл Абайдың осы 32-қара сөзіндегі “бахас”. Мұнда ол білім, ғылымды “бахасқа бола үйренбе” бірақ “азырақ бахас көңілді пысықтандырмақ үшін қажет” дегені осы білімдегі бәсекеге қабілетті болу. Өйткені, осы қара сөзінде ол “бахас – өзі де ғылымының бір жолы” делінген[54].

Үшіншісі, алған білімнің берікті – дидактиканың маңызды ұстанымдарының бірі. Мысалы, білімнің беріктігі әр пән бойынша алған білімдерін тек есте сақтау ғана емес, сол негізде жаңа мәліметтер жинау, ғылым, білімін жаңа сатыға көтеру, ой жүргізу арқылы өмір қажетіне жарату, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту - дейді педагог ғалымдар.

Төртіншісі, білім, ғылымды көбейту. Біз бұған осы заман тұрғысынан ой көзімен қарайтын болсақ, жалпы білім, ғылымның күн сайын жаңғырып отыратын үдемелі даму тенденциясы тұрғысынан ұғынуымыз керек. Ақынның білім, ғылымды көбейту үшін ұсынып отырған екі жолы дидактиканың бұрынғы алған білімін үнемі жаңа, тың ақпарлармен толықтырып отыру деген қағидасына келіп саяды. 32-қара сөзінде ұсынып отырған екі жол мыналар: мұлахаза – адамның бойындағы бар күш, қуатын, мүмкіндігін, қабілеттерін білім алуға, ғылымды меңгеруге жұмсауы. Бар ой-санасын соған жұмылдыра білу және қүнделікті оқу мен оқыту үрдісінде көңіл бөлу, зейін қою, білім, ғылымға қызығу, қажеттену, құмарлану соның жолына түсу; ал мұхафаза – алған білімін қорғап, сақтау, бекіту оны ары қарай дамыту жолында болу. Қазіргі кезде оқу үрдісінде кең орын алған әр түрлі оқыту әдістері мен технологияларының барлығы да осыған бағытталған десек жаңыла қойымаспыз. Ақын “бұлар зораймай, ғылым зораймайды” деп ой қорытады.

Бесінші, оқу, білім беруді ұйымдастыруда оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуға толық жұмылдыратын, оны тиімді жүзеге асыратын психологиялық шарттар туғызып, жағдайлар жасау. Бұл оқытудың эмоционалдылығы, жағымды тыныс орнату, түпкі пайдасын көздеу секілді қағидаларына келіп саяды. Осыған орай Абай, уайымсыз, салғырттық деген “ақыл кеселдерінен” сақтандырады. Уайымсыз дегені – алды, артын ойламау, мақсатсыздық, салғырттық дегені немқұрайдылық пен оқуға салақтық, жігерсіздік, талапсыздық секілді зиянды нәрселер. Ақын осындайлардың барлығын 19-қара сөзінде [54] “ой кеселі” деп көрсетеді.

Алтыншысы, мінезге қатысты. Осы туралы ұлы ғұлама әл-Фараби де кезінде келелі пікір айтқан. Ол “жаман мінез-құлық – рухани кесел” дей келе, жаман мінездің тек күнделікті тұрмыста ғана емес білім, ғылымда да аса зиянды екендігін көрсеткен. Ақын Абайдың “ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар” егер адам тұрмыста кездесетін көрсе қызарлық, жеңілдік, орынсыз сөзге “шайқаи лып қала берсе” ғылым, білім үйренуіне зиянды екенін ескертеді. Сондықтан “ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты болсын” деген. Аталған кеңестер оқыту үрдісінде ескеретін жәйт болса да әсіресе, ғалымдарға аса қажетті болып табылады.

Зерттеуіміздің бірінші бөліміндегі ақынның өлеңдеріндегі дидактикалық пікірлері оның қара сөзінде жалғасын тапқан. Атап айтсақ, оның “үйрен” тұжырымы өнерге қатысты көбірек айтылады. Педагогикада үйрету мен үйрену практикалық іс-қимылға байланысты көбірек қолданылады. Мысалы, оқуға үйрету, жазуға үйрету. Белгілі педагог, ғалым Я.А.Коменскийдің жазуға үйрену үшін жазу керек, оқуға үйрену үшін оқу керек деген дидактикалық пікірін еске алсақ та жеткілікті[15]. Оқыту, білім беру барысында қазіргі күні өздігімен ізденуге үйрету, ақпарат құралдарын пайдалануға үйрету, алынған мәліметтерді жүйелеп ой қорытуға, одан соң іс тәжірибесінде қолдануға үйрету секілді тағы басқа көптеген іс-қимыл түрлерін тізбектеуге болады. Осыған орай ғұлама ақынның 33-қара сөзіндегі [54] “үйренбек керек” тұжырымы жалпы білім, ғылым, өнер іздегендерге дидактикалық нұсқау десе де болады. Онда ақын үйренудің мақсатын көрсетеді. Олар мыналар:

1. Ол ісімді бұл ісімнен асырайын деу;

2. Ерінбей істей беру керек, өнерді асыра түсу, көбейте түсуді ойластыру;

3. “Дарқансың, өнерлісің” дегенге мақтанып кетпеу;

4. Барды қанағат етпей оны одан ары көбейте беру.

Бұлар дидактиканың адамның бойында бар мүмкіндіктерін ашып, оны одан ары дамыту деген қағидасына сай келетін пікірлер десе де болады. Әуел басында бұл ойлар Абай тарапынан алдымен дидактикалық одан соң экономикалық мәнде айтылған. Енді осыларды жүзеге асырудың жолдарын да “үйретеді”:

1. Өнер арттыру үшін түзден артық ісмерлер іздеп тауып, солардың өнерін көріп, бірге істеп “істес болып”, талаптану арқылы бұрынғы өнерін, білімін одан ары арттыра түсу;

2. Бір нәтижеге қол жеткен соң “еріншек, салдау, салғырт, кербездікке” салынбай “осы да болады ғой” демей сол нәтижені арттыра түсу, тоқтап қалмай істей беру, үйрене беру, оқи беру;

3. Адамдардың алдау мен мақтағанына сенбей, уақытты өткізіп алмай барды көбейту. Осы қара сөзіндегі соңғы 3, 4 нұсқаулар негізінен экономикалық тұрғыдан айтылғанымен оқу, білім, ғылымда да осы жолды ұстанған жөн.

Ғұлама ақынның 27-қара сөзі [54] қысқа-қысқа ой тұжырымдардан тұрады да адамға нақты пікірді орнықтырады. Осылардың ішінен дидактикалық маңыздағы кейбір пікірлер оқыту мен білім беру, үйрету-әдет, дағды қалыптастыруға қажетті заңдылықтар десе де болады. Заңдылық тұрмыста, ғылыми зерттеулерде, қоғамда, адамның ой-пікірінде кездесетін белгілі бір құбылыстың көп рет қайталануы десек, онда осы 27-қара сөзден мынадай заңдылықтар да кездестіреміз: наданға айтылған сөз қабылдана ма жоқ па соған қарай ақын “хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады” - осыны өлеңінде ол “онда ми жоқ құлақ бар”, “ойсыздарға айтпа сөз”, “бәһрә ала алмас”, сөздің ішіне үңіл, мәнін ұқ “нұрын, сырын көруге көкірегінде болсын көз” деген пікірлерімен сәйкес келеді. Бұл дидактиканың оқушының, шәкірттердің, ізденушінің іс-әрекетіне басшылық ету; сөз түріндегі оқытудың тәсілдерін қолдануда тыңдаушылардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін, білім, біліктерін ескеру деген қағидасына саяды.

Осы 27-қара сөзіндегі “кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық адамды бұзады” деген ой тұжырымның астарында терең философиялық және психологиялық тамыры бар. Өйткені, біріншіден, кісіге біліміне қарай болыстық қыл дегендегі “білім” сөзі өте кең ауқымды. Мұнда ол тек қана белгілі бір пән не ғылым бағыты бойынша белгілі бір адамның білімін айтып отырғаны жоқ. Жалпы адамның парасатына қарай болыстық қылу керек дегенді алға тартып отыр. Өйткені, “парасатсыз”, “білімсіз” істеген жақсылықты дұрыс пайдаланбай, дұрыс түсінбей қайта зиянды жағын ұстанып кетуі мүмкін; екіншіден, жалпы біреуге болыстық қылу – ізгілікті, адамгершілікті іс десек те “қыл жақсылық, күт жамандық” деген халық нақылын естен шығармау. Қүнделікті тұрмыстан бастап ғылым және ғалымдарды да қамтиды.

Талаптану – ақын шығармаларының өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан ол туралы “талап қыл артық білуге” не болмаса “білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез”, “талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым”, “талаптың дәмін татуға” секілді өлеңдерінде кездесетін талап туралы пікірлері оны қазіргі кезде психологияда мотив, мотивация дегенге сәйкес келеді. Мотив - қимылға келтіреді, түрткі береді дегенді білдіретін латын сөзі болып, біріншіден, адамның іс-әрекетіне түрткі беретін ішкі қозғаушы күш; екіншіден, адамның белсенділігін оятатын сыртқы және ішкі шарттар; іс-әрекетіне бағыт беретін саналы себептер болып мұның қай-қайсысы болса да білім алу, үйренуде, ғылым іздеуде маңызы зор. Абай айтып отырған талап психологиядағы адамның өз бойындағы күш, қуатын мүмкіндіктерін іс жүзінде пайдалану, сол арқылы ішкі, сыртқы талаптарын қанағаттандыру. Ақынның 44-қара сөзіндегі [54] талаптың өзі әр түрлі болады және талап қылушылар да түрлі-түрлі дегені физиологиядағы талаптар, өзін сақтау, қорғауға талаптануы, әлеуметтік талаптар, мәселен, құрмет, істеген ісіне сенімділік, өз мүмкіндігін бас пайдасы үшін жұмсауға талаптану деген түрлермен сәйкес келеді. Осы 44-қара сөздегі “адам баласы кәдір іздеп” талаптанады, біреуі мал іздеп “мал қуып” талаптанады, біреу “қажеке”, “батыреке” атанамын деп талаптанады дегені ақынның осы мотив психологиясымен таныс болғанын көрсетеді. Ақын “талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді”, - дей отырып, қазаққа “кітап бетінен оқып іздеген талап” керек дейді. Ол үшін не істеу керек дегенге “алдымен көкіректі тазалау керек одан соң ниет ету керек” деген осы күндері аса маңызды дидактикалық пікірлер айтқан.

Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі тағы бір басты дидактикалық тұжырым, біздің бағамдауымыз бойынша “іздеу” немесе “іздену”. Оқытудың қазіргі жаңа технологиясы бойынша оқу, білім іздеген адамның басты іс-әрекеті болып отырғанына қарамастан оған әлі күнге дейін толық педагогикалық тұрғыда анықтама берілмегені және талданбағаны осы пән бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды зерттеу барысында байқалды. Бұл педагогикалық-психология, жалпы психологияда да толық ашылмаған болып шықты. Аса маңызды осы іс-әрекет педагогикалық психологияда, жалпы психологияда, жеке тұлға психологиясында да үнемі адамның осы екі ішкі түрткілері – қызығу мен қажеттену қимыл-әрекет түрлерімен қабыстырыла қарастырылады. Бірақ жан-жақты тереңдете зерделенбейді. Осы тұрғыдан алып қарасақ ақын шығармаларындағы іздену – қызығу, қажеттенуден туындайтын белсенді іс-әрекет болып, ол тек материалдық қажеттену емес рухани қажеттену мен қызығуды қанағаттандыру жолында істелетін жұмыс болып табылады.

Оқу іс әрекетінің аса маңызды құрамдас бөлігі “іздеу” мен “іздену”. Ақынның аталмыш пікірлерін талдаудан бұрын оның әр қандай іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оған алдымен махаббат пайда болуы керек, ал ол “адамның адамдығы, ғақыл, ғылым” деген нәрселермен келеді. Ақыл мен ғылымның табылуына септігі тиетін себептер – ата- ана, жақсы құрбы және жақсы ұстаз болуы тиіс, олар “ғылым-білімге махаббаттандырмақ”. Дидактикада бұл оқытудың екі жақты сипатына саяды. Өйткені, қалай десек те баланың танып-білудегі алғашқы қадамы отбасында, ата-анадан алған үлгі, өнегесі, тәрбиесінен екені даусыз. Одан кейінгі баланы оқытып, тәрбиелеп, білім, ғылым жолына салатын ұстаз. Дидактикада оқу үрдісі жүзеге асу үшін оқытушы мен оқушының арасында білім алу мақсатын көздеген қарым-қатынас орнауы тиіс. Келтірілген пікірге байланысты педагогикада “оқыту – өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті” делінген [24]. Осы тұста ақын 38-қара сөзінде [54] “Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша дейді. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” деген. Берілген үзіндіден қазіргі кезде аса маңызды мынадай дидактикалық пікірлерді аңғаруға болады: а) білім ғылымды қабылдауға, оқып үйренуге баланы даярлаудың қажеттігі. Қазіргі кезде осыған ерекше мән беріліп мектепке дейінгі мекемелерде арнайы жүзеге асыру амалдары орындалуда; ә) алдаумен не зорлықпен дегені, “алдау” дегенді өтірік сөз айту емес ойын түрінде, басқа да неше түрлі балаларды еліктетін тәсілдерді қолдану арқылы оқуға қызығуын ояту, еліктету – деп түсінген жөн. Ал, “зорлықпен” дегені қиқар балаларды оқытуда кейбір сөгіс, тиым салу, мәжбүрлеу, талап қою секілді тәсілдерді қолдана отырып, оқуға ынтасын ояту деген мәнде түсінсек ақынның дидактикалық пікірлерін тиімді пайдалануға болады; б) оқу, білімге баланы үйір қылу бұның негізі отбасында қаланады. Отбасында бала әке-шешесі, апасы не ағалары, т.б. кітап оқығанын көрсе не олар балаға ертегі, әңгімелерді оқып берсе, айтып берсе сол арқылы баланың санасында “кітаптың ішінде көп қызықтар бар екен ғой” деген пікір туындаса, сонда ғана алдымен кітап оқуға одан барып жалпы оқуға, одан соң білімге, ғылымға қызығуына септігі тимек яғни, оқу ғылымға үйір болуы кітап оқуға үйір болудан басталады. Осылардың барлығы баланың, оқушының “үйрене келе өзі іздегендей” болғанша істелетін жұмыстардың кейбір түрлері. Абай айтқан “іздеу” тұжырымының бастамасы осы.

Оқу мен оқыту жалпы білім беру үрдісіндегі қазіргі кезде белең алып келе жатқан пікір ғылым, білімге ұмтылған әр адамның “ізденуі” осы іс-әрекетті жүзеге асыруға дайын болуы. Өздігінен іздену – жеке тұлғаның белсенділігінің басты белгісі болып оқыту барысында негізді ғылыми біліммен қоса осы іздену тәсілдерін, жолдарын меңгерулеріне шарт түзу бүгінгі күн талабы. Енді іздену дегеніміз не деген сауалға келетін болсақ, оны психологияда қажеттенуден туындайтын іс-әрекет түрі дей келе, оған әрқашан ішкі мотивтер-түрткілер қозғау салады және іздеу ақыл-ой қызметімен тығыз байланысты болып, белгілі бір дәрежеде белсенділікті талап етеді делінген. Іздеу немесе іздену үрдісінің құрылымын зерттеген ғалымдар оның мақсатқа сай әр түрлі болатынын белгілей келе, қарапайым материалдық талаптарды қанағаттандырудан іргелі ғылыми зерттеу мақсатындағы ізденулерге дейін барлығы да адамның белсенділігін талап ететіндігін атап көрсеткен. Қай тұрғыдан алып қарасақ та іздеу мен іздену адам өмірінің барлық жақтарын қамтитын күрделі психологиялық іс-әрекет екені белгілі. Ал, Абай мұрасындағы “іздеу” тұжырымының түпкі мәні керегін “адал табу” осының барлығын қамтиды және оның өзіндік дидактикалық арқауы бар. Оны:

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай...

Адамның тауып айласын...

Адал тауып асықпай... деген өлең үзінділерінен байқаймыз, іздеудегі түпкі мақсат “табу” осы екі аралықтағы басып өтер жол белгілі дәрежеде білім мен біліктілікті керексінеді. “Не іздейсің көңілім, не іздейсің” деген өлеңінде іздеу табиғатының ерекшелігін “шарық ұрып тыныштық бермейсің” деп көрсетеді. Іздену өмірдің мәні екенін ол “Күлімсіреп аспан тұр” өлеңінде “тұрсын өмір жылытып” десе, “Сегіз аяқ” өлеңінде:

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа қарандым - дейді де, “Күлімсіреп аспан тұр” өлеңінде [54,78] мансап іздеген, мал іздеген, мақтан іздеген басқалардың күншілдігін тудырады деуі, тек ғылым іздеу ғана дұрыс - деген қорытындыға алып келеді. Жалпы іздеу тұжырымы ақынның қара сөздерінде нақтырақ сипатқа ие болып осы “іздеу” іс-әрекетінің психологиялық тегіне үңілуге мүмкіндік береді. Қажеттену оған түрткі беріп оны қанағаттандыру үшін рухани, материалдық жақтан қанағаттандырушы нәрселерді іздеуге итермелейді. Ізденуде “ой қызметі психикалық қозғалыстардың бір жағы... мысалы, аштық пен шөл адамға басқа ешнәрсені ойлауға мүмкіндік бермей тек сол талапты қанағаттандыратын заттарды іздеуге жетелейді”. Бұдан басқа танып-білуге құмарлық, эстетикалық ләззат алуға, жан рахатына ұмтылу секілді рухани талаптарды қанағаттандыру да іздеу немесе ізденуге түрткі береді.

Ғұлама ақынның “іздеу” тұжырымының қара сөздеріндегі түпкі идеясы “орнын тауып іздеу” 7-қара сөзінде; “жоғын іздеу арқылы” талаптанып, тілегіне қол жеткізу 11-қара сөз [54]; “бойын сынатпай жүріп іздеу” 15-қара сөзінде [55]; “өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеу”; “..еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі”; іздеудегі басты мақсаттың бірі – өнер арттыру үшін “ісмерлер іздеп” тауып үйрену;

Шығармаларындағы қалған “іздеулерді” осы екеуінің төңірегінде топтастыруға болады. Атап айтсақ, білмегенін білу, ақыл-ойын толықтыру, қолынан келмегенін істеп үйрену үшін соны шеберлікпен істей алатын адамды іздеп тауып содан үйрену, талап, мақсатқа жету үшін істелетін іс-әрекеттің барлығы да іздену арқылы іске асады. Адам дүниеге келген соң ол қызығатын нәрселер көп екені белгілі, мысалы, ғылым, білім олардың ең бастысы болса да көпшілік адамдар алдымен мал, мүлік, байлық, ақша секілді материалдық байлықтарды іздеуге жақын екені белгілі. Солардың ішінде құмарланып, қызығып іздеуге тұрарлығы ақыл, ғылым, білім екені Абай шығармасының арқауы десе де болады.

Ақын 32-қара сөзінде білім, ғылымды утилитарлы мақсатпен іздемей алдымен, оны білу үшін “құмар, ынтық” болып іздеу керек дей келе “дүние де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл берсеңіз” деген. Ақын шығармасындағы іздеудің дидактикалық аса маңызды тұсы адамның өзінің ізденуі, бірақ бұл “әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар” деген пікіріне негізделеді де, іздеушінің білімге ұмтылыс дәрежесін көрсетеді.

Ғұлама ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі бүкіл дидактикалық ойлар жүйесін №3-кестеде келтірдік. Оны ғылыми педагогикадағы оқыту теориясына негіздей отырып, ақын шығармаларынан айқындаған дидактиканың негізгі санаттарын келтірдік. Олар мыналар:

1. Таным үрдісі - білім беру барысында оқушылардың кең ауқымды, жан-жақты дүниетанымын қалыптастыруға байланысты болып ол Абайдың “Әуелде бір суық мұз...”, “Ата-анаға көз қуаныш”, “Білімдіден шаққан сөз” өлеңдері мен 15, 17, 31, 38, 43 қара сөздерінде кездеседі;

2. Оқу үрдісінің мәні болып саналатын біл - іс-әрекет сипатында болса, білім – осы оқу іс-әрекетінің мазмұнын айқындайды, біліктілік –біл және білім сөздерінен келіп шығады да, алған білімнің қажетке жарауына меңзейді. Ал, ғылыми білім негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру білімділіктің негізін қалайды. Бұлар “Білімдіден шыққан сөз”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Мұны жазған кісінің...”, “Сегіз аяқ” өлеңдері мен 14, 32, 38 қара сөздерінде кездеседі;

3. Іздену – қазіргі кезде оқу үрдісіне ендіріліп отырған “оқытудың кердит жүйесінің” басты маңызы болып отыр. Ақынның ізде және іздену туралы ойлары соған сәйкес шығармашылық іздену іс-әрекетіне жетелейтін, оған түрткі болатын идеяларға толы, мысалы, ол “Бір дәурен кемді күнге боз балалық”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Біреуден біреу артылса”, “Сегіз аяқ”, т.б. өлеңдері мен 7, 15, 43, 44-қара сөздерінен орын тепкен.

Кесте 3

Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлар жүйесі


Ақын шығармаларында

Дидактикалық пікірлері

1. Таным үрдісі

Әуелде бір суық мұз,

Ата-анаға көз қуаныш.

Білімдіден шыққан сөз. Қара сөздері - 15, 17, 31, 38, 43;

Кең ауқымды дүниетанымын қалыптастыру

2. Біл және білім, біліктілік

Білімдіден шыққан сөз. Ғылым таппай мақтанба. Интернатта оқып жүр. Мұны жазған кісінің... Сегіз аяқ, т.б. Қара сөздері - 14, 32, 38.

Ғылыми білім негізінде дүниетанымын қалыптастыру

3. Ізден және іздену

Бір дәурен кемді күнге боз балалық. Ғылым таппай мақтанба. Біреуден біреу артылса. Сегіз аяқ, т.б. Қара сөздері - 7, 15, 43, 44.

Шығармашылық іздену іс-әрекетіне тәрбиелеу


4.Үйрен және үйрету туралы ілім

Әсемпаз болма әрнеге. Көжекбайға. Ата-анаға көз қуаныш. Әсетке… Қара сөздері - 13, 19, 32, 41, 43, 44;

Үздіксіз үйрену, оқу арқылы білімін үнемі дамытып отыру



5. Ұқ, ұғыну

Қартайдық қайғы ойладық. Әсетке. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп… Қара сөздері - 8, 7, 9, 10.

Оқығанын, алған білімін түбегейлі ұғынып-түсіну арқылы өмір қажетіне жарату


4.Үйрену және үйрету туралы ілім дидактиканың өзегі болып ақын шығармаларындағы оның мәні үздіксіз үйрену, үйренгенін жойып алмай арттыра түсу, білмегенін білгендерден сұрап, шеберін іздеп тауып үйрену, оқу арқылы білімін үнемі дамытып отыруға үйрену дегендерді қамтиды. Мысалы, “Әсемпаз болма әр неге, “Көжекбайға”, “Ата-анаға көз қуаныш”, “Әсетке” т.б. өлеңдері мен 13, 19, 32, 41, 43, 44 қара сөздері ;

5. Ұқ, ұғыну тұжырымдары оқығанын, алған білімін түбегейлі ұғынып түсіну арқылы өмір қажетіне жарату. Бұл пікірлер ақынның “Қартайдық қайғы ойладық”, “Әсетке”, “Өкінішті көп өмір кеткен өтіп” т.б. өлеңдері мен 8, 7, 9, 10-қара сөздерінде кездеседі;

Осы пәредегі ғұламаның қара сөздеріндегі дидактикалық пікірлері мен алдыңғы тарауда келтірілген өлеңдеріндегі тұжырымдарды жинақтап берілген кестеден ақын мұрасындағы дидактикаға қатысты ойларды нақты көруге болады.



































2.2 Абай дидактикасын оқу үрдісіне ендіру бойынша арнайы курстың сипаттамасы


Осы тараудың 2.2 пәресінде біз педагогика курсының “Дидактика” бөлімін оқытуда Абай Құнанбаев шығармаларындағы оқыту теориясына байланысты пікірлерді ендіріп пайдалану мәселелерін қарастырылды және оны практикада қолданудың әдістемесін біршама көрсетуге ұмтылыс жасалды. Бұл жерде айта кететін бір нәрсе - әркім өзі дұрыс көретін кез-келген оқытудың жаңа әдістері мен белсенді әдістерін пайдалануларына болатыны. Біз тек мысал ретінде ғана бірнеше тақырыпты көрсеттік. Студенттердің ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерді толымды меңгерулеріне шарт түзу мақсатында арнайы курс оқыту қажет деп ұйғардық. Төменде оның жоспарын және жалпы сипаттамасын келтіреміз. Арнайы курсты болашақ педагог мамандардың барлығына (кәсібіне қарамастан), жоғары оқу орындарының магистратурасында, және педагог емес мамандарға да оқыту пайдалы. Арнайы курс олардың жалпы педагогика бойынша білім ауқымын кеңейтеді, дидактикалық пікірлердің біздің ұлттық ғұлама ғалымдардың мұрасында да болашағынан хабардар болады және өз жұмыс практикасында қолдану мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге арнайы курс “Педагогиканың тарихы” пәнінің мазмұнындағы “Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлер” тақырыбын тың мәліметтермен байытады.

Зерттеулерден бұрынғы ақын мұрасын педагогика пәндерінде оқыту мәселесіне тоқталған ғалым І.Р.Халитова жоғарыда келтірілген диссертациялық зерттеуінің “Абай Құнанбаев мұрасының 1960-1995 жылдары педагогика пәндеріне енгізілуі және оны тиімді пайдалану жолдары” деген тақырыбында 1930 жылдардан бастап ақын шығармаларының жалпы оқу үрдісінен орын ала бастағанын көрсетеді. Аталмыш зерттеуде жалпы ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің біршама өзекті мәселелерін қарастырғанымен оның дидақтикалық пікірлерге толық шығармаларын “Жалпы педагогиканың” дидактика бөліміне ендіру мәселесі жекелеп қарастырылмаған[9]. Осы мәселені шама-шарқымызға қарай шешу мақсатында “Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру” тақырыбында арнайы курс бағдарламасын түзіп, дәрістер мен семинар сабақтары, студенттердің өзіндік жұмысына қатысты оның мазмұнын анықталды.

Арнайы курстың негізгі бағыты педагогиканың теориясын тың және ұлттық идеялармен байыту, сол арқылы отандық педагогиканы жасаудағы ақын мұрасының орнын айқындау. Нақтылап айтсақ “Жалпы педагогика” курсының дидактика бөлімін ұлттық сипатта оқытуға үлес қосу.

Арнайы курстың мақсаты: Абай Құнанабаев мұрасындағы дидактикалық ойларды отандық педагогиканың мазмұнына ендіру мүмкіндіктерін қарастыру; оқу үрдісіне ендіріп, тәжірибеден өткізу арқылы ондағы педагогиканың теориясына қатысты ойларын студенттердің меңгеруін тексеру. Осыған орай арнайы курстың міндеттері белгіленді:

- ақын мұрасында дидактикалық ойлардың бар екендігін және оның педагогиканың теориясын оқытудағы маңызын ашып көрсету;

- болашақ педагог мамандардың білімін оқыту теориясына қатысты ұлттық ой-пікірлермен толықтыру;

- Абай Құнанбаев педагогикасындағы “оқы”, “біл”, “үйрен”, “ізде”, “ұқ”, “ұғын”, “түсін” тұжырымдарын педагогика пәніне ендіру жолдарын көрсету;

- ғұлама ақын шығармаларындағы таным теориясын дидактиканы оқытуда және оқу үрдісін ұйымдастыруда пайдалану жолдарын белгілеу.

Бұларды оқу үрдісінде тексеру мақсатында “Педагогика және психология”, “Дефектология”, “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандықтары бойынша 2-3-курс студенттеріне оқытылды.

Жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне дендеп еніп келе жатқан “Кредит технологиясын” ескере отырып, арнайы курстағы дәрістер мен семинар сабақтары, өзіндік жұмыс бойынша нақты білім көлемін келтірілді. Арнайы курста ақынның дидактикалық пікірлері жеке-дара келтірілместен “Жалпы педагогиканың” дидактика бөліміндегі тақырыптарға сәйкес тұстары алынып солармен тоғыстырыла, қабыстырыла ендірілгені 2.2 пәреде көрсетілді. Сонымен бірге келтірілген өзіндік жұмыс түрлері де “Абай Құнанбаевтың дидактикалық ойларын” жеке танып-білуді көздейді. Сондықтан тапсырмалар көлемі, оларды орындау тәсілдері бойынша нақты жұмыс түрлері келтірілді.

Қазіргі кезде оқыту үрдісінде кредит жүйесі бойынша сағатты басқаша есептеу тәсілі қолданысқа жиі еніп келе жатыр.

Соған сәйкес қарастырсақ арнайы курстың көлемін 2 кредит немесе 90 сағатқа сәйкестендірсек, оның 20 сағаты дәріс, қалған 10 сағаты семинар және 16 сағаты ұстаз бен студенттердің өзіндік жұмысына, 44 сағаты студенттің өзіндік жұмысына, рефераттар орындау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыруға, коллоквиум, сынақ өткізуге бөлінеді. Осыған орай ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларды оқыту теориясымен қабыстырып, сабақтас тұстарын іздеп табу үшін өзіндік іздену жұмыстары ұйым-дастырылады. Оған да тақырыптар мен жұмыс түрлері көрсетілген (кесте 4).


Кесте 4

Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру” арнайы курсының жоспары


1.5 Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі

2


Семинарлық сабақтар



2.1 Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пәні, оның мақсаты мен міндеттері

2

Жоба

2.2 Халық педагогикасындағы Абай шығармаларының алатын орны

2

Реферат

2.3 Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлар

2

Баяндама

ОСӨЖ



3.1. Абайдың тәрбиелік мектебі

2


3.2. Абай педагогикалық мұраларындағы халықтық тәрбие

2


3.3. Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі

2

Реферат

1 модуль бойынша барлығы

24


1.1 Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пәні, оның мақсаты мен міндеттері.

- Болашақ маманның кәсіби дайындығын қамтамасыз етудегі Абай Құнанбаевтың шығармаларының алатын орны;

- Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру пән ретінде.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Арғынбаев Х. Қазақ шежіресі. - Алматы, Атамұра. 2000.

2. Жарықбаев Қ. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы. - Алматы, 1970.

3. Көбесов А.К. Абай қара сөздерінің кейбір тұжырымдары хақында, Алматы, 1992 жыл

    1. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы.

- Абай Құнанбаевтың дүниеге келуі және туған жері;

- Абай Құнанбаевтың шығармашылыққа бет бұруы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987.

2. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992.

3. Тәжібаев Т. Абай Құнанбаевтың психология және педагогикалық көзқарастары /Жинақ. - Алматы, 1954.

    1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларын және өмірін зерттеген ғалымдар қатары

- Абай Құнанбаевтың шығармаларын зерттеген ғалымдар қатар;

- Абай Құнанбаевтың өмірін зерттеген ғалымдар қатар;

- Абай Құнанбаевтың мұраларын зерттеген қазақ ғалымдары.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. - Алматы, 1984, 139, 144 б; ІІ том.

2. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

3. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956.

  1. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические произведения, - М, 1965.

1.4 тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлар

- Абай шығармаларындағы педагогикалық тұстары;

- Абай шығармаларындағы адамгершіліктің идеалдары;

- Абай шығармалары тәрбиелеудің негізгі құралдары ретінде.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қалиев С. Педагогикалық көзқарастары. Кіт. /Қазақ тәлім тәрбиесі

- Алматы, 1995.

  1. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы

(XV-XVIII ғғ.). - Алматы, 1999.

3. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы, 1995.

4. Қожахметова К.Ж. Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики. Автореф.докт. дисс. - Алматы, 1998.

5. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж.). Докт.дисс. - Алматы, 1998.

1.5 Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі.

- Абай Құнанбаевтың мұраларының зерттелуі;

- Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. - Алматы, 1984, 139, 144 б; ІІ том.

2. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

3. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956.

  1. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические произведения, - М, 1965.


Студенттің өзіндік жұмысы

  1. Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

  2. Қара сөздердің педагог мамандарға қажеттілігі мен пайдалары

  3. Абай маңындағы өнерлі жастар

  4. Абай тұсындағы кемеңгерлер

  5. Халықтық шығармалар – Абай нәр алған рухани көздің бірі

  6. Абай дүниетанымындағы орыс достарының ролі

  7. Кәкітай Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы

  8. Ақыл-ойға байланысты Абайдың көзқарасы (зерделі, пайымдаушы ақыл).

  9. Этникалық мәдениеттегі толеранттылық мәселесі

  10. Абай негізін қалаған қазақ әдебиетіндегі халықтық дәстүр

Студенттердің өзіндік жұмыста пайдалануына ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. – Алматы.

2. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. - Алматы, 1988.

3. Есімов Ғ. Хакім Абай. - Алматы, 1994.

4. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын мектепте оқыту мәселелері.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны, Абай. 1992.

  2. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987.

  3. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992.

  4. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. – Алматы.

  5. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956

Арнайы курс бойынша өзіндік жұмыстарды орындау әдістемесіне келетін болсақ, ол негізінен оқытудың жаңаша әдістермен белсенді әдістерді қолдану бойынша іске асырылды.

Атап айтсақ, алдымен студенттер жалпы педагогика курсының дидактика бөлімін жете меңгермейінше ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерді ажыратып алу күрделі.

Сондықтан дәріс оқу барысында оқыту теориясының санаттары оқытудың мақсаты мен міндеттері дидактиканың негізгі бөлімдері таным үрдісі, оқу үрдісінің заңдылықтары, оқыту әдістері мен ұстанымдары бойынша ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерге тиесілі тұстарын ашып көрсеткен жөн.

Ал, өзіндік жұмысты орындау бойынша келтірілген кесте бойынша тапсырмалар қарастырылған. Онда мынадай жұмыстарды ретімен орындау керек:

- дидактиканың негізгі санаттарын анықтап алу және оларды саралап жазып біліп алу;

- ақынның өлеңдерін сараптап дидактикалық пікірлерге қатысы бар шумақтары мен тармақтарын іріктеп алып көшіріп жазу;

- ақынның келтірілген қара сөздеріндегі дидактикалық пікірлерге қатысты тұстарын көшіріп жазу;

- өлеңдері мен қара сөздеріндегі дидактикалық пікірлерді оқыту теориясының белгілі тұстарымен кіріктіріп сипттамалар беру;

- бұл тапсырмаларды орындауда көшіріп жазу, талдау, топтастыру, жіктеу, іріктеп алу, сараптау, жаттау, есте сақтау, айтып беру, түсіндірмелеу, жазбаша сипаттамалар беру секілді. әдістерді қолдану.

Бұл ұсыныстарды орындау студенттердің жұмысты жүйелі орындау, мазмұнын меңгеру, оларды іс жүзінде қолдану септігін тигізбек. Өзіндік жұмыстармен қатар студенттердің ғұлама ақын мұрасындағы дидактикалық ойларын ғылыми-педагогикалық тұрғыда меңгеруіне шарт түзу мақсатында жекелеген тақырыптарда рефераттар жазу қарастырылды. Мұндағы басты мәселе бір ұғымының педагогикалық, психологиялық сипаттамасымен қоса ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі сабақтастығын көрсету.

Осы мақсатты көздеп рефераттардың тақырыбын төмендегіше анықтадық:

1. Дидактиканың негізгі ұғымдары және олардың ақын шығармаларында орын алуы.

2. Оқытудың, білімнің беріктігі қағидасы мен ақын қара сөзіндегі осыған сабақтастық.

3. Ақын шығармаларындағы оқытудың жүйелілік пен бірізділік қағидасы.

4. Оқытудың қайталау әдісі және Абай мұрасындағы оған сәйкес пікірлері.

5. Ақынның “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” шумағының педагогикалық және психологиялық астары.

6. Абайдың “Сөзін оқы және ойлан” өлең тармағының тәлімдік маңызы.

7. Ақылды кісі мен ақымақ кісінің айырмашылығы неде?

8. “Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге” шумағының өзектілігі.

9. “Қолымды мезгілінен кеш сермедім... Баламды медресеге біл деп бердім” шумақтарының дидактикалық маңызы.

10. Интернатта оқып жүр өлеңіндегі дидактикалық пікірлер.

11. “Қайдан ғана біледі ауыр менен жеңілдің арасымен өтерді” шумағының педагогикалық сипаттамасы.

12. 7-қара сөзіндегі танымдық пікірлер.

13. 12-қара сөзіндегі оқыту әдісіне тән пікірлер.

14. 15- қара сөзіндегі қызығу мен қажеттенудің оқу үрдісіндегі мәні.

15. 25-қара сөзіндегі дидактикалық ойлар.

Рефераттарды орындау барысында студенттердің ақын шығармаларынан дидактикалық пікірлерін ажырата білуге үйренуі, дидактикалық ойларға сипаттамалары беріп, оны педагогикадағы негізгі ұғымдармен салыстырмалап көрулеріне шарт түзеді.

Жұмыс барысында ақын шығармаларын конспектілеу, көшіріп жазу, жаттау және оларға ауыз-екі сипаттамалар беру, ақынның әр өлеңі мен қара сөздері туралы ғалымдар мен ақын жазушылардың еңбектерін іздеп тауып, оларды талдау секілді қосымша жұмыстар жүргізілді.

Сауалнамалар алдымен құпия түрде болды:

1. Абай Құнанбаев шығармаларында дидактикалық пікірлер бар деп ойлайсыз ба?

2. Ақын шығармаларын жатқа білесіз бе?

3. Ақынның қара сөздерінен үзінділер білесіз бе?

4. Дидактика нені оқытады? Оқыту теориясы мен тәрбие теория-сының өзара байланысын қалай түсінесіз.

5. Оқу, білім ғылым туралы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер білесіз бе?

Жазба жұмыстар:

1. Білімдіден шыққан сөз...(ары қарай жалғастырыңыз);

2. Жас бала анадан туғанда екі түрлі - деген 7-қара сөзінде не жайында айтылады?

3.“Көзбен көрген нәрсенің сырын көңілге салу” дегенді қалай түсінесіз?

4. Дидактиканың қай санаттары ақын мұрасынан орын алған? т.с.с.

Студенттердің білімін тексеру мақсатында жалпы дидактика бөлімі оның ішінде ақын шығармаларындағы оқыту теориясына байланысты пікірлерді тексеруге арналған тест сұрақтары даярланды. Бұл жұмыстар Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика және психология, дефектология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарының сырттай және күндізгі бөлім студенттерімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін дәлелдеу мақсатында студенттер 2 топқа бөлінді: 1) эксперимент тобында - 30 студент; 2) бақылау тобында – 20 студент.

Өз пікірлерін жазбаша талдау.

Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар оның ішінде дидактикалық пікірлерін студенттердің меңгеру деңгейінің көрсеткіштері 6-кестеде берілді.


Кесте 5

Анықтау кезеңінің көрсеткіші ( % есебімен)

Кесте 6

Эксперимент тобының қалыптастыру кезеңінің көрсеткіштері (% есебімен)


Кесте 7

Дамыту кезеңінің көрсеткіштері (% есебімен)


Дамыту кезеңінің көрсеткіштері (диаграммамен)


Жоғары деңгей. Студенттердің Абай Құнанбаев мұрасындағы педагогиканың теориясына қатысты ойлардың жалпы дидактика ілімімен сабақтастығын толық меңгеруі.

Орта деңгей. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ой- пікірлер туралы тұжырымдарды меңгеруі.

Төмен деңгей. Абай шығармаларындағы дидактикалық ойларды оқу үрдісінде қолдану мүмкіндігін анықтай білуі.

Абай Құнанбаев шығармаларынан айқындап алынған дидактикалық ойларды студенттердің меңгеру динамикасы эксперимент жұмыстың соңында төмендегідей болды.

Арнайы курс бойынша оқылған дәрістер, өткізілген семинар сабақтары мен өзіндік жұмыстардың нәтижесінде студенттердің ақын мұрасындағы дидактикалық ойларды меңгеруін тексеру мақсатында тест сұрақтары әзірленіп өткізілді.

Бұнымен бірге жауаптың шынайылығын тексеру мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, коллоквиум өткізілді (сауалнамалар, тест сұрақтары қосымшада берілді).

Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру арнайы курс бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша өткізілген теориялық және практикалық сабақтарды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік алынды:

1. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың оқыту теориясымен сәйкес келетіні және олардың болашақ ұстаздарды даярлау ісінде педагогика пәндерін оқытуда қолдану қажеттігінің бар екені дәлелденді.

2. Ғұлама ақын Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық ойларды студенттерге меңгерту бойынша кредит жүйесіне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндігі және оның тиімділігі белгілі болады.

3. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың ұлттық педагогиканы байытуымен бірге ақынның “оқы”, “біл”, “үйрен”, “ізден”, “ұғын” тұжырымдарының ғылыми педагогикада толық ашылмай келе жатқан тұстарын айқындаумен бірге осыларға байланысты студенттердің түсініктерін кеңейткені анықталды.

4. Арнайы курс мазмұны және оны студенттердің меңгеру мүмкіндіктерін тәжірибе түрінде тексеру ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларды педагогика курсы, оның ішінде оқыту теориясы бөлімін мазмұндық жақтан байытып отандық педагогиканың, ұлттық ауқымын кеңейтті және оларды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндігі көрсетілді.







Қорытынды


Қоғамның тарихи даму кезеңінде өткен дәуірден бізге жеткен мәдени, әдеби мұралардың өсіп келе жатқан жас буынды оқыту мен тәрбиелеуге септігін тигізетін мүмкіндіктерін сарқа зерттеп, тәлім-тәрбие ісінде қолдану бүгінгі күн талабы. Өйткені, жан-жақтан қаулап арам шөптей басып келе жатқан құнсыз дүниелердің жастар өміріне дендеп еніп бара жатқанын көріп отырмыз.

Қазіргі кезде оқыту теориясына қатысты, әсіресе, оқыту әдістеріне байланысты “жаңа технология”, “белсенді әдістер” деген жаңа сипаттағы ұғымдар пайда болды. Олардың көпшілігі компьютерлік технология, аудио-видео технологиялары мен кәдімгі ертеден бері қарай қолданып келе жатқан әдістер мен тәсілдердің түрліше топтастырылуы мен талдануы. Бұл ретте ақын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды да тың сипатта талдап, жаңаша көзқараспен зерделесек осы “жаңа технология мен белсенді әдістерді” байыта түспек.

Егер Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық ойларды педагогикаға енгізер болсақ, төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

-Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады;

-білім сапалары артады;

-эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды;

-адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады;

-білімді болғылары келеді, алдарына мақсат қояды;

-ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі;

-адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

Өз сөзімді Қазақстан рентгенорадиологтары қауымдастығының президенті, медецина ғылымдарының докторы, профессор Жанғали Хамзабаевтың сөздерімен аяқтағым келеді: «Абайды оқып отырған қазақ орынсыз асып, жөнсіз тасып кетпейді. Дара данышпанның әр өлеңінің тұңғиығында құдық суындай құдірет, қара сөзінде қалыбыңды бұзба, ниетіңді қысас қылыққа алдырма деген керемет тағылым жатыр. Мен оны күнде оқып отырып , ізет пен инабаттан аттауға қақым қайсы? Абайды білген адам тілінен айырылмайды, ата жолынан адаспайды.»









Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә. Абай туралы сөз // Егемен Қазақстан.-1995.-10 тамыз.

  2. Жарықбаев Қ. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы. - Алматы, 1970.

  3. Құнантаева К.Қ. Ұстаздарға өсиет //Ұлағат. - Алматы, 1995. № 1.

  4. Кобесов А. Педагогические наследие аль-Фараби. - Алматы, 1989.

  5. Қалиев С. Педагогикалық көзқарастары. Кіт. /Қазақ тәлім тәрбиесі

Алматы, 1995.

  1. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы

(XV-XVIII ғғ.). - Алматы, 1999.

  1. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы, 1995.

  2. Қожахметова К.Ж. Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики. Автореф.докт. дисс. - Алматы, 1998.

  3. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж.). Докт.дисс. - Алматы, 1998.

  4. Ильясова А.Н. Проблемы развития педагогической теории Казахстана. автореф. докт. дисс. - Алматы, 1997.

  5. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны //Абай. 1992. № 3.

  6. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1987, -305

  7. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1992.

  8. Тәжібаев Т. Абай Құнанбаевтың психология және педагогикалық көзқарастары /Жинақ. - Алматы, 1954.

  9. Әуезов М. Абайдың идеялық-мәдени ізденулері. 20 томдық шығармалар жинағы. - Т. 15. - Алматы, 1984, 139, 144 б; ІІ том, - Б.

  10. Әлжанұлы Ш. Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы. Социалистік Қазақстан, 30 декабрь 1934 жыл.

  11. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - М., 1956.

  12. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические произведения, - М, 1965. - Т. 2.

  13. Гербарт И.Ф. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. М., 1981.

  14. Дьюи Дж. Школа и общество. 2-е издание, -М, 1924. С. 34-62, 412 . Основа прогрессивистской школы. 1957. - С. 72-200.

  15. Каптеров П.Ф. Дидактические очерки. Теория образования, Пг., 1915. - С. 101-109;

  16. Куписевич Ч. Основы общей дидактики. Пер. с польского. - М., 1986. - 367 с; глава 1

  17. Нысанбаев Ә. Қазақстан демократия рухани жаңару. – Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1999, - 416 б, - Б. 509-60.

  18. Данилов М.А., Есипов Б.П. Дидактика. - М., 1957. Бабанский Ю.К. Педагогика. - М., 1983.

  19. Бабанский Ю.К. Педагогика. - М., 1983.

  20. Ильина Т.А. Педагогика. - М., 1984.

  21. Харламов И.Ф. Педагогика. - Минск, 2000.

  22. Лихачев Б. Педагогика. Учебник. - М.,1999.

  23. Подласый И.П. Новый курс: Учебник для студентов пед.вузов: В 2 кн. Кн. 1. – М: Владос, 1999.

  24. Әбиев Ж. Педагогика. - Алматы, 2004.

  25. Қоянбаев Ж. Педагогика. - Алматы, 1999.

  26. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті. - Алматы, 2004. Лихачев Б. Педагогика. Учебник. - М.,1999

  27. Дайрабаева À.Е. Қазақстанда дидактикалық ойлардың дамуы (ХІХ ғ. екінші жартысынан Қазан төңкерісіне дейін). автореф. канд. дис. - Алматы, 1994 .

  28. Табылдиев Ә.Т. Қазақ этнопедагогикасын оқытудың дидактикалық негіздері. автореф. докт. дисс. - Алматы, 2004.

  29. Ғаббасов С. Халықтық педагогиканың негіздері. - Алматы, 1994. – 359 б,

  30. Әрінова Б. Алғашқы оқулықтар //Қазақстан мектебі.- 1995 № 7. – 61 б.

  31. Кетебаев К. Мектепте Абайдың өмірбаянын оқыту //Қазақстан мектебі. 1995. № 7. – Б.

  32. Көшімбаев А V-VІ кластарда ақын жазушылардың өмірбаян-дарын оқыту //Халық мұғалімі. 1949. № 1, 14, 20 б.

  33. Қаймолдаұлы О. Абайнама құдіреті //Қазақстан мектебі, 1995. № 7, - 10 б.

  34. Әбілдаұлы Ұ. Абайды оқу әліппесі. - Алматы, 1994. - 4 б.

  35. Анарбекова Р. Абай және Әуезов шығармаларын сабақтастыра оқыту //Қазақстан мектебі, 1989. № 9,

  36. Машаев Х. Абай өлеңдеріндегі адамгершілік идеялар //Қазақстан мектебі. 1980 № 9.

  37. Әділханұлы Г. Талапқа сай талдадық па? //Ақтөбе. 28-сәуір 1994 жыл.

  38. Майтанов Ғ. Ғұлама ғибраты //Жұлдыз. 1989. № 7. - Б.191-192. 5 июнь 1970 жыл.

  39. Ақшолақов Т. Тереңдетіп оқыту мақсаты /Жинақ. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1990.

  40. Сыдықов Қ. Оқулықтар не дейді. // Қазақ әдебиеті. 21 мамыр 1971 жыл.

  41. Тайжанов А. Педагогические взгляды Абая Кунанбаева /Пособие для учителей. – Алма-Ата, 1990.

  42. Шаменов Қ. Қазақ әдебиеті оқулықтары мен программалары туралы //Халық мұғалімі. – 1956. № 11.

  43. Ғабдуллин Н. Жаңарған оқулық жайында // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1994. № 5-6.

  44. Дүкенбаев С.Әдебиет теориясынан алғашқы ұғымдар. - Алматы 1981. - 55 б

  45. Шалабаев Б. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту . –Алматы, 1982.

  46. Ақынжанов М. Абайдың саяси қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы /Абайдың өмірі мен творчествосы. – Алматы, 1954. – 65 б.

  47. Баймағанбетова Ж.Т. Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы жас кезеңдеріне қатысты тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер (XVIII-XIX ғғ.). автореф. канд. дисс.. - Алматы, 2003.

  48. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - Алматы, 1977. - Т.

  49. Мұқанов С. Жарық жұлдыз. – Алматы: Санат, 1995.

  50. Бейсембиев К. Мировоззрение Абая Кунанбаева. - А., 1956.

  51. Венгер.Л.А. Восприятие и обучение. - М., Просвещение, 1969. - Б. 285-291.

  52. Ленин В.И. Шығармаларының толық жинағы. - М., - Т. 29.

  53. Павлов И.П. Полн.собр.соч. Изд 2-е, доп., - Т .3, Кн. 2. М-Л: Изд-во АН СССР, 1951.






































Қосымша 1

Дөңгелек үстел

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлерін талдау, педагогикаға енгізу үшін іріктеу.

Сабақ міндеттері:

1. Білімділік: Абай мұрасын тереңдеп оқып-үйрену, алған білімдерді қорытып өз мамандықтарында пайдалану.

2. Дамытушылық: оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жүргізе алуды, ұжымдағы қарым-қатынасты дамыту.

3.Тәрбиелілік: Абай шығармаларынан ғибрат алуға, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелдің барысы:

Кіріспе сөз.

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылары, студенттер, қонақтар. “Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ойларды анықтау” атты ой бөліске қош келдіңіздер!

Дөңгелек үстелді бастамас бұрын «Абай Құнанбаев және оның шығармалары» тақырыбындағы слайд-шоуға назар аударайық.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мен сұрақтарына тоқталып өтсек:

Қазіргі кезде оқыту теориясына қатысты, әсіресе, оқыту әдістеріне байланысты “жаңа технология”, “белсенді әдістер” деген жаңа сипаттағы ұғымдар пайда болды. Олардың көпшілігі компьютерлік технология, аудио-видео технологиялары мен кәдімгі ертеден бері қарай қолданып келе жатқан әдістер мен тәсілдердің түрліше топтастырылуы мен талдануы. Бұл ретте ақын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды да тың сипатта талдап, жаңаша көзқараспен зерделесек осы “жаңа технология мен белсенді әдістерді” байыта түспек. Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлерді айқындап, оны оқу үрдісіне пайдаланудың жолдарын қарастыру болып табылады. Сонымен, бүгінгі дөңгелек үстел сұрақтарына назар аударайық.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

1. Абай Құнанбаевтың қандай қара сөздерін білесіз?

1-студент

Мен, Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен бірінші, жетінші, он жетінші, жиырма тоғызыншысын білемін. Абайдың қара сөздерін оқыған сайын рухани тұрғыда өсемін. Абай бірінші қара сөзінде қара сөздердің жазылу себебін түсіндіре келіп, одан әрі оқырманға ой салады. Мысалы, 15-сөзінде: Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім,-дей келіп, екеуінің айырмашылығын айқын суреттейді.

2-студент

Абай дегенде толғанбайтын қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар, сірә?! Ойлы өлеңдерімен, асыл қара сөздерімен өскелең ұрпаққа қанат бітіріп, тәрбие мен адами қаситтерді әрдайым бойға сіңірткен, данышпан ақын өсиеті – мәңгілік мұра. Мен бірнеше қара сөздерін білем. Олардың ішінде жаныма жақыны, қатты ұнайтыны әрі ұран етіп ұстанатыным ол жетінші қара сөзі.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...

3-студент

Мен мектеп бағдарламасында оқыған бірінші, жетінші, он жетінші, отыз бірінші, жиырма тоғызыншы қара сөздерінің мазмұнын білемін.

4-студент

«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Атың шықпаса, жер өрте», «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» осы мақалдарды сынға алған. Расында қазақ халқының кейбір мақалдарының мағыналық жақтарымен келіспеймін. Өзіме осы қара сөзі өте ұнады.

5-студент

Абайдың Құнанбаевтың қара сөздері ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, даналық дүниетанымын даралап көрсететін ерекше стильде жазылған прозалық шығарма. 1-ші қара сөзін жатқа білемін деп айта аламын. Ол былай деп айтады:

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын...

...Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

- Я, Абай ата сіздің осы жазып кеткен сөздеріңіз жерде қалған жоқ. Тіпті қазіргі таңда өте пайдаға асты десек болады.

2. Халық педагогикасындағы Абай қара сөздерінің алатын орны қандай?

6-студент

«Болмасаң да, ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз» деп атамыз өзі айтқандай 45 қара сөзінен біз ол заманның, Абайдың қандай болғандарын көріп талпынамыз, тырысамыз. Ерекше жазылған шығармалар жиынтығы. Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, алуан. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне логикалық мәніне зер салған.

Бұл ерекше туынды қазақ этнопедагогикасының берік негізі деп айтуға болады.

7-студент

Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молығуы тікелей өз қолымыздағы іс. Орасан зор деп айта аламын. Себебі Абайдың әрбір қара сөзінде терең ойлы мағына жатыр. Адам өмір сүруі үшін керекті білім көзі.

8-студент

Абайдың бұл туындысымен менің ойымша толықтай бір елді, мемлекетті тәрбиелеуге болар еді. Қазақтың қасиетті кітаптарының қатарына қосар едім.

9-студент

Жалпы халқымыздың діні жайлы айтқаны болмаса, салт-дәстүр, жоралғылар, әдет-ғұрыптарымыз айтылмаған. Жалпы тәрбиелеу құралы ретінде пайдалансақ нұр үстіне нұр болар еді.

10-студент

Абайдың қара сөздерін оқи отырып, атамыздың халық үшін, қазақ үшін қамыққанын, надандықты жойғысы келгенін байқауға болады. Осындай адамдар қазіргі таңда жоқтың қасы деуге болады. Бірең сараң ғана. Сол үшін мен Абай Құнанбаевты қатты құрметтеймін. Қара сөздерін үнемі оқып жүремін.

11-студент

Халық педагогикасында, халық тәрбиесінде алар орны орасан деп ойлаймын. 45 қара сөзді оқып шыққан адам жоқ дегенде алға ұмтылыс, талпыныс, мотвация алады деп ойлаймын. Өзге елдердің қазақтың Абайына тең келер Абайы жоқ шығар, сірә.

3. Қара сөздердегі дидактикалық ойлардың қайсысын педагогикаға енгізуге болады?

13-студент

Абай мұрасында “біл” тұжырымына қатысты көптеген пікірлер айтылған. Оның халыққа, қазақтарға оқысаң жақсы болар еді деп емес, бұйрық райда айтылғандығы адамдарға ұлкен ой салар деген ойдамын.

14-студент

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.

Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.

Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.

Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

Осы сөздерді енгізу керек деген ойдамын. Қазіргі теңсіздік заманында адамдар білімді бір-біріне ысырмас үшін.

Сабақты бекіту

Халық  арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2. Жаман дос - көлеңке,

3. Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
4. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
5. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
   Аздырар адам баласын
6. Баяғы жартас - бір жартас
7. Толғауы тоқсан қызыл тіл
   Сөйлеймін десең өзің біл
8. Ойын – арзан, күлкі қымбат

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Қатысқандарыңызға рахмет. Сөзімізді мына өлең жолдарымен қорытындылайық:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегіңде болсын кез.











Қосымша 2

Сабақтың мақсаты: Абай шығармалары арқылы білімдерін шыңдай отырып, шығармаларының құндылығына, пайдалылығына, өміршеңдігіне көздерін жеткізу.

Дамытушылық: оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жүргізе алуды дамыту.

Тәрбиелілік: Ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан ұрпақ жүрегіне халық даналығын, рухаи байлығын, адамгершілік қасиеттерін сіңіру.

Әдісі: сайыс сабақ, проблемалық оқыту, іздену, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Абай портреті, слайдтар.

Сабақ барысы: Мұғалім сөзі: Қазақтың данышпаны, ақыны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем, бақытты ел. Біз бүгінгі сабағымызда Абай туралы ой толғап, сыр шертпекпіз. Сабақ сайыс-сабақ ретінде өтеді. Студенттер алдын-ала бөлінген екі топқа біріктірілген.

І-бөлім

Абай тағылымынан білім сайысы

І топ «Мұрагер»

Ұраны

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!»

Төсбелгісі: кітап, орақ, кетпен.

«Мұрагер» тобына сұрақтар:

  1. Абайдың қара сөздерін қай жылдан бастап жаза бастады?

  2. Абайдың білім-ғылым жайында жазылған қандай қара сөздерін білесің?

  3. Абай сөз өнеріне қандай баға берді?

  4. Абайдың 12-қара сөзінде не туралы айтылған?

  5. Абайдың мұражайы қай жерде?

  6. Абайдың «Дүниеде өзі, мал да өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген сөзін қалай түсінуге болады?

ІІ топ «Парасат»

Ұраны

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абай!

Қара сөзін мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы!

Төсбелгі: ай, су, тау.

«Парасат» тобына сұрақтар:

  1. Абайдың қара сөздер жинағы қай жылы басылып шықты?

  2. Абай кімдермен дос болды?

  3. «Абай жолы» романын кім жазды?

  4. Абай «қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» деген сөзін қандай мақсатта айтты?

  5. Абайдың шәкірттері кімдер?

  6. Абайдың жетінші қара сөзінде не туралы жазылған?

ІІ бөлім

Поэзия бағыты.

«Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез». (Білім туралы өлеңдерін мәнерлеп оқу)

І топ.

1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

2. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

3. «Ғылым таппай мақтанба»

ІІ топ

  1. «Әсемпаз болма әрнеге»

  2. «Білімдіден шыққан сөз»

  3. «Баламды медресеге біл деп бердім»

ІІІ бөлім

Қара сөз бағыты.

Абай Құнанбаевтың білім, ғылымға қатысты бңрнеше қара сөздерін жеребе арқылы алып, мазмұнын айтып беру.

І топ.

ЖЕТІНШІ СӨЗ

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

ІІ топ

ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.  Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден  де  қашық болмайды...

ІV бөлім

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»

(Даналық сөздер бағыты)

Абайдың даналық сөздерінің жалғасын табу.

  1. Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам... (адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім)

  2. Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық –... (Аздырар адам баласын)

  1. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті... (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)

  2. Ғылым іздеп, дүниені көздеп... (екі жаққа үңілдім)

  3. Білімдіден шыққан сөз... (Талаптыға болсын кез)

  4. Досы жоқпен сырлас... (Досы көппен сыйлас)

  5. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі... (Өрнегін сендей сала алмас)

  6. Сүйер ұлың болса, сен, сүй... (Сүйінерге жарар ол)

  7. Әсемпаз болма әрнеге... (Өнерпаз болсаң арқалан)

  8. Еңбек қылсаң ерінбей...(Тояды қарның тіленбей)

V бөлім

Атаның сөзі – ақылдың көзі

(Қара сөздердің философиялық мәні жайлы)

І топ.

Нешінші қара сөздерінде мақалдарды сынайды? (5,29) (талдап, ашып, айтып беру керек)

ІІ топ. Нешінші қара сөздерінде имандылық, ар-ұят жөнінде айтылады? (12,13,35)

Қорытынды:

Ұпайларды қосып, ұпай саны көп топ жеңіске жеткен болып саналады.

Үйге тапсырма:

«Абай және педагогика» тақырыбында шағын эссе жазып келу.

























Қосымша 3

Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Абай Абай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

2. Дамытушылық: Абайдың шығармалары арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық ізденісін дамыту, оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

3. Тәрбиелілік: Абай шығармаларынан ғибрат алуға, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қорғау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,

І. Ой қозғау. Нені білеміз?

1. Абайдың туған жылы?

2. Абайдың шын аты?

3. Абайдың туған жері?

4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”

5. Абайдың қара сөздерінен үзінді білесіңдер?

6. Абай өлеңіндегі бес дұшпан?

7. Бес асыл іс?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен танысамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.

Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Отыз екінші қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

Асыл сөздің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)

Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)

Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Ақынның қара сөздерін жазудағы негізгі мақсаты не?

2. Отыз екінші қара сөзі арқылы бізге қандай жақсы қасиеттерді бойымызға дарытқысы келді?

3. Осы сабақтан қандай тағлым, үлгі, ақыл-нақыл алдыңдар?

Қорытынды:

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Абай «Отыз екінші» қара сөзі арқылы білуге шақырады.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Абайдың 32 - қара сөзін жаттап, жан - жақты талдау;




Автор
Дата добавления 04.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров420
Номер материала ДБ-065832
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх