Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / По психологии на тему "Білім алушылардың бейімделуі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

По психологии на тему "Білім алушылардың бейімделуі"

библиотека
материалов

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Гуманитарлық факультет

Педагогика және психология кафедрасы













«Өзін-өзі тану» пәні бойынша

тәжірибелік сабақтары бойынша

әдістемелік нұсқау
































Семей 2014ж.


СОЖ сабақтарды өткізуге арналған нұсқау 2 курс, Шет тілі: екі шет тілі мамандығы студенттеріне құрастырылған.

Құрастырған:

Педагогика және психология кафедрасы.


















































Тәжірибелік сабақтар №1

Тақырып: Өзін-өзі тану пәніне кіріспе

Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінінің даму кезеңдері, түсінітері, қазіргі қоғамдағы өзін-өзі тану пәніні мәселесі жөнінде білім беру.

Негізгі сұрақтар:

Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Өзін-өзі тану пәнінің мәні.

Қазіргі қоғамдағы өзін-өзі тану пәнінің орны.

Тапсырма: құрулы сұрақтарға жауап беру, ауызекі жауапқа деген әзірлік.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақ сұрақ жауап түрінде өтеді. Студенттер алғашқы тәжірибелік сабақ болғандықтан, сабақтың теориялық негізін білулері қажет, осымен қатар сабаққа дайындалу барысында олар көбінесе конфликтология пәнінің даму кезеңдері ескерілуі қажет.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №2

Тақырып: Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде.

Кәсіптің мақсаты: Теориялық ойын (Мотрон Дойч). Ұйымдастырушы жүйелер теориясы бағыты (Р.Блейк, Дж.Мутон, К.Томас). Келіссөз үрдісінің теориясы мен практикасы бағыты (Роджер Фишер, Уилям Юри) бағыттарымен таныстыру. Әдістемелерді жүргізу тәжрибелерін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

Адамның діни сеніміне құрмет оның талдауына құрмет ретінде.

Ислам дінінің артықшылықтары.

Әлемдегі ірі діндер.

Тапсырма: құрулы сұрақтарға ауызекі жауап беруге деген әзірлік.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Тәжрибелік сабаққа әрбір студент кесте жасап келулері қажет, яғни бірнеше студент бұл кестені бірігіп істеулеріне де болады. Бұл кестеде олар қазіргі шетел психологиясында конфликтіні зерттеудің негізгі теориялық бағыттары туралы мәліметтермен тереңірек танысып оған жауап бере алатындай болады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №3

Тақырып: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы.

Мақсаты: Отбасылық конфликтілер психологиясы, басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілермен таныстыру. Тесттерді жүргізуге жаттықтыру.

Негізгі сұрақтар:

Педагогтың идеалды бейнесі-кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуының бағдары.

Педагогикалық іс-әрекет жетістігі.

Педагогтың «Мен-тұжырымдамасы».

Тапсырма: құрулы сұрақтарға жауап бер, ауызекі жауапқа әзірлену.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Бұл тақырыпқа байланысты студенттермен дөңгелек стөл өткізіледі, дөңгелек стөлге келер бұрын адамдар қарым-қатынасының әр-түрлі аймағындағы конфликтілер ,яғни жоғарыда қарастырылатын сұрақтармен қатар олар негізгі сұрақты талқылайды. Осы арқылы олар бұл тақырыпты кеңінен қарастырып, толық мағлұмат ала алады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №4

Тақырып: Педагогтың өзін-өзі жетілдіруі.

Мақсаты: Конфликтілердің алдын алудың негізгі бағыттары және шарттарымен таныстыру. Конфликтілік ситуациялардан шығу жолдарын үйрету.

Негізгі сұрақтар:

Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері. Кәсіби қарым-қатынас, тәлімгерлік, портфолио-педагогтың кәсіби өзін-өзі тануының және дамуының құралы ретінде.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Бұл тәжрибелік сабаққа студенттер карточкалар жасап келулері қажет, карточкада олар балалардың даму бағыттарының жолдарын көрсетулері қажет, осы карточкаларды олар бір-бірімен алмасады және сол карточкалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін бағалайды. Бұл олардың тақырыпқа деген қызығушылығын ары қарай дамытады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №5

Тақырып: Педагогтың гуманистік позициясы.

Мақсаты: Конфликтілерден шығу стратегиялары және шарттарымен таныстыру. Конфликтілік ситуациялардан шығу жолдарын үйрету. Термин сөздермен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

Педагогтың гуманистік позициясы-оқушылардың өзіндік дамуы және өзін-өзі тануын педагогикалық қолдауды жүзеге асырудың негізі ретінде.

Тапсырма: қойылған сұрақтарға жауап берсiн, ауызша жауапқа дайындалу.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақ сұрақ жауап түрінде өтеді. Студенттер сабақтың теориялық негізін білулері қажет, осымен қатар сабаққа дайындалу барысында олар конфликтілерден шығу ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №6

Тақырып: Өзіндік үрдістерді педагогикалық қолдау.

Мақсаты: Тренинг және оның түрлері, конфликтіге қатысты тренингтік жұмыстардың негізгі әдістері, ерекшеліктері мен кезеңдері туралы түсініктерін жетілдіру. Тренинг жүргізуге қажетті сапа, білік, дағдыларды игерту.

Негізгі сұрақтар:

Өзіндік үрдістерді педагогикалық қолдау: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі басқару, өзін-өзі өзектендіру.

Тапсырма: қойылған сұрақтарға жауап беру, ауызша жауапқа дайындалу.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Студент жауаптың тiрек-сұлбаларын құрайды, психология ,педагогикалық әдебиетті пайдаланады, дәрiсхананың алдында сөз сөйлеу үшiн жаттығады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №7

Тақырып: Тұлға және өзін-өзі тану

Мақсаты: Модульдік социотестті қолдану ерекшеліктері, топтағы конфликтілік өзара қарым-қатынасты диагностикалау жолдарын үйрету.

Негізгі сұрақтар:

Тұлға туралы тұсінік.

Тұлғаны қалыптастыруда өзін-өзі тану пәнінің орыны.

Тапсырма: Қойылған сұрақтарға жауап беру, ауызша жауапқа дайындалу.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Сабаққа дайындалу кезінде ғылыми әдебиеттерді қолданып, студент ауызша жауаптарға дайындалады. Жауаптың тiрек сұлбаларын құрайды, айнаның алдында сөз сөйлеп жаттығады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап


Тәжірибелік сабақтар №8

Тақырып: Қоғамдағы түсіністік және тұтастық мәні.

Мақсаты: Тренинг және оның түрлері, конфликтіге қатысты тренингтік жұмыстардың негізгі әдістері, ерекшеліктері мен кезеңдері туралы түсініктерін жетілдіру. Тренинг жүргізуге қажетті сапа, білік, дағдыларды игерту.

Негізгі сұрақтар:

Адамның, қоғам мен табиғаттың өзара тәуелділігі және әлемнің тұтастығы

Тұлғаның әлемдегі өзіндік орнын түсінуі

Бағалылылық бағдарлану және идеалдардың, әлемге көзқарастарын қалыптастыру мәнділігі

Тапсырма: қойылған сұрақтарға жауап беру, ауызша жауапқа дайындалу.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау:

Студент жауаптың тiрек-сұлбаларын құрайды, психология ,педагогикалық әдебиетті пайдаланады, дәрiсхананың алдында сөз сөйлеу үшiн жаттығады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап





Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті

















«Өзін- өзі тану» пәні бойынша СОЖ сабақтарын өткізуге әдістемелік нұсқау
























Семей 2014 жыл


СОЖ сабақтарды өткізуге арналған нұсқау 2 курс, Шет тілі: екі шет тілі мамандығы студенттеріне құрастырылған.

Құрастырған:

Педагогика және психология кафедрасы.










































Тақырып:№1 Өзіңді қабылдау

Мақсаты: Тақырып бойынша студенттерге өздігінен жұмыс жасауға үйрету

Негізгі сұрақтар: Студенттер жан дүниемнің «төлқұжаты» деген тапсырманы толтырып, «Сіздің темпераметтіңіз» деген әдістемені жүргізулері тиіс.

Тапсырма: Берілген тапсырманы жазбаша түрде өткізу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Жан дүниемнің «төлқұжаты» тапсырмасын орындау қажет.


Менің жасыратын қасеттерім

Басқалар жиі байқамайтын қасиеттерім

Қалыптастырғым келетін қасиеттер






Есеп беру формасы: жазбаша жұмыс

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қыркүйек

2 апта, 2 ұпай



Тақырып: №2 Болашақ бүгіннен басталады

Мақсаты: Студенттерге өз уақытын жоспарлап, уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Негізгі сұрақтар: «Уақытты жоспарлау және жұмсау» схемасын толтыру.

Тапсырма: схеманы толтыру

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Төменде берілген кестеде шынайы өмірдегі уақытты жоспарлауға байланысты параметрлер берілген. Кестеде қазіргі заман студенттің уақыты кететін істердің тізімі берілген.Сіздерге 20 күннің ішінде кететін уақыттарыңызды көрсетесіздер. Демалыс күндерін санамағанда. 20 күн 480 сағатты құрайды.


Жауап парағы.


Әрекет түрлері

Шынай

Қалауы

1

Аудиториялық сабақтың ұзақтығы



2

Көлік



3

Ас (даярлаудан басқа)



4

Сырт келбетіне қарау ( шаш үлгісі,киімдітаңдау, бояну,қырыну)



5

Дүкенде керек зеттарды іздеу және сатып алу



6

Өз-өзіне қызмет ету (тамақ даярлау, үй жинау, кір жуу)



7

Туыстарға қамқорлық



8

Жақын адамдармен және достарымен қарым- қатынас(қонақ шақыру немесе қонаққа бару, тікелей және телефонмен сөйлесу.)



9

Кітапханада немесе үйде өз бетімен жұмыс жасау, семинарға дайындалу, конспектілеу.



10

Қоғамдық жұмыс



11

Ғылыми үйірмелерге қатысу



12

Көркем әдебиет, газет оқу



13

Театр, көрмелерге, киноға бару



14

Радио және телевидение



15

Қала сыртындағы, қала ішіндегі серуен



16

Спорт (жаттығулар, фитнесс және т.б.)



17

Ойындар (шахмет, футбол т.б.)



18

Толық демалыс



19

Ұйқы



Есеп беру формасы: кесте

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қыркүйек

3 апта, 2 ұпай

Тақырып:№3 Достық және бір-бірін түсіну

Мақсаты: Берілген тақырыптыты жан- жақты қарастыру. Достық жайлы ойларын кеңейту.

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: Ұсынылған әдістемелерді жүргізу және олардың қорытындыларын шығару қажет

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Слайд дегеніміз қандайда бір мәліметтерді баяндау құжаттар кешені. Слайд жалпы берілген тақырыпты қолайлы әрі түсінікті жеткізу тәсілі болып табылады.Слайд бір мақсатқа бағытталған, бір ойды білдіретін түрлі компьютерлік анимациалардан, видеолардан, графикалардын және музыкадан құрылады.

Есеп беру формасы: слайд түрінде тапсыру

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қыркүйек 4 апта, 2 ұпай



Тақырып:№4 Отбасы және ата-ана

Мақсаты: Студент жастарда отбасы бейнелері туралы ойлан толықтыру, өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Негізгі сұрақтар: «Қазіргі заманауи күйеу бейнесі», «Қазіргі заманауи әйел бейнесі», «Қазақстанның заманауи отбасы бейнесі», «Менің болашақ отбасым»

Тапсырма: Ұсынылған тақырыптардың бреуіне эссе жазу:

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Эссе- франц. “essay”- салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.

Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.
Эссе жазу пайдалы, себебі ол автордың өз ойын нақты және сауатты тұжырымдауына көмектеседі

Эссе құрылымы

  1. Титул беті.

  2. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.

  3. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізг бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.

Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек:
Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
4. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.

Есеп беру формасы: Эссе

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қазан 1 апта, 2 ұпай


Тақырып: №5 Шығармашылық пен шыдамдылық

Мақсаты: Студенттердің тақырып бойынша берілген өлең жолдарымен, шығармашылық әлеуеттерін анықтауға арналған тестпен таныстыру.

Негізгі сұрақтар: «Тұлғаның шығармашылық әлеуетін анықтау тесті». «Ойлан , балам» өлең шумақтары

Тапсырма: Шығарашылық әлеуетті анықтайтын тестіні орындау және оның нәтижесін өңдеу, өлең шумақтарын жатқа айту.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық:


Ойлан, балам


Ойлан, балам өмір деген өтпелі

Бұл дүниеге кімдер келіп кетпеді

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемң


Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған

Ойлапн, балам!

Ойлан, балам алда үміт арманың

Алда сенің нұрлы күнің таңдарын

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың


Есеп беру формасы: Тест , өлеңдерді жаттау

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: Қазан 2 апта, 2 ұпай



Тақырып: № 6 Сенім алға жетелейді

Мақсаты: Студент жастардың бойындағы өздеріне деген сенімділікті жоғарлату. Өздігінен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту.

Негізгі сұрақтар: М.Жумабаев «Мен жастарға сенімін», М. Мақатаев «Сенім туралы жыр»

Тапсырма: Өлең шумақтарын жатқа айту

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Берілген өлең шумақтарын жатқа оқу

Мен жастарға сенемін!!!
(М. Жұмабаев)

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!

Есеп беру формасы: ауызша

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: Қазан 3 апта, 2 ұпай


Тақырып:№7 Біз-Жер-Ана балаларымыз

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба   жасау және оны      қорғауды үйрету.

Негізгі сұрақтар: «Біз Жер-Ана балаларымыз» тақырыбында жоба жасау

Тапсырма: Тақырыпты жоба арқылы жеткізу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Жоба –студенттердің  өз  білімідерін  практика  жүзінде қолдануға,  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін

өз  бетімен  атқаратын  қорытынды  жұмысы..  Жобаны оқу  материалдары  бойынша  ғана  емес,  сонымен  бірге өздерін  қызықтыратын  проблема  бойынша  да  орындауға

болады.

1.      жобаның тақырыбын таңдау және  проблеманы іздеу.

2.       жоба тақырыбы  туралы  ақпарат  жинау. Идеялар  және  орындалуы.

3.      Таңдалған  идеяны  оқып  үйрену

-модельдеу;

-эскиз  жасау.

4.       Жоба  идеясы  мен  тақырыбы  туралы  сыныптастармен  және  мұғалімдермен  бірге  талқылау.

5.      Жобаның  тақырыбы  мен  идеясын  бекіту.

Есеп беру формасы: Шығармашылық жоба жасау

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қазан 4 апта, 2ұпай


Тақырып:№8 Мына өмір керемет

Мақсаты: Студентерге өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар: Аталған тақырып бойынша шығарма жазу

Тапсырма: Шығарма жазу

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.
1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)

1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
а) тазалығы
ә) әріптердің дұрыстығы
2. Логикалық жағынан
а) тақырып пен идеяның ашылуын;
ә) пікірдің молдығын;
б) дәлелдің дұрыстығы;

Есеп беру формасы: Шығарма

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қараша 1 апта, 1 ұпай








































Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті

















«Өзін- өзі тану» пәні бойынша өзіндік жұмыс сабақтарын өткізуге әдістемелік нұсқау


























Семей 2015 жыл


СОЖ сабақтарды өткізуге арналған нұсқау 2 курс, Шет тілі: екі шет тілі мамандығы студенттеріне құрастырылған.

Құрастырған:

Педагогика және психология кафедрасы.










































Тақырып:№1 Тарих ағымындағы тұлға

Мақсаты: студенттерді атақты тұлға өмірімен таныстыру, тілдік мәдениетін қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар: Атақты тұлға өмірін сипаттап шығарма жазу

Тапсырма: Шығарма жазу

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.
1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)

1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
а) тазалығы
ә) әріптердің дұрыстығы
2. Логикалық жағынан
а) тақырып пен идеяның ашылуын;
ә) пікірдің молдығын;
б) дәлелдің дұрыстығы;

Есеп беру формасы:

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қазан ІҮапта, 5 ұпай



Тақырып:№2 Қазақстан біздің үйіміз

Мақсаты: Жоба тақырыбын таңдау, жоба тақыры туралы ақпарат жинау тәсілдерін үйрету.

Негізгі сұрақтар: «Менің этникалық мәдениетім»

Тапсырма: берілген тақырып негізінде жоба жасау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Жоба –студенттердің  өз  білімідерін  практика  жүзінде қолдануға,  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін өз  бетімен  атқаратын  қорытынды  жұмысы..  Жобаны оқу  атериалдары  бойынша  ғана  емес,  сонымен  бірге өздерін  қызықтыратын  проблема  бойынша  да  орындауға болады.

1.      жобаның тақырыбын таңдау және  проблеманы іздеу.

2.       жоба тақырыбы  туралы  ақпарат  жинау. Идеялар  және  орындалуы.

3.      Таңдалған  идеяны  оқып  үйрену

-модельдеу;

-эскиз  жасау.

4.       Жоба  идеясы  мен  тақырыбы  туралы  сыныптастармен  және  мұғалімдермен  бірге  талқылау.

5.      Жобаның  тақырыбы  мен  идеясын  бекіту.

Есеп беру формасы: жазбаша

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: Қазан 2 пта, 10 ұпай



Тақырып:№3 «Менің өмірдегі орным»

Мақсаты: Студенттерде өздігінен жұмыс жасай алу дағдысын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар: Аталған тақырыпқа байланысты, өз өмірлері туралы шағарма жазу.

Тапсырма: шығарма жазу

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.
1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:а) оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б) шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)
2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)

1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
а) тазалығы
ә) әріптердің дұрыстығы
2. Логикалық жағынан
а) тақырып пен идеяның ашылуын;
ә) пікірдің молдығын;
б) дәлелдің дұрыстығы;


Есеп беру формасы: шығарма жазу

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: Қазан

4апта, 5 ұпай



Тақырып:№4 «Айналаңа қарашы»

Мақсаты: Студенттерді өз қаласының тарихымен таныстыру, дүниетанымын кеңейту.

Негізгі сұрақтар: «Менің қаламның тарихы» жобасына презентация

Тапсырма: презентация жасау

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Презентация мәлімет терді толық, қолайлы түсіндіру тәсілі болып табылады. Презентация суреттерден, графикалық аннимациялардан құралады.

Есеп беру формасы: Презентация

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: қараша

2 , 5 ұпай


Тақырып: 5 Махаббат –өмір өзегі

Мақсаты:

Негізгі сұрақтар: Махаббат тақырыбына байланысты слайд әзірлеу

Тапсырма: слайд жасау

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Слайд дегеніміз қандайда бір мәліметтерді баяндау құжаттар кешені. Слайд жалпы берілген тақырыпты қолайлы әрі түсінікті жеткізу тәсілі болып табылады.Слайд бір мақсатқа бағытталған, бір ойды білдіретін түрлі компьютерлік анимациалардан, видеолардан, графикалардын және музыкадан құрылады.

Есеп беру формасы: қараша ІІ апта, 5 ұпай



Тақырып:№6 Өз бақытың өз қолында

Мақсаты:

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: «Бақыттың он сыры» тақырыбында жоба дайындау

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Жоба –студенттердің  өз  білімідерін  практика  жүзінде қолдануға,  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  беретін

өз  бетімен  атқаратын  қорытынды  жұмысы..  Жобаны оқу  материалдары  бойынша  ғана  емес,  сонымен  бірге өздерін  қызықтыратын  проблема  бойынша  да  орындауға

болады.

1.      жобаның тақырыбын таңдау және  проблеманы іздеу.

2.       жоба тақырыбы  туралы  ақпарат  жинау. Идеялар  және  орындалуы.

3.      Таңдалған  идеяны  оқып  үйрену

-модельдеу;

-эскиз  жасау.

4.       Жоба  идеясы  мен  тақырыбы  туралы  сыныптастармен  және  мұғалімдермен  бірге  талқылау.

5.      Жобаның  тақырыбы  мен  идеясын  бекіту.

Есеп беру формасы: Шығармашылық жоба

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: Қараша 4 апата 10 ұпай



Тақырып:№7 Халықтың салт-дәстүрлері болашақ кепілі

Мақсаты:

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: Халқымыздың салт-дәстүрлерін мәнін ашу.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық: Рефератты жазбас бұрын тақырыпқа сай мәліметтер қорын жинақтап алу қажет, қажетті ақпараттарды ғылыми әдебиет көздерінен алады. Рефератқа әдебиет ретінде монографиялар, мақалалар, гезет- журналдар сүйеу бола алады. Әдебиеттерден материалдар жинақталысымен рефератқа жоспар құрылады.

Рефераттың жоспар үлгісі:

Кіріспе.

Кіріспе бөлімінде реферат жазылатын тақырып бойынша жалпы ақпарат беріледі, оның көкейкестілігі, мақсаты, міндеті қарастырылады.

І бөлім

Алғы сөз ретінде жазылады, кіріспе бөлімнің бір бөлшегі бола алады.

ІІ бөлім Рефераттың негізгі ғылыми бөлімі

Бұл бөлімде жалпы таңдалған тақырып бойыша толық ғылыми ақпарат жазылады.Негізгі бөлімнің өзін бірнеше бөлімдерге топтауға болады.

ІІІ бөлім. Қорытынды

Жалпы реферат жазылып болғаннан кейін ойдың қорытындысы жазылады.

Рефератты рәсімдеу (безендіру)

Сыртқы парақ ( оқу орнынын аты, тақырыбы, рефератты орындаушының және тексерушінің аты- жөні жазылады)

Мазмұны (мазмұнында құрылған жоспар және беттері белгіленеді)

Рефераттың негізгі тексті

Әдебиеттер тізімі

Оқыту үрдісінде жазылған рефераттың көлемі 10 беттен тұрып, ақ парақта жазылуы тиіс.

Есеп беру формасы: реферат

Тапсырманы өткізу мерзімі және студенттерді бағалау: желтоқсан 1 апта, 5 ұпай


Автор
Дата добавления 04.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров65
Номер материала ДБ-065825
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх