1560583
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокРусский языкДругие методич. материалыПо тему. Класный час "Азаматтық құқық"

По тему. Класный час "Азаматтық құқық"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық - заман талабы»
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөз.
Жүру барысы: 
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым – менің құқығым (оқушы құқығы)
ІV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VІ ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
VІІ Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
І Психологиялық тренинг
Пікірталасымыз бастамас бұрын бір-бірімізге деген қарым қатынастарымызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (Бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек).
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.
Әлеуметтік норма
Құқық
Мораль

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі
құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді,айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілер де көрсетілген. Президент – нормативтік жарлықтар, үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
Адам құқығы
Табиғи құқық
Азаматтық құқық
Экономикалық-әлеуметтік, мәдени

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

ІІІ Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде айтып өтеді.
1-оқушы: 10 бап
Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.
2-оқушы
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
3-оқушы: 9 – бап
Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
4-оқушы: 11-бап
Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
5- оқушы: 12бап
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
6 – оқушы: 19 бап
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
7 – оқушы: 30 бап
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
8 – оқушы: 19 бап
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІV «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Көшедегі көрініс
Алмат: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Мұхтар: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Мұхтар: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дамир: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті ата – аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата-ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына.
Осы жағдайда оқушылар және ата – аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

V Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
VІ Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба....(өзің түсесің)
2. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ...(қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы. ...(бір – ақ тұтам)
5. Тура биде. ...(туған жоқ)
6. Туғанды биде. ...(иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді. ...(мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең. ...(тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған. ...(еркін жүреді)
VІІ Қорытынды
Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбына байланысты
қысқа да тұжырымды ой – пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)

Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Русский для иностранцев»
Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Деловой русский язык»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Лабиринт
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.