Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыПо тему класный час. "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

По тему класный час. "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Скачать материал

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН — ЕЛБАСЫ

 

http://kostanayagro.kz/uploads/nazarbaev1.jpg


              Мақсаты:
                  БІЛІМДІЛІК: Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру. Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ:Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру

ТӘРБИЕЛІК:Оқушыларды Отан сүйгіштігіне, адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет етуге, президент өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сөзжұмбақтар, сызбалар, ребус, елбасының суреттері мен нақыл сөздер.
                                                              

  Барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің  тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын! Тәрбие сағаты мынадай кезеңдерден тұрады:
Кезеңмен таныстыру.

I-кезең. «Менің балалық шағымның аспаны»

II-кезең. «Біздің тұңғыш Президентіміз»

III-кезең. «Жырым саған арналады, Елбасы»

 

1.     –кезең «Менің балалық шағымның аспаны»

·         Сұрақ-жауап жүргізу:

-Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)

— Біздің елордамыз қай қала? (Астана)

Сөзжұмбақ шешу.

·         Қыстың бірінші айы \желтоқсан\

·         Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі \Әнұран\

·         Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі \Қарағанды\

·         Елордамыз қай қала? \Астана\

·         Қазақстанда шығатын ең басты қазба байлығы, қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\

·         Ащы және тұщы судан тұратын Қазақстанның ірі көдлдерінің бірі \Балқаш\

·         Еліміздің бұрыңғы астанасы, \Алматы\

·         Қазақстанның ең суық жері \Атбасар\

·         Қазақстанның мемлекеттік Рәміздерінің бірі Әнұранның авторы \Жұмекен\

(жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері)

— Біздің елбасымыз кім?

Мұғалім: — Ендеше, балалар, Біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы өз білетінімізді ортаға салайық. Сонымен елбасымыздың балалық шағына саяхат жасайық!.

·         Елбасының балалық шағына саяхат.

Оқушылар елбасымыз жайлы қандай мәліметтер білеміз? (Оқушылар елбасының балалық шағы жайлы мәліметтер айтады) :

1-оқушы:  

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қ.Аманжолов

 

2-оқушы:             
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.


3-оқушы:    
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


4-оқушы:  

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.


5-оқушы:            

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.


6-оқушы:

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

 

 

 

 

1.     –кезең  «Біздің тұңғыш Президентіміз»

·         Көрініс көрсету;

Мұғалім: Балалар, үйге мен сендерге шығармашылық тапсырма берген едім. Иә, кім ойлап, не алып келді екен? Қане, балалар, шығыңдаршы, өз ойларыңды жеткізіңдер.

— Мен шықсам бола ма?

— Иә, шыға ғой Сұлтан.

— Мен бүгін өз ойымнан мынаны жасап келдім. Мұның атын мен әлі қойған жоқпын. Бірақ, осындай ғимарат болса екен деген ой келді де, ағашқа ұқсас діңі бар, тармақтала жан-жаққа таралған бұталары бар, төбесінде алтын жұмыртқасы бар ғимарат көз алдымнан кетпей қойды. Содан сой, осындай  әлемде жоқ ғимараттар біздің елімізде болса екен деп ойладым. Бүгін мен жәй жобасын жасадым. Келешекте осы ғимаратты шындыққа айналдырғым келеді.

-Осы айтқаның періштенің құлағына шалынып, еліміздің төрінен келешекте осындай ғимараттар орын ала берсін. Осы бетіңнен тайма. Жарайсың, отыра ғой!

Мұғалім: Елбасының асқақ армандары мен жетістіктері, міне, осы күндерден басталды.

·         Топтастыру;

–Негізгі кейіпкерімізге мінездеме беріп көрейік. Елбасымыз қандай адам?

Ақылды, білімді, қайсар, қайратты, мәдениетті, өнегелі, тәрбиелі, жігерлі, батыл, ақын, сауатты, аңшы, спортпен шұғылданады, т.б.

·         Елбасы жайлы мәлімет.

·          

7-оқушы:   

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
-Балалар, еліміздің Рәміздері туралы не білеміз?

 

8-оқушы:

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.


9-оқушы:   

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

 

10-оқушы:  

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
-Біздің ұлтттық валютамыз туралы не білеміз?

 

 

 

11-оқушы:

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қайта қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды

 

12-оқушы:          

Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Ең бастысы — тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі — ел бірлігі баса айтылған.

 

13-оқушы:            

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

-Ата Заң жайлы кім айтады, қанекей, не білеміз?

 

14-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.


15-оқушы:«Ата Заң»  

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

16-оқушы: 

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.


17-оқушы:  

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

 

III–кезең    «Жырым саған арналады, Елбасы»
18-оқушы:

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

19-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз


20-оқушы:  

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

21-оқушы:

1995 ж. сәуірдің 29 — ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

22-оқушы:        

1999 — ж. қаңтардың 10 — ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды

23-оқушы:       

2005 ж. желтоқсанның 4 — інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

2) Ребус шешу. (Шешуі: Ел  тірегі – Елбасы.)

3) Музыкалық номер.

«Өз елім менің» әні орындалады.

«Елбасы- елдің тұтқасы» бейнеклибін тамашалайық.

«Елім менің» әні, сөзін жазған біздің негізгі кейіпкеріміз — Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған – Бекболат Тілеуханов. Қабылдин Диастың орындауында тыңдаңыздар. Бейнеклипке де назар аударайық.

Сабақты  қорытындылау:

·         Осы бейнеклиптен қандай әсер алдыңдар?

·         Оқушылар , бүгін біздер елбасымыз жайлы сабақтан толық мәліметтер алдық деп және оны өмірлік қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз деп ойлайсыңдар ма?

·         Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, қой аузына бозтоғай жұмыртқалаған осындай керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар? Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі елбасымыздың арқасында. Елбасымызды құрметтеп, қолда барда алтынның қадірін білейік, ағайын! – дей отырып,
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Назар аударғандарыңызға рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "По тему класный час. "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 748 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 946
    • DOCX 62.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакипов Алмаз Куанышкалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакипов Алмаз Куанышкалиевич
    Жакипов Алмаз Куанышкалиевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49041
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Русский язык" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 213 человек из 54 регионов

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 423 человека из 66 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов