Инфоурок Начальные классы КонспектыПо урочние планы (1 класс)

По урочние планы (1 класс)

Скачать материал

Математика 1 сынып 

ІІ
 тоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі

Бұл жоспар – бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Оқушылардың өзіндік сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу – материалын терең ұғына беруге баулу - мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Әр сабақта баланың жас ерекшелектеріне сай түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру керек.

Жоспар Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровованың 2009 жылы «Алматыкітап» баспасынан шыққан оқулық бойынша жасалынды.


ІІ -тоқсан (барлығы 28 сабақ)
 
37-ші сабақ
 

Сабақтың тақырыбы:
 6 саны және цифры. 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау , сұрақ -жауап
 

Пәнаралық байланыс:
 

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жұлдыздар, санамақ.
 

Сабақтың барысы:
 І . Ұйымдастыру кезеңі: 

Сабақтың ұраны:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық».



ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .



ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-5 сандарының құрамы қайталанады, сондай -ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі ,10-нан -1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.

«Қар лақтыру » ойыны

Карды лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.




5-1
 

1+4
 



3+2
 

4+1
 




5-2 2http://flatik.ru/flax/701/700205/700205_html_5970cd31.gif2
 

2+3
 

Енді қарларды әкеліп,тақтаға кему ретімен қарларды ілу.

1-ден 5-ке дейін ауызша өсу,кему ретінде санау.

Қазір, біз 5-тен кейін тұратын санмен танысамыз. Ол сан алты. 

IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1(сурет бойынша жұмыс)
 

изображение 149
 


-Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?.......

Тағы бір көбелек ұшып келді. Нешеу болды?.....

5-тен кейін 6 тұрады. өрнек құрастыру. 5+1 

V. Оқулықпен жұмыс:
 Оқулықты ашайық,тапсырманы орындайық.

№ 3 сандардың көршілерін табайық .

? 4 ? ? 3 ? ? 1 ? ? 5 ? ? 2 ? 

VI. Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз,

Ауада 6 санды жазамыз,

Енді , 6 санды

Әдемі дәптерге жазамыз.



VII.Санамақ айтайық

Көлшіктегі бір бақа,

Құрғақтағы Құрбақа,

Сұрша құмда Сұр бақа,

Аузын ашып тұр бақа.

Арық емес көк бақа,

Топ -толық бір Тоқ бақа,

Арбандаған Аш бақа ,

Тарбандаған Тасбақа...

Бақылдайды бақ--бақ деп:

«Бақа санын тап, тап!» -деп. 

VIII. №1 -62 беттегі тапсырманы талдап дәптерге орындау.
 

ІХ.Сергіту сәті:

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар. 

Х. Ауызша жұмыс. №4 -63 бет .Фигураларды ата . Кесінділерді өлше және салыстыр:
 

ХІ. Өзіндік жұмыс . №4 -4бет
 

ХІІ. Тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №3 тапсырма орындалады.
 

ХІІІ.Сабақты қорытындылау.
 



 


 38 сабақ. 

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы. 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға 6 санының құрамы туралы түсінік қалыптастыру, теңдіктер құруға, сандарды салыстыруға үйрету.

2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.

3. Есепті күнделікті өмірде қолданып, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, логикалық тапсырма. 

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, сызба. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Психологиялық дайындық:

«1» деген – жаман баға, Алады оны жаман бала. «2» деген – нашар баға, Інішегім нашарлама. «3» деген – орта баға, Сапасы да орта ғана. «4» деген – жақсы баға, Алады оны жақсы бала, 5» деген – үздік баға, Оқитын бол үздік қана!



ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Салыстыру. «Қай топ шапшаң?»

5см. * 4 см. 4см. * 3см. 2см * 4см

4см. * 3см. 6 см * 5см. 1см. * 5см.

6см. * 5см 2см * 1см 3см * 6см. 

ІV.Жаңа сабақты меңгеру. №1 -64 бет түсіндіру.

№2 тапсырманың суреті бойынша оқушыларды есеп шығаруға дайындау жұмысы жүргізіледі. «Суретте не салынғанын айтындар. Сөреде неше кітап тұр? Қанша кітапты алды? Суретке сұрақ ойландар. Сұраққа жауап беру үшін карточкалардан өрнек құрастырындар. Оның мәнін табындар. Сұраққа жауап беріндер. Сендер неге «азайту» амалы-мен өрнек құрастырдындар?

№3 дәптерге орындау.

№4 тапсырма 5 пен 6 сандарынын құрамын бекітуге арналған .



IV.Сергіту сәті

Әдемі әтеш,

Танатпай тұрды.

Ойқастанып жүрді.

Жан -жағына қарады,

Айдары тарады.

Бүкіл елді оятты. 

V.Дәптермен жұмыс №1,2 -5 бет 

VI. «Кім тапқыр?» ойыны. №4-6 бет /тақтаға шығып орындауға болады/ 

VI VIІ. Логикалық тапсырма. №5-65 бет)   

Қыздардың есімдері кім?

Жауабы: 1-Әлия, 2-Алма, 3- Нұргүл 

VIІІ. Сабақты қорытындылау. 


39 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.



Мақсаты: 1. Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

3.    Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша. 

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта. 

Пән байланысы: дүниетану, әдебиеттік оқу. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Психологиялық дайындық: Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай сұрақ болса болса да, Таппай оны қоймайық 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Слайд бойынша ассоциация жүргізу.

Бала қолында не үстан тұр? / шалғы/

Өткір шалғы ғой. Шалғыңды, ал да, ора ғой. Қай санға ұқсайды?

Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады. 

изображение 150


7 (топтастыру) 


7 қазына 7 қарақшы 7ата

7күн 7шелпек

7 керемет 7 мүшел

n  Қазына дегеніміз – мол байлық.

n  Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.

Ендеше, біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.                                    



1 слайд 1 – қазына – «Жүйрік ат»

«Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

1)    1-ден 10-ға дейін сандарды тура және кері санау.

1       2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

2)    Сандардың ішінен 7 санын көрсету.



3)    7 санының көршілерін атап беру. 

2 слайд 2 – қазына – «Алғыр тазы»

Тазы – иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.

1)    Дәптерде жұмыс

7 санын жазу.

2)    №1 теңдіктер құрастыр және жазындар.

6+*=7 5+*=7 +*=7

*+6=7 *+5=7 *+4=*

7-*=* 7-*=* 7-*=*

7-*=* 7-*=* >7-*=* 

3слайд 3 – қазына – «Берен мылтық»

Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған. Дұшпандарын мылтыкпен жеңген. Батырларымыз жауға осы қару – жарақпен шыққан.

1)    Оқулықпен жұмыс.

№2 сандардың көршілерін ата.

*      4 * * 6 * * 5 * * 1 * 

4 слайд 4 – қазына - «Ер жігіт»

«Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.

  

5 слайд 

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім!



6 слайд 5 – қазына – «Сұлу әйел»

Әйел - ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.

1)    Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерінің атауларын ата.

6 слайд 6 – қазына – «Қыран бүркіт»

Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ, ішек, тон жасап киген.

1)    №5 кесінділерді өлшеп, салыстыр.

см * см 


  

7 слайд 6 – қазына – «Ілім – білім»

Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

1)    Ойын «Орынды тап» Оқушыларға сандар таратылып беріледі, сандарды ретімен қойғанда мақал шығады: « ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»

7 санына байланысты мақал – мәтелдер айтып беру.

1.     Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

2.     Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

3.     Жеті атасын білмеген жетесіз. 

ІV. Қорытынды 
40 сабақ. Тақырып: 7 санының құрамы. 

Мақсаты: 1.Оқушыларды 7 саны және цифрымен таныстыру.

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққы тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: жаңа сабақ 

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, 

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, жұмбақтар, үнтаспа 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Психологиялық дайындық.

Әр адам - туыс, бауыр, жұмағат. Әр адам – өнер, білім, ұлағат.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1)    Қызығушылығын ояту. Қанша шеңберлер бар, санаңдар.

2)    Жұмбақ шешу.

Алма бағы жайнаған. Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? / 7 /

- Үнтаспадан ешкі мен лақтардың дауысы естіледі.

Бұл ненін даусы? / жауаптар/

Дұрыс, бұл ешкі мен лақтардың дауыстары. Олай болса «Жеті лақ» ертегісін тыңдандар. Ертегі оқылады.

Балалар, біз ешкіге көмектесуіміз керек. Ол үшін алты тапсырма орындаймыз. Әр тапсырма сайын, әр лақты құтқарамыз. Ендеше, бірінші тапсырмаға көшейік.

1.     Оқулықтағы суреттер бойынша теңдіктер құрастыру.

000000 0 6+1 =7 000 0000 7-3=4

00000 00 5+2=7 00 00000 7-2=5

0000 000 4+3=7 0 000000 7-6 =1

-Жарайсындар, балалар, бірінші лақты құтқардық.

2.     Дәптерде жұмыс

Көркем жазу.

7 7 7 


77 77 77

-Жарайсындар, балалар, екінші лақты құтқардық.

3.     Кім тапқыр? Үйлеріне орналастыр.

-Үшінші лақты құтқардық.



4.     Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып - жұмамыз, Содан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иықты ортқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Үлкен боп ертең шығамыз.

-Төртінші лақты құтқардық. 

5.     №5 дәптерде орындау. Өзіндік жұмыс.

7-7 2+0 4+1 7см -2см

6-0 3+4 6-2 5см + 1см

- Бесінші лақты құтқардық.

 6.     Жоғалған сандарды табындар.

- Алтыншы лақты құтқардық.

Жаңа ертегінің барысында Қасқыр Ешкі үйінің есігін бұзып кіріп еді.

Үйлері ескі екен. Енді ешкіге қасқыр кіре алмайтындай етіп, жаңа, әдемі үй салып берейік. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беру керек.

 



-Бесбұрыш деген не? Төртбұрыш деген не? -Үшбұрыш неген не?

-Қосудың компоненттерін ата.

-Азайтудың компоненттерін ата.

-Мінекей, үй де дайын болды. Енді кілтін ешкіге сыйлайық. 

IV. Қорытынды. 

V. Бағалау.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

41 сабақ 

Тақырып: Кесінділерді салу. 

Мақсаты: - Оқушыларды кесінділерді салу, оларды өлшеп сызу туралы түсінік беру.

-      Кесінділердің ұзындықтарын, оларды салыстыруды үйрету.

-      Ұйымшылдыққа, ізденгіштікке тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: жаңа сабақ. 

Әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап. 

Құрал-жабдықтар: суреттер, сызғыш, қарындаш, геометриялық фигуралар үлгісі. 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Психологиялық дайындық. 

ІІІ. Жаңа сабақ. 

1). Қызығушылықты ояту. 


сызғыш 




изображение 159

2). Ойын « Шапшаң тап»

Фигураларды атап, кесіндіні табу. 

изображение 160 
3). Кесінділерді салу

Қолға сызғышты аламыз да кесінділерді өлшейміз, содан соң дәптерге сызамыз.

Өлшенген өлшемді дәптерге салып нүкте арқылы белгілейміз, содан кейін қарындашпен сызып екі нүктені қосамыз. Жарайсындар, кесінді сызуды үрендік.

4). Сергіту сәті: Бір аптада жеті күн, Тап әр күннің тетігін. Жеті ішекті жетіген, Соны тарт деп өтінем. Көкте жеті қарақшы, Жұртты өзіңе қаратшы! Түскен карта бетіне, Жетісу мен Жетікөл. Өзгелерге күлме сен, Жеті атаңды білмесең! 

5). Өзіндік жұмыс: дәптерде орындайды.

Берілген фигураны дәптеріңе сыз.

6). Оқулықпен жұмыс.

Ойын « Қалпақты тап» Сурет бойынша әңгімелеп, балалардың әрқайсысына қалпақтарын тауып беру керек.



ІV. Қорытынды 

V. Үйге тапсырма 

VІ. Бағалау.

 

 



42 сабақ Тақырып: 8 саны және цифры. 

Мақсаты: - Оқушыларды 8 саны және цифрмен таныстыру.

-      Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.

-      Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: Жаңа сабақ 

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, 

Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, көгершіндердің суреттері 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.



ІІІ. Өткенді қайталау.

а) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау.

ә) Логикалық ойын-жұмбақ.

Көлден ұшты жеті қаз, Бес асықтың екеуін, Қайтып қонды екі қаз. Досым сұрап алады. Қонбады оның нешеуі? Айтшы сонда нешеуі, Қане, кім тез шешеді? / 5 қаз/ Өз қолымда қалады? /3 асық/



ІV. Жаңа сабақ.

-Балалар, аспанда ұшып келе жатқан нелер? /көгершіндер/

-Нешеуі ұшып келді? /7/

-Қарандар , тағы нешеуі ұшып келді? /1/

-Балалар, көгершін, қандай құс? / бейбітшілік құсы/

-Біздің елімізде тиыштық пен бейбітшілік болсын!

-Қанекей, балалар барлық көгершіндерді санап көрейікші.

-Қанша шықты? / 8 /

Осы суретке қарап , өрнек құрастырайық.

7 санына + 1 санын қоссақ шығады 8 саны.

7+1=8

V. Дәптерімізді ашайық , әдемі 8 санды жазайық.



Сегіз саны құрылған Қос дөңгелек – шеңберден. Үлкен шеңбер үстіне Кіші шеңбер жанасқан. 

8 санына байланысты қандай мереке бар? / 8 наурыз /

- 8 наурыз қандай мереке?

Дүниеде ең жақын адам, ол кім? / ана / 




Аналарымызға гүл сыйлайық. Поэзия минуты. 








изображение 162 Ана деген ақылшың, 




Анаң барда батырсың. 








Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсын.


а) №1 Теңдіктер құрастыру.

* +*=8 * +* =8 * +* =8

* + * =8 * +* =8 *+*=8

8-* = 8-* = 8-*=


ә) №3 Фигураларды атап. Кесінділерді өлшеп, сыз және салыстыр. 
см * см см* см см* см 

VI.Сергіту сәті

Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш,

Төрт ,бес, алты қарлығаш боп қалқы.

Жеті , сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон. 

VII.«Көршінді тап» ойыны.


 6
,
 5
 ,
 3
 ,
 7
 ,
 2



VIII. «Қызықты математика»

*Саянда болды 8 алма

Сайданға берді 4 алма.

Ойланып, кәне , көрейік -

Саянда қалды қанша алма? 8 -4 =4 
*Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі.

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7


*Айманда бюолды бес алмұрт,

Әселге берді екі алмұрт.

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3


*Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада? 8-5=3



ІХ. Қорытынды. 
43 сабақ. Тақырып: 8 санының құрамы. 

Мақсаты: 1.Оқушыларды 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті қалыптастыру.

-      2. Оқушылардың танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.

-     3 3.Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: жаңа сабақ. 

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, ауызша, жазбаша, 

Көрнекілігі: Сандар құрамы, теңдіктер, теңсізідктер 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Психологиялық дайындық: Балалар, біздің математика сабағындағы ұранымызды айтайық. Хормен: «Есеп білмейтін адам, Түк сезбейтін надан».

- Ендеше, балалар, өткен сабақтарымыз бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.

1).Қайталау. 
Футболшының доптарын санайық. 

изображение 163 не байқадындар?

біз сандарды аттап оқыдық.



ІІІ. Жаңа сабақ:

1). Қызығушулықты ояту. Логикалық ойын « Жоғалған санды тап»




изображение 164 














2). Керекті сандарды тап. 


  




3). Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық 8 санды жазайық.

Көркем жазу: 8 8 8



4). Оқулықпен жұмыс.

№1 Сурет бойынша теңдіктер құрастыр.

7+1 3+5

6+2 5+3 


4+4 1+7 

5). Сергіту сәті: Жаза, жаза есепті, Талып кетті қолымыз. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Терезені ашайық, Шаң – тозаңды басайық. Жалқаулықты тастайық, Қайта сабақ бастайық. 

6). Жұмбақ. Төрт қаз ұшып барады, Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу? Жауабын кім табады? ( 8 аяқ, 4 бас)

№5 Клоунға көмектесіндер шашылып қалған доптарынан теңдік құрастырып жазындар.

Үлгі: 2+5 8-1 

ІV. Қорытынды.

 

 



  

44 сабақ. Тақырып: Пысықтау. 

Мақсыты: - Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау

-      Оқушылардың ойындар арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

-      Ізденіске, ойлауға баулу. 

Сабақ түрі: жарыс 

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, ойын, топтық жұмыс, талдау. 

Көрнекілігі: суреттер, топтың аты, житон, слайдтар. 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

І. Психологиялық дайындық.

Математиканы оқимыз, Миымызға тоқимыз.



ІІІ. Пысықтау. « Ойлы болсаң, озып көр!»

-Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Топтармен танысу:

1 топ. Топтың аты: «Шаршылар» 2 топ.Топтың аты: «Үшбұрыштар» Білім теріп,                                                                Терең ғылым сананың, Оқу жылын бестікпенен бастаймыз . Маңыз беріп оқимыз.                                                                                Білімменен достасамыз жастай біз. Есептану сабағын.

1). Тапсырма: «Бәйге»

Қарточкамен жұмыс. Жауаптарын жазу.

1топ 2 топ 5+2= 7-3= 4+2= 8-3= 6+2= 8-4= 3+2= 6-4= 7+1= 5-1= 5+3= 4-1=

2). Тапсырма: «Кім тапқыр?»

Дәптерде жұмыс: Суреттер бойынша теңдік құрып жазу.

3). Тапсырма. Асық ойыны «Талапай»

Талапай – ау талапай, Табылды ойын алақай! Асықты алға шашамыз, Талапайға басамыз!



Сергіту сәті.
 Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Иіліп солға бір, Иіліп оңға бір, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым, Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.

4). Тапсырма. « Көкпар»

Оқулықпен жұмыс. №4. Салыстыру. 1 топ. 2 топ.

7см * 7см 3 * 4 – 1 7см * 8см 4 * 4 + 1 3 + 2 * 4 – 1 4 – 1 * 4 + 1 8 * 8 – 2 6 см * 5 см

5). Тапсырма. «Кім жүйрік?»

Дәптерде жұмыс. Берілген кесінділерді өлшеп, дәптерге сызу.

1 топ. 2 топ. 

ІV. Қорытынды.
 

45 сабақ. Тақырып:
 9 саны және цифры. 

Мақсаты:
 - Оқушыларға 9 саны, оның шығуы, сандарындағы орны туралы түсініктерді, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.

-      2. Оқушылардың танымдық қабілетін, ойлуа деңгейін арттыру.

-      3.Ұқыптылыққа, шапшандыққа баулу. 

Сабақ түрі: жаңа сабақ.
 

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
 

Көрнекілігі:
 жұмбақтар, 

Сабақ барысы:
 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Психологиялық дайындық.
 1, 2, 3 Сынып іші тып – тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. 

ІІІ. Жаңа сабақ.

1). « Блиц – турнир».

1+1, 1+3, 1+5, 2+3, 2+4, 2+6, 3+2, 3+4, 3+5, 4+4,

7-2, 8-2, 7-5, 6-3, 5-4,

2). Жаңа сабақты меңгеру. (пойыз суреті) 

Станцияда паравоз неше вагонымен келе жатыр? /8/ Тағы бір вагон тіркесе қанша вагон болады?

8 + 1=9 немесе 1 + 8= 9

Қанекей, жұмбақтың жауабын табындаршы.

Шомылып жүр үшеуі, Жағалауда алтауы.

Балалардың барлығың,

Санап берші, сен тауып? /9/ 
3) Қайталау, санамақ.

1,2,3,4,5,..... Бесті бие құлынын

Белдеуден тез шеш.

6,7,8, ..... Семіріп алған ақ ешкі

Лақтады егіз. Семіздің аяғы -сегіз! 

4) Дәптерде жұмыс

-Балалар, не байқадындар? 9 саны тағы қандай санға ұқсайды ?

-6 саны етпесіне құлап қалғанда 9 санына айналды.

5). Ойын «Жоғалған санды тап».

1 .. 3 .. .. 6 .. .. 9 .. 8 .. 6 .. 4 .. 2 .. 1 .. .. .. 5 .. .. .. 9

8+ *=9 7+ * = 9 6+ * = 9 5+ *=9 9- * = ..

*+8=9 *+ 7 =9 9- *= .. * +5=9 9- * = .. 

6). Сергіту сәті.
 1,2,3 қарлығаштай боп ұш, 4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы. 7,8,9,10 қайта орныңа қон.

7). №4. Қолға қарындаш пен сызғышты алдық, кесіндіні тауып, өлшеп, дәптерге сызамыз және оны салыстырамыз.



ІV. Қорытынды.
 
46 сабақ.
 

Тақырып: 9 санының құрамы.
 

Мақсыты: -
 Оқушыларды 9 санының құрамымен таныстыру.

-      Оқушыларды 9 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орыдату.

-      Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 

Сабақ түрі:
 жаңа сабақ. 

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап.
 

Сабақ барысы:
 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Психологиялық дайындық.
 Кел ортаға шығайық, Шеңбер жасап тұрайық. Ақпыз, сары, қарамыз, Ағайынбыз бәріміз. Бірлік болмай, тірлік болмас. 

ІІІ. Қайталау:
 а) Балалар, 9 саны туралы не білеміз? 3, 5, 7, 9 қасиетті сандар. 



9 құмалақ 9 мамыр

9 құмалақ –ұлттық ойын 9 мамыр - Жеңіс күн   

ә) Сөзжұмбақ. 1- Қыстың бірінші айы / қаңтар/ 2- Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. /қой/ 3- Одан алтаның сабы жасалады /ағаш 4- Сөз неге бөлінеді? / буын/ 5- Оқушы құралы. /сызғыш/ 


  


  


  


Т 


  


  


  


О 


  


  


Ғ 


  




  


  


Ы 


  


  


  


З 


  


  


  


























ІV.Жаңа сабақ.

Ал, қанекей, балалар, Бері таман қараңдар, Жаңа сабақ бастайық, Есептерді қиналмай Лезде шешіп тастайық.

9 – санының құрамы?

9 9 9 9 


 1). Үйлерге орналастыр.
 

изображение 165

2). Дәптерде жұмыс.

№4. Суреттер бойынша өрнектер құрастыр, өрнектердің мәндерін тап.

3). Кім шапшаң? Ойыны. Аулада 5 үйрек Табақта 5 өрік Қорада 3 үйрек Қолымда  4 өрік 1 үйрек тығылды Қосқанда барлығын 1 үйрек жығылды Болады неше өріе? /9/ Қалғаны неше үйрек? /6/

Қөлден ұшты 7 қаз Қайтып қонды 2 қаз Қонады оның нешеуі Қәне, кім шешеді? /5/ 

4). Математикалық диктант.

1,2,3,4,5,6,7,8,9 9,8,7,6,5,4,3,2,1

1+8= 8+1= 2+7= 7+2= 

5). Санамақ 7 санына кім айтып береді?
 

V. Қорытынды.

  

47 сабақ.



Тақырып: Пысықтау.
 

Мақсаты:
 - Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, 1-ден 10-дейін қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру.

-      Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу тәсілдерін, сөздік қорын дамыту.

-      Оқушыларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сабақ түрі:
 

Әдіс – тәсілдері:
 жазбаша, ауызша, түсіндіру.

Көрнекілігі:



Сабақ барысы:
 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
 

ІІ. Психологиялық дайындық.

Өрнекпен санды салыстыруды, Азайту, қосу амалдарды, Қай сабақта үйренеміз?



ІІІ. Кім жүйрік? Атты сайыс сабақ өтеді.

1). Таныстыру.

І топ. «Күн» ІІтоп . «Ай» «Күндей жарық боламыз» «Күнде айдай сұлу боламыз»

2) «Бәйге»

І топ. «Күн» ІІтоп . «Ай»

1-ден 9-дейін тура санау 9-дан 1-ге дейін кері санау

3) «Көкпар» Салыстыру

  І топ. «Күн» ІІтоп . «Ай»

4см *3 см 7 см *5 см

2см *3см 5см 6см

  ІV. Қорытынды: Әр топтың ұпайларын санау.

V. Бағалау /мадақтау




48 сабақ.

Тақырып: Кесінділердің ұзындықтарының қосындысы мен айырмасы.

Мақсаты: 1.Оқушыларға кесінділердің ұзындықтарының қосындысы мен айырмасы туралы түсінік беру.

2. Ойлау, есте сақтау, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой -пікірін білдіруін дамыту.

3. Сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: аралас
 

Пәнаралық байланыс:
 еңбекке баулу, дүниетану 

Сабақтың көрнекіліктері: ұзындықтары әр түрлі сызғыштар, суреттер, сандар, әр түрлі заттар
 

Сабақтың барысы:
 І . Ұйымдастыру кезеңі 

Психологиялық дайындық

Көтеріп шаңырақ,

Керегелер керіліп.

Өрімдей болып өріліп

Киіз үй боп көріндік. 

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге заттарды санауға, тапсырма бойынша заттар тобын арттыру және кемітуге, дыбыстарды санауға, өзара сәйкестікті қоюға (қарындашты үстелге неше рет тақылдатсан, сонша шаршыны қой; мен неше рет санасам, сонша рет еңкей, т.б.) жаттығулар беріледі

1. «Математикалық әткеншек» №1-81 бет. 

IІІ. Жаңа материалды меңгеру.
 

1.Оқулықпен жұмыс. №2 кесінділердің қосындысы қалай табылады екенін түсіндіру.

5см +3 см = 8 см

*кесінділердің айырмасы қалай табылады екенін түсіндіру.

Мұғалім ұзындығы әртүрлі 3 жолақ қағазды алып көрсетеді.

2. 7 , 8 , 9 цифраларын жазу.

ІV. Оқулықпен жұмыс . №3, №4 дәптерге орындау.



V.Сергіту сәті

Құстай болып ұшамыз

Қанатты біз қағамыз.

Ұлу болып жорғалап,

Өсімдікке қонамыз.

Қане енді тұрайық

Қолымызды созайық.

Қанат қағып ұшайық.



VI.Дәптермен жұмыс 20 бет
 

Теңдіктер құрастыру
 

8-1+2 =9 9+1-2=8 т. б .
 

VII.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?



VIIІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
 

49-сабақ
 

Сабақтың тақырыбы:
 10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санының құрылуымен таныстыру және «біртаңбалы ,екітаңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру

2.Дамытушылық: Оқушының зейінін , зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын , жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: ойын
 

Сабақтың түрі : Саяхат сабақ
 

Пәнаралық байланыс:
 дүниетану, әдебиеттік оқу 

Сабақтың көрнекіліктері:
 сандар , сюжетті суреттер, 

Сабақтың барысы:
 І . Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ.Психологиялық дайындық .

Әрбір адам -туысым , досым, жұрағат,

Әрбір сабақ -үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім -тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім -шындық, бірлік, адалдық. 

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.

-Балалалр, біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ. 


- Мейрамда біз де саяхатқа шығайық.Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.

8 +1 9-1 6+3 9-3

7+2 9-2 5+4 9-4 

IV. Жаңа материалмен таныстыру
 

А) 10 дегеніміз қандай
 цифралардан тұрады? (1 және 0)

10 -екітаңбалы сан. Барлық сандар 10 саны сияқты 0, 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифраларынан

Ә) Суреттермен жұмыс .

Үйректерді санап ,жауап береді.

10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.

9+1 =10 10-9=1 10-1=9

Б) 1 дм-де 10 см бар . 1 см жолақшаны жалғастрып, 10 рет бойлай алып, 10 см =1дм,, теңдігін құрал арқылы түсіндіру. 


3
 

1
 

8
 

9
 

6
 

0
 

1
 

1
 

2
 

6
 

0
 

3
 

1
 
В)

Біртаңбалы сандар екітаңбалы сандар



V. Оқулықпен жұмыс №1 -- 83 бет, дәптерге орындау -21 бет
 

VІ. Өткен материалмен жұмыс. №2- 84 бет
 

VIІ. Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық,

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық.

Бу боп аспан төрінде

Бұлттар санын құрайық

Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.



VIIІ.Ауызша жұмыс№3 -84 бет,

Оқулықтағы №4 дәптерге орындау

1.Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?

2.Оң жақтағы жылқылар мен құлындардың суреті берілген.

Қандай өрнек құрастыруға болады?

3.Оң және сол жақтағы суреттерін санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да , салыстыру (« >» , «<») таңбаларын қоямыз . Қандай таңбаны қою керек, неліктен? Теңсіздікті оқыту.

№5 тапсырма кеңістікті елестету , заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған. 

Дәптермен жұмыс

10 санын әдемі етіп жазу. №3 -22 бет /салыстыру/

6 * 7 6 * 6 +1 9-3 * 9-4

3 *4 8* 8 -3 10 -1 * 10 -2

10 * 9 10 * 9+1 

ІХ.Өздік жұмыс . №5-22 бет
 

Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?



ХІ.
 Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау. 


50 сабақ
 

Сабақтың тақырыбы:
 10 санының құрамы. 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез -келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толтыру.

2.Дамытушылық: Танымдылығын дамыту, сабаққа қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі:
 сұрақ -жауап, ойын, салыстыру , түсіндіру әдістері 

Пәнаралық байланыс:
 дүниетану, әдебиеттік оқу 

Сабақтың көрнекіліктері:
 сандар , сандар құрамы , суреттер. 

Сабақтың барысы:
 І . Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ.Психологиялық дайындық .
 

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
 

1)Ойын: «Тауық жұмыртқасын рет -ретімен орналастыр»

. сандарды өсу ретімен орналастыру.

2) Сандар құрамын қайталау. Ойын : «Кім жылдам?»

9 санының құрамын қайталау.


9 9 9 9
 
IV. Жаңа материалмен таныстыру .

Практикалық түрінде

1. «Алма жинау» ойынын қолдануға болады.

0+1 1+1 2+1 3+1 ..... 9+1.

-біз 10 санын білеміз . Ендеше бүгін 10 санының құрамымен танысамыз. Алма санау арқылы 10 санының құрамымен танысу.

2. №1 -85 бет


10 10 10 10 10
 

V.Сергіту сәті.

Бір дегенің -бесігіңді түзеуң

Екі дегенің -Егеменді елдігің

Үш дегенің - ана тілің асылың

Төртіншіңіз -төрелікке сайлаған.

Нұсултандай атамыз бар сыйлаған

Бес дегенің берекелі болғаның

Балдырғандай өніп, өсіп толғаның.



VI.Дәптермен жұмыс №3-85 бет
 
VIІ. Өзіндік жұмыс №4-86 бет
 

VIІІ. Логикалық тапсырма . «Керекті бөлікті тап»
 
Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?



ХІ.
 Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

51-52 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Білім деңгейлерін тексеру
 

Сабақтың мақсаты:

1. Өткенді қайталау . Оқушыларды есептерді шығаруға машықтандыру.

2. Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту.

Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

3.Ұжымдылыққа, зейіншілікке тәрбиелеу.Қайырымды болуға баулу. 

Сабақтың көрнекіліктері:
 үлестірмелі қима –қағаздар,

дидактикалық материалдар,заттар, ертег кейіпкер -лердің суреттері.

Компьютер, графопроектор, үнтаспа. 

Сабақтың әдісі:
 аралас сабақ// интеграциялық сабақ. 

Пәнаралық байланыс:
 дүниетану, ана тілі, қазақ тілі. 

Сабақтың барысы:
 

І. Ұйымдастыру кезеңі. /шеңбер жасау/

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Мұғалім:
 -Сәлеметсіндер ме, балалар!

-Балалар, сендер білесіңдер ме, жүрек қайда орналасқан?

Жүректің түрін көргіміз келе ме?

Оқушылар: -Иә.

-Ендеше бір сиқырлы іс-шара жүргізейік. 

ІІ.Психологиялық дайындық:

«Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар!

Армысыз , қайырымды Аспан- ата!

Армысыз, мейірімді Жер –ана!

Армысыз , шұғылалы нұрлы күн!

Тамаша болсын бүгінгі күн!»



/күн жарқырап кетеді// қол шапалақтау/

Мұғалім: -Көңіл-күйіміз қандай болып кетті?

Оқушылар: -Көңілді .Ал, жүрегіміз қандай болып кетті!

-Жарқырап кетті.



/бұл кезде жүректерді тарату/

Мұғалім: - Тамаша!

*Осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. /оқушылар барып отырады./ 

ІІІ.Тақырыппен, мақсатпен таныстыру.

-Бүгін сабақта өткенді қайталап , білімімізді анықтап алайық.

Сабақтың мақсаты: 3 топқа бөлініп жұмыс істейміз.Ал топтың аттарын тапсырмаларды орындай отырып табамыз. Өткен сабақты жаңа сабақпен ұштастыру. Ұштастыра отырып 6 санының құрамымен танысу..Мысалдар шешеміз, есептерді шығарамыз, теңдік пен теңсіздіктерді салыстырамыз. Кезең -кезең тапсырмаларды орындай отырып сабақтың мақсатына жетеміз.

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан халықта айтады «Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады»-демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық, ал ол үшін сабақта тәртіп сақтап, белсенді қатысып отырайық. 

Дайындық кезеңі.
 

-Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Қызыл кітап туралы сендер не білесіндер?

Оқушылар: ............өз ойларын айтады.

- Иә, дұрыс ол кітапқа сирек кездесетін жануарлар, құстар, өсімдіктер т.б. тірі табиғаттың бөлігі жатады. 

/графопроектор 1-слайд/

Біздің елімізде табиғат қорғаудың ең басты саласы -мемлекеттік қорықтар. Қорық деп барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аумақты атайды.Біздің елімізде 10 қорық бар:



/графопроектор 2-слайд/
 
1.Ақсу –Жабағылы

2.Алматы 


3.Наурызым

4.Қорғалжын

5.Марқакөл

6.Үстірт 


7.Батыс Алтай

8.Алакөл 


9.Барсакелмес

10.Қаратау

-Сонымен бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біздің ең сүйікті достарымыз «Қоян» мен «Тиін» қазақстандағы қорықтарды аралауға шақырады.

Саяхатқа шықпай тұрып өз топтың аттарын біліп алайық.



ІV.Қоянның тапсырмасы:

І топ ағылшын тілінде 10-ға дейін санау. Топтың аты шықты «Тапқырлар»

ІІ топ орыс тілінде 10-ға дейін санау . Топтың аты «Алғырлар»

І- ІІ топ бірігіп қазақ тілінде 10 -ға дейін санау.



Күн жарқырап кетеді.

*Ал саяхатқа қандай балалар барады?

- жүйрік, батыл оқушылар барады. 
*V . Сабақтың ұраны / графопроектор 3-слайд /

« Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Қиындықта бәріміз» 
*VІ. «Тиіннің тапсырмасы» / графопроектор 4-слайд /
 

А) *1. 0 –ден бастап бір сан аттап санау.

/0, 2, 4, 6, 8, 10 / / сандармен тақтада орындау



*2. 1-ден бастап бір сан аттап санау.

/1, 3, 5, 7, 9 / /сандармен тақтада орындау/



*3.1 дм –де неше см бар?

*4.Геометриялық фигуралар /сұрақ-жауап/



1-ші ол қандай фигура?
 

З-ші қандай фигура?
 

Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Неше төбесі бар?
 

Ә) Тиін қысқа жинаған саңырауқұлақтарын тексеріп шығу керек.

Мысалдар: / саңырауқұлақтар/

5+2+2= 8-3= 6-3= 7-2=

6+1+2= 9-2= 8+2= 9-4=

6+3-1 = 7-4= 4+4 = 10-3= 
Жақсы, тамаша // күн жарқырап кетеді

*1-ші себетте неше саңырауқұлақ тексердік?

*2-ші себетте неше саңырауқұлақ тексердік? 

І.
 Дәптермен жұмыс.

«Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық» 

«Киікке»
 қорек табуға көмектесейік.Балалар біз бір жануарға көмектесеміз, ал олар өз қорығына жылу мен қоректі жеткізеді.

Дәптерде 6 санды әдемі жазып көрейік,ол үшін тік отырамыз, дәптерлерді көлбеу қоямыз,шынтақ партаның үстінде болады.

-Санның жазылуы басталады тор көздің бұрышынан төмен жағы тор көздің ортасына келеді. Ауада жазып көрейік.

*Дидактикалық материалмен жұмыс істеу.

Бізге берілді 10 алма және екі ыдыс.Қазір әр түрлі тәсілмен 10 санының кестесін құрамыз. Бір ыдысқа жасыл алмалар, екінші ыдысқа қызыл алмаларды бөліп салып отырамыз./әр оқушыға алмаларды таратамын, алмалардың бір жағы қызыл, бір жағы жасыл және ыдыс ретінде екі парақ қағаз/

Оқушылар жұмыс істейді және тақтаға жазып отырамыз. Ал мен магнитті сандарды қойып отырамын.

10 


















VІІІ. «Арқар»
 

Мұғалім:
 //Балалар, бізге берілді нүктелер.

2. 4. 6.


1. 3. 5. .7

Осы нүктелерді қоссақ қандай геометриялық фигура шығады? /сынық сызық/ бұл сынық сызық, ал бейнелеу сабағында не нәрсеге ұқсайды? / тауларға/ Бұл таудың араларында бір жануар жүр. Ол қандай жануар білгіміз келе ме? Иә.

Ендеше мына тапсырманы жазбаша орындап шығайық.

Тақтаға жазу.

5+1=6 Бұл қандай өрнек? Бұл қосынды.осы өрнекке неше кері өрнек жасауға болады? /2 кері өрнек жасауға болады.

І топ 5+1=6 ІІ топ 4+2=6

6-1 =5 6-2=4

6- 5=1 6-4= 2

Қандай жануар боп шықты? «Арқар» 

Жақсы, тамаша //күн жарқырап кетеді. 

ІХ.Демалу.

Орманға барсаң қасқыр бар,

Тауға барсаң түлкі бар,

Сайға барсаң қоян бар,

Байқандар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.



Х.Мұғалім: -Балалар,бұл жерден аман есен өту үшін:
 «Кім тез есептегіш?» деген ойынды ойнап көрейік.

1) №4-84 бет, №5

ХІ. «Қызықты математика»

1.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі.

Өз қолында қалады?

/сурет 10 асық / «7» дәлелдеу керек/



Шешуі: 10 - 3=7

2.Жетіден бірді алайық,

Қанша балапан қарайық.

Қарайық та санайық ,

Санайық та, табайық.

/балапан суреті, «6» десе жауабты дәлелдеу керек//



Шешуі: 7 - 1 =6

3. Аулада 4 қаз және одан екеуі артық үйрек жүр.

Үйрек нешеу? / «6» дәлелде/ 

Шешуі: 4 + 2 = 6

4. Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны нешеу үйрек?



Шешуі: 5+3= 8
 

8 -1 -1=6

5.Тал басында 1 ара

Қонушы еді күнара.

Бүгін 5 туысын

Ертіп келді бұл ара . /барлығы қанша ара ? 

/6/ дәлелде 1+5=6

6.Алма ағашта 5 алма

Қандай тәтті, жесе алма 5-інде жеп қойсам

Қалады онда неше алма? /0 /



Х.Келесі кездесетін жануар «Құлан»
 

Математикалық диктант. /
 бұл тапсырманы дәптерде орындаймыз/

1. 7-ге 2-ні қосамыз. Тексеру: І -топ :7+2= 9

2. 5-ті 3-ке арттыру . 5+3 =8

3. 8-ден 3-ті азайту. 8-3= 5

4. 4 қосу 4. ІІ-топ: 4+4= 8

5.9- ды 2-ге кеміт 9-2=7

6. 6-дан 3 азайту. 6-3= 3

/күн жарқырап кетеді/



ХІ.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім : -Балалар, естіп жатырсындар ма , бір қатты жылап жатқан дауыс?!

- Кәне тез жету керек бізге.

Ашылады тапсырма / қақпанға түсіп қалған түлкі ғой. Кәне тез босатайық түлкіні.Ол үшін оқулықпен жұмыс істейміз.



ХІІ.« Құстарға» қамқор жасайық «Қоқиқаз» суреті №4 -25 бет
 

ХІІІ.«Барыстың тапсырмасы» ( тақтаға шығып орындау)

Теңдік / теңсіздік орындауға

-Ал балалар, бізге үйге қайту керек ,үйге тез жету үшін барыс бізге желді шар берді. 

ХІV.
 Қорытынды. Ассоциация құру.

Саяхатымыз аяқталып, сыныпқа оралып қелдік. Ал, сыныпта бізді кім күтіп отыр?

-Дымбілмес.

Балалар, ол бізбен бірге барған жоқ, бірақ біз не істедік, не көрдік білгісі келеді, Дымбілмеске айтып береміз бе?

-Иә. Слайдтарды көрсету .

-Сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта «6 »санынын құрамымен таныстық.

-Сабақта не істедік?

- Сабақта есеп шығардық, мысалдар шештік.

-Теңдік, теңсіздік тапсырмалар орындадық.

-Тест тапсырмалар орындадық.

-Жұп, тақ сандарды жинадық.

-Саяхатымыз қызық болды ма? /Иә.

-Не көрдік? /аңдарды

-Оларға қандай қамқорлық жасадық?

-Оларды суықтан, аштықтан құтқардық.

Есеп

Мысалдар 


Тест

6 санының құрамымен

таныстық 
Теңдік,

теңсіздік

Ассоциация

Жұп, тақ

С андар

Математикалық диктант



геометриялық фигуралар
 
Әр топтан бір оқушы шығып, экранға қарап /компьютерден «Қазақстан Қызыл кітабы» және сирек кездесетін жануарлардың суреттерін көрсетіп аттарын атап береді. /
 

ХV. Бағалау.
 Музыка ойнағанда бағалауға 


53-сабақ
 

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатарының қасиеттері.алдынғы және кейінгі сан.
 

Сабақтың мақсаты: 1.
 Сандар қатарының негізгі қасиеттерімен таныстыру, сан сәулесі негізінде бірліктерді азайту, қосу дағдыларын бекіту; «алдыңғы»,

«кейнгі» ұғымдарымен таныстырып, оларды ауызекі сөйлеуде қолдануға үйрету.

2. Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру. 

І.Психологиялық дайындық.

«Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер -Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанамын мен.» 

ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалды меңгеруге дайындық ретінде ауызша санауға суретті полотноға немесе тақтаға біртіндеп қосуға арналған жаттығуларды қолдануға болады.«Тізбек», «Үндемес», «Көрші сандарды ата», «Санды таны» т.б.ойындар ұйымдастырылады.



ІІІ.Жаңа материалды меңгеру.

Оқулықпен жұмыс кезінде оқушылар мұғалімнің:«5саның оң жағында қандай сан тұр? Сол жағында ше?» деген сұрақтарына жауап береді. Оқушылар оң жақта 5-тен артық, сол жақта 5-тен кем сан тұратындығына көздерін жеткізеді. «Алдыңғы» және «кейінгі» ұғымдары түсіндіріледі. Дәптердегі №1тапсырма орындалады.

Алғакшқы алған білімдерін бекіту үшін №2 тапсырмада берілген кесте толтырылады

± 1.Тапсырма алдын ала тақтаға жазылып қойылады.Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып алдыңғы және кейінгі сандарды түсіндіре отырып жазады: «Егер бірге артса немесе тағы бірді қоссақ, онда келесі сан шығады. Егер бірге кемітсек немесе бір бірлікке азайтсақ, онда алдыңғы сан шығады.

 































10 





























ІV.Өткен материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар №3 тапсырманы дәптерге берілген. Оқушы жауаптары мынадай болады:«5 саны 4-ке қарағанда артық , өйткені сан сәулесінде 4саны 5-тен бұрын тұр» 

V.Сергіту сәті

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді,

Орнына отырды. 

VI.Дәптермен жұмыс.
 №4 тапсырма.

№5 тапсырма-90 бет.Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.



VІI. Сабақты қорытындылау.
 

VIІІ. Оқушыларды мадақтау.

54-ші сабақ



Сабақтың тақырыбы: +1 +1, -1 -1 түріндегі қосу және азайту.
 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: сандар қатарының негізінде бқліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту.

2.Дамытушылық: Қосу, азайту өрнектерді орындауға машықтандыру.

Ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: аралас.
 

Пәнаралық байланыс:
 дүниетану, әдебиеттік оқу 

Сабақтың көрнекіліктері: Сандар , өрнектер, үл.қ-қ
 

Сабақтың барысы:
 І . Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық



Сабақтың ережесі:

1.Жұмысқа белсенді қатысу.

2.Бір -бірімізді бөлмей тыңдау.

3.Ойды ашық айту.

4.Тыныштық сақтау. 

ІІІ. Тірек білімдерін бекіту.

Ауызша санауға бір -бірден қосу мен азайту дағдысын бекітуге арналған жаттығулар қосылады.

1-ді қосқанда келесі сан шығатыны, азайтқанда алдыңғы сан шығатыны

еске түсіріледі. «Тізбек», «Үндемес » ойындарын өткізуге болады.

№1-91 бет ауызша орындалады 

IV. Оқулықпен жұмыс №2-91 бет .Түсіп қалған таңбаны орнына қой .
 

V. Жаңа материалды меңгеру.

№3-91 бет түсіндіру. Оқушылар сандар қатарымен жылжи отырып, алдымен 1-ді, сонан соң тағы 1-ді қосады.

-2 санына барлығы нешеуін қостық?

Осыған ұқсас жұмыс азайтқанда да өткізіледі. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар мынадай қортындыға келеді: «Бір-бірден қосу (азайту) арқылы сандар «баспалдағы» арқылы секіруге болады немесе жайлап жүруге болады».



VI.Сергіту сәті

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық , алтын тау. 

VIІ.Дәптермен жұмыс. №1 -29 бет
 

Өздік жұмыс. №3- 30 бет
 

VIІІ. Логикалық тапсырма №5-92 бет
 

ІХ.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?



Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

55-сабақ



Сабақтың тақырыбы:
 2 санын қосу және азайту. 

Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: 2 санын қосу кестесін және сан құрамының сәйкес жағдайын білу,есептеулер жүргізуде қолдану біліктерін қалыптастыру. Сандардың құрамы ,қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту. 

Дамытушылық:Тапқырлықты,ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетін,сөйлеу тілін, өздіггінен әрекеттенуін дамыту.
 

Тәрбиелік:
 Балалардың бойындағы рухани -адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым - қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. 

Сабақтың түрі:
 аралас сабақ 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, қима-қағаздар.
 

Сабақтың барысы:
 І.Ұйымдастыру кезеңі 

Психологиялық дайындық.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Бүгінгі жарқырап тұрған күн

Көңілденіп қарап тұр. 

ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

*Бірден және екіден аттап санау (оза оқыту әдісін пайдаланып 15, 20 -ға дейін санау).

*Жұп сандарды атау.

*Тақ сандарды атау.

*1-ден 10-ға дейін тура санау.

*10-нан 1-ге дейін кері санау.

*Жауабын ғана айт:

8+2 9-2 6+2 7-2

2+2 5-2 4+2 3+2 

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.

2 санын қосу және азайтудың тәсілдерін түсіндіру (тиін, себет, саңырауқұлақтар)

-Тиін саңырауқұлақтар жинады. Себетте 3 саңырауқұлақ жатқан еді, одан кейін тағы 2 саңырауқұлақ тауып алды. Алдымен себетке 1 саңырауқұлақты саламыз. Себетте неше саңырауқұлақ болды? Тағы 1 саңырауқұлақты саламыз.

Себетте барлығы неше саңырауқұлақ болды?

-Егер біз санға 1 және тағы 1-ді қоссақ, сонда барлығы неше сан қостық ? Екіні санға қалай қосуға болады?

№1-92 беттегі тапсырманы тақтаға шығып орындау.

№2 дәптерге орындау. (31 бет).

+2= -2= 


IV. Оқулықпен жұмыс. Мәтіндік есеп құрастыру, №3 -93 бет.

№4 ауызша орындау.



V. Сергіту сәті.
 

VІ. Жазбаша жұмыс. №5-93 бет, дәптерге орындау.
 

VІІ. Өздік жұмыс. №6-93 бет , №3-31 бет
 

VІІІ. Тақырыпты бекіту үшін
 №4 -32 бет. 

ІХ. Қорытынды.

56 - 57 сабақ



Сабақтың тақырыбы:
 Пысықтау. Білімдерін тексеру. 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: өткенді қайталау. Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту.

2. Дамытушылық:Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетін, сөйлеу тілін, өздігінен әрекеттенуін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі:
 аралас сабақ 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, үл. қима-қағаздар, аквариум суреті.
 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
 

Психологиялық дайындық.

-Балалар , бүгін айдың нешесі? Аптаның қай күні? Қазір қай сабақ?

Жақсы, қазір мына суреттердегі бұлттарға назар аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?

1 бұлт -көк түсті, жайбарақат қалыпта.

2 бұлт -ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.

3 бұлт -қара көк, ашулы.

Өздеріне ұнаған бұлтты көрсеткенде, балалар шапалақтайды (3 рет)

-Балалар, барлықтарыңның көңіл -күйлерін жақсы екен.

Сабақтың мақсатын хабарлау. 

ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.
 

«Кім білгіш?» ойынымен тақырыпты ашу. №1, №2 - 94 бет. (балықтар мен аквариум суреттерін пайдалану)

5-95 бет ауызша орындау.



ІІІ. Оқулықпен жұмыс. №4 -95 бет, дәптерге орындау
 

IV . Сергіту сәті.
 

V. Өздік жұмыс . №3-33 бет
 

VI. Қорытынды.
 


58.
сабақ
 


Сабақтың тақырыбы: Сынық сызықтың ұзындығы
 

Сабақтың мақсаты:
 1.Сынық сызық және оның ұзындығы туралы түсінік қалыптастыру; сынық сызықтың ұзындығын өлшеуді үйрету.

2. Сызғышпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Ұқыпты, зейінді болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі:
 Сұрақ -жауап, ізденіс 

Сабақтың көрнекілігі: конструктор бөлшектері, сандар,
 

Пәнаралық байланыс:
 Еңбекке баулу, дүниетану, 

І.Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын .

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік аламыз 
ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру

3 -96 бет., №1-37 бет


ІІІ. Жаңа тақырып: №1-95 бет

1.Үш бөліктен тұратын конструктор бөлшектерінің ұзындығын анықтау.

*Сынық сызықтың ұзындығы оның буындарының ұзындықтарының

қосындысы тең.

2. Практикалық жұмыс. №2-37 бет 
ІV.Дәптермен жұмыс
 №5 -97 бет, сурет бойынша жұмыс жүргізу. 

V.Ауызша жұмыс №4 -96 бет
 
5* 6 6* 6 -1 8-2 * 8-1

8*7 7*7 +2 4+1 * 4+2



VІ.Сергіту сәті
 
VІІ.Өздік жұмыс
 . оқулықтағы №3 -96 бет ,дәптерге орындау. №2-37 бет. 
VІІІ. Логикалық тапсырма . «Кім тапқыр?»
 

ІХ.Сабақты қорытындылау.
 



58.
сабақ
 


Сабақтың тақырыбы:
 Қосындыны,қалдықты табуға берілген есептерді шығаруға дайындық. 

Сабақтың мақсаты: 1.«Есеп» ұғымына байланысты оқушылардың тірек білімдерін жетілдіру;сурет бойынша қосу мен азайтуға арналған сандық өрнектерді құрастыра білу дағдыларын бекіту.

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Ізденімпаздыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу. 

І. Ұйымдастыру кезеңі
 

Психологиялық дайындық.

Күнде шат күліп күн,

Шаттанамыз бәріміз.

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз



ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру

№4-98 бет.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

№1-97 бет,

№2 тапсырманы өз беттерімен орындап, содан соң тексереді. 

ІV.Өтілген материалмен жұмыс
 

V.Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп -кішкентай ағаштар

Биік боп өседі.. 

VІ. Ауызша жұмыс. №3-98 бет ауызша орындау.
 

VІІ. Өздік жұмыс. №5-99 беттегі тапсырманы дәптерге орындау.
 

VІІІ. Сұрақ -жауап арқылы сабақты қорытындылау.
 

58.
сабақ
 


Сабақтың тақырыбы: Есеп туралы түсінік . Есептердің элементтері.
 

Сабақтың мақсаттары: 1.«Есеп » , туралы ұғымдарын қалыптастыру; есепке байланысты терминдерді (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) меңгеру;

Есептің қысқаша жазылуы туралы түсінік беру; есептің қысқаша жазылуы және жауабымен таныстыру.

2. Оқушылардың сауаттылығын дамыту, қызығушылығын арттыру.

3.Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, жолдастық көмекке жетелеу.

Сабақтың әдісі: аралас 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
 

Сабақтың көрнекілктері:
 дидактикалық материал, сандар, суреттер. 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық

Ойнап, күліп аламыз,

Оқып, білім аламыз.

Жұмбақты да шешеміз,

Жетілсін деп санамыз.

Шынықтырып денені

Батыр, алғыр боламыз. 

ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.
 

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру.

Есеппен таныстыруды оқулықтағы есеп мәтінін суретпен көрсету арқылы практикалық жұмыспен бастаған дұрыс. Бұл кезеңде «есеп» ұғымы түсіндіріледі. Мұғалім оқушылардан оларға есеп мәтінінен түсінгендерін айтуларын сұрайды. Содан кейін бұл есептің шарты екенін хабарлайды.

-Есеп туралы не білуіміз керек?

-Есептің шартысы, сұрағы , шешуі, жауабы болады.

№1-99 бет

№2 ауызша талдау.



ІV.Сергіту сәті .
 

V. Дәптермен жұмыс.
 

VI. «Білгенге -маржан»
 

VII. Қорытынды.
 
61 сабақ
 

Сабақтың тақырыбы: Есеп және оны шығару.
 

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың есеп шығару және қосынды мен қалдықты таба алу дағдыларын қалыптастыру, есептің қысқаша жазылуы мен шешуін дәптерге жазуды үйрету.

2..Сандарды дұрыс санап, таңбалай білу, есепті шығаруды толық меңгерту, азайту, қосу амалының құрамын білу, геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету.

3.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Өздігінен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, ой ашар, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребустар, геометриялық фигуралар. 

І. Ұйымдастыру кезеңі
 

Психологиялық дайындық
 

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын!

Сейсенбінің күні сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Ұранымыз: «Білікті бірді жығады.

Білімді мыңды жығады». 

ІІ.Ой ашар (сұрақ -жауап)
 

-Қандай сабақ болып жатыр?

-Математикадан нені оқып үйренеміз?

-Бүгін қандай күн?

-Аптада неше күн бар?

-Апта күндерін ата.

-Қосу амалының құрамын ата.

-Азайту амалының құрамын ата.

ІІІ. Ойна да, ойла. «Кім жылдам?» ойыны

9 -9 4+4 7+0 10-5

2+3 3+3 6-0 9-2

3+5 6-2 8-6 4+5

ІV. Ой қозғау (ауызша талдау +дәптерге орындау)

№1-101 бет

1.Берілген сурет бойынша есеп құрастыру.

2. Сандардың құрамы : 6, 7, 5, 

V.Дәптермен жұмыс
 № 1-41 бет 

VI. «Ой дамыту» Шығармашылық тапсырмалар. №3,№4-42-43 бет
 

VII. Қорытынды.
 

62.
-сабақ
 


Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты:



1.Білімділік :
 Өткенді қайталау, қосу, азайту кестелік өрнектерді шығаруға машықтандыру. 

2.Дамытушылық:
 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. 

3.Тәрбиелік:
 Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Адамгер -шілікке, мейірімділікке баулу. 

Сабақтың көрнекіліктері:
 суреттер, компьютер, музыка, дидактикалық материал. 

Сабақтың әдісі: ізденіс, сұрақ -жауап,
 

Пәнаралық байланыс:
 дүниетану, әдебиеттік оқу 

Сабақтың барысы:
 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
 

ІІ. Психологиялық дайындық.

«Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар!

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді .

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Тамаша болсын бүгінгі күн!» 

ІІІ.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім:

-Сабаққа дайындығымызды білдірейікші.

Оқушылар: «Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз,

Отыруға түп –түзу,

Дайындалық бәріміз» 

ІV.Тақырыппен, мақсатпен таныстыру.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, сиқырлы саяхат түрінде. Сабақ барысында мысалдар , есептер, теңдіктер,теңсіздіктер, қызықты тапсырмаларды орындауға тырысамыз, ертегі кейіпкерлермен де кездесеміз. Ал саяхатта жай жүрмей пайдалы іспен айналысайық бізге біраз зерттеу жұмыстарды жүргізу керек. Ал ол үшін екі топқа бөлініп жұмыс істейміз, топтың аттарын кез келген тапсырмаларды орындай отырып табамыз.

1-қатар орыс тілінде толық ондықпен жүзге дейін санап беріндерші.

10,20,......100 «Алғырлар»тобы.

2-қатар ағылшын тілінде санап береді. «Тапқырлар» тобы.

Екі топ бірігіп қазақ тілінде санап береді

10, 20, ....100

Мұғалім : -Ал сабақтың тақырыбын білу үшін мына берілген тапсырмаларды орындап білеміз.

Оқушы:-Мұғалім мен бүгін мектепке келе жатқанда бір әлсіреп қалған құсты көрдім. Оны аяп мектепке әкелдім.

-Бәрекелді , сен дұрыс істедің. Балалар, құстың бізге жеткізген хаты бар екен . Кім оқып береді?

«Көмектесіндер, көмектесіндер! Ауамыз ластанып жатыр, табиғатымыз қауіпті жағдайда.» Балалар, көмектесеміз бе?

Ал ауа тазарту үшін не істеу керек?

Гүл, ағаш т.б.. көп өсімдіктерді отырғызу керек.

-Бізге тез жету үшін көзімізді жұмып, ойлаған жерге тез жетейік.

Музыка: -Балалар, не көріп жатырсындар?

Құм, тас, ағаш,аспан, күн.....көл

Көзімізді ашайық алдымызда не тұр? /көл/

Ал мынау көлден өту үшін бізге не керек? (Кеме, қайық)

Кеме жасау үшін мына тапсырмаларды орындап көрейік. 

1-бөлім.
 Бұл қандай фигура? ( үшбұрыш).

-Бұл фигураның неше қабырғасы, неше бұрышы бар?



2-бөлім:
 1 дм неше см бар?

1см неше мм бар?

1м неше см бар?

1дм 5 см неше см бар?



3-бөлім.
 «Тез есепте»

2+3+4 =9 10-3+2=9

3+5 +2=10 9+2-1=10

8+2 -3 =7 7+3 +2=12

-Қандай сөздер шықты оқиық.. «Пысықтау»

-Жүзіп келе жатып дәптерлерімізге жұмыстарды жазып отырайық.

7 санның аралына да келіп қалдық. Балалар есімізге түсірейікші 7 санның құрамын.

7 7 7 


5 2 4 3 6 1
 
-Бұл көлдің суын толтырдық және көлдің жартысы ащы,жартысы тұщы екенін анықтадық. Көлден өтіп Түркістан қаласына келдік. Бұл жерде Теңбіл бұғы мен бірге Ахмет Яссауидің мавзолейін аралап шығайық, ауамызды тазарту үшін әр түрлі гүлдер егейік.
 

ІV.Жаңа сабақ.
 Түсіндіру №4 103 бет ( өрнектерді гүлдерге жазып қою, қай бала шығарды сол баланың гүлі жайнап өсіп тұрады)

8+7 гүлдерді отырғызу.

9+7

7+7 
-Балалар, біз қай жердеміз, кім біледі? Оны білу үшін көкжиектің бағыттарын анықтап алайық



V. Демалу. «Қол көтерсем солтүстік,

Топ-топ бассам оңтүстік.

Қолды созсам жан-жаққа,

Көрсетеді бағытты.

Батыс пенен шығысты,

Иіліп сәлем берейік,




Экватор белде деп,

Белді бұрай қозғасаң.

Сағат тілі батысқа,

Жер айналар шығысқа»


VІ. «Қызықты тапсырмалар»

Келесі тоқтаған жеріміз Қызылорда қаласы. Бұл жерде бізді Алдар Көсе қызықты тапсырмаларын дайындап күтіп отыр.

1.Бір-бірімен жарысқан ,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қоян,бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? /8/

2.Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп.

Қарбыздарды шетінен,

Санап шықтым екіден,

Бесеу болды жұп саны,

Нешеу болды түп саны.? /10/

3.Су құйып ем астауға,

3қаз ұшты аспанға,

3қасқалдақ,бірқазан,2үйрек, 1 сазан

Қосылды кеп бұларға

Айт, неше құс ұшып жүр? /9 құс, 1 балық/

4.Бекзатта бар бес іні,

Елтайда бар екі іні.

Қоссаң бес пен екіні

Неше болар шешуі? /5+2=7/

5.Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны нешеу үйрек? /5+3= 8; 8-1-1= 6/

6. Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бір алма.

Біреуін бер Маратқа,

Сонда қалмақ неше алма? /4 алма/



VІІ. Оқулықпен жұмыс.Маңғыстау қаласына да келіп қалдық, бұл жерде біз оқулықтағы тапсырманы дұрыс орындасақ олжалы боламыз. Есеп №5 /есепті оқу , талдау, шешу /
 

VІІІ. Орал қаласы.

-Балалар, мынау көк түтін не екен? Бір жерде өрт болып жатыр.Орман өртеніп жатыр. Өртті сөндіру үшін мынау аюдың тапсырмасын орындайық. Теңдік, теңсіздік



ІХ. Павлодар қаласы.

5-жолды өлең



Х. Семей. Көпірден өту үшін бүгінгі сабақтың материалына ассоциация жасайық.
 

ХІ.Қорытынды
 
63-64 сабақ
 

Сабақтың тақырыбы:
 Пысықтау. 

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өткен материалдарды қайталау.

Сандар қатарының негізгі қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ой -өрісін арттыру, есепті шығара алу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Ізеттілікке, зейіншілікке тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі:
 қайталау, сұрақ-жауап 

Пәнаралық байланыс:
 дүниетану 

Сабақтың көрнекіліктері: сандар, суреттер , ертегі кейіпкерлер.
 

Сабақтың барысы:
 І . Ұйымдастыру кезеңі 

Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
 

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам бастаймыз.



ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
 

1.
 Санамақ.

2. Шыршаны безендіру.



ІV.Оқулықпен жұмыс. №4 105 бет.

3 есеп құрастыру.



V. Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,



Көжегі екен өзінің.
 

VІІ.Дәптермен жұмыс
 

VІІІ. «Ойлан, тап!» ойыны.
 

ІХ. «Кім тапқыр? »
 ойыны. 

Х. Сабақты қорытындылау.
 

ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "По урочние планы (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 501 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.09.2015 1095
    • DOCX 2.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Бахжан Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Бахжан Кудайбергеновна
    Алиева Бахжан Кудайбергеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12525
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 509 человек из 69 регионов