Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Поэма"Ақ барыс туралы аңыз"

Поэма"Ақ барыс туралы аңыз"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақ барыс туралы аңыз.

Ғаламда жер бар ма екен Таулы Алтайдай,

Жайлаған қысы – жазы қазақ,алтай,

Орыс, қырғыз, тағы да басқа ұлттар,

Тұрады екен осы жерде іні – ағадай.



Таулы Алтай! алтын өлке аясында,

Жүреді түрлі аңдар саясында,

Ақ барыс, аю, түлкі, бұғы, архар

Мекендеп Мұзтау, Аргут арасында.



Айтайын бір аңызды «барс» туралы,

Естіп ем бұл аңызды атадан бір,

Жиналып ауылдастар отырғанда,

Үйінде ағайынның ас үстінде.



Шығыпты ертеде бір жігіт аңға,

Аргуттың қалың тоғай арасына,

Екі – үш күн сандалыпты тау ішінде,

Жолықпай қысты күні ешбір аңға.





Аяғы төртінші күн дегенінде,

Ақтаудың көк мұз, ақ қар етегінде,

Бір аңға ойда – жоқта кезігіпті,

Шалдығып, қарны ашып, шөлдегенде.



Қараса өң тұрпаты өте әсем,

Мұндай аң өмірінде бір көрмеген,

Аңырап жігіт тұрды қозғалмастан,

Барыстың сұлулығы көзін жапқан.



Өзі шұбар, қозғалысы тым – ақ шапшаң,

Көздері қар мен мұзға шағылысқан,

Созылып, керілгенде хор қызындай,

Тартады тірі жанды асыл тастай.



Жігіттің баурап алды өне бойын,

Жүрегін – қорқыныш пен асыл сезім,

Барыстың қимылынан есі кетіп,

Айрылды аңшы жігіт ақыл – естен.









Бірнеше уақыттан соң есің жиды,

Ақырын мылтығына қолын созды,

Жымысқы кұлкі ойнап көздеріне,

Атпаққа ақ барысты ыңғайланды.



Бір мезет күңіренген дауыс шақты,

Ақтаудың ақ қар басқан төбесінен;

«Әй, жігіт! Таулы Алтай аң бесігі,

Ашылған аңдарға оның кең есігі,

Қалайша атпақсың сен аң сұлуын?

Алтайдың ерке аңын, жи есінді!



Ақ барыс – Таулы Алтайдың киелі аңы,

Оны атсаң, бағың сенің кері қайтады,

Үлкендер қалай саған айтпады екен,

«Ақ барыс – Таулы Алтайдың иесі!».-деді.



Жігіттің қорқыныштан есі шақты,

Жүрегі зор дауыстан алып – ұшты,

«Алтайдың ерке аңын атпаймын»,- деп

Ақтаумен осы жерде серттеседі.

Көптеген содан бері жылдар өтті,

Ақ барыс «қызыл кітап» қорғанына кірді,

Егер де, қандай бір жан бұл аңды атса,

Алады «лағынет» сөзін жер иесінен.



Жазотыр,Аргут, Укөк – аң –құс ұясы,

Неше түрлі аңдарға толған аясы,

Ендеше, бұл «аяны қорғайық біз»,

Гүлденсін, жайнай берсін айналасы!

















Краткое описание документа:

Поэма "Ақ барыс туралы аңыз" автор учитель МКОУ "Джазаторская средняя общеобразовательная школа имени М.И.Берсимбаева" Маусумканова Бақыт Васильевна.Бакыт Васильевна пишет стихи и поэмы.Поэма мне очень понравилась и я решила поместить на своем сайте,для ознакомления с читателями.В горном Алтае много животных ,которые вошли в Красную книгу.Автор этой поэмы написала именно про снежного барса,который с каждым годом становится все меньше и меньше.Автор призывает всех беречь нашу красивую природу и в том числе снежного барса.Читайте, интересная поэма!!

В Кош-Агаче много людей ,которые пишут стихи ,поэмы и т.д.

Автор
Дата добавления 30.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров238
Номер материала 466507
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх