Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.

Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifлого

ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК

ГКП на ПХВ «Талдыкорганский медицинский колледж»


САПА ФОРМАСЫ

ФОРМА КАЧЕСТВА

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Методическая разработка теоретического занятия

F-05-03-01

Рев. 01 Ревизияның басталу мерзімі ___10.04.2015____

01.Рев. Дата ввода ревизии __10.04.2015______

Бет 1 5

Страница 1 из 5












Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы



Пән: Информатика


Тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.


Мамандық: . Мейірбике ісі


Курс: 1 курс


















ЦӘК отырысында

қаралып талқыланды

Хаттама №____

«___»_______2015 ж

ЦӘК төрайымы ______

Әдістемелік нұсқа жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған: Калкеева Б.Н. Кумекова Г.К.


Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы


Тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

PowerPoint-ң сыртқы көрінісі.

Оқушының  танымдық белсенділігін арттыру.

ә) дамытушылық: — Оқушының ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру,  алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

б) тәрбиелік: — Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру.

Қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық  мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу орны: Компьютер кабинеті

Пәнішілік байланыс: MS Office

Пәнаралық байланыс: Математика шет тілі, бейнелеу.

Сабақтың жабдықталуы: Компьютер, проектор

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • В.П. Гельман «Медицинкая информатика»

  • Интернет желісі

Оқушы білуі тиіс:

Power Poınt бағдарламасы туралы түсінік.

Сыртқы көрінісі.

Интерфейсі.

Power Poınt құжаттарының құрылымы.

Үлгітүр негізінде презентация жасау.

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин

Ү Қорытындылау – 5 мин

ҮІ Үйге тапсырма –5 мин


Сабақ барысы


І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Студенттерді түгендеу. Сырт киімдерін киіуін қадағалау (Халат, калпк киіуін). Сабаққа дайындығы тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру.Компьютердің қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалап, оқушыларды компьютерге отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Ақпараттық диктант

Access бағдарламасының экран көрінісінде – тақырып жолы, мәзір қатары, саймандар панелі, жаңа қор не, сақталған қорды ашу, қалып күй қатары бар. Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Microsoft Access қолданбалы программалық жасақтамаға жатады. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері ол кесте. Форманы көрсету режимдері: конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі. Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

«Сабақтың логикалық-құрылымдық кестесі:

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

Жоспары:

  1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

  2. PowerPoint терезесінің құрылымы.

  3. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

  4. Слайдтарды безендіру.

  5. Анимация қосу.

  6. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.D:\Documents and Settings\Admin.MICROSOF-78858F\Рабочий стол\анимашки\knigi-194.gif

  1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.

  1. PowerPoint терезесінің құрылымы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

  • Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

  • Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

  • Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

  • Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

  • Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

  1. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:

  • Жаңа презентация (Новая прзентация)

  • Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)

  • Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)

Автомазмұн шебері көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

  • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;

  • Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.

1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.

3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.

Жаңа презентация  құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.

Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.

Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер  сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы терезеден түстің қанықтылығын және  өрнек немесе текстура ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:

  • Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)

  • Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)

  • Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін көрсетеді)

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар. Сұрыптау режимі арқылы  Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.

 Слайдтарды безендіру.

Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз.  Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады.  WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

 Анимация қосу.

PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету- Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.

 Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звукЗвук из файла  командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.

Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет.  Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.

 ІҮ. Білім алушылардың өзіндік жұмысы

Білімгерлер өз еркімен «Медицинаның адамға тигізетін пайдасы» атты презентация құру.

ҮІ. Бекіту Тест тапсырмалары:
I-нұсқа
1.PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?
A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру
B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау
C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау
D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау
E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама
2. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
A) Бастау – Бас мәзір – Іздеу – Microsoft PowerPoint
coolЖұмыс үстелі – Бас мәзір - Microsoft PowerPoint
C) Бастау –Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint
D)Тапсырмалар үстелі - Microsoft PowerPoint
E) Жұмыс аймағы - Microsoft PowerPoint
3. PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы
A)Пішім – Сурет – Суреттер (жинағы)
B)Кірістіру – Сурет – Суреттер (жинағы)
C)Пішім - Сурет – Файлдан
D)Кірістіру – Нысан
E)Түзету – Нысан
4. PowerPoint дегеніміз не?
A)Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы
B)Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама
C)Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама
D)Мәтін теруді ұйымдастыратын бағдарлама
E)Электрондық кестелерді әзірлейтін бағдарлама

5. Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент:
A)Файл
B)Түзету
C)Көрініс
D)Пішімдеу құралдар үстелі
E)Кесте

6. PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:
A) .ехе
B).рpt
C).pdf
D).txt
E).doc

7. PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент
A)Тақырып жолағы
B)Стандартты құралдар үстелі
C)Пішімдеу құралдар үстелі
D)Слайдтардың кішірейтілген үлгілері
E)Жұмыс үстелі

8. Файл – Сақтау әмірінің қызметі
A)Құжатты көшіру
B)Құжатты сақтау
C)Құжатты теру
D)Мәтінді пішімдеу
E)Мәтінді жою

9. PowerPoint терезедегі Х батырмасының қызметі:
A) жабу (Закрыть)
coolшығу (Выход)
C) сақтау (Сохранить)
D) уақытша жабу (Свернуть)
E) қалыпына келтіру (Восстановить)

10. Power Point бағдарламасында _ батырмасының қызметі:
A) жабу (Закрыть)
coolшығу (Выход)
C) сақтау (Сохранить)
D) уақытша жабу (Свернуть)
E) қалыпына келтіру (Восстановить)

II-нұсқа

1. PowerPoint бағдарламасының терезесінде стандартты құралдар үстелі ....
A) PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінен тұрады
B)Ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды
C) Құжат ақпаратын қамтиды
D) Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған
E)Көрме слайдтары арасында оңай ауысып жүруге мүмкіндік береді

2. PowerPoint бағдарламасында қаріп өлшемін қай батырманың көмегімен
өзгертуге болады?
А)
В)
С)
Д)
Е)жауаптардың барлығы дұрыс

3. батырмасын шерту нені білдіреді?

А) Курсив қаріпті өзгертеді.
В) Мәтінді ортаға туралау
С) Ж әрпін енгізеді
Д) Жартылай қарайтылған қаріпті өзгертеді
Е)жауаптардың барлығы дұрыс

4.
PowerPoint бағдарламасының қызметі:
A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру
B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған
көрмелерді жасау
C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау
D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау
E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама

5. Мына белгінің атқаратын қызметі
А) Объектінің көшірмесін буферге алу
В) Осы бумадан шығу
С) Объектіні қырқып алу
D) Буфердегі мәліметті қою
Е)жауаптардың барлығы дұрыс

6. Ең соңғы орындалған әрекет нәтижесін кері қайтарып болдырмай
тастау үшін мына батырманы шерту керек.
А)
В)
С)
D)
Е)жауаптардың барлығы дұрыс

7. «Алдын ала көру» режимін іске қосатын батырманы көрсетіңіз
А)
В)
С)
D)
Е)жауаптардың барлығы дұрыс

8. Microsoft Power Рoint іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындау қажет:
A)Пуск-Программы- Microsoft Power Рoint
B)Пуск-Программы- Microsoft Power point
C) Пуск-Стандартные- Microsoft Power point
D) Пуск-Стандартные- Программы- Microsoft Power point
E)Программы - Power point

9. Microsoft Power Рoint редакторының үстіңгі меню қатарында "Файл"
пунктіне кіретін командалар:
A)құру,ашу,жабу,сақтау
B)көшіру,енгізу,жою
C)шрифт,абзац,тізім
D)кестені енгізу,бағананы жою,ұяшықтарды біріктіру
E)символ,сурет

10. Power Point бұл:
A) Презентация жасауға арналған бағдарлама
B)Мәтіндік процессор
C)Графикалық редактор
D)Электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған редактор
E)Жауаптардың барлығы дұрыс

I-нұсқа II - нұсқа


С Ж
1 B
2 C
3 B
4 A
5 D
6 B
7 E
8 B
9 A
10 D
С Ж
1 A
2 A
3 D
4 B
5 C
6 B
7 B
8 A
9 A
10 A


ҮІІ. Қорытындылау

а) Инсерт әдісі

Білемін,Білдім,Білгім келеді

Бағалау

«Кім көп смайлик жинады?» жиналған смайлик санына қарай бағаланады.

ІХ. Үйге тапсырма:

Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 92-93 бет

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров595
Номер материала ДВ-498443
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх