Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Поэзия кеші. "М.Мақатаев -85 жас"

Поэзия кеші. "М.Мақатаев -85 жас"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Мұқағали»


Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.


Дәйек сөз:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.


Армысыздар құрметті халайық.
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.


Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 85 жасқа толар еді.


Жүргізуші: Мұқағали атамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.

Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп жырлап ақынның өлеңдеріне кезек берейін.


«Арыз жазып кетейін» Әділет 7 «ә» - класс оқушысы.

Жүргізуші

: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі ----------------------
Рахмет!
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали - өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан. Ол «Жазылар естеліктер мен туралы» деп өз өлеңінде тектен тек айтпаған.
Жүргізуші:
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.

Жүргізуші.

Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді – ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейін





Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – 

деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттері.

1-жүргізуші: 

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліт жатады)

2-жүргізуші:

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

Ендеше әнге кезек берейік.

Исаканов Даниярдың орындауында «Сенің көзің» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Сабитова Айым

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-

деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...

деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген «Дизайн» бөлімінің  аға оқытушысы Ықыласова Майса Қамысбайқызына сөз берсек..

1-жүргізуші: Сабитова Айым


 

2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің!?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Гүл едің

Елтіген түнім едің.

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Ақынның махаббат сезіміне жазылған әнін тамашалап көрейік. (Ән орындалады)     
                                           

1-жүргізуші: Сабитова Айым

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығарман,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-

деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.


2-жүргізуші: Жұмадилов Дулат

Осымен ақын рухына арналған шығармашылық кешіміз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жанадарыңызды жыр тербесін.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров158
Номер материала ДВ-479659
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх