Инфоурок Технология Другие методич. материалыПолистиролдан дайындалған ұшақ макеті

Полисриролдан дайындалған ұшақ макеті

Скачать материал

№18 орта мектеп ММ

 

http://static.ukrinform.com/photos/2016_04/thumb_files/630_360_1460518427-9830-samolet-litak-rockwell-112d-foto-redlineaviationcom.jpg 

 

Шығармашылық жоба

 

 

Пәні: «Технология»

Бағыты:» «Әуе көлігі»

Тақырыбы: «Ұшақ макеті»

Сыныбы: 9 в

Орындаған: Сұлтанғалиев Жалғасбек Адилбекұлы

 Жетекшісі: Чукаев Бекгали Узакбаевич

 

 

 

Жаңаөзен қаласы

      2017-2018 оқу жылы

 

Маңғыстау облысы,  Жаңаөзен қаласы,          

       Рахат ауылы, № 18 орта мектеп ММ

 

Шығармашылық жоба

 

Пәні: «Технология»

Тақырыбы: «Пенопласттан дайындалған ұшақ макеті»

Орындаған: 9 «в» сынып оқушысы Сұлтанғалиев Жалғасбек Адилбекұлы
Жетекшісі: Чукаев Бекгали Узакбаевич  

 

Бағыты: «Әуе көлігі» 

Аннотация: бұрын қолданыста болған тұрмыстық қалдық материалдарды пайдаға асыра отырып, олардан әртүрлі бұйымдар жасап, пайдалануға жарамсыз болып қалған түрмыстық заттарға екінші өмір сыйлау, азда болса қоршаған ортаны ластанудан  сақтауға өзіңнің үлесіңді қосуды достарыңа, сыныптастарыңа насихаттау, шығармашылық жобаны зерттеу – ұшақтар туралы мәлімет беруге бағытталып, жобаны орындау барысында құрастыру және конструкторлық шеберлігі өнеріне үйрету.

Болжамы: технология пәні сабақтарында теориялық және практикалық алған білімдерін, шығармашалық жоба жасау кезінде өз бетінше ізденіп дамыту, бойындағы сан-алуан қабілеттерін ашып, шығармашылық, шеберлігін дамыту, танымдық қабілеттерін кеңейту.

Жобаның мақсаты:

1.      Шығармашылық жобаны орындау барысында өзінің шығармашылық әлеуетін байқап көруге, өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, технология пәнінен алған теориялық білімдерді практикамен ұштастыра отырып, жаңашылдыққа, табандылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

 

2.       Әуе көліктерін зерттеу, олардың түрлері, қолданылатын жерлерімен таныстыру, ұшақ макетін дайындау арқылы армандап-қиялдауға, қиялын  жүзеге асыруға баулу.

 

3.      Құрылыс және жөндеу жұмыстарынан қалған немесе қолдануға жарамсыз  болған тұрмыстық қалдық заттарды қайта өңдеп, оларға екінші өмір сыйлау арқылы ысырапшылықтың алдын алуға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға септігін тигізу.

 

Жобаны орындау реттілігі:

 

1.   Шығармашылық жобаны зерттеу.

2.   Іздену кезеңдері: ғаламтор, БАҚ және кітапханамен байланыста болып ақпарат жинақтау.

3.    Бұйымды дайындауда пайдаланылатын материалдарды анықтау.

4.   Жұмысқа қажетті құрал-саймандармен айла бұйымдарды таңдау.

5.   Жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу.

6.   Макеттің құрамдас бөліктерін ойлап, бөлшектердің өлшемдерін анықтап, эскизін  дайындау.

7.   Дайындауға кететін материал шығындарын және бұйымның өзіндік құнын есептеу.

8.   Бұйымды дайындаудың технологиялық реттілігін зерделу, технологиялық картасын дайындау.

9.   Технологиялық карта бойынша бұйымды жасау.

10.   Зерттеу әдістері арқылы жобаны нақты талқылау, қорытынды жасау.

 

Кіріспе

Ұшақ — күштік қондырғы (қозғалтқыш) көмегімен әуеде ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.

Авиация тарихы

Ежелгі үнді әдебиетінде вимана атты ұшу аппараттарының сипаттамалары кездеседі. Ұшу аппараттары туралы ақпарат сонымен қатар түрлі халықтардың фольклорныда да кездеседі (сиқырлы ұшатын кілем, Мыстан кемпірдің келісі).

XVIII-XIX ғғ. аралығында ағылшын табиғат зерттеуші Джордж Кейли қозғалмайтын қанаты және одан бөлек қозғаушысы бар ұшу аппаратының концепциясын ұсынған болатын. 1843 жылы ағылшын өнертапқышы Уильям Хенсон ұшақ жобасына патент алды. 1864 жылы Николай Афанасьевич Телешов Ресейдегі алғашқы ұшақ жобасын ұсынды 1874 жылы француз теңіз офицері Жан Мари Феликс де Ла Круа Дю Тампль бу машинасы орнатылған толық өлшемді ұшақты жасады. Алайда қозғалтқыштың қуаты жетіспегені салдарынан оған ұшуға мүмкіндік бермеді.

1882 жылы Ресей Империясы әскери мекемесі мен Орыс техникалық қоғамының қатысуымен орыс теңіз офицері Александр Федорович Можайский жобасы бойынша жасалынған бу қозғалтқышы орнатылған ұшақты ұшыруға талпыныс жасалынған болатын. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары еді.

Ұшақ құрылымы

Ұшақтардың негізгі элементтері (агрегаттары)

Қанат — ұшақтың ілгерілемелі қозғалысы кезінде ұшу үшін көтергіш күшті тудыратын аэродинамикалық бет. Көтеріші күш қанаттың астыңғы және үстіңгі беттеріндегі ауа қысымының айырмасы нәтижесіне пайда болды: ұшақ ілгері қозғалған кезде қанаттың астыңғы бетіндегі ауа қысымы үстіңгіге қарағанда артық болады. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Қанатта аэродинамикалық басқару құралдары (элерондар, элевондар және т.б.), қанаттың көтергіш күші мен ұшақтың аэродинмикалық кедергісін басқаруға арналған қанат механизациясы (алғықанатша, жалғасқанатша және т.б.) оранатлады және көп жағдайларда онда қозғалтқыштар, шассидің негізгі тіректері бекітіледі, әрі оның қуысына жанармай құйылады.

 Жалғыз қанатты ұшақ — моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ — биплан деп аталады.

Фюзеляж — экипаж, жолаушылар, жүктер және құрылғыларды орналастыруға, қанатты, қауырсынды, шассиді, қозғалтқыштарды және т.б. ұшақ бөліктерін тұтастырып бекітуге арналған. Фюзеляжы жоқ ұшақтар да бар (мысалы, «ұшатын қанаттар»). Гидроұшақтарда фюзеляж рөлін қайық атқарады.

Қауырсын — ұшу кезіндегі тұрақтылықты, басқаруды және ұшақтың теңгерілімиін қамтамасыз ететін аэродинамикалық беттер. Ұшақты басқару үшін қауырсында ауытқитын беттер — аэродинамикалық рөлдер (бағыт рөлі, биіктік рөлі) орнатылады немесе қауырсын беттері ауытқитын болып жасалынады.

Шасси — ұшаққа жерден ұшуды, қонуды, жер бетінде басқаруды және тұрақтауды қамтамасыз ететін тіректер, доңғалақтар және т.б. құрылғылардан тұратын жүйе. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Гидроұшақтарда шасси ретінде арнайы қалтқылар қолданылады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады.

Күштік қондырғы — ұшақтың ұшуына қажетті, оның аэродинамикалық қарсылыс күшін теңестіретін тарту күшін туғызушы қозғалтқыштар мен қозғаушылардың (винттердің) жиынтығы. Тарту күшін поршенді қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса қозғалтқыштан шығатын газдардың реактивті ағыны, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газдардың реактивті ағыны, яғни реактивтік күш тудырады.

Жіктелуі

Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттықтуристік, ауылшаруашылығы жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралықмагистралдықжергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді.

 

               Ұшақтардың Қазақстанда пайдалануы және түрлері

           Қазақстанда 1926 жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш рет аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді.


            1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы бірінші рет КСРО-да Алматы мен Мәскеуді жалғастырды.

            Республиканың әуе жолдарында А-24, И-76, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-40 ұшқыр ұшақтары жолаушыларға қызмет етіп келеді.

            Ил-76, Ил-86, Ту-134, Ту-154, «Боинг-747» ұшақтары 90-шы жылдардан бастап Қазақстан Республикасы қалаларын Будапешт, Пекин, Сеул, Стамбул, Тегеран, Тель-Авив, Мәскеу т.б. көптеген қалалармен байланыстырды. Астанадан тәулігіне 15,  Алматыдан 200-ден астам әуе кемелері ұшады.

            Ұшақтардың түріне қарай олардың ұшу қашықтығы да әртүрлі болады. Айталық, жолаушы таситын Ан-24, Як-40 самолеттері жақын жерге қатынауға ыңғайлы болса, Ту-134, Ил-86 орташа қашықтықтарға ұшады. Ең алыс қашықтықтарға арналған Ил-62, Ту-154 сондай-ақ соңғы жылдары жетілдіріле түскен өзге де алып лайнерлер дыбыстан екі есе жылдамдықпен ұша алады. Әскери әуе Күштерінің самолеттері біздің еліміздің аспанының ашық болуын қадағалайды.

            Қанатты машиналар еліміздің халық шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосады. Арнайы аспаптармен жарақтанған самолеттер пайдалы кен қазбаларын барлауға қызмет етеді. Балық аулау, флотилияларына мұхит шалқарынан балық үйірлерін табуға көмектесетін де – осы самолеттер. Самолеттер егіс алқаптарын тыңайтып, арам шөбін жоятын химиялық заттар себеді. Ормандағы өртті тез байқап, оны дер кезінде  сөндіретін де осылар. Бүгінгі күнде қанатты машиналардың атқаратын жұмысы одан да көбейе түсті
.

Ұшақ макетін дайындауга қажетті материалдар:

 

       Өлшемі 500х55х15мм болатын төбе жиегінің пенополистирол галтелі (плинтусы), 500х500х3мм пенопласт тақтасы, шағын электрқозғалтқыш, диод шамдары, оқшаулағыш таспа, электр баушықтары, «ПВА» желімі, ыстық желім, канифоль, қалайы, қалыңдығы 3 мм болатын қатырма қағаз

Қолданылатын құрал-саймандар:

            Сызғыш, қалам, қайшы, қысқыш, канцелериялық және монтер пышағы, біз, дәнекерлеу және терможелім аспабы, шеңберсызғыш, транспортир, қажау қағазы т.б.

 Макетті  дайындау әдісі

 Алдымен макеттің  нобайын немесе сызбасын дайындап аламыз. Кейін берілген өлшемдер бойынша ұшақ фюзеляжын дайындаймыз. Осы мақсат үшін үйдің еурожөндеу жұмыстарынан ауысып қалған, өлшемі 500х55х15мм болатын төбе жиегінің пенополистирол галтелін (плинтусын) пайдаландым.

 

 

 

 

 


Ұзындығы 500 мм болатын галтелді фюзеляждың асты ретінде пайдаланамыз. Галтелдің тегіс жағын фюзеляждың ішіне қаратып, дөңес жағын сыртқа қаратып қойып, маңдай жақ ұшына үзындығы 50 мм болатын галтелді қоямыз, оның үстінен ұзындығы 300 мм болатын екінші галтелді қойып, бөлшектердің бірікпелердегі көлбеу қыйылысу орындарын белгілеп аламыз да, оларға қыйылысу көлбеулігін жасаймыз. Бірікпелердің тегіс жатқанына көз жеткізгесін оларды ыстық желіммен желімдеп бекітеміз. Ұзындығы 200 мм болған галтелді  де бірікпедегі көлбеуліктерін тексеріп, көлбеу қойылған галтелге жалғастырып желімдейміз. Фюзеляж қаңқасы дайын.

Желімдеу жұмыстары кезінде электр және өрт қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтаймыз. Пенополистирол материалын синтетикалық желімдермен желімдеуге болмайды. Өйткені олар оны ерітіп жібереді. ПВА желімі ұзақ мерзімде қатады, сондықтан ыстық желімді пайдаланған дұрыс, себебі ол жылдам қатады, жұмысың қарқынды жүреді.

Келесі орындайтын жұмысымыз ұшақ қанатын дайындау. Ұзындығы 400 мм болатын екі галталді қанат қаңқасы ретінде пайдаланамыз. Олардың ұштарын 10 мм көлбеулікпен кесіп, қанаттың көлбеулік бұрышын жасаймыз.

 

 

 


Қыйылып дайындалған галтел ұштарын бір-біріне желімдейміз. Ұштары желімделген галтелді тегіс жерге қойып, қалыңдығы 3 мм, ені 50 мм болатын қатырма қағазды галтелдің арт жағына жалғастыра желімдеп, қанаттың енін 100 мм-ге жеткіземіз.

 

 


            Қанатты 500х500х3 өлшемдегі пенопласт тақтасының үстіне қойып қанат үлгісін аламыз. Қанат үлгісінің артқы жағынан 5 мм әдіп қалдырып кесіп аламыз. Әдіп  қанаттың астыңғы жағын жапқанда қанаттың артқы жағының сүйір болуын қамтамасыз етеді. Кесіліп алынған үлгіні  қанат қаңқасының үстіңгі жағына  желімдейміз.

Желімделген қаңқаны аударып, оған қанатардың шетқі шектерін  (габаритін) көрсететін диод шамдарын, және шамдарды қоректендіретін сымдарды орнатамыз. Шамдарға баратын өткізгіш сымдардың полярлығын (+, ) тексеріп белгілеп қоямыз. Олардың ұшы келешекте шамдарды жыпылықтатушы тетікке жалғанады.

Қанаттың астыңғы жағын да, алдында аталған әдіспен пенопластты кесіп аламыз. Оны қанаттың астыңғы бетіне желімдейміз. Сонда өкізгіш сымдар қаптаманың астында қалады да, шамның ұшы қанаттың шетіне шығып тұрады.

Дайын болған қанатты – қанаттың қыйылысқан жерін фюзеляж қаңқасының кабина бөлігінің астындағы  бойлық галтелдің дәл ортасына келтіріп желімдеп бекітеміз.

300

 

200

 
 

 

 

 


      

 

 

 


                                                          

 

 


           

 

 

 

 


Келесі орындайтын жұмысымыз ұшақ қауырсынын дайындау. 500х500х3 мм өлшемдегі пенопласт тақтасын және қатырма қағазды пайдаланып, қауырсынның аэродинамикалық рөлдерін (бағыт рөлі мен биіктік рөлі) дайындаймыз.

40

 
        Биікті рөлі                                                                  Бағыт рөлі                                                                                             

200

 
 

 

 

 


Қатырма қағаздан 200х180х60 мм өлшемдегі трапеция пішінді биіктік рөлі және 80х70 мм өлшемдегі бағыт рөлі бөлшектерін дайындаймыз. Багыт рөлі бөлшегінің 80 мм-лік және 70 мм-лік  қабырғаларының дәл орталарын белгілеп сызып аламыз да, пайда болған көлбеу сызықты кесіп тастаймыз.

Дайындалған  биіктік және бағыт рөлдері бөлшектерін пенопласт тақтасының үстіне қойып, әр қайсысынан екі дана биіктік және бағыт рөлдері бөлшектерін дайындаймыз. Багыт рөлі үшін қаптама дайындаганда, оның көлбеу кесіоген алдыңғы жағынан 5 мм-лік әдіп қалдырылады. Оған ұшақтың артқы шегінің габариті шамы және қоректендіру сымдары орнатылады. Дайындалған пенопласт  бөлшектермен қатырма қағаздан дайындалған бөлшектердың сыртын қаптаймыз. Алдымен биіктік рөлінің астыңғы жағына пенлопластты желімдеп аламыз. Кейін бағыт рөлінің екі жағында пенопластпен желімдеп қаптаймыз.

Дайын болған бағыт рөлі бөлшегін, биіктік рөлі бөлшегінің қапталмаған жоғарғы жақ бетінің үстінің дәл ортасына тікбұрыш етіп желімдейміз. Желімдеген кезде биіктік рөлі бөлшегінің  қысқа қабырғасы (180 мм)  және бағыт рөлінің көлбеу жағы алға қаратылып, табанының ұшы биіктік рөлінің қабырғасымен бірдей етіп желімделеді. Желімделмей қалған пенопласттан дайындалған биіктік рөлі бөлшегін қақ ортасынан бөліп алып, бағыт рөлінің екі жағынан биіктік рөлі бөлшегінің үстіне желімдеп қаптаймыз. Артық, шығып қалған пенопластты канцелериялық пышакпен кесіп тастаймыз. Алдыңғы жақ қырларын қажау қағазбен сүйірлейміз. Дайын болған қауырсынның бағыт рөлі бөлшегіндегі әдіппен қалдырылған қуысқа габарит шамы мен сымдарды орналастырып үстін ыстық желіммен толтырып тегістейміз.

Дайын болған қауырсынды фюзеляжға орнатамыз. Ол үшін фюзеляждың артқы ұшына биіктік рөлі қанатын теңдеп қойып, қауырсынның тұратын орнын белгілеп аламыз да, фюзеляждың дөңес жерін тегістеп қауырсын орнын жасаймыз. Жасалған орынның бағыт рөлі тұрған жерінен габарит шамы сымын кабина ішіне өткізу үшін бізбен тесіп, сымдарды өткіземіз. Қауырсынның тегіс жатғанына көз жеткізгесін ыстық желіммен желімдейміз.

 

 

 


                                                          

 

 


           

 

 

 

 

 


       

Келесі орындайтын жұмысымыз фюзеляжға электрқозғалтқыш, шасси, артқы тірек доңғалағын, тоқ көзі батареясының қорабын орнату, қоректендіру сымдарының ұштарын жыпылықтатушы тетікке жалғау, ажырытып-қосқыш, қозғалтқыш батареясын қуаттандырытын (заряддайтын) сұқпа үшін тетікті орнату.

Фюзеляж қаңқасының маңдайында тік орнатылған галтелге, электрқозғалтқыштың қалақша орнатылатын білікшесі өтетін орнын белгілеп алып, оны бізбен тесеміз. Тесіктен білікшені өткізіп алып қозғалтқышты желімдейміз. Қозғалтқыш сымдарының полярляғын тексеріп белгіліп қоямыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Шассидің тұрқын қалыңдығы 30 мм болатын полистирол тақтасынан дайындаймыз.

 

 


Надпись: 25Надпись: 25                                                                

 


10

 
           

                                               10

Надпись: 25                                                       

 

30

 
 

 


Шасси тұрқына доңғалақты орнату үшін, оқушы қаламсабынан кесіліп алынған алынған, ұзындығы 55 мм болатын түтікшені пайдаландым. Түтікше ішіне доңғалақ көшерін енгізіп, көшерге доңғалақтар еркін айланатындай саңылау қалдырып бекіттім. Оларды шасси тұрқының өлшемі 25х10 мм болатын жіңішке жағына желімдедім. Дайын болған шассиді фюзеляжға – қанаттың алдыңғы жағымен теңдеп желімдедім. Шассиді фюзеляж астына желімдеген кезде, доңғалақтардың фюзеляж бойымен бірдей қашықтықта және параллел жатуын қадағалау керек. Сондай-ақ ұшақты тегіс жерге қойғанда қанаттар жерден бірдей биіктікте болуы керек.

Шассиді орнатқаннан кейін ұшақтың артқы тірек доңғалағын дайындаймыз. Ұшақтың артқы тірек доңғалағы үшін, шағын ойыншық машинасының доңғалақ орнатылған бөлігін пайдаландым. Оны алдлыңғы доңғалақты бекіту әдісімен фюзеляжға желімдедім.

Ендігі мәселе – шамдарды қоректендіретін тоқ көзіне қорап орнату. Қорапқа қолдануға жарамсыз болып қалған ойыншық машиналардағы ток көзі қорабын пайдаландым. Оны фюзеляж астындағы шассидің арт жағына желімдеп, фюзеляжды бізбен тесіп сымдарының ұшын кабина ішіне енгіздім. Қорап ішіне бұрын қолданыста болған, кернеіу 9В, ток күші 600 мАсағ. болатын  «Крона» батареясын орнатып, қақпағын бұрама шегесмен бұрап бекітіп жаптым. Ток көзінен шыққан «+»  және  «–» таңбалы сымдарының ұштарын, сәйкесінше жыпылықтатушы тетікке дәнекерледім. Батареяның «–» полюсынан шықан сымды ортасынан бөліп олардың ұштарын ажырытып-қосқышқа дәнекерлеп бекіттім. Ажыратып-қосқыштың өзін фюзеляждың оң жағындағы төменгі галтелге желімдеп бекіттім. Қанаттағы, ұшақ маңдайындағы және қауырсындағы габарит шамдарының ұштарын да жыпылықтатушы тетікке, шамдардың полярлылығын сақтай отырып дәнекерледім. Дәнекерленген жерлерді ыстық желіммен желемдеп оқшаулағыш қабық жасадым. Жыпылықтатушы тетікті фюзеляж ішінен өткен қанаттың жоғарғы жағындағы қуысқа орнатып, ыстык желіммен желімдеп бекіттім.

Қозғалтқышты коректендіретін ток көзіне кернеуі 3,5 В, ток күші мАсағ. болатын «Li-lon» батареясын пайдаландым. Батареяның  «+»  және  «–» полюстарына өткізгіш сымдарын дәнекерлеп бекітіп, сымдырдың «+» полюстісін, қозғалтқышта белгілеп қойған «+» сымымызға дәнәкерлеп бекіттім. Ал ток көзінің «–» полюсына дәнекерленген сымның екінші ұшын қозғалтқыштың «–» таңбалы сымына дәнекерледім.  Оның ортасынан бөліп ажаратып-қосқышқа дәнекерледім. Дәнекерленген жерлерді, түйіспелерді ыстық желеммен желімдеп оқшауладым. Батареяны кабинаның артындағы сүйір жеріне орнатып желемдедім.

Қозғалтқышты іске қосатан ажыратып-косқышты да, жыпылықтатушы тетік ажыратып-қосқышын бекіткен әдіспен  фюзеляждың сол жағына желімдеп бекіттім. Фюзеляждағы кабина қаңқасын құрайтын  ең сүйір жеріне, қозғалтқыш ажыратып-қосқышының артына қозғалтқыш батареясын заряддтайтын сұкпа тетігін орнатып желімдедім.  

Ұшақтың барлық бөліктерін орнатып болғасын, оларды тексеріп, сынақтан өткізгеннен кейін ұшақ қаңқасын қаптауға кірісеміз. Қаптау жұмыстарына қанат және қауырсын дайындаған пенопласт тақтасын пайдаланамыз. Алдымен фюзеляж қаңқасының төбесін құрайтын галтелдің үстіңгі жағын, пенопласт тақтасынан ені 40 мм өлшемде кесіп алынган жолақпен желімдеп қаптаймыз. Фюзеляждың астыңғы жағында осы әдіспен қаптаймыз.

Кабинаны қаптау үшін, А3 форматтағы бұрын қолданыста болған офис қағазымен, қапталатын бөліктердің үлгілерін дайындап аламыз. Дайындалған үлгілерді пенопласт тақтасына көшіріп, канцеляр пышағымен кесіп аламыз да оларды ыстық желіммен желімдейміз. Бірікен жерлерін қажақ қағазбен ажарлаймыз.

Дайын болған ұшақты безендіруге кірісеміз. Ұшақ қанатының үстіңгі бетінің сол жағына “Kazakhstan”, оң жағына “Mangistau”, фюзеляждың үстіне “JK18M” деген сөздерді жаздым. Ұшақ қауырсынындағы бағыт рөлінің екі  жағына Қазақстанның әуе күштерінің таңбасы мен безендірдім. Мұндағы мақсатым Қазақстан отанымызды, киелі Маңғыстау мекенімізді, білім алып жатқан мектебімізді дәріптеу, оларды мақтан тұту болатын.

Осымен ұшақ макеті дайын болды. Макетті іске қосып тексеріп көреміз. Оң жақтағы ажыратып-қосқышпен габарит шамдарын жағамыз. Шамдар жыпылықтап жанып ұшақтың көлем шектерінің габаритін көрсетеді. Сол жақтағы ажыратып-қосқышпен қозғалтқышты іске қосамыз. Қозғалтқыштың айналуымен бірге қалақша зырылдап айналып, ауа ағынының күшімен  ұшақты орнынан қозғап, жүгіртеді.

 Болашақта ток көзіне күн энергиясын пайдалануды мақсат етіп қойдым. Ол үшін қанаттардың бетін күн батареяларымен қаптап, жиналған қуатты арнайы батареяларға жинақтап қою қерек. Ұшағыма сәтті самғау тілеймін.

 

 

Экономикалық есеп

 

Рет

саны

Қолданылатын материал

Мөлшері

Бағасы

1.

500х55х15мм болатын төбе жиегінің пенополистирол галтелі (плинтусы)

қалдықтар

 Б/қ

2.

500х500х3мм пенопласт тақтасы

2 дана

Б/қ

3.

электр баушықтары

Б/қ

4.       

  «ПВА» желімі

1 дана

Б/қ

5.       

Ыстық желім

10 дана

30х10=300тг

6.       

Шағын электрқозғалтқыш

1 дана

Б/қ

7.       

Канцелериялық резеңке таспа

1 дана

Б/қ

8.       

Жарық диоды

4 дана

Б/қ

9.       

«Момент» желімі

1 дана

100

10.  

Канифоль

-

Б/қ

11.  

Қалыңдығы 3 мм болатын қатырма қағаз

-

Б/қ

12.  

Дәнекерлеші қалайы

-

 Б/қ

13.  

Оқшаулағыш таспа

1 дана

50

Барлық жұмсалған қаражат  сомасы

 450 тг

 

Макетке пайдаланылған материалдардың барлығы дерлік бұрын қолданыста болған, немесе қалдық материалдардан дайындалғандықтан, бұл жобаға жұмсалған қаражат 450 теңгені құрады.

 

Ұшақ макетін жасаудың технологиялық картасы

 

Рет саны

Орындалатын жұмыстар

Қажетті құрал-саймандар

1.

Ұшақ макетінің жобасын ойластыру, материалдар жинақтау

Ғаламтор, БАҚ, кітапхана  ақпараттары

2.

Бұйымды дайындауда пайдаланылатын материалдарды анықтау

 

3.

Бұйым эскизін дайындау

Сызғыш, қалам, кетіргіш

4

Фюзеляж қаңқасы дайындау

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

5.

Галтелді және қатырма қағазды пайдаланып ұшақ қанатының қаңқасын дайындау

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

6.

Ұшақ қанатының үстіңгі бетін  қаптау

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

7.

Қанаттың үстіңгі бетінің астыңғы жағына қанатардың шетқі шектерін  (габаритін) көрсететін диод шамдарын, және шамдарды қоректендіретін сымдарды орнатамы

Ыстық желім, монтер пышағы

8.

Қанаттың астыңғы бетін қаптау

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

9.

Қанатты фюзеляжға орнату

Ыстық желім

10.

Ұшақ қауырсынын дайындау

Ыстық желім

11.

Қауырсынға габарит шамын, қоректендіру сымдарын орнату

Ыстық желім, монтер пышағы

12.

Қауырсынды фюзеляжға орнату

Қалам, пышақ, ыстық желім

13.

Шасси тұғырын дайындау

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

14.

Шасси тұғырын фюзеляжға бекіту

Ыстық желім

15.

Тірек доңғалақтарын дайындау, оны шасси тұғырына бекіту

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

16

Артқы тірек доңғалағын фюзеляжға бекіту

Ыстық желім

17.

Шамдарды қоректендіретін тоқ көзіне қорап орнату

Ыстық желім

18.

Электрқозғалтқышты орнату

Біз, ыстық желім

19.

Қозғалтқышты көректендіретін батарея полюстарына өткізгіш сымдарын және зарядтаушы тетік сұқпасы сымдырын дәнекерлеу

Канифоль, қалайы, монтер пышағы, дәнекерлеуші құрал

20.

 

Жыпылықтатушы тетікті, зарядтаушы сұқпа тетігін, ажыратып-қосқыштарды, орнату, сымдарды жалғау

Канифоль, қалайы, монтер пышағы, дәнекерлеуші құрал, ыстық желім

21.

Фюзеляж қаңқасын қаптау

Сызғыш, пышақ, ыстық желім

22.

Ұшақты безендіру

Скотч, қайшы

23.

Макетті сынақтан өткізу

Ескерту: дәл осындай әдіспен кеме, автокөлік макеттерін т.б бұйымдарды жасап алуға болады.

Қорытынды

Техникалық қритерийлері: салмағы жеңіл, көп уақыт талап етпейді, жасалуы оңай,  пластик материалдардын жасалғандықтан мықты әрі берік. 

Экологиялық критерийлері: қолданылған материалдардың барлығы тұрмыста қолданылатын материал қалдақтары болғандықтан бұйым экологиялық жағынан таза. Жұмыс орнында қалдықтар, қоқыс аз болады.

Экономикалық критерийлері: аз қаражат жұмсалады, материал табу қыйынға соқпайды.

Қорытындылау: бүгінгі таңда қоршаған ортаны ластанудан қорғау, энергетика саласына энергияның балама көздері «Жасыл энергияны» енгізу өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қалдық материалдардыға екінші өмір сыйлап, оларды  өнер туындысына айналдыру арқылы аз да болса, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үлес қосасың, айналаңдағыларға қуаныш сыйлайсың.

Макетті – ойыншық ретінде пайдалануға, сыйкәделік бұйым ретінде сыйға тартуға, бастауыш сынып оқушыларына  «Ұшақ»  тақырыбында сабақ өткенде, көрнекілік құрал ретінде пайдалануға болады.

Алға қойған мақсатым – орта мектепті бітіргеннен кейін, техника саласындағы жоғары кәсіптік оқу орындарының бірінде  оқуымды жалғастырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуына белсенді қатынасу және күннен қуат алатын ұшақ құрылымдау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Ғаламтордан «Ұшақтар» уикипедиялық материалы

2.      Ғаламтордан «Как сделеть макет» сайты

 

Жобаны дайындаған:                        Сұлтанғалиев Ж.А

Жоба жетекшісі:                                 Чукаев Б.У

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Полистиролдан дайындалған ұшақ макеті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Шығармашылық жоба

Пәні: «Технология»

Тақырыбы: «Пенопласттан дайындалған ұшақ макеті»

Орындаған: 9 «в» сынып оқушысы Сұлтанғалиев Жалғасбек Адилбекұлы
Жетекшісі: Чукаев Бекгали Узакбаевич

Бағыты: «Әуе көлігі»

Аннотация: бұрын қолданыста болған тұрмыстық қалдық материалдарды пайдаға асыра отырып, олардан әртүрлі бұйымдар жасап, пайдалануға жарамсыз болып қалған түрмыстық заттарға екінші өмір сыйлау, азда болса қоршаған ортаны ластанудан сақтауға өзіңнің үлесіңді қосуды достарыңа, сыныптастарыңа насихаттау, шығармашылық жобаны зерттеу – ұшақтар туралы мәлімет беруге бағытталып, жобаны орындау барысында құрастыру және конструкторлық шеберлігі өнеріне үйрету.

Болжамы: технология пәні сабақтарында теориялық және практикалық алған білімдерін, шығармашалық жоба жасау кезінде өз бетінше ізденіп дамыту, бойындағы сан-алуан қабілеттерін ашып, шығармашылық, шеберлігін дамыту, танымдық қабілеттерін кеңейту.

Жобаның мақсаты:

1. Шығармашылық жобаны орындау барысында өзінің шығармашылық әлеуетін байқап көруге, өз бетімен

шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, технология пәнінен алған теориялық білімдерді практикамен ұштастыра отырып, жаңашылдыққа, табандылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

2. Әуе көліктерін зерттеу, олардың түрлері, қолданылатын жерлерімен таныстыру, ұшақ

макетін дайындау арқылы армандап-қиялдауға, қиялын жүзеге асыруға баулу.

3. Құрылыс және жөндеу жұмыстарынан қалған немесе қолдануға жарамсыз болған тұрмыстық қалдық

заттарды қайта өңдеп, оларға екінші өмір сыйлау арқылы ысырапшылықтың алдын алуға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға септігін тигізу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.10.2017 1492
    • DOCX 199.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чукаев Бекгали Узакбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чукаев Бекгали Узакбаевич
    Чукаев Бекгали Узакбаевич
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6628
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 971 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 571 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек