Инфоурок Информатика Другие методич. материалыПортфолио: А есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Портфолио: А есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Скачать материал

 

А есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп

«Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету»

 

«Коммуникативтік технологияларды зерттеу бүгінгі жағдайда, қарым-қатынас мәселесі бірінші орында тұрғанын байқатады. Оның негізгі себептерінің бірі болып, оқушылардың өз ойларын білдіруде, оларды дәлелдеп нақтылауда қиындыққа ұшырайтынымен байланысты болып отыр. Сол себептен мен практика кезінде курс модульдарының негізгісі қылып, сыни тұрғыдан ойлауды таңдап алдым.

«Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз, логикалық ойлаумен қатар, алған білімді жан-жақты ойлай отырып, оны бағалап, талдап және синтездеп тағы қолдану. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оқу процесіндеге күрделі мендеттердің бірі (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Осы мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету технологиясын тиімді қолданатын сабақ жоспарын жасап, қолайлы әдістерді қолдана білу.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушының нені білетіні және осы білім туралы ойланып өзгерістер енгізуі. Осы мүмкіндікті қолдану үшін өзінің түсінігін және білімін танымдық денгейге жеткізуі керек.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда айрықша орын алатын – диалог болып табылады.  Ал диалогты қолайлы қолдану әдістерінің бірі – оқушыларға сұрақ қою. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 40 бет). Сұрақ коюдың әр-түрлі әдістері бар, соларды нәтижелі қолдана алсақ, сұрақтар «оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41 бет). Сол себепке байланысты сұрақ қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауды практикада ширақ қолдандым. Менің курста түсінгенім, сұрақтар әртүрлі болады;

-   Ашық сұрақтар – толық жауапты қажет ететін сұрақтар. (Мысалы: Қазақстан дүние жүзінде жерінің көлемі бойынша нешінші орынды алады? Жауабы: Қазақстан дүние жүзінде жерінің көлемі бойынша 9 – орынды алады, ал Еуразия материгінде 4 – ші орынды алады)

- Жабық сұрақтар – бір ғана жауапты талап ететін сұрақтар (мысалы; Нешінші жылы Қазақстан БҰҰ – на мүше болып қабылданды). Немесе «иә»  немесе «жоқ» деген жауап берілетін сұрақ. Cұрақ қоюдың да әртүрлі техникалары бар. Оқулықта үш түрлі техника берілген .

   Жоғарыда айтылғандай сыни тұрғыдан ойлау тек оқушылардың ғана емес мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын үйрену. Мұғалім сыни тұрғыдан ойлауды жан-жақты қамтуы керек, өйткені өзім толық түсінбей отырып оқушыларды қалай үйретемін. Сол себепте «Мұғалімге арналған нұсқаулық» пен ғаламторды шарлап келесі әдістерді практика уақытында сыни тұрғыдан ойлауды үйрету мақсатымен таңдадым;

Бірінші сабақта – Украина мемлекттік құрылымы, халқы

-  миға шабуыл

   - «иә» немесе «жоқ»

Екінші сабақта – Беларусь Республикасы

- пресс конференция

- сұрақ парақтары

Үшінші сабақта – Молдава Республикасы

- оқулық авторымен оқу диалогы

Төртінші сабақта – Кавказ елдеріне жалпы шолу, Әзірбайжан Республикасы

   - қатені тап

   Ал енді осы әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қалай қолдандым дегенге келетін болсақ, әрине бәрі де ойдағыдай болмады. Толығырақ айтсақ;

Бірінші сабақта «Миға шабуыл» және «Иә немесе жоқ» әдістерін қолдандым.

- «Миға шабуыл» – таңдаған себебім, сыни тұрғыдан ойлауды үйретудің қарапайым түрлерінің біріне жатады. «Иә» немесе «жоқ» әдісі де осы бағытта деп айтуға болады.

Сабақта  оқушылардан  ТМД  елдерін  және  сол елдердің астаналарын атауды ұсынып, оларды тақтаға жазып отырдым. Атап болғаннан соң, оқушылар оқулық арқылы дұрыс  екеніне көз жеткізіп, тізбекті толықтырып нақтыладым. Қарапайым әдіс болғаннан соң айтарлықтай қиындық тудырмады.

   - «Иә» немесе «жоқ» әдісі көп уақыт алмайды. Оқушылардың қарапайым сұрақтар қойып үйренуіне әкеледі. Тек оқушы жауап беріп қателескен кезде оның неге олай ойлағанын білу арқылы итермелеп отыру қажет. Мұнда оқушыларға  көбінде оңай болғандықтан санға байланысты сұрақтар қойдым.

 1. Украинаның Қара теңізбен шекарасының жалпы ұзындығы – 1500 км  екені распа? жауабы «иә»

 2. Чернобыль атом электрстансасында 1987 жылы 26 сәуірде апат орын распа? жауабы «жоқ»

 3. Украина әуе мен теңіз порты арқылы 75 елмен байланысатыны распа? жауабы «жоқ»

 4. Елдегі халық саны жөнінен екінші орындағы қала – Харьков екені распа? жауабы «иә»

 5. Украинаның ұлттық валютасы – гривна деп аталатыны распа? жауабы: «иә»

Сұрақтар құрастыру стратегиясын ойластырып, белгілі критерийлар қабылдау қажет.

Екінші сабақ «Беларусь Республикасы»

Бірінші сабақта сыни тұрғысынан ойлауды дамытудың қарапайым әдістерін қолдансам, осы сабақта әдістерді күрделендіріп оқушылардың өзіндік дайындығын талап ететін әдістерді таңдадым. Осылай істеуімнің тағы бір мақсаты, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану модулінің «қалай оқу керектігін үйрету» бөлігін қолданып көру болды.

Пресс-конференция диалогтық оқуға жатады. Пресс-конференцияның негізгі мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып өзіндік ойларын дәлелдеуді қамтамасыз ету. Сабақтағы мақсат оқушылардың ойы бойынша осы аймақтағы туындаған мәселелерді қалай шешуге болады.

Оларды шешу үшін, оқушылар екі топқа бөлінді. Бір-бірінің ұсыныстарын оқулық және қосымша материалдар арқылы жоққа шығару керек, себебі жоққа шығару арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып логиканы да алға тартады. Қандай да ой болсын талқылауға ұсынып;

Қате болса, «неге қате?», ал дұрыс болса «неге дұрыс деген сұрақтарға жауап беріп отырды. Оқушылар көбінде өз ойларын дәлелдеу кезеңі қиындық тудырып отырды. Жалпылама жоқ олай болмайды деп айтып, сабақ алдында келіспесең неге екенін айтып ойыңды білдір деген келісім туралы ұмытып отырды. Сонымен қатар оқушылар «пресс-конференция біз теледидардан көргенде журналистер көп болады ғой деп» мысқылдады. Оқушылар олардан не талап еткенімді түсініп шамалары келгенше сабаққа белсенді қатысты.

Сұрақ парақтарын қолданудың басты  мақсаты:

- оқушыларды тақырыпты мұқият оқуға ынталандырады, себебі сұрақтардың сапасы олардың  бағасына әсер етеді.

-    ал сұрақтарды дұрыс қою үшін, материалды толық білу керек.

-    талдау, жинақтау, салыстыру және бастапқы идеяны білуге тәрбиелейді;

-    тапсырманың шығармашылық бөлігі креативтік ойды дамытады;

-    оқушы рефлесивтік диалог әдісін үйренеді;

- сұрақтарды құрастыру бостандығы, тұлғаның өзіндік қасиеттерін дамытады;

Мақсаты әрине жаман емес, іс жүзіне келгенде осындай тамаша бола қоймады. Екі топтағы оқушылардың бесеуі ғана сұрақтарды дұрыс құрастырып, қойылған талаптарды толығымен орындады.

Бір-бірімен сұрақтар парақтарымен ауысып оларға жауап берді. Үш оқушымның сұрақтары талаптарға сәйкеспегендіктін басқа оқушыларға оларға жауап беру оңай болды. Содан кейін оқушылардан сұрақтары неге теріс екенін сұрадым. Олай істеген себебім сараптау кезеңін қамтамасыз етіп «неге» - деген сұраққа жауап алып, «қалай» деген сұраққа жетіп, қалай өзгертсек сұрақтар талаптарға сәйкес болады дегенге жету еді. Топтасып олардың сұрақтарын талаптарға сәйкестірдік. Әрине өздері жеке жетсе әдістемелік тұрғыдан дұрыс болар еді, бірақ уақыт тым созылып кететін болған соң, топтастық.

Үшінші сабақта жай сұрақ емес, оқулық авторына сұрақ қоюды жобаладым.

 «Оқулық авторымен оқу әдісі» – оқушыны оқу және өзіндік даму субьектісінің орнына қоятын тамаша әдіс. Қиын әдіс болғаннан кейін бірінші апталарда үйреніп көрдік. Оқушылар оқулықтың мәтінін үйде өз беттерімен оқып, оқулық авторына туындаған сұрақтарды жазып әкеледі.

Жауабы оқулықта тұра мәтінмен жазылмауы негізгі талаптардың бірі. Сабақта екі топқа бөлініп бірінші топ сұрақтар қояды, екінші топ ізденіп жауап беруге тырысады. Жауабы табылмаған уақытта мүмкін деген жауаптарды береді. Осындай әдіс диалогтік оқу әдісімен қатар кері байланысты қамтамасыз етуіне әкеледі. Барысында сабақ мақсаттары шешіліп, оқушылар талдау, салыстыруды игереді. Оқушылар сұрақтарға жақсы дайындалыпты. Өткен сабақта қиындыққа ұшыраған оқушыларым да талаптарға сәйкес сұрақ дайындады.

Мысал ретінде :

-     Қазақстан ТМД елдерінің ішінде қандай елдермен өзара тығыз қарым – қатынас жасайды?

-     ТМД елдері қандай принцип негізінде бірікті және даму бағытын ұстанып отыр?

-     Елдің климатының қолайлылығы мен топырағының құнарлылығы қандай шаруашылық түрін дамытуға тиімді?

-     Елдің дамыған көлік түріне сипаттама беру?- деген сұрақты келтіруге болады.

Бұл сұрақтың жауабын сыни тұрғыдан ойлаусыз оқулықтан табу қиындыққа  ұшырайды.

Себебі жауабы бір сөйлем емес, бірнеше беттің арасында жасырылған. Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы қарым – қатынастың ең айқын көрінісі – сыртқы сауда айналымы. Ортақ теміржол желілері мен автомагистральдар елдер арасындағы тату көршілік пен тұрақты экономикалық, саяси – әлеуметтік байланыстарды одан әрі нығайту мен дамытуды қажет етеді. ТМД елдерінің құрылу себебі өзара тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға, экологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге, жұмыс күшімен алмасуға, қаржы – несиелік, сыртқы сауда, кедендік  және валюталық саясатты келісуге және тағы сол сияқты мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Дұрыс жауап беру үшін, ТМД елдерінің не себепті құрылғанын еске түсіру керек. Осылардың бәрін біріктіре отырып ТМД елдерінде климаттық жағдайдың қолайлы екенін ескеру. Сонда ғана жауабы табылады. Осыны түсіндіре отырып дұрыс құралған сұрақтардың жауабын табуды ұсындым. Жауап табу кезеңі оңай болған жоқ. Бірі жауап айтса екінші оқушы жоқ олай емес, деп басқа жауап ұсынғанда жағдай болды.

Төртінші сабақта өзім күрделі деп санаған «қатені тап» әдісін қолдандым.

Мысалы;

-     Молдавада жүзімдіктер мен бақтар кеңінен таралмаған, жүзім жинаудан ТМД елдерінің арасында 5 – ші орынды алады. Дұрыс жауабы: Климатының температуралық режимі мен  құңарлы қара топырағы бау – бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы.

Оқушылар мені таң қалдырып барлық сұраққа дерлік жауап берді.

   Практика бойында сұрақтардың әр түрін қолдандым. Көбінде ол логикалық ойлауды қажет ететін сұрақтар болды. Сонымен қатар оқушылар тек менің ғана сұрақтарыма жауап бере қоймай өздерінің де бір-біріне дайындаған сұрақтарымен жұмыс жасады («сұрақ парағы», «оқулық авторымен оқу диалогы»)

- Әзірбайжан мемлекеті Каспий теңізі жағалауында орналсақан, бірақта Еуропа елдеріне не себепті мұнайын экспортқа шығара алмай отыр?

Оқушы мен білмеймін деп жауап берді. Әрине ондай жауап мені қанағаттандырмады, сондықтан мен баланы оған итермеледім.

-  Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттер?

-  Каспий теңізінің жағалауындағы елдердің маманданған салалары?

- Каспий теңізінің сыртқа шығаруға басты себепші жағдайлардың бірі Кавказ елдеріндегі саяси тұрақсыздықтың кері әсері барма?

Енді оқушым толығымен жауап берді деп айта алмаймын, бірақта ол жауаптың дұрыс жолына түсті. Сол үшін мен оны мақтадым. Келесі сұрақтар қойғанда ол бала өзі қол көтеріп жауап бергісі келетінін байқатты.

Бұл қиын, логикалық ойды талап ететін сұрақ, ал келесі сұрақтар тек білімді қажет етеді;

-  Украина  халқы қандай дін ұстанады?

-  Молдава, Әзірбайжан елдерінің астаналары?

-  Қазіргі таңда Украинада  ірілі – ұсақты  қанша  қала бар?

Ондай сұрақтар оқушының тақырыпты  оқып, еске сақтау қабілетінің қандай екенін ғана көрсетеді. Даму тұрғыдан ешқандай пайдасы жоқ, оқушыны тек қана энциклопедиялық біліммен қамтамасыз етеді.

   Тек бір модульды жеке қолдануға мүмкін емес екеніне көзім жетті, жеті модуль бір бірімен байланысты. Сабақтар барысында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатымен төрт сабақ бойы түрлі әдістерді қолдандым. Қарапайым әдістерден бастап күрделі әдістерге дейін.

  - «миға шабуыл» – тым қарапайым әдіс, сабақты бастауға, ынталандыруды оятуға жарайды. Одан әрі қолдансам күрделендіріп, өзгерістер енгізу керек.

   - «иә» немесе «жоқ» – сыни тұрғыдан ойлауды дамыта қоймады, оқушылар тек фактологиялық сұрақтар құрастырып, соларға жауап берді. Ал ол сұрақтар жабық сұрақтар болады. Ондай сұрақтар тек білімділікті жоғарлатады.

 - «пресс конференция» – күрделі  әдіс, көп дайындықты талап етеді. Менің сыныбымда қолданғаным қате болды, балалар саны тым аз, сол себептен басқа осыған ұқсас әдістерді қолдануым керек. Мысалы «сұрақ-жауап»

 - «сұрақ парақтары» – риза болған әдіс, тек әдістемесін түзетіп, оқушыларды сұрақтар құрауды үйретіп қолданамын.

 - «оқулық авторымен оқу диалогы» және «қатені тап» әдістері оқушыларға ұнады. Оқулық авторымен оқу диалогы сыни ойлап сұрақтарды құрастарды.  Берілген уақыт аралығында менің бақылауымда болған сыныппен мен аталған модульге байланысты әдіс – тәсілдерді пайдалану барысында байқағаным, жаңа білімді меңгеру барысында оқушы өзі ізденіп, қойылған ситуациялардан шығудың жолдарын өзі іздеп табу арқылы ойлау өрісі кеңейіп, алынған білім ойда ұзақ уақытқа сақталады. Сол сәтте оқушылар өздерінің ішкі түйсіктеріне сүйеніп, өмірдегі білімдеріне сүйеніп роль таңдауда ұстанатын ережелер топтамасын жасады. Бұл оқушылардың танымдық процестерінің дамып, білу, түсіну, ойлау қабілеттерінің ашылуына көп әсерін тигізді деп ойлаймын. Бұл модульді пайдалана отырып, түсінгенім оқушыға дұрыс бағдар бере отырып, тәуелсіз білім алуына жағдай жасалынады.

Сабақтарымда жаңа технологияларды, оқытудың жаңа модульдерін пайдалану арқасында өзгере отырып, жалпы алғанда, оқушылардың оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімділігім артты, ал оқушылардың тарапынан мектеп пен оқуға деген  жағымды қарым-қатынастары қалыптасты, олар бір-бірімен пікір алмасуға үйренді. Міне осындай жаңа технологияларды қолдана отырып өткізген сабақтарымның әр қайсы өнімді өтті деп айта аламын.

Қорыта келе, келешекте жаңа білім беруде жақсы нәтижеге жету үшін әрдайым мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты ескере отырып, оқушының ашылуына, өз пікірінің қалыптасуына дұрыс бағдар беріп, жағдай жасап отыруым үшін көп жұмыс атқаруым керек. Оқушының бойындағы саналы білім алуға деген ынтасын ұштау қажет. Ол үшін әр сабақта оқушылардың бір – бірін оқыт уына мүмкіндік беруіміз керек. Сондай-ақ заман талабына сәйкес білім беру үшін мұғалімнің өзі әрдайым өзгерістерге бейім болуы қажет деген ойдамын.

  

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Портфолио: А есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Коммуникативтік технологияларды зерттеу бүгінгі жағдайда, қарым-қатынас мәселесі бірінші орында тұрғанын байқатады. Оның негізгі себептерінің бірі болып, оқушылардың өз ойларын білдіруде, оларды дәлелдеп нақтылауда қиындыққа ұшырайтынымен байланысты болып отыр. Сол себептен мен практика кезінде курс модульдарының негізгісі қылып, сыни тұрғыдан ойлауды таңдап алдым.

«Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз, логикалық ойлаумен қатар, алған білімді жан-жақты ойлай отырып, оны бағалап, талдап және синтездеп тағы қолдану. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оқу процесіндеге күрделі мендеттердің бірі (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 49 бет). Осы мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету технологиясын тиімді қолданатын сабақ жоспарын жасап, қолайлы әдістерді қолдана білу.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушының нені білетіні және осы білім туралы ойланып өзгерістер енгізуі. Осы мүмкіндікті қолдану үшін өзінің түсінігін және білімін танымдық денгейге жеткізуі керек.

 

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда айрықша орын алатын – диалог болып табылады.  Ал диалогты қолайлы қолдану әдістерінің бірі – оқушыларға сұрақ қою. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 40 бет). Сұрақ коюдың әр-түрлі әдістері бар, соларды нәтижелі қолдана алсақ, сұрақтар «оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41 бет). Сол себепке байланысты сұрақ қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауды практикада ширақ қолдандым. Менің курста түсінгенім, сұрақтар әртүрлі болады;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 868 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2015 1352
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байтурсынов Нурымжан Бакытжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52563
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»