Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Рабочие программы / "Портрет" 2 сынып ашық сабақ

"Портрет" 2 сынып ашық сабақ

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ: №19

Сабақтың тақырыбы:

Портрет

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың графикалық білімдері мен

дағдыларын дамыту, портрет туралы

тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұматтар беру және т.б.


ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру. Өмірге

эстетикалық көзқарасты дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, дәптермен жұмыс

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, портреттердің көшірмелері, портреттік фотосуреттер, 2-сынып оқулығы және тағы басқа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау, назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Күннің батуы

ІҮ. Жаңа сабақ: оқушы санасында портрет жанры туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін әртүрлі портрет типтерін көрсетемін. «Портрет» ұғымын оқушылардың өздері топшылауына көмектесемін.

Портрет – бұл адамның бейнеленуі. Адам порттретте тұтас түр – тұлғасымен де, отырып та бейнеленуі мүмкін немесе оның бет – пішіні ғана салынуы ықтимал. Осының бәрі – портрет. Сурет көшірмесіне қара. Қалай ойлайсың, адамның мінезін оның портрретіне қарап білуге бола ма?

Автопортрет – суретшінің өзін – өзі бейнелеуі.

Айнадағы өз бейнеңе зер салып қара.

Автопортрет салудың ретін көрсету.

1. Сопақша салу – бет – пішінді қосымша сызықтар арқылы тігінен екі бөлікке бөлеміз. Барлық қосымша сызықтар жай қарындашпен өшірілетіндей өте жіңішке етіп, жеңіл сызылады.

2. Содан кейін қосымша сызықтармен сопаұшаны көлденеңінен тең үш бөлікке бөлеміз. Жоғары бөлігі – маңдайы, ортасы – құлағы, мұрны, көзі, төменгісі – аузымен иегі.

3. Шаш суретін салу, шаш қою да пішін мен көлемнен тұратынын ұмытпау керек.

4. Мойнын, иықтарын келтіріп, киімін салу.

5. Портреттің түсі бойынша жұмыс істейміз.

Адам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық-бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екінші - иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшінші - төс сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі кіндіктен шаттың сызығына дейін және бесінші бөлігі жамбас сүйекті аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастың биіктігіндей болады. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені екі бастың биіктігіне тең. Адам тұлғасын бейнелеуде адам анатомиясына мұқият назар аударған жөн. Сурет әдеттегідей долбарлық сызықты бейнелеуден басталады. Суреттің қағазға орналасуын, композициялыкқ құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің кұрылысын тұрғызуға көшеміз. Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарына сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айқындаймыз.

Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс кезінде автопортретке өзінің мінез ерекшелігін, көңіл – күйін де беруі тиіс екенін ескерте кетемін.

Ү.Сабақты қортыту: сабақ соңында оқушылардың суреттерінен «Бұл – БІЗ!» немесе «Біздің сынып» көрмесін ұйымдастырып, бағалап сабақты аяқтаймын.

ҮІ.Үйге тапсырма беру: Адам басын бейнелеп үйрен





Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Рабочие программы
Просмотров153
Номер материала ДВ-472984
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх