Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Поурочные планы 7 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Поурочные планы 7 класс

Выбранный для просмотра документ 1 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 02.09.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Техника қауiпсiздiгі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.

  • Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта

Сабақ түрі: аралас



Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

5-6 сыныпта өткен тақырыптардан қысқаша шолу (Word, Power Point программалары бойынша білімдерін тұйықтау).

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок,  пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде  жұмыс істейді.

         І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды. 

4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су  қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

         ІІ. Жұмыс тәртібі:

  1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал  ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.

  2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек. 

         ІІІ. Жұмыс кезінде:

  1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей  тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.  Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

  2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

  3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

  4. Аппаратураның  ақауын ешқашан өз беттеріңмен  жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта,  өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

4.Өткен тақырыпты бекіту . Тест орындау.

5.Сабақты қорытындылау

Оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы нақты мағлұмат беру және инструктаж қабылдау.



Выбранный для просмотра документ 10 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 10.11.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар типтері. Меншіктеу операторы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға айнымалы типтер және программа құрылымын таныстыруды қалыптастыру.

  2. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

  3.  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, кітап т.б.б.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау, тест арқылы тексеру үй тапсырмасын

в) жаңа сабақ



Жаңа түсінік

Тип дегеніміз не?

Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.

 

Типтерді сипаттау

Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Жазылу пішімі:

1. var<идентификатор> : <тип>

2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;

Типтерді сипаттау диаграммасы

Бүтін сан түріндегі типтер

Типі

Мәндердің өзгеруі

Ұзындығы, байт

BYTE

0 – 255

1

SHORTINT

-127 – +127

1

INTEGER

-32768 — +32767

2

WORD

0 — 65535

2

LONGINT

-2147483648 — +2147483647

4



 

Нақты сан түріндегі типтер



Типі

Ауқымы

Мәнді цифрлары

Өлшемі, байт

REAL

-1.7∙10³ – 1.7∙10³

11 – 12

6

SINGLE

- 3.4∙10³ – 3.4∙10³

7 – 8

4

DOUBLE

-1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸

15 – 16

8

EXTENDED

-1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³²

19 – 20

10

COMP

-2∙10³-1 – 2∙10³+1

19 – 20

8



Логикалық тип

BOOLEAN

Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.

Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND — (және), OR — (немесе), NOT — (емес), XOR -(арифметикалық немесе)



Символдық тип

  CHAR

  Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.

 

Тіркестік тип

·           STRING

·           Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.

Сипаттау мысалы:

VAR

s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}

s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }

 

Саналатын тип

Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:

атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);

Var

kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);

 

Диапазондық немесе ауқымдық тип

·  Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.

·  Мысалы:

атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;

Var

Apta_kunderi = 1..7;

Ai_kunderi = 1..31;

 

Жиымдар (Массивтер).

  Жиым дегеніміз  бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелгентізбегі.

  ARRAY

  Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.

  Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.

 

Жиымдар. Сипаттау мысалы.

1.

VAR

M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары}

A1 : array[100..200] of real;

ch1 : array[‘A’..’Z’] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }

ch2 : array[0..255] of char;

 

Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы

2.

TYPE

Date_M = 1..31;

Cyrillic_b = ‘А..Я‘;

Latin_b = ‘A..Z'; {диапазондық тип}

Belgi = (2,3,4,5);

Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}

VAR

t1, t2 : Date_M;

c1 : Cyrillic_b;

s1 : Latin_b;

a1, a2 : Belgi;

b : Ball;



Логикалық тапсырмалар



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Айнымалылар типтері.

Типтерді сипаттау.

Типтер мысалы.



Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 



Жаттықтыру және білімді есепке алу



Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.

  2. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.

  3. Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?

  4. a) WORD; b) INTEGER;   c) SINGLE;   d)LONGINT;  e)

  5. Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?

  6. a) COMP; b)BYTE;          c) WORD;    d)EXTENDED;    e)

  7. Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?

 

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?

  2. у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?

  3. Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

  • Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:

  • MARRIED егер адам үйленген болса рас;

  • BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;

  • MALE егер ер адам болса рас;

  • EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.

Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):

  1. тұрмыс құрған әйел;

  2. үйленбеген ер адам;

  3. тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;

  4. жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;

  5. тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.



Үйге тапсырма: тақырып бойынша дайындалып келу





Выбранный для просмотра документ 11 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 25.11.2015


Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру.


Сабақтың мақсаты:

  • оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторлары туралы білім негіздерін меңгерту. Оқушылардың Паскаль программалау тілінде сауатты программа құра алатындығын тексеру.

  • ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

  • логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде  жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шындау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: программа, оқулық

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 

Үй тапсырмасын бір-біріне сұрақ қойып тексереді.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Мәліметтермен жұмыс істеу үшін компьютер жадысына мәліметтерді енгізу қажет етіледі. Нәтижесін білу үшін мәліметтерді шығару қажет етіледі. Паскальда мәліметті компьютер жадысына енгізу үшін read операторы қолданылады. Айнымалылардың әр түрлі мәндерін клавиатурадан компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады. 

Жазылу түрі:
 
Read(айнымалы мәні);
 
Readln(айнымалы мәні);
 

Мысалы:
 
Read(x);
 
Readln(a); /oператор соңына ln жалғауын қосып жазғанда, айнымалылардың мәндерін енгізгеннен
 
кейін курсор келесі қатарға көшеді/
 
Read(a,b,c); readln(a,b,c);
 
Нәтижені экранға шығару үшін write операторы қолданылады. Ақпаратты компьютердің жадысынан экранға шығару үшін қолданылады.
 

Жазылу түрі:
 
write(айнымалы мәні);
 
writeln (айнымалы мәні); /ln жалғауын қосып жазғанда, нәтиже бірінің астына бірі шығады/
 

Мысалы:
 
Write(K);
 
Write(4*5);
 
Write(2a+5);
 
Write(‘Men Paskalmyn’);
 
Write(a,b:5);
 
Writeln(x); /курсор келесі қатарға түседі/
 

ІV.Жаңа тақырыптың меңгерілуін тексеру.
 
Тақтамен жұмыс.
 
1) K мәнін енгіз;
 
2) “kyn” сөзін экранға шығар;
 
3)S<5 экранға шығар;
 
4) а,b,c мәндерін келесі жолға енгіз;
 
5) 4*5 өрнегінің мәнін экранға шығар;
 
6) m=6 экранға шығар;
 
7) 7+5b өрнегінің мәнін экранға шығар;
 
8) m,n айнымалы мәнін бір жолға шығар.
 
V.Бекіту
 
1) Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс(бағалау).
 
Диктант.
 
Program synyp9; /бағдарламаның аты synyp9/
 
Var s,x,y:integer; /s,x,y айнымалылары бүтін типті/
 
Begin /бағдарлама басы/
 
Readln(x,y); /х және у мәндерін енгіз/
 
S:=x+y; /х және у мәндерінің қосындысын тап/
 
Writeln(s); /S нәтижені шығар/
 
Readln; /экранда ұстап тұру/
 
End. /соңы/
 
Көршілес екі оқушы бірімен-бірі ауысу арқылы бағалайды. Дұрыс жауап экранда көрсетіледі.
 
2) Кітаппен жұмыс.
 
8-есепті (34 бет) орындау.
 
Жауабы: а)16 б)16
 
3)Практикалық жұмыс.
 
1)Өз аты-жөнінді экранға шығару бағдарламасын құр.
 
Program e1;
 
Begin
 
Writeln(‘Menyn atym …’);
 
Readln;
 
End.
 

ІҮ. Бекіту.Практикалық жұмыс.



Ү. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. §11, бақылау сұрақтарына жауап беру. Түйін жаттау



Выбранный для просмотра документ 12 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 02.12.2015


Сабақтың тақырыбы: Өрнектер .


Сабақтың мақсаты:


  • Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі жетік меңгереді. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесін біледі(барлығы).Арифметикалық өрнектерді жазу ережесін жазуда

  • ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

  • логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде  жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шындау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: программа, оқулық

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 

Үй тапсырмасын бір-біріне сұрақ қойып тексереді.

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

1. Алгоритммен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?

4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?


ІІІ. Жаңа сабақ.

 Өрнектер және олардың жазылуы

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:

(5+7*х)/1. 8;

(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.

Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.

Тапсырмалар № 1

(a + b):(ху)

8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.

(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар

(5+2*4):3

(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96

(8+4):10

25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар

42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар

Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.

Тапсырмалар №2

ІҮ. Сабақты бекіту сұрақтары

Атаулар дегеніміз не,олар не үшін қолданылады?

Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?

Айнымалы, тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?

Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
Ү. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. §112, бақылау сұрақтарына жауап беру. Түйін жаттау



Выбранный для просмотра документ 13 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 09.12.2015


Сабақтың тақырыбы: Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмдерді программалау.


Сабақтың мақсаты:


  • Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі жетік меңгереді. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесін біледі(барлығы).Арифметикалық өрнектерді жазу ережесін жазуда

  • ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

  • логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде  жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шындау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: программа, оқулық

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 

Үй тапсырмасын бір-біріне сұрақ қойып тексереді.

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

1. Алгоритммен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?

4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?


ІІІ. Жаңа сабақ.

 Өрнектер және олардың жазылуы

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:

(5+7*х)/1. 8;

(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.

Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.

Тапсырмалар № 1

(a + b):(ху)

8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.

(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар

(5+2*4):3

(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96

(8+4):10

25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар

42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар

Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.

Тапсырмалар №2

ІҮ. Сабақты бекіту сұрақтары

Атаулар дегеніміз не,олар не үшін қолданылады?

Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?

Айнымалы, тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?

Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
Ү. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. §112, бақылау сұрақтарына жауап беру. Түйін жаттау



Выбранный для просмотра документ 19 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 03.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Мақсат: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары тақырыптары бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, оқушыларды графикалық редакторлардың түрлерімен таныстыру.

 Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

 Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

 Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: ДК-лер, интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, Paint, видео, AdobePhotoshop CS6 бағдалрамалары.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг «Сөйлегіш қолдар» - Бірлескен ынтымақстастық құру.

Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбер оңға, сыртқы шеңбер солға қозғалады да жүргізушінің айтқанын орындайды, мысалы: амандасамыз, қолымызбен күресеміз, шапалақ ұрып ойнау, қош айтысу, достасу, жанашырлық көрсету, арқасынан қағу, құшақтасу, екі қолмен амандасу т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ жауап:

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модельдеу деп нені айтады?

  3. Модельді қандай топтарға бөлуге болады?

  4. Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер.

  5. Материалдық модельге мысал келтіріндер?

  6. Вербальдік модель дегеніміз не?

  7. Таңбалық модель дегеніміз не?

  8. Арнайы модельдерге не жатады?

  9. Статистикалық модель дегеніміз не?

  10. Геометриялық модель дегеніміз не?

Жауаптары:

  1. Модель – нақты объектіні зерттеу үшін, натуралды экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауыпті болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі.

  2. Модельдеу– объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру.

  3. 1) Қолданылу аймағы;

2) Модельде уақыт факторын ескерту.

3) Білім саласына қарай топтау.

4) Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

  1. Өз мысалдарын келтіреді

  2. Балалар ойыншықтары

  3. Ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель

  4. Арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады

  5. Ноталар, химиялық формулалар

  6. Объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі біл уақыт бөлігіндегі үзіндісі

  7. Графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерлік графика - программалық және аппараттық кұралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Компъютерлік графика - күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.

Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін, сұлбалар, сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады. Кескінді компьютерде өңдеудің басты артықшылығы - оның түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.

Тарау материалдарын оқу кезінде сендер түпнұсқа кескінді және қолданыста бар кескіндердің өңдеуін арнайы программалар - графикалық редакторлар арқылы жасайсыңдар.

Компьютерлік графика түрлері

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден - 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден - 3 өлшеу).

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

Растрлық кескіндердің пиксельдерден тұратынын білесіңдер. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер – растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графикаредакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фото- монтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.

Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.

Векторлық графиканың кұндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Век- торлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды (40- сурет).

Өнімдерді көркемдеуде векторлың графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.).hello_html_3bf2ccda.png

MS Office қосымшаларын пайдаланып, өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсыңдар.

Фрактал әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынаи құрылады. Фракталдың кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Теңдеулердің коэффициенттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін (41-сурет) әртүрлі кескіндералуға болады.

Фрактал графикасын пайдаланып, Жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады. 42-суретте оның компьютерлік моделі берілген.

hello_html_480474dd.png

41-сурет. Бір суреттен шығарылған әртүрлі фракталдар

hello_html_m12026601.png

42-сурет. Фрактал кескіннің мысалы

Түйін

  • Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

  • Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

  • Растрлық графиканың бас элементі - нүкте, векторлық графиканікі - сызық немесе қисық, фракталдікі - математикалық теңдеу.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Оқулықпен жұмыс, 101 бет компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

  1. Графикалық Paint редакторын, MS PowerPoint және фрактал генераторын қолданып, сурет салыңдар (43-сурет).

  2. Әр программада сурет аумағын өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.

  3. MS Word мәтіндік редакторын қолданып, «Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін құрып толтырыңдар:hello_html_m747310b5.png











V. Сергіту сәті

Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.

Жаттығуды орындарында отырып орындау.

VI. Бекіту

Оқулықпен жұмыс, 101-102 б.б., Өзіңді тексер! Тест тапсырмасын дәптерлерінде орындайды.

VIІ.

Бағалау

Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

ІХ.Үй жұмысы

V тарау, 19 оқу, конспект

Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.



















Өзіңді тексер!

1. Қандай кескіндер шынайы?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

  1. Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Суреттің түрін анықтаңдар:

hello_html_mf44e94a.png

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D)) фракталдық

7. Фрактал – ол...

А) бас элементі сызық болатын кескін

В) берілген көлемдегі кескін бөлігі

С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін

D) бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін



Выбранный для просмотра документ 2 сабак.doc

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 15.09.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.



Сабақтың мақсаты:

  • Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтауды кодтан шығаруды түсіндіру.

  • Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASСII кодтарымен таныстыру:

  • Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,инт.тақта

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берген тапсырманы тексеру

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

* Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

* Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

* Байланыс тілі деп нені айтады?

* Қандай тілдерді білесің?

* Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

* Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

3. Жаңа түсініктер:

Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады,оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді

айыра білуі керек, мысалы; 1-құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,

0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар , 0 немесе

1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін

8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының

жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

ASCІІ коды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL коды - американдық

апарат алмасудың стандарттық коды.

Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.

Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

1 байт = 8бит;

1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;

1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;

1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;



4. Практикалық жұмыс

1,2 тапсырмалар





5. Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау деген не?

  • Бит, байт деген не?

  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.

6. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Ақпаратты түрлендіру 



Выбранный для просмотра документ 20 урок.docx

библиотека
материалов

"Информатика" 7 "а" сыныбы " 14 " 11.2013 ж

Сабақтың тақырыбы: Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі.

Сабақтың мақсаты: 1. Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру; Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру.
2. Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту; 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы

Сабақтың көрнекілігі:   слайд, оқулық

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
1.Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
2.Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
3.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
4.Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез - келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.
Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Program тақырып бөлімі
сипаттау бөлімі
begin
оператор бөлімі
end.

Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) – азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0 - дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0 - дер) тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);(нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
4. Сабақты бекіту сұрақтары
Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
Программа қандай оператормен басталады?
Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
5. Қорытынды

  1. Ү/тапсырмасы тақырып бойынша оқып келу

  2. Оқушыларды бағалау























































Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
1 - мысал. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.
Program kosindi; тақырып бөлімі
Var a, b, x integer; сипаттау бөлімі

Begin
Write (‘a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b); оператор бөлімі
X:=a+b;
Writeln(‘x =’, x);
End.



Выбранный для просмотра документ 22 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 24.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.

  • Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

  • Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасы
1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
2. Inkscape терезесі қанша элементтен тұрады?
3.
 Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
4. Растрлық графика дегеніміз не?
5. Векторлық графика дегеніміз не?
6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?

3.Жаңа сабақ

Inkscape графикалық редакторында фигураларды салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрлерді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.

Inkscape-те қандай фигураларды салу қажет екенін анықтаңдар.

Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады:

Тікбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.

Көлемді тікбұрыш параллелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.

Эллипс эллипстердің, доғалдардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.

Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.

Спираль спиральдарды салады.

Тікбұрыш құралы

Тік төртбұрышты салуға жататындар:

  1. Сурет салу кезінде тәжірибе өткізіңдер – Ctrl, Shift пернелерін ұстап тұрыңдар. Тік төртбұрыш қандай өзгеріске ұшырады?

  2. Параметрлер панелінде дөңгелектелген бұрыштардың көлденең және тік радиустарын 20-ға өзгертіңдер-сендерде дөңгелектелген бұрыштармен тік төртбұрыш пайда болуы керек.

  3. Тікбұрыш құралы үшін параметрлер панелінде тағы қандай баптаулар бар?

  4. Әрбір салынған фигура контурында ромбтар бар. Ол-түйіндер.

  5. Параметрлер панелін қолданып, 20мм ені 30мм ұзындықтың нақты мәнін анықтаңдар. Ол үшін өлшем бірлігі ретінде тізімнен мм-ді таңдаңдар.

Эллипс құралы

Эллипс құралын пайдаланып, сегмент алуға болады (екі радиусы бар, жабық эллипс, 47а-сурет) немесе доға (жабық емес эллипс 47ә-суреті)

Көпбұрыш құралы

Екі режімде: дұрыс көпбұрыш және жұлдыз режімінде жұмыс жасай алады.Режімді параметрлер панелінде таңдауға болады.

Спираль құралы

Спиральдың орамдарынан басқа (51-сурет), орамдар арақашықтыңын қаншалықты біркелкі өзгеретіндей етіп және ішкі орамның радиусын орнатуға болады.

4.Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А-деңгейі

  1. Inkscape редакторын қосыңдар.

  2. Масштабын өзгертіңдер: Түр-Масштаб-Бет.

  3. Көлемді тік төртбұрыш етіп салыңдар (барлық бұрыштар -30). Түйіндерін тасымалдап, олардың қызметін анықтаңдар.

  4. Спиральға қанша максималды орам санын беруге болады?

  5. Спиральдың ішкі радиусын 0,999 деп қойса, не болады?

  6. Спираль құралын пайдаланып, 53-суреттегідей кескін жасаңдар.

hello_html_m20bbc5ca.png

  1. Құжатты өз бумаларыңда Inkscape SVG пішімінде «Көктем»деген атаумен сақтаңдар.

В-деңгейі

  1. А-деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

  2. Күн салыңдар. Көпбұрыш құралын қолданыңдар.

  3. Құйып бояу мен жиектеу сұхбатын ашыңдар.

  4. Жиектеуді өшіріңдер.

  5. Құйып бояудың шайылуын 3 деп орнатыңдар.

  6. Өзгерісті сақтаңдар.

С-деңгейі

  1. В-деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

  2. Тібұрыш және Эллипс құралын пайдаланып ағаштың суретін салыңдар.

  3. Күн мен ағаш кескінін сәйкестіріңдер.Күн алдындағы планда болуы үшін Нысан-Көрсету бұйрығын орындаңдар.

  4. Өзгерісті сақтаңдар.

5.Сабақты бекіту

Inkscape графикалық редакторында фигураларды салуға арналған қандай құралдар бар?

Тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңнің нақты мәнін см-мен қалай анықтауға болады?

5 тармақты жұлдыз жасау алгоритмін орындаңдар.

6.Сабақты қорытындылау

  • Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдар мыналар: тікбұрыш, ауқымды бұрыш, эллипс, көпбұрыш, спираль.

  • Тікбұрыш құралы үшін бұрыштардың дөңгелектелуін параметрлер панелінде Алып тастау батырмасын басу арқылы.

  • Көпбұрыш және спираль құралдары үшін-Тастау батырмасын басу арқылы.

  • Эллипс құралы үшін- Фигупаны бүтін эллипс ету батырмасын басу арқылы қол жеткізуге болады.

7.Үйге тапсырма

§22. Фигураларды салу. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.


























Өзіңді тексер!

1. Қандай кескіндер шынайы?

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D) фракталдық

  1. Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?

  1. растрлық

  2. векторлық

  3. үшөлшемді

  4. фракталдық

  1. Суреттің түрін анықтаңдар:

hello_html_mf44e94a.png

А) растрлық

В) векторлық

С) үшөлшемді

D)) фракталдық

7. Фрактал – ол...

А) бас элементі сызық болатын кескін

В) берілген көлемдегі кескін бөлігі

С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін

D) бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін



Выбранный для просмотра документ 23 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 02.03.2016 ж

Сабақтың тақырыбы:   Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.

Сабақтың мақсаты:

А) Inkscape  векторлық графикасының редакторында векторлық нысандармен қарапайым амалдар орындауға үйрету.  

Ә) Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Б) Программамен практикалық жұмыстар орындауға үйрету.

Сабақтың типі:  Білімді жинақтау

Сабақтың әдісі: Аралас  сабақ

Сабақ кезеңдері                   

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Ой қозғау

Сұрақтар шеңбері:

  1. Компьютерлік кескінге жататын алмаларды жина;

  2. Жасалу принципіне қарай бөлінетін кескінді алмаларды жина;

  3. Векторлық кескіндерге жататындар?

  4. Векторлық пішімдерге жататын алмаларды жина:

  5. INSCAPE  редакторы терезесі қандай?

  6. Құралдарды ата. 

Оқушылар үйге берілген «Компьютерлік графика, фигураларды салу» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Сабақтың тақырыбын болжайды және мұғаліммен бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды.

Мағынаны ажырату

 INSERT (түртіп алу) әдісі: 

Мәтін таратылады;

І: Орын ауыстыру,бұру және түрлендіру

ІІ: Нысандарды бөлу,қосарлау және клондау

  • Оқушылар мәтінді оқиды;

  • Мәтінді талқылайды;

  • Негізгі түсініктерді талқылау парағына енгізеді;

  • Әр топтан бір оқушы шығып тақырыпты талқылау парағы  бойынша қорғайды,  дәптерлеріне түртіп алады.

  1. Практикалық тапсырма.

Оқушылар берілген уақыт ішінде компьютерде INSCAPE  редакторы терезесінде практикалық тапсырмаларды орындайды. 

І: Үйдің суретін салу

ІІ: Түрлі форматта фигуралар салу

Оқушылар берілген уақыт ішінде компьютерде INSCAPE  редакторы терезесінде практикалық тапсырмаларды орындайды.

  1.  Бағалау

КЕРІ БАЙЛАНЫС, РЕФЛЕКСИЯ

1 оқушы сабақтан алған әсерлерін айтады. Барлық оқушылар өзінің  сабақта алған әсерлерін интерактивті тақтада көрсетілген смайликтердің өзіне сәйкесін таңдап, сомдап көрсетеді.

Үйге тапсырма

§23. Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру. Тақырыпты оқып келу. Түйінді жазу. Тест орындау.



Выбранный для просмотра документ 24 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 09.03.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды графикалық ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары, контураларды жасау, оларды редакциялау және фигураларды салу туралы білімдерін жетілдіру.

  • Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

  • Оқушыларды жан-жақты баулуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен, оқулықпен, дербес компьютерлермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютерлер, ою-өрнектер, киіз үйлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасына шолу

(сұрақтар мен тесттерге жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұраймын)

  • Нысан көлемін өзгертетін алгоритмнің сипаттамасын жазыңдар.

  • Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?

  • Клон дегеніміз не?

  • Клондау амалының қосарлаудан айырмашылығы неде?

  1. Жаңа сабақ

Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі -КонтурНысанды контурлау (КонтурОконтурить объект) бұйрығы арқылы орындалады.

Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар:

hello_html_m15769467.png- Түіндер, hello_html_1048872a.png-Қаламұш,

hello_html_m70bd66f1.png- Қарындаш, hello_html_m66d838bb.png- Каллиграфиялық қаламұш.

Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет.Shift пернесін басқанда , бірнеше түйін ерешеленеді.

Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерешеліктерін қарастырайық.

Қарындаш . Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға да болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндердіҚұралдар параметрлерінің панеліндегіТүйіндердегі батырмамен жоюға болады.

Түйіндер саны автоматты түрде Контурhello_html_m7c904220.gifЖеңілдету (Упросить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.

Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.

Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімнен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады.(60-сурет)

Қаламұш

Құралдар қисықтарымен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

Төрт режім қолжетімді:

  • Безье қисығы;

  • Спиро қисығы;

  • Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда);

  • Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда);

Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.

Каллиграфиялық қаламұш

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған парллель екі контурды құрайды (61-сурет)



Түйіндерді редакциялау

Өздеріңнің көздерің жеткендей , Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардын басқа, Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық. Жүрекше салып көрелік.

  • Қаламұш құралын пайдалана отырып, жүректің жартысын саламыз.

  • Оны түйіндер құралымен ерекшелеңдер және Құралдар параметрлерінің панелінде батырмасын шертіңдер. Ерекшеленген түйіндерді тегістеңдер.

  • Контурдың көшірмесін жасаңдар. (Ctrl+D)

  • (Н) көлденең бейнелеңдер.

  • Алынған екі контурды сәйкестендіріп, оларды ерекшелеңдер.

  • Түйіндер құралын таңдап, масштабты үлкейтіңдер. Тоғысқан жерде бұрынғыдай екі түйін тұр, яғни, жүрек әлі бір бүтін емес.

  • Төменгі екі түйінді ерекшелеңдер (Shift басып тұрып)және Түйіндер құралдар параметрлерінің панеліндегі ерекшеленген түйіндерді қосу бұйрығын орындаңдар.

  • Жоғарғы түйіндер үшін амалдарды қайталаңдар.

  • Құйып бояу мен жиектеу (Заливка и обводка) сұхбатын ашыңдар және алынған жүректің контурын градиентпен қойыңдар.

  • Жүрекке блик қосыңдар. (62-сурет)

  1. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы 63-суреттегідей.

  2. Контурды көшіріп алыңдар (Ctrl+D)

  3. Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: КонтурКонтурлық әсерлер редакторы

  4. Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штриховка) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады(64-сурет)

  5. Сызықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар.(65-сурет)

  6. Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсерін қолданыңдар (66-сурет)

  7. Контурларды топтап, жиектеудің түсін өзгертіңдер.

В деңгейі

  • Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.

hello_html_59e06b9.pnghello_html_318d5e69.gif

 С деңгейі

  • Киіз үйді салып , оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.

hello_html_m50907c2.jpg

  1. Сабақты бекіту (Қорытындылау)

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікір айту.

  1. Рефлексия (Кері байланыс орнату)

Тақтадағы алма ағашы салынған плакатқа оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алма стикеріне жазып жабыстырады.

  1. Үйге тапсырма

Контурды жасау және редакциялау тақырыбын оқып келу. Өзіңді тексер мен бақылау сұрақтарына жауап беріп келу.



Выбранный для просмотра документ 25 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 16.03.2016ж



Сабақтың тақырыбы: Мәтін . Мәтіндік блоктар құру.

Сабақтың мақсаты:

  • Inkscape векторлық графикалық редакторында мәтінмен жұмыс жасау

жолдарын білу.

  • Inkscape-те мәтіндік блоктар құра отырып, құжаттарды әсемдеуде ой-

өрісін, шеберлігін дамыту.

  • Ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Inkscape редакторы, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру. А) Нысандарды бұру, орын ауыстыру, түрлендіру?

Ә) Нысандарды топтау, қосарлау, клондау?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мәтін құралы hello_html_m13e24652.png жақтауды және қарапайым мәтінді жасай алады. Мәтін параметрлерін баптау Мәтін-Мәтін-және шрифттерезесінде жүргізіледі.



Осы терезеде Қаріп түрін, сызылымын, өлшемін, орналасуын өзгертіп сақтау керек. Ары қарай жазылған мәтінді ерекшелеп алып, оны үлкейтіп, кішірейтуге болады. Мысалы мәтінді ерекшеленде жан-жағынан шыққан тілсызықтар арқылы өлшемді өзгерту оңай-ақ.hello_html_38c809ea.png



Inkscape-те жаңа абзацқа көшу дәл солай ER пернесін басу кер ек, бірақ, мысалы үзілмейтін бос орынды енгізу үшін Ctrl+ бос орын пернелер үйлесімі қолданылады. Арнайы символдарды енгізу үшін Ctrl+U пернелер үйлесімін басқан соң ғана қолжетімді болады. Немесе Мәтін-Глифтер сұхбат терезесін қолдануға болады.

Мәтінді контурдың бойында орналастыруға болады. Ол үшін :

1. Еркін контур жасаймыз.

2. «Көктем мерекесі» мәтіні мен контурды Shift пернесін басып тұрып, бір уақытта ерекшелейміз.

3. Мәтін- Контур бойынша орналастыру бұйрығын орындау.hello_html_m4d1b0976.png

Мәтін- Блокқа кірістіру бұйрығы бойынша мәтінді кез-келген ерекшеленген фигураларға орналастыруға болады. Ол үшін

1. Еркін контур жасаймыз.

2. «Көктем мерекесі» мәтіні мен контурды Shift пернесін басып тұрып, бір уақытта ерекшелейміз.

3. Мәтін- Блокқа кірістіру бұйрығын орындау.

Бекіту. 134-беттегі 1-7 сұрақтарға жауап беру.

Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

Мерекелік ашық хат жасау.

Бағалау.

Үйге тапсырма. 

§25, 135-беттегі «Өзіңді тексер!» тест сұрақтарына жауап беріп келу.



Выбранный для просмотра документ 26 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 06.04.2016 ж



Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс



Сабақтың мақсаты:

- Теория жүзінде алған білімдерін практикамен ұштау

 Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

 Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;



Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бақылау сұрақтар арқылы



ІІІ. Оқулықтан практикалық тапсырмаларды орындау

Шығармашылық жұмыстың тақырыптары:

  1. Оқулықтың мұқаба бетін құрастыру

  2. Дисктің сыртқы бетін құрастыру

  3. Күнтізбе құрастыру

  4. Сүйікті кейіпкерлеріңнің бейнесін жасау

  5. Еркін тақырып



VІ. Бекіту

Жасаған жұмыстарына түсініктеме беру



V. Үй жұмысы

Қайталау



VI. Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бағалау







































Выбранный для просмотра документ 27 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 13.04.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу редакторы

Сабақтың мақсаты :

  • граммасының интерфейсімен және растрлық иллюстрациясымен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерімен таныстыру .

Оқушылар білуі тиіс : растрлық кескіннің векторлықтан айырмашылығын, GIMPпрограммасының интерфейсінің ерекшеліктерін, кескінді сақтау бұйрықтары, кескін пішімін, кескін қасиеті туралы ақпаратты алу бұйрығы , кескін өлшемінің өзгерісі, кадрлеу құралдарының қолданылуларын қабылдау , бейнелеуді .

Оқушылар үйренуі тиіс : жұмысты GIMP программасы арқылы жүргізу және бітіру, кескіндерді әр түрлі пішімде сақтау , іс-әрекеттерді қайтару, кескін қасиеті туралы ақпарат алу , осы кескінді алдағы уақытта қолдану мақсатына сәйкес өлшемдерін өзгерту, кадрлеу , бейнелеу және кескінді бұру .



Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі 
II
 Сабақтың мақсат-міндеттерін қою 
III Білімді өзектендіру

Сұрақтар :

1.Графиканың қандай түрін білесіңдер?( растрлық , векторлық, фракталдық және үшөлшемді).

2 Графикалық редактордың қай түрімен таныссыңдар ?(Растрлық –Paint, векторлық – Inkspake . Оқушылар басқа танымал редакторларды атауы мүмкін,мысалға, Coreldraw –векторлық, Photoshop –растрлық және т. б. )

3 Әр түрлі жағдай үшін графикалық кескіннің (растрлық немесе векторлық) типін таңдаңдар . Ұйымның эмблемасын жасау үшін графикалық кескіннің қай типін қолданасыңдар ? ( егер ол кіші визит карточкасында және үлкен плакаттарда басылатын болса):

Растрлық кескін .

  • Векторлық кескін (дурыс жауап ).

4.Сандық фотосуреттерді редакциялау кезінде графиқалық кескіннің қай типін қолданасыңдар ?

  • Растрлық кескін .(дұрыс жауап).

  • Векторлық кескін.

  1. Үлкейту немесе кішірейту кезінде қандай кескін сапасын жоғалтпайды?

  • Растрлық кескін.

  • Векторлық кескін (дұрыс жауап).

Сонымен, осы сабақтан бастап GIMP графикалық редакторының мүмкіндіктері туралы оқитын боламыз.

IV Жаңа материалды түсіндіру .

Сурақты талқылау:

1.Растрлық редакторлардың қандай мүмкіндіктерін білесіңдер ?(Олар ескі суреттердің сапасын жоғарылатады , ақ-қара түсті суреттерді өңдейді ).

2.Кескінмен жұмыс істеу барысында интерфейстің қандай баптауларын орындаған жөн ?) Іс- әрекеттер тарихын және панелін қосу )

3 Қандай растрлық графикалық пішімді білесіңдер?

1BMP(Bit Map image) –Windows операциялық жүйесі үшін әмбебап растрлық пішім Осы пішімнің графиқалық файлдары тәжірібе жүзінде барлық графикалық редакторлар мен сүйемелденеді .Кемшілігі – файлдың көлемі өте үлкен , себебі кескіннің бүкіл нүктелер қоды сақталады .

2.GIF(Graphics Interchange Format) түрлі операциялық жүйелердегі(Windows,Linuh)

Растрлық операциялық файлдардың пішімі . Gif файлы ақаратты жоғалтпай кескінді сызу жолымен құрылады . Бұл бірегей түстегі сурет аймағының кішіреюімен жүзеге асады .Пішімнің кемшілігітүстер палитрасының шектеулілігі, олардың саны 256.

3JPEG(Joint Photographic Expert Group) сканерленген суреттер мен иллюстрацияларға тиімді сығу алгоритмін қолданатын растрлық графиқалық файлдардың пішімі . Бұл пішімдердің ең көп тараған түрі. Кемшілігіфайлды сығудан кейін көп ақпараттар жогалады.

4.PNG(Portable Network Graphic) жоғалтпай сығуды қолданатын , аналогты Gif пішімге арналған, графиқалық ақпаратты сақтауға қажетті растрлық пішім .Бұл пішімнің ерекшеліғіфонның мөлдірліғін сақтау, бұл жайлы «Суретті фоннан бөлу» тақырыбын оқуда танысасыңдар.

5.XCF (eXperimental Computing facility)- GIMP программалардың «туыстық» пішімі .Оны жұмысты суретпен жалғастыру қажет болған жағдайларда қолданады . Басқа графиқалық редакторлар бұл пішімді оқымайды.

4Кескіннің өлшемін қалай өлшейді ?

5. Бұруды ,бейнелеуді, түрлендіруді орындау үшін қандай құралдар қызмет атқарады?

V Өтілген материалды бекіту

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Ол үшін , жұмысқа қажетті кескіндерді алдын ала дайындапқ керек.
VI Қортындылау

Тәжірибелік жұмыстарды орындағаны үшін мұғалім бағаларын қояды.

VII Үй тапсырмасы

§ 27-ті оқу , бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру .

Алда тәжірибелік тапсырманы және жобаны орындау үшін оқушыларға кескін қажет болады: ақ-қара түсті фотосурет ,ақауы бар фотосуреттер, фонды алмастыруға қажетті кескін .

Мұғалім оқушыларға өздерінің фотосуреттерін дайындауды ұсынады .



Выбранный для просмотра документ 3 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 16.09.2015 ж

Сабақтың тақырыбы:  Мәтіндік ақпаратты кодтау.

Сабақтың  мақсаты: 

  • мәтіндік ақпаратты кодтау ұстанымдарын көрсету.

Оқушылар білуі тиіс:  мәтіндік ақпараттың компьютерде кодталуын, кодтық кестелерінің міндетін, орыс тілді мәтіндерді кодтау мәселелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: кодтау кестелерін қолданып, мәтіндік ақпаратты екілік код түрінде көрсетуді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютерде ақпарат қалай беріледі?

  2. Неліктен екілік жүйесі компьютер үшін ыңғайл

  3. ы?

  4. Компьютерде сандық ақпараттарды кодтаудың ерекшеліктерін сипаттаңдар.

ІҮ Жаңа сабақ

Бір ойынды ойнап көрейік. Сандардың көмегімен қандай да бір хабарлама кодталады. Бұлай кодтау үшін алфавитінің барлық әріптерін нөмірлеп және хабарламаның әріптерін сәйкес сандармен алмастырамыз.

Дәл осындай кодтау принципі компьютердегі мәтіндік ақпаратты кодтау үшін не қолданылады.

Сендер бір символдың екілік кодын сақтау үшін 1 байт= 8 бит бөлінгенін білесіңдер.

Әр биттің 0 немесе 1 мәнін қабылдай алатындығын ескеріп, оның байттағы үйлесуінің мүмкіндік саны:

28 = 256-ға тең болады.

Демек, 1 байттың көмегімен 256 әртүрлі екілік кодтық үйлесімдер алуға және оларды 256 әртүрлі символдардың көмегімен бейнелеуге болады.

Мұндай символдардың саны мәтіндік ақпаратты ұсынуға, орыс және латын алфавитінің бас әріптерін, сандарды, таңбаларды, графикалық символдарды және т.б. қоса алғанда жеткілікті.

Кодтаудың мәні әрбір символға сәйкес бірегей ондық кодтың 0-ден 255-ке дейін немесе оған сәйкес келетін 00000000-ден 11111111-ге дейін келетін екілік кодтың қойылуында.

Компьютер символдарды олардың кодтары бойынша ажыратады. Нақты бір код символының тағайындалуы – маңызды. Ол кодтық кестеде бекітіледі.

Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді, бірақ барлығына бірінші негіз болған ASCII стандарты. ASCII жүйесінде кодтаудың екі кестесі бекітілген – негізгі және кеңейтілген.

Негізгі кесте кодтардың мәнін 0-ден 127-ге дейін анықтайды (2-кесте), ал кеңейтілгені 128-ден 255 аралығындағы символдар.

Алғашқы 33 код (0-ден 32-ге дейін) символдарға емес, амалдарға сай келеді. (қатарды ауыстыру, бос орын енгізу және т.б.)

33-тен 127-ге дейінгі кодтар халықаралық болып табылады және латындық алфавиттің символдарына, цифрларға, арифметикалық амалдардың таңбаларына және тыныс белгілеріне сәйкес келеді.

128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық болып табылады, яғни кодтауларда бір кодка бірнеше символ сәйкес келеді.

Ү Жаңа сабақты бекіту.

ҮІ Қорытындылау

Үйге тапсырма: §3 оқу, сұрақтарға жауап беру.







Выбранный для просмотра документ 31 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: 7 сынып 11.05.2016 ж



Сабақтың тақырыбы: Қабаттар, мәтінмен жұмыс

Мақсаты:

  • Оқушыларға компьютерлік графика негізі ұғымдары қабаттармен жұмыс жасауды үйрету.

  • Оқушылардың бүгінгі ақпараттық қоғам жайлы, озық компьютерлік технологияларда пайдаланылатын сапалы, жоғарғы деңгейлі графикалық бағдарламаларды тиімді пайдалана білу мүмкіндігін дамыту.

  • Оқушыларды әдептілікке, мақсатшылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу. мұқияттылыққа, өз - өзіне сенімді болуға баулу.

Сабақтың түрі: теориялық элементтері бар практика сабағы
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілік: бейнесабақ, презентация
Құрал - жабдықтар: компьютер, Paint.net графикалық редакторы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, шетел тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Ребус, сөзжұмбақ

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе /Білу кезеңі/

Тақырыпты анықтау: сөздердің алғашқы әріптерінен сабақтың тақырыбын анықтау

Жауабы: ҚАБАТ

hello_html_m264caae7.jpg

Қабат дегеніміз не?

Суреттерді жасауда қандай қабаттар болады? (фон, нақты объект)

ІV . Жаңа сабаққа байланысты ақпаратпен жұмыс /түсіну кезеңі –ОЖТ модулі/

Қабат – кескіннің әртүрлі бөліктері орналасқан мөлдір парақтағы
компьютерлік метафора. Қабатта бірнеше объектілерді орналастыруға болады. Қабаттағы кескінді тек PSD форматында ғана сақтауға болады. Қабатты редакторлеуге, мөлдір етуге, жоюға, көшіруге, өшіруге, т. б. болады. Қабатты өзара реттеуге – алдыңғы қатарға немесе соңғы қатарға ауыстыруға болады.
 Қабатпен жұмыс Photoshop графикалық редакторінде Layer мәзірі және Layer палитрасы арқылы жүзеге асады.

компьютерлік графиканың түрлері және негiзгi ұғымдары;
•объекттің облыстарың ерекшелеу аспаптары
•тарих палитрасы, артқа адымдау, жою, резеңке, дақпырт палитра редактор аспаптары;
•суреттiң өлшемi және кенептiң өлшемі, кенептiң бұрылысы;
•*psd *. pdd *. gif *. jpg суреттердiң файлдарының қалыптары;
•қабат - қосу/өшіру, белсендi, көшiрмесiн алу, редакциялау; орын ауыстыру, аты;
•масканың быстрой/обычной тәртiбі;
•боз, RGB, CMYK суретпен жұмыс тәртiптерi;
•суреттi өрнектеу.
V. Практикалық жұмыс /қолдану кезеңі АКТ модулі/

1 тапсырма Paint.netбағдарламасында жұмыс

1-жұп:«Бетті әрлеу-макияж» практикалық жұмысы

hello_html_m4847a95a.pnghello_html_m53843919.png

2-жұп: «Коллаж жасау» практикалық жұмысы

hello_html_41c4d31a.png

2 тапсырма

Мәтінмен жұмыс Paint.netбағдарламасында жұмыс

7-сынып мәтініне әртүрлі эффектілерді пайдалану (Эффекты-Для фотографии (искажение))

V. Қорытынды /талдау кезеңі/

Диалог –бірінші жұп екінші жұпқа сұрақтар қояды.

VІ. Үйге тапсырма:

VІІ. Бағалау



Выбранный для просмотра документ 4 сабақ.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 23.09.2015 ж



Сабақтың тақырыбы:    Графикалық ақпаратты кодтау

Сабақтың мақсаты:

  • Білім беру ақпараттық ресурстарына, білім беру электрондық ресурстары туралы түсінік беру.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім порталдарын және каталогтарын пайдалануға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырып

Теория

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320;тігінен-200 нүкте)болады.

            Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.

 Мысалы,егер еомпьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).

Компьютерлік кескіндер.

      Векторлық

      Растрлық                                                       

 Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

            Фотосуреттерде  де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.

Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

            Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.

            Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге,әдемілей түсуне,яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады;нүктелерді,қажет болмаған жағдайда ішінра алып иастауға немесе басқа кез келген түсек өзгертуге болады.

            Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу)өзгертекен де,кескіннің сапасын жоғалтатыны.Мысылы,кескінді үлкейткенде,оның көрінісі дөрекіленіп кетсе,ал кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді(нүктелерді жоғалтқандықтан)

            Растрлық кескіндердің тағы бір кемілігі-файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын,соғұрлым үлкен болады.)

Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.

            Компьютерлік  графиканың қолданылу салалары.

            Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.

Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

            Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жсалады.Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды.Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.

            Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу.Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика.Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады.Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма,рентгенограмма және  т.с.с түрінде қолданылады.Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.

            Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған.Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын,статистикалық мәліметтерді-міне,осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма) жасалады.

            Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын обьектілер) қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.                       

 ІҮ. Бекіту кезеңі

Тапсырма: Оқулықта берілген білім порталдарының жэне каталогтарының кез келгенін пайдаланып, солар туралы ақпарат жинап, осы сайттардың қызметтері жөнінде айтыңдар.

Ү. Қорытынды кезең

  1. Бүгін сабақта не білдік?

  2. Не үйрендік?

  3. Қандай тәжірибелік жұмыс жасадық?

ҮІ. Бағалау кезеңі

Оқушылар тапсырманы орындаған жэне білімді меңгерген деңгейіне байланысты бағаланады.

Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.


Выбранный для просмотра документ 6 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Сынып: 7 «А» 06.10.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер
Сабақтың мақсаты:
 
1.Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
2.Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3.Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Процессор дегеніміз не?

  2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?

  3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?

  4. Басқару құрылғысы не істейді?

  5. Тактілік жиілік деген не?

  6. Ақпараттық кеңарна деген не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі -операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
 
І. Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1,Операциялық жүйе дегеніміз не?
2.Операциялық жүйе не үшін қажет?
3.Интерфейс деген не?
4.Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Выбранный для просмотра документ 8 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 21.10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы:    Программалау тілдері

Сабақтың мақсаты:

  • программалау тілдері, компилятор, орындалатын файлға программаны компиляциялау әдісі түсініктерін енгізу;

  • Free Pascalпрограммалау ортасының мүмкіндіктері мен Free Pascal мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың ілеспесі: Lesson 8 файлы\Тестілеуdoc.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

III Үй жұмысын тексеру. Бақылау сұрақтар арқылы

IV Білім деңгейін тексеру

  1. Сәйкестендіру тесті.

  1. Алгоритм а) үш түрі

  2. Программа б) төрт жолы

  3. Алгоритм қасиеттері в)дәл жазуға арналған ережелер жүйесі

  4. Алгоритм түрлері алгоритмнің жазылуы г)есептің шығару жолы

2. Тест

Алгоритм дегеніміз не?

  1. командалардың кез келген ретсіз тізбегі

  2. Блоктар мен сызбалар түріндегі арнайы құрылғы

  3. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар түрінк келтіру

«Басы» сөзі жазылған эллипс нені білдіреді?

  1. Программаның соңын

  2. Проамманың басын

  3. Орындалып жатқан әрекеттер

Тікбұрыш нені белгілуге қолданылады?

  1. Шартты тексеруді

  2. Орындалып жатқан әрекеттерді

  3. Программаның соңын

Ромб нені білдіреді?

  1. Шартты тексеруді

  1. Орындалып жатқан әрекеттерді

  2. Программаның басын

Алгоритмнің неше түрі бар?

  1. 2

  2. 3

  3. 5

V  Білімді өзектендіру

VI Жаңа материалды оқып-үйрену

1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт Паскаль тілін программалау тілдері реңтінде ұсынды. Компьютерде программан 2 түрін қарастыруға болады. 1-сі – алгоритмдік тілде, 2-сі- нысандық кодта жазылған.

Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады: тақырып жолы, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Program Files

Сипаттау бөлімі

Begin

Операторлар бөлімі

end

Программалау тілінің объектілері

Паскаль тілінің объектілеріне “сан”, “идентификатор”, “тұрақты”, айнымалы”, “функция” және “өрнек” ұғымдары жатады.

Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.

Индекс –жиым элементінің нөмірін көрсетеді және тік жақшамен жазылады.

VII Жаңа сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Тапсырма

Бос орынды толтыр.

1.Программалау тілінің алфавиті-бұл белгілі бір символдар жиынтығы.Бұл символдар көмегімен сәйкестендіргіштер,өрнектер және тіл операторы жазылады.

2.Программаның көру тәртібіндегі өзгерістер Options-Enviroment-Prefencesбұйрығы арқылы жүзеге асады.

3.Мәзір жолының бұйрығына қолжетімділік тінтуір,F10 қызметші перне немесе Alt+ ерекшеленген әріп пернелер үйлесімі арқылы жүзеге асады.

IX Қорытындылау

Жауаптар мен тапсырмаларды бағалау, баға қою.

X Үй тапсырмасы

&8 оқу, параграфқа қосымша материалды оқу,бақылау және тест сұрақтарына жауап беру . 



Выбранный для просмотра документ 9 сабак.docx

библиотека
материалов

Бекітемін: Информатика 7 сынып 27.10.2016 ж



Сабақтың тақырыбы:    Программа және оның құрылымы.

Сабақтың мақсаты: 

  • Оқушыларға программа түсінігін және оның құрылымымен таныстыру.

  • Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өз ойын жеткізе алуға, күделікті өмірмен байланыстыруға тәрбиелеу. 

  • Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін ұштау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: кітап, дербес компьютер
 
Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдасытру.
 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
 
1. Паскаль тілі қай жылы және қай елдің ғалымы ұсынған?
 
2. Паскаль тілі қандай тілге жатады? 
3. Паскаль ортасы қандай командалардан тұрады?
 
4. File менюінің ішінде қандай командалар бар?
 
5. Программа неше бөліктер тұрады?
 
ІІІ. Жаңа сабақ.
 
ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ
 
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
 
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп аталады.
 
Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже бойынша тақырып пен блоктан тұрады.
 

Негізгі блок – негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс.
 
Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
 
1) программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
 
2) белгілерді (label) сипаттау;
 
3) тұрақтыларды (const)сипаттау;
 
4) мәліметтер типтерін (type) анықтау;
 
5) айнымалыларды (var) сипаттау;
 
6) процедураларды (procedure) сипаттау;
 
7) функцияларды (function) сипаттау.
 

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:
 
Program “программа аты” (Input, Output);
 
Uses ...;
 
Label ...;
 
Const ...;
 
Type ...;
 
Var ...;
 
Procedure “процедура аты”; “процедура тұлғасы”;
 
Function “процедура аты”; “процедура тұлғасы”;
 
Begin
 
“1-оператор”;
 
“2-оператор”;
 
...
 
“n-оператор”;
 
End.
 

IV. Бекіту.
 
1. Input, Output операторлар қандай қызмет атқарады?
 
2. Сипаттау бөлімі толық жағдайда неше бөлімнен тұрады?
 
3. Программа құрылымының диаграммасы қандай болады?
 
4. Type түйінді сөзі қандай қызмет атқарады?
 

V. Үйге тапсырма.
 §9, бақылау сұрақтарына жауап беру


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.11.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров645
Номер материала ДБ-337791
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх