Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Поурочные планы по биологии "6класс"

Поурочные планы по биологии "6класс"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ: 1

Тақырыбы: §1. Ботаника өсімдіктер жайлы ғылым

Сабақтың мақсаты: «Биология» ғылымының негізгі заңдылықтарын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;

Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;

Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?

  1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер

  2. Олардың маңызы

Тірі ағзаларға тән қасиеттер

Зат алмасу

Қозғалу

Тітіркену

Өсу

Көбею

Бейімделу

Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.







«Зат алмасу – ағзаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауы, оның нәтижесінде, біріншіден ағза өз тіршілігіне қажетті заттар алады». Олар қандай заттар? Ағза айналадағы ортадан қорек, ауадан оттегін алады. «Қорек пен оттегі(ауа) ағзаны энергиямен қамтамасыз ететінін білесіңдер ме?

Қозғалу – тірі ағзалардың бәріне (өсімдіктер, жануарлар) тән қасиет. Жануарлардың қозғалысы (жорғлау, жүгіру, ұшу, жүзу) көзге анық байқалса, өсімдіктерде, бір орынға бекініп тұратындықтан тіпті қозғалмайтындай көрінеді.

Жасуша цитоплазмасының қозғалысы (ағыны) бүкіл ағзаны қозғалысқа келтіреді, яғни өсімдіктің қозғалысы жасушадан басталады.

Тітіркену қоршаған ортаның физикалық немесе химиялық өзгерістеріне, яғни тітіркендіргіштерге әсер етуі тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді.

Эмбриональды өсу – сабақ тамыр ұштарында болатын түзуші ұлпалардың жас жасушалары демалыссыз бөлініп көбеюі.

Созылу кезеңінде жасушалардың мөлшері бірнеше жүздеген есе ұлғаяды.

Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды.

ІV. Бекіту.

Тірі ағзаларға не жатады? Оларды неліктен «тірі» дейді.

Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

Үй тапсырмасы. §1 оқып, терминдерге биологиялық негіздеме беру, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру.

Сабақ: 2

Тақырыбы: §2. Өсімдіктер дүниесі

Сабақтың мақсаты: жасуша ұғымын жан-жақты түсіндіріп, өсімдік жасушасының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдік жасушана тән органоид түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын қызметін, құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру;

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптарғ өсімдік жасушасы.

Сабақтың типі: құрастырылған

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер. Жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Препаратты микроскоппен қарағанда ең алдымен айқын көрінетіні жасуша қабықшасы. Барлық өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының сыртын өте нәзік май тәрізді заттар мен нәруыздан тұратын жарғақша немесе қабықша қаптайды, нақтырақ айтсақ, оны плазмалық жарғақша (плазмалемма) дейміз. Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық жарғақшасы(мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасуынықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, серпімді қабықша қаптайды(мұндай қабықша жануарлар жасушасында болмайды). Бұл қабықша цитоплазмадан бөлінген өнімнен түзіледі, оның әр жерінде көршілес орналасқан жасушалардың цитоплазмасымен байланысатын көп майда саңылаулары (қабықшаның жұқа жері) бар. Тығыз, берік қабықша өсімдікке белгілі пішін берумен бірге, цитоплазманы зақымданудан және кеуіп кетуден сақтап тірек қызметін атқарады. Жасуынық (клечатка немесе целлюлоза) ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін тұрақты зат. Ол тек өте күшті тұз қышқылы мен күкірт қышқылында қантқа айналады. Сондықтан жасунықтан қағаз, жасанды жібек, пластмасса, кинопленка, лак, қопарылғыш зат жасалады. Мақта тұқымындағы ұзын талшықтарын және зығырдың тінін мақа тоқуға пайдаланады.

  1. ІV. Бекіту.

Жасушаның құрылысы (бөліктері)

Атқаратын қызметі

1. цитоплазма мен ядро

Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады

2. вакуоль

Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын ретейді

3. пластидтер

Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды

4. Ядро

Көбеюге қатысады

5. Жасуша қабықшасы

Жасуша бөлшектерін зақымданудан қорғайды

Үй тапсырмасы. §2 оқып, суретті салып, тақырып соңындағы кестені жұмыс дәптерлеріне толтырып келесіздер.



Сабақ: 3

Тақырыбы: §3. Өсімдіктердің негізгі мүшелері

Сабақтың мақсаты: өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіектерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Саңырау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?

Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді? Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашалығы және жасушаға не үшін қажет? Вакуоль қандай қызмет атқарады?

Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар. 2.Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар.



1 – карточка

Әр сөйлемдегі жасуша бөлімдерінің қасиетін, атқаратын қызметін оқып, мұқият талдап, сәйкес келетіндерінің тұсындағы рет санын кестеге толтыр.

1. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, керексіз улы заттарды ыдыратуға қатысатын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын. 2. Сыртында екі қабат саңылауы қабықшасы бар цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын және көбеюге қатысатын жасушаның ең қажетті құрамдық бөлігі. 3. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын фотосинтез процесіне қатасытын органоид. 4. Құрамында су, нәруыз, май болатын, барлық күрделі тіршілік әрекетіне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат. 5. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет беріп, ішкі бөлімдерін зақымданудан қорғайды.

Қабықша

Цитоплазма

Ядро

Вакуоль

Пластид








ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.

Үй тапсырмасы. §5,6 оқып, тақырыптар соңындағы тапсырмаларды орындап келу.



Сабақ: 4

Тақырыбы: Өсімдік тірі ағза Өсімдіктердің тірі жағдайлары

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.

Сабақтың типі: аралас

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жасуша → ұлпа → мүше → ағза сызбанұсқасын түсіну қиынға соқпас, себебі жасшалар тобынан ұлпа, ұлпалардан мүшелер, мүшелерден ағзалар құралады деген мағлұмат береді. Сулы ортадан құрылыққа шығып тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесінде көпжасушалы өсімдіктердің құрылысында көптеген өзгерістер болады: қоректенуіне жарық, ауадағы көмірқышқыл газы, топырақтағы су және тұздардың ерітіндісі қажет болғандықтан өсімдіктің ішкі, сыртқы құрылысы күрделеніп, әр түрлі қызмет атқаруға жіктеле бастап, тарихи дамуының нәтижесінде жеке мүшелер пайда болады. Мүше – ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқарады. Өсімдік мүшелері өсімді (вегетаивті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді. Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін амтамасыз етсе, көбею мүшелері әрбір дарақтың (особьтың) санын көбетіп ұрпақ қалдыру үшін керек, төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Өсімді мүшелерге – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады). Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Неігізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады. Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.

ІV. Бекіту.

Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар,

Үй тапсырмасы. §7 оқып, 8-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Сабақ: 5

Тақырыбы: §5. Ұлғайтқыш құралдар.

Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.

Сабақтың типі: құрастырылған

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:

1. Микроскоптың шығу тарихы

2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі

1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

ІV. Бекіту.

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

Үй тапсырмасы. §3 оқып, 1-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.







2-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ұлғайтқыш әйнек және микроскоп.

Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.

Жұмыстың барысы:

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.

Препаратты жабын шынымен жабады


Пияз қабығын аршиды


Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады


Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады


Зат шынысына су тамызады


Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді


Препаратты зат үстелшесіне орналастырады














Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

Микроскоп

1.

Жарық түсіру

106-1-n

2.

Көзбен қарау

3.

Көру түтігін қозғау

4.

Затты қарау

5.

Көру түтігінің бекітілген жері

6.

Қарайтын затты орналастыру

7.

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі

8.

Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі





































Қорытынды:

1. Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі қандай? 2. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.


Сабақ: 7

Тақырыбы: §7. Жасушаның тіршілік әрекеттері

Сабақтың мақсаты: жасуша ұғымын жан-жақты түсіндіріп, өсімдік жасушасының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдік жасушана тән органоид түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын қызметін, құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру;

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптарғ өсімдік жасушасы.

Сабақтың типі: құрастырылған

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер. Жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

  1. жасушаны қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады;

  2. қабықша ішке қарай барлық қоректік заттарды, яғни су мен газдарды (оттегі, азот, көмірқышқыл газы) өткізіп, ыдырау өнімдерінің зиянды керексіз қалдықтарын сыртқы шығарып, жасуша мен қоршаған орта арасында ұдайы зат алмасуды қамтамасыз етеді; жасуша ішіндегі қажетті сұйықтықтың құрымын реттейді;

Жасуша шырынының химиялық құрамы өсімдік түріне байланысты, бірінде қышқыл, екіншісінде сілті, үшіншісінде бірқалыпты. Шырындағы судың мөлшері 70-95%.

Жасуша ішіндегі қосындылар – жасуша тіршілік әрекетінің нәтижесінде жиналатын зат алмасудың ақырғы өнімі. Олар қатты және сұйық күйде вакуольде, цитоплазмада, түрлі органоидтарда жиналады да, қорға жиналатын қоректік және қалдық заттар деп 2-ге бөлінеді. Қорға жиналатын заттар өсімдік өсіп, даму кезінде қоректенуіне жұмсалады. Қор заттарына көмірсулар, нәруыздар, майлар, ал қалдық заттарға қымыздық қышқылының кристалдары жатады. Өсімдік жасушасында жиналған көмірсулар крахмал, инсулин, гликоген, қант.

Жасушаның құрылысы (бөліктері)

Атқаратын қызметі

1. цитоплазма мен ядро

Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады

2. вакуоль

Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын ретейді

3. пластидтер

Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды

4. Ядро

Көбеюге қатысады

5. Жасуша қабықшасы

Жасуша бөлшектерін зақымданудан қорғайды

Үй тапсырмасы. §7 оқып, суретті салып, тақырып соңындағы кестені жұмыс дәптерлеріне толтырып келесіздер.

4-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.

Мақсаты: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, екеуінің жасушасын салыстыра отырып өзіндік ерекшеліктерін табу.

Құрал-жабдықтар: пияз, кез келген бөлме өсімдігінің жапырағы, микроскоп, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.

 Жұмыстың барысы:

1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.

2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.

Нәтижесі:

1)

Жапырақ жұмсағының жасушасы құралған:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Пияз қабықшасының жасушасы құралған:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

s16 copy s16 copy


 2) Атқаратын қызметіне байланысты тұсына жасуша бөліктерінің атын жазып, кестенің бос орнын толтырыңдар.

Жасушаның құрылысы (бөліктері)

Атқаратын қызметі

1.

Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады.

2.

Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.

3.

Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды.

4.

Көбеюге қатысады.

5.

Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды.


Қорытынды:

1. Жасуша дегеніміз не?_____________________________________________________________

2. Өсімдік үшін пластидтердің қандай маңызы бар?______________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Жасуша пішіндерінің түрліше болуы неліктен деп ойлайсыңдар?________________________

7


Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров152
Номер материала ДВ-356351
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх