Инфоурок / Биология / Презентации / Поурочные планы по биологии на тему "Өсімдіктердің тыныс алуы"

Поурочные планы по биологии на тему "Өсімдіктердің тыныс алуы"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ниязова Мажыра Баяносовна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу кешкі мектебі» КММ



Өсімдіктердің тыныс алуы



Сабақтың тақырыбы: §29.Өсімдіктердің тыныс алуы. (6-сыныптар үшін)

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тыныс алуы барысында оттегінің сіңіріліп, көмірқышқыл газының бөлінуін түсіндіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты, өсімдіктердің де тыныс алуын білу. Тірі организмдер үшін тыныс алудың маңыздылығын ұғындыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушының ақыл-ойын, дүние танымын қалыптастыру,экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: асбұршақ тұқымдары салынған 2 ыдыс, тапсырмалар, слайд.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту,

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Жеке жұмыс , топтық жұмыс, әңгімелеу, баяндау,салыстыру қорытындылау.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу

2.Оқу ,құрал-жабдықтарын даярлату,

3.Сабаққа ынтысын аудару,

Сергіту сәті.(слайд 2)Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Сабақтың барысы: Оқушылардан үй тапсырмасы тест сұрақтары бойынша сұралады. (слайд 4-13)

Жаңа сабақ: Өсімдіктердің тыныс алуы. Оқушылар, жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың тыныс алатындығын білесіңдер! Қане , балалар менің мына сұрақтарыма кім жауап берейін деп отыр?

  1. Табиғаттың құрамдас бөліктерін кім айтады? (Өлі және тірі табиғат)

  2. Тірі табиғат және өлі табиғат деген не?

  3. Тірі табиғатты құрайтын компоненттер қандай?

  4. Өлі табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Тірі табиғаттың өлі денеден айырмашылығы неде?

  6. Тірі табиғатқа тән басты тіршілік белгісі не?

  7. Тыныс алу деген не?

Ендеше, балалар, бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Өсімдіктердің тыныс алуы» болмақ.Өздеріңе белгілі, жер бетін мекен еткен барлық тірі ағзалардың барлығының тыныс алуы жүріп жатады. Жан-жануарлар, адамзат баласының тыныс алғанда белгілі тыныс мүшелерімен(мальпигии түтігі, желбезек, өкпе т.с.с) тыныстайтынын білесіңдер. Ал, өсімдіктер қалай тыныстайды деп ойлайсыңдар?

Өсімдіктерде тыныс алатын арнайы мүшелері болмайды. Өсімдік мүшелерінде (сабағы, жапырағы, тамыры, гүлі, жемісі, тұқымы) жасушалар мен ұлпалар тобы болады.

Жасушалардың ішінде арнайы қызмет атқаратын ұлпалар болады.

Мысалы: өсімдік жапырағында болатын фотосинтез құбылысын есімізге түсірейікші. Қане, кім айтады? Өсімдік жапырағындағы жасушалар мен ұлпалар қандай қызмет атқаратын еді?

-----Өсімдік жапырағының хлоропластарында жасушалар көмірқышқыл газы мен суды сіңіріп, одан органикалық зат жасап, оттегін бөліп шығаратын еді;

------- жарық энергиясы сіңірілетін;

--------- тек жарықта жүретін;

--------- өсімдік салмағы артады;

--------жасыл өсімдік хлоропластарында жүреді;

-------жарық жеткілікті болса , тыныс алу жылдамдайды;

Сол ұлпалар қызметінің арқасында өсімдік жасушалары өседі , тыныстайды, көбейеді т.с.с тіршілік қызметін жасайды.Жасушалар оттегін сіңіріп,органикалық заттарды ыдыратады. Тыныс алу дегеніміз органикалық заттардың тотығуы. Тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады. Өсімдік салмағы кемиді. Оны өткен сабақта тұқымның өнуі кезінде тәжірибеден көз жеткізгенбіз.Одан түйгеніміз- тұқымның тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуіне, дамуына жұмсалатындығында.Өніп келе жатқан тұқымның оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығаратындығын тәжірибе жасау арқылы көз жеткізуге болады. Тәжірибені жасау үшін оқулықта берілген тәжірибенің берілісін оқушыларға оқыттырып, тақтаға екі оқушыны шығарып, екі тәжірибені орындаттырамыз. Екі күннен соң, сабаққа келгенде тәжірибені бақылап, нәтижесін оқулықпен салыстырамыз.Тәжірибе оқулықтағыдай нәтиже берді.Оқушылар май шамның бірінші ыдыста жанып, екіншісінде жанбағанын былай түсіндірді:

  1. Тұқым өнуі үшін , оған жылу, жарық, ауа керектігін білді.

  2. Тұқым өнгенде тыныс алу процесінің жүріп жатқандығына көз жеткізді.

  3. Тыныс алу кезінде жасушадағы органикалық заттардың тотығуы болатынын білді.

  4. Органикалық заттардың жұмсалуы есебінен оттегі сіңіріліп, көмірқышқыл газы бөлініп шығады.

  5. Құрғақ тұқымда тыныс алу баяу өтетіндігіне көзі жетті.

  6. Тыныс алғанда өсімдік( тұқым) салмағының кемігені байқалады.


Осы тәжірибеден тек тұқым ғана емес, өсімдіктің басқа да мүшелері жасушалары мен ұлпаларының қызметтері барысында тыныс алатынын білуге болады.Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін тексеру барысында тапсырмалар беріледі.

Тапсырмалар:Слайд 16

1. «Салыстыру кестесі» Оқушылардан өсімдіктердегі фотосинтез бен тыныс алудың салыстырмалы кестесін ауызша талдау

2. Сыртқы ортаның өсімдікке тигізетін әсері( слайд 17,18,19,20)

3.«Есте сақта!» ойыны.(Слайд 22-24)


Бекіту сұрақтары:

  1. Өсімдіктер қалай тыныс алады?

  2. Тыныс алу қай кезде жылдамдап , қай кезде баяулайды?

  3. Өнген тұқымы бар ыдыста майшам неге сөнді?

  4. Өсімдіктің тыныс алуы үшін қандай шара жасар едің?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 29.Өсімдіктердің тыныс алуын оқып, мазмұндау, кестені дәптерге толтыру.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-562815
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>