Сабақтың тақырыбы:
Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретінде
сипаты.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: а) «әдебиеттің
ауызша және жазбаша түрінің болатындығы.ауыз әдебиетінің түрлері,оның ішінде
тұрмыс-салт жырлары туралы; 2.
Тәрбиелік: а) ауыз әдебиеті-халықтың асыл қазынасы .Ауыз әдебиетін
құрметтеуге,бағалауға үйрету.Табиғатқа адамгершілік қарым-қатынастарын
тәрбиелеу; 3.Дамытушылық:
а)ауыз әдебиетнің бастауыш сыныпта оқыған түрлерін еске түсіру,білім-білік
дағдыларын одан әрі
дамыту. Сабақтың
жабдығы: Суреттер,кестелер,буклеттер және сөздік жазылған қағаз. Сабақтың
тегі: Жаңа материалды игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Әңгіме түріндегі
дәріс. Сабақтың
барысы: Үй тапсырмасын
тексеру. Халық
ауыз әдебиетінің мағынасын айқындап,оқушылар нені білуі керек екендігі мен
олардың назарын бақылауға
алу.
1.Оқу: Кесте бойынша: «Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік»
мазмұндау. 2 оқу: Тұрмыс-салт
жырлары түрлерінің мағынасын ажыратып
мазмұндау. 3 оқу: мақал-мәтелдер айту.
а) оқушылармен сұрақ-жауап арқылы айқындау. 1.»Әдебиет» деген сөздің
мән-мағынасын сұрап,оның біз үшін қандай пайдасы бар екеніне тоқталып
кету.
ә) «Әдебиет» - кімнің сөзі? (Араб
сөзі)
б) Оның қазақша мағынасын кім ажыратып берді? Және қалай деді? (Халқымыздың
рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Асыл сөз») деді. В) Сол асыл сөздің неше
түрі бар? (2) «Ауыз әдебиеті» және «Жазба әдебиеті».
Жаңа сабақ.
Мазмұнын кесте арқылы түсіндіру.а) «Ауыз әдебиетінің алдында халық» деген
сөзді тіркестіріп айттық? Неге?
(Себебі,ауыз әдебиетін халық
жазған) ә)
Ауыз әдебиетінің түрлері: 1.Тұрмыс-салт
жырлары.2.Мақал-мәтелдер.3.Жұмбақтар,жаңылтпаштар.4.Ертегілер.5.Шешендік
сөздер.6.Аңыз-әңгімелер.7.Батырлар жыры.8.Ғашықтық жырлар.9.Айтыс.
б)Сендерге ауыз әдебиетінің қай түрі
таныс? (Еретегілер,мақал-мәтелдер,жұмбақтар
,жаңылтпаштар)
в) Кім мақал-мәтелдер,жұмбақтар айтып
береді?) Сабақты бекіту:»Қазақ
халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов ауыз әдебиеті туралы қандай ой ойлап,сөз
айтқанын ұқтыңдар ма? Сендер ата-бабаларымыздан мұра боп қалған, асыл
қазынамызды сүйіп,мақтаныш тұуларың керек.
Үйге тапсырма: 1. Халық ауыз әдебиеті мәтінін
оқып,мазмұндап келу. 2.Мұхтар Әуезовтің сөзін әдебиет
дәптерлеріне жазу.3.мақал-мәтел,жұмбақ-жаңылтпаштарды білгендерінше
дәптерлеріне жазып келіңдер.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.