Инфоурок Другое КонспектыПоурочные планы по казахскому языку

Поурочные планы по казахскому языку

Скачать материал

Күні-                                 4 а, б, в

С/ тақырыбы: Біздің ұранымыз.Жіктік жалғау.

С/ мақсаты: көмек туралы өлеңмен таныстыру, өлең арқылы көмек туралы әңгімелей алуға уйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : көмек туралы өлеңді меңгеру, өлеңнің мазмұнын айта алу.

Тұлғалық: үлкен-кішіге, ата-анасына, бәріне көмек көрсетуге ұмтылу.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                          

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

6- тапсырма.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

Сен үйде кімге көмектесесің?

( үлкен-кішіге)

ІІІ.Жаңа сабақ.  – Ендеше балалар, Бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы: Біздің ұранымыз.Жіктік жалғау

Сөздік

Ұран- девиз

Бәріне- всем

Асығу- спешить

Риза болу- быть довольным

( оқушылар мұг. көмегімен хормен қайталайды, топтар бірі қазақша, екіншісі орысша оқиды, сөз тіркестерін , сөйлем құрастырады)

Оқулықтағы 1- тапсырма мен 2- тапсырма тығыз байланыста орындалады. 1- тапсырмадағы «Біздің ұранымы- бәріне көмектесу» деген сөйлем арқылы оқушылар тақырыптың көмек туралы болатынымен танысады. 2- тапсырмада осы сөйлемді түрлендіріп айтуға жаттығады. Берілген кесте бойынша оқушылар көмектесу сөзін жақсы оқу, ұқыпты болу сөздермен алмастыра қолдануға болатыны туралы ақпарат алады.

Сергіту сәті.

3- тапсырма арқылы оқушылар « Біздің ұранымыз деген өлеңмен танысады, оқушылар өлеңді аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Мұғалім сөздік бойынша асығу, риза болу сөздерімен таныстырады, өлеңнің жалпы мазмұнын түсіндіреді. 4- тапсырмадағы сұрақтарға оқушылар «Біздің ұранымыз» өлеңі бойынша жауап береді. Бұл оқушылардың өлең мазмұнын толығырақ түсінуіне мүмкіндік туғызады. 5-тапсырмада оқушылар құрылымдық үлгісі бойынша өлеңнің мазмұнын әңгімелеуге, яғни өлең қалай аталатынын және өлең не туралы екенін айта алуға үйренеді. 6- тапсырмадағы «Сен кімге көмектесесің?» деген сұраққа өз қалаулары бойывнша жауап береді.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Өлең қалай аталады? Өлең не туралы? Сен кімге көмектесесің?

ҮІ. Үйге. 3- тапсырма. жаттау.

 

 

Күні-                                 4 а, б, в

С/ тақырыбы: Еңбек туралы мақал.

С/ мақсаты: ауызх әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал- мәтел туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну.

Тұлғалық: отбасы мүшелерін құрметтей білу, аға –іні, әпке-қарындастарын мақтан тұту. Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                          

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендер мақал білесіңдер ме? Қандай мақал?

ІІІ.Жаңа сабақ.  – Ендеше балалар, Бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы: Еңбек туралы мақал.

Сөздік

қорқу- бояться

қиын жұмыс- трудная работа

мағына- значение

еңбек- труд

 ( оқушылар мұг. көмегімен хормен қайталайды, топтар бірі қазақша, екіншісі орысша оқиды, сөз тіркестерін , сөйлем құрастырады)

Мұғалім оқушыларды сөздік бойынша жаңа сөздер қатарымен таныстырады, сөздердің мағынасын түсіндіреді, олардың дұрыс дыбысталуына көңіл бөледі. 1- тапсрма арқылы оқушылар мақал- мәтелдер туралы тақпақты хормен қайталайды. 2- тапсырмада оқушылар 1- бөлімде өткен отбасы туралы «Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді» деген мақалды толықтырып оқу арқылы еске түсіреді. 3-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар жаңа мақалмен танысады. Ең алдымен сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сурет бойынша баланың ағаштағы көп алманы көріп, не ойлап тұрғанын айтады. Оқушылардың пікірі әр түрлі болуы мүмкін. Ал екінші сурет арқылы мақалмен танысады.

Сергіту сәті.

4- тапсырмада оқушылар еңбек туралы «Көз қорқақ, қол батыр» деген мақалды қайталайды. Сондай-ақ оқушылар осы тапсырмада аталған мақалдың қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 5- тапсырма сөйлесім әрекетіне арналған. Оқушылар берілген үлгі бойынша мақал туралы сөйлесуге үйренеді. 6- тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы ( Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді?) оқушылар мақал туралы білімдерін қорытындылайды.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Қандай мақал білесіңдер?т.б,

ҮІ. Үйге. 5- тапсырма. Сөйлесу. сөздік жаттау

 

Күні-

 4- сынып.

С/тақырыбы: 17-18 сабақ. Мен не білемін.  Менің кітапшам. 10-11саб. Қайталау.  Нәтиже сабақ. 161 бет.

С/мақсаты:

Білімділік. Меңгерілген сөздерді бекіту. Қайталау

Дамытушылық:  Лексикалық тақырыптар бойынша ауызекі және жазба сөйлеу тілін дамыту.Тақырып бойынша бойынша өзара қарым- қатынас жасай  алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:  өзгенің пікірін тыңдай отырып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

с/әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, аудару, талдау, т.б.

қ/қ: дид. материалдар, кесте, кеспелер, оқулық, 3- дәптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сөйлесім.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу, сөйлесу.

162 бет .

*Сенің атың кім?

*Сен неше жастасың?

*Сен нешінші сыныпта оқисыҢ№

*Сенің отбасыңда неше адам бар?

*Олар кімдер?

*Олар неше жаста?

*Сенің ата- анаң қандай?

*Сенің ағаң, әпкең бар ма?

*Сенің інің, қарындасың барп ма?

*Сен қайда тұрасың?

*Сен не істеуді жақсы көресің?

*Сен спортпен айналысасың ба?

*Сен сурет салуды жақсы көресің бе?

*Сен ән айтуды , би билеуді , үй жинауды, тамақ пісіруді жақсы көресің бе?

*Сен мақал білесің бе?

*Сен қандай мақал білесің?

*Сен отбасы туралы мақал білесің бе?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

Сөздік сұрау.Ереже сұрау. Жіктік жалғау.

ІІІ. Қайталау. Мен не білемін. Менің кітапшам.

1. Жазылым.  № 3- дәптер

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Балалар, біз сабақта не істедік?

Ү. Үйге тапсырма. Сөздік  жаттау, 162 бет Мен үйде не істеймін ? сұрақтарға жауап бер.

ҮІ. Бағалау.

 

Күні-

 4- сынып.

С/тақырыбы: 19-  сабақ. ІІ. Мен үйде не істеймін? (сұрақтарға жауап)

II-модуль бойынша жұмыс

Қайталау.  Нәтиже сабақ. 162 бет.

С/мақсаты:

Білімділік. Меңгерілген сөздерді бекіту. Қайталау

Дамытушылық:  Лексикалық тақырыптар бойынша ауызекі және жазба сөйлеу тілін дамыту.Тақырып бойынша бойынша өзара қарым- қатынас жасай  алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:  өзгенің пікірін тыңдай отырып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

с/әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, аудару, талдау, т.б.

қ/қ: дид. материалдар, кесте, кеспелер, оқулық, 3- дәптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сөйлесім.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу, сөйлесу.

162 бет .

*Сен үйде не істейсің

*Саған үйде кім не істеуді үйретеді?

*Сен  үйде кімге көмектесесің?

*Сен үйде ыдыс жуасың ба?

*Сен үйде шаң сүртесің бе?

*Сен үйде дастарқан жинайсың ба?

*Сен үйде еден жуасың ба?

*Сен гүлдерге су құясың ба?

*Сен анаңа көмектесесің бе?

*Сен  кімге не істеуді үйретесің?

*Біздің ұранымыз деген өлең не туралы?

*Сен мақал білесің бе?

*Сен қандай мақал білесің?

*Сен көмек туралы қандай мақал білесің?

* «Көз қорқақ, қол батыр» деген мақал қандай мағына береді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

Сөздік сұрау.Ереже сұрау. Жіктік жалғау.

ІІІ. Қайталау. Мен не білемін. Менің кітапшам.

1. Жазылым.  № 3- дәптер

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Балалар, біз сабақта не істедік?

Ү. Үйге тапсырма. Сөздік  жаттау, 162 бет Мен үйде не істеймін ? сұрақтарға жауап бер.

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20- сабақ.  4 с

Күні-

С/т: Диктант «Көмек

С/мақсаты: меңгерілген сөздерді бекіту.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сөйлесім.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу, сөйлесу.

*Сен үйде не істейсің

*Саған үйде кім не істеуді үйретеді?

*Сен  үйде кімге көмектесесің?

*Сен үйде ыдыс жуасың ба?

*Сен үйде шаң сүртесің бе?

*Сен үйде дастарқан жинайсың ба?

*Сен үйде еден жуасың ба?

*Сен гүлдерге су құясың ба?

*Сен анаңа көмектесесің бе?

*Сен  кімге не істеуді үйретесің?

*Біздің ұранымыз деген өлең не туралы?

*Сен мақал білесің бе?

*Сен қандай мақал білесің?

*Сен көмек туралы қандай мақал білесің?

* «Көз қорқақ, қол батыр» деген мақал қандай мағына береді?

 

Диктант

Көмек

         Мен үйде анама көмектесемін. Мен заттарымды жинаймын, шаң сүртемін, еден жуамын. Мен тамақ пісіруді жақсы көремін. Анам маған тамақ пісіруді үйретеді. Менің інім бар. Інім кішкентай. Ол үш жаста. Мен ініме санауды үйретемін. Інім онға дейін жақсы санайды.

        Сен үйде кімге көмектесесің?  (42 сөз)

 

 

 

         Ү. Үйге тапсырма. Сөздік  жаттау, 162 бет Мен үйде не істеймін ? сұрақтарға жауап бер.

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

4 а , б, в (07.10)

21- сабақ.

С/ тақырыбы: Ас болсын!

С/ мақсаты: ата-аналарына дастарқан жасауға қалай көмектесетіндері туралы айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : ыдыс атауларын қайталау, үйде дастарқан жасауға қалай көмектесетіндері туралы айта алу.

Тұлғалық:  үйде ата- аналарына көмек беруге ұмтылу.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендер мақал білесіңдер ме? Қандай мақал?

ІІІ.Жаңа сабақ.  Ас болсын!

Сөздік

Ас болсын!

Асыңыз дәмді болсын!    - приятного аппетита

Ас дәмді болсын!

Оқушылар 1- тапсырмадағы сурет б/ша бала туралы сұраққа жауап береді. «Ол не істейді?» деген сұраққа оқушылар баланың қолындағы қасық пен шанышқыға қарап, оның тамақ ішетінін айтады. 2- тапсырмадағы «Сен не айтасың? Деген сұраққа оқушылар «Ас болсын! Деген жауапты таңдайды. Тамақ ішіп отырған адамдарға «Ас болсын! Деп айтатыны еске түсіріледі. Сондай-ақ «Есте сақта!» айдары б/ша «Ас болсын!» , «Асыңыз дәмдә болсын!», «Ас дәмді болсын!» деген бірнеше нұсқамен танысады. 3- тапсырмадағы сұраққа «Дастарқанда қандай ыдыстар бар?) оқушылар суретб/ша жауап береді. Олар дастарқандағы ыдыстарды шанышқы, тәрелке, қасық, кесе) атайды.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың ...

4- тапсырмада тыңдалым және оқылым әркетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар Анар туралы мәтінді аудитаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. 5- тапсырма осы мәтін мазмұны б/ша орындалады. Оқушылар мәтін б/ша берілген сұрақтарға (Анар үйде кімге көмектеседі? Ол не істейді? Ол дастарқанға қандай ыдыстарды қояды? Дастарқанға тамақты кім қояды?) жауап беру арқылы мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін көрсетеді. Оқушылар осы үлгі б/ша өздері үйде дастарқан жасауға қалай көмектесетіндері туралы айта алады. 6- тапсырмада оқушылар сөздерді буынға бөлу, сондай-ақ қандай буын екенін ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік?

ҮІ. Үйге. 4- тапсырма. Мәтін әңгімелеу,  сөздік жаттау

 

 

 

9.10-4а , 12.10-4б, 10.10- 4в

23- сабақ.

С/ тақырыбы: Менің сүйікті тағамым. Септіктермен танысу. Табыс септік.

С/ мақсаты: сүйікті тағамдары туралы айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : тағам атауларын қайталау, қандай тағамды жақсы көретінін айта алу.

Тұлғалық:  асқа құрметпен қарауға, дұрыс тамақтануға тырысу.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, мен нені жақсы көресің? ...

ІІІ.Жаңа сабақ.  Менің сүйікті тағамым. 30 бет.Табыс септік

Сөздік

Тағам- блюдо

Көже- суп

Ботқа- каша

Оқушылар 1- тапсырма б/ша  ет, көже, қуырдақ, ботқа , мәнті, палау сөздерін қайталайды, олардың дұрыс дыбысталуына назар аударады. Сондай-ақ берілген сөйлемді толықтырып айту арқылы (Менің сүйікті тағамым ...) өздерінің сүйікті тағамдарын атайды. 2- тапсырмадағы кесте б/ша оқушылар нені (қандай тағамды) жақсы көретіндерін айта алуға жаттығады. Тағам  атауларын табыс септігінің жалғауымен қолдана білуге дағдыланады.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың ...

3- тапсырмадағы мәтінді тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Осы үлгі б/ша өздерінің сүйікті тағамдары туралы әңгімелейді. «Есте сақта!» айдарында оқушылар табыс септігі жалғауының қолданылуымен танысады. Табыс септігінің жалғауларын 4- тапсырмадағы кестеде берілген сөздерге жалғау арқылы бекіте түседі. Оқушылар жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата алатындықтан, берілген сөздерге үндестік заңы б/ша табыс септігінің жалғауын таңдап, оны осы құрылымдық үлгіде есте сақтайды. 5- тапсырмадағы сұраққа жауап беру арқылы (Сен, нені жақсы көресің?) табыс септігінің жалғаулары сөйлем ішінде жаттықтырыла түседі. 6- тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы ( Ол .. жейді. Ол ... жақсы көреді) тақырыпқа қатысты белсенді лексика, сондай-ақ табыс септігінің жалғаулары бекітіледі.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік?

ҮІ. Үйге. 3- тапсырма. Мәтін әңгімелеу,  сөздік жаттау

 

 

 

 

24- сабақ.    10.10-4а , 13.10-4б, 12.10- 4в

С/ тақырыбы: Сүт. 32 бет.Сын есім.

С/ мақсаты: сүтті сипаттай алуға, сүттің пайдасы туралы айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : сүтті сипаттай алу, оның денсаулыққа пайдалы екенін  айта алу.

Тұлғалық:  дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасын түсіну.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, мен нені жақсы көресің? ...

ІІІ.Жаңа сабақ. Сүт. Сын есім

Сөздік

дәм- вкус

сұйық- жидкий  (ая, ое)

денсаулыққа пайдалы – полезно для здоровья

қосуға болады- можно добавить

өзгереді- изменяется

өзгермейді- не изменяется

  Сөздік б/ша жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Содан кейін оқушылар мұғалімнің көмегімен 1- тапсырмадағы суретті сипаттайды. Оқушылар суреттегі қыздың сүт ішіп отырғанын көріп тұрғандарын айтады. Ол үшін мұғалім тірек сұрақтар қоя алады. Мысалы: Мынау ұл бала ма, қыз бала ма? Ол үлкен бе, кішкентай ма? Ол не ішеді? Содан кейін кішкентай қыздың сөзіне назар аударылады. Қыздың неге сүт ішетіні түсіндіріледі. (Қыз неге сүт ішеді? Себебі ол сүтті жақсы көреді). 2- тапсырмада оқушылар тірексөздер арқылы сүтті сипаттайды. ( Сүт ақ, дәмді, сұйық болады).

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың ...

3- тапсырмадағы мәтін арқылы оқушылар оқылым дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ сүт туралы толық ақпарат алады. 4- тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін б/ша жауап беру арқылы өз білімдерін бекіте түседі.Нәтижесінде сүттің қандай болатынын, оның денсаулыққа неге пайдалы екенін мәтін арқылы айта алады. 5- тапсырмадағы сөйлемді толықтырып оқу арқылы оқушылар  қант, какао, бал, тосап  деген сөздер қатарын қайталаумен қатар, олардың тәтті болатынын, сондықтан сүтке қосса, сүттің дәмі өзгеретінін айта алады. Оқушылардан өздері сүтке не қосатындарын сұрауға болады. 6- тапсырма оқушылардың  қызығушылығын туғызатыны сөзсіз. Әрине тәжірибе жасау мүмкіндігі болса, оқушылар үшін тіптен қызық болары сөзсіз.  Бұл тапсырма 1- жағдайдағы үлгі б/ша орындалады. Яғни оқушылар сүтке қант, какао, бал, тосап қосқанда, сүт қандай өзгеріске түсетінін айтады. Оқушылардың жауабындағы негізгі сөздер  дәмі, түсі, өзгереді, өзгермейді деген сөздер болады.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік?

ҮІ. Үйге. 3- тапсырма. Мәтін әңгімелеу,  сөздік жаттау

25- сабақ.    14.10-4а , 14.10-4б, 14.10- 4в

С/ тақырыбы: Сүт тағамдары. 32 бет.

С/ мақсаты: сүт туралы білімдерін толықтыру; сүт тағамдары  туралы айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : сүттен жасалатын тағамдарды атай алу, олардың ненің сүтінен жасалатынын айта алу.

Тұлғалық: сүт тағамдарының пайдасын түсіне білу.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, мен нені жақсы көресің? ...

-           

ІІІ.Жаңа сабақ. Сүт тағамдары. 34 бет.

Сөздік

Сүт тағамдары- молочные продукты

Жасалады- изготавливается

 

  Сөздік б/ша жаңа сөздермен жұмыс жасалады.  1- тапсырма б/ша оқушылар сүт тағамдарының сүттен жасалатынымен танысады. Дастарқандағы өздеріне таныс сүт тағамдарын атайды. 2- тапсырма арқылы оқушылар сүт тағамдарының атауын меңгереді. Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың ...

3- тапсырмадағы кесте б/ша оқушылар сүттен не жасалатынын айтады. Мұнда сүт сөзіне жалғанған шығыс септігінің жалғауына назар аударылады. 4- тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы оқушылар қымызбен шұбаттың айырмашылығын түсінеді. Яғни сүт тағамдарының көпшілігі сиырдың сүтінен жасалатынына да назар аударады. 5- тапсырмадағы мәтін арқылы оқушылар сүт тағамдары туралы толық ақпарат алады. Тыңдалым, оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. 6- тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін б/ша жауап беру арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгендері анықталады. Содан кейін өздері сүт тағамдары туралы әңгімелей алады.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік?

ҮІ. Үйге. 6- тапсырма. Мәтін әңгімелеу,  сөздік жаттау

 

 

 

 

 

 

 

26- сабақ.    15.10-4а , 16.10-4б, 17.10- 4в

С/ тақырыбы: Балмұздақ. 36 бет.Сын есім ережені жаттау.

С/ м: балмұздақ туралы өлеңмен таныстыру, өлеңнің мазмұнын  айта алуға үйрету, өлең арқылы сүт тағамдары туралы білімдерін толықтыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : балмұздақтың сүттен жасалатынын, оның қандай болатынын және балмұздақ туралы өлеңнің мазмұнын айта алу.

Тұлғалық: танымдық білімдерін арттыру.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, сен нені жақсы көресің? ...

-           

ІІІ.Жаңа сабақ. Балмұздақ. 36 бет.Сын есім ережені жаттау.

Сөздік

балмұздақ- мороженое

қардай аппақ – белый как снег

мұздай суық- қак лед холодный

балдай тәтті- сладкое как мед

сүттей дәмді – вкусное как молоко

1- тапсырмадағы тірек сөздер б/ша ( ақ, дәмді, суық) оқушылар балмұздақтың қандай болатынын сипаттайды. Өздерінің балмұздақ жейтін- жемейтіндерін, балмұздақты жақсы көретін- көрмейтіндерін айтады. 2- тапсырма арқылы оқушылар  жегім келеді  деген құрылыммен танысады.

  Сергіту сәті.

3- тапсырмада  оқушылар сурет б/ша жеміс- жидектер, түрлі тәттілер мен сусындарды атайды. Берілген құрылымды толықтырып оқу арқылы (Менің ... жегім келеді,Менің ... жегім келмейді. Менің .. ішкім келеді, Менің ... ішкім келмейді) қалай райды құрылымдық үлгіде қолдануға жаттығады. Содан кейін оқушылар өздерінің қалауы б/ша параққа төрт сурет салады. Оның біреуі жегісі келетін, біреуі жегісі келмейтін, біреуі ішкісі келетін, біреуі ішкісі келмейтін нәрсе болуы тиіс.Оқушылар өз суреттерін көрсете отырып, қалау рай формасын құрылымдық үлгіде қолданады. 4- тапсырмада оқушылар «Балмұздақ» дегенмен танысады. Оны аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды, мұғалім оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіреді. Өлеңдегі:

«Дәмі оның балдай,

Өзі аппақ қардай,

Суық екен мұздай,

Тәп- тәтті ғой сондай!»

Деген жолдары түсіндіру үшін мұғалім «Есте сақта!» айдарымен берілген балдай тәтті, қардай аппақ, ... деген тіркестерді түсіндіруге бағытталған тірек сөздерге сүйенеді. 5- тапсырма арқылы оқушылар құрылымдық үлгі б/ша өлең қалай аталатынын және өлең не туралы екенін айта алуға жаттығады. 6- тапсырмада оқушылар берілген сөздерді буынға бөлу, сөзде неше буын, қандай буын бар екенін ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Қандай тақырып өттік.

ҮІ. Үйге. 4- тапсырма.өлең жаттау.  сөздік жаттау

27- сабақ.    16.10-4а , 19.10-4б, 17.10- 4в

С/ тақырыбы: Ас, тағам туралы мақал

С/ м: ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі- мақал- мәтел туралы түсінік беру, ас, тағам туралы мақалмен  толықтыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну.

Тұлғалық: асты тағамды қадірлей білуді түсіну.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, сен нені жақсы көресің? ...

-           

ІІІ.Жаңа сабақ. Балмұздақ. 36 бет.Сын есім ережені жаттау.

Сөздік

Ас атасы –нан – Хлеб- всему голова

Басты ас- главная пища

1- тапсырма арқылы оқушылар мақал- мәтелдер туралы тақпақты хормен қайталайды. 2- тапсырмада оқушылар алғашқы екі бөлімде өткен отбасы және еңбек туралы «Қарға баласын «аппағым» дейін, кірпі баласын «жұмсағым» дейді, «Көз қорқақ, қол батыр» деген мақалдарды толықтырып оқу арқылы еске түсіреді.

Сергіту сәті.

 3- тапсырмадағы сурет б/ша нанның дастарқандағы басты ас екенімен танысады. Мұғалім оқушыларға оның мағынасын түсіндіреді. 4- тапсырмада оқушылар ас, тағам туралы «Ас атасы- нан» деген мақалмен танысады.Сондай оқушылар осы тапсырмада аталған мақалдың қндай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 5- тапсырма сөйлесім әрекетіне арналған. Оқушылар берілген үлгі б/ша мақал туралы сөйлесуге үйренеді. 6- тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы (Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді? оқушылар мақал туралы білімдерін қорытындылайды.

  Сергіту сәті.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Қандай тақырып өттік.

ҮІ. Үйге. 5- тапсырма. сөйлесу.  сөздік жаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні- 4 а (17.10, 21.10)   4б (20.10, 21.10,)  4в (19.10, 21.10)  сынып.

С/тақырыбы: 28-29 сабақ. 7- сабақ. Мен не білемін. Менің кітапшам. 8- сабақ. Қайталау.  Нәтиже сабақ. 163 бет. Септік жалғау.

С/мақсаты:

Білімділік. Меңгерілген сөздерді бекіту. Қайталау

Дамытушылық:  Лексикалық тақырыптар бойынша ауызекі және жазба сөйлеу тілін дамыту.Тақырып бойынша бойынша өзара қарым- қатынас жасай  алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:  өзгенің пікірін тыңдай отырып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

с/әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, аудару, талдау, т.б.

қ/қ: дид. материалдар, кесте, кеспелер, оқулық, 3- дәптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сөйлесім.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу, сөйлесу.

163 бет .

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                       

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

*Сен үйде дастарқан жасайсың ба?

*Сен дастарқанға қандай ыдыстарды қоясың?

*Сүт қандай болады?

*Сен сүт ішесің бе?

* Сен сүтті жақсы көресің бе?

*Сен нені жақсы көресің?

*Неге сүт пайдалы?

*Сүт тағамдары неден жасалады?

*Сиырдың сүтінен не жасалады?

* Жылқының сүтінен не жасалады?

* Түйенің сүтінен не жасалады?

* Сүт тағамдары денсаулыққа  пайдалы ма?

* Балмұздақ қандай болады?

* «Балмұздақ» деген өлең не туралы?

* «Тәтті» деген сөзде неше буын бар? Қандай?

* Сен қандай мақал білесің?

*Сен  ас, тағам туралы мақал білесің бе?

* «Ас атасы- нан» деген мақал қандай мағына береді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

Сөздік сұрау.Ереже сұрау (септік жалғау, сөздерді септеп келу (көз, мақал), 5-тапс. 6- тапс.

ІІІ. Қайталау. Мен не білемін. Менің кітапшам.

1. Жазылым.  № 3- дәптер 7-8 сабақ

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Балалар, біз сабақта не істедік?

Ү. Үйге тапсырма. Сөздік  жаттау, 163 бет  Менің сүйікті тағамым сұрақтарға жауап бер. Септе. қар, мұз,шұбат

ҮІ. Бағалау.

 

 

30 сабақ

Күні - 4а -23.10, 4б -24.10,  4в-23.10

С/ тақырыбы: Менің сүйікті тағамым сұрақтарына жауап беру. 163 бет

С/ мақсаты: меңгерілген сөздерді бекіту, алған білімдерін пысықтау, анықтау.

І. Ұйымдастыру. Сөйлесім.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу, сөйлесу.

163 бет .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№1 дәптердегі тапс.

ІІІ. Қайталау.

1. «Менің сүйікті тағамым» сұрақтарына жауап беру. 163 бет

Сиқырлы сандықшадан сұрақтарды алып жауап беру.

*Сен үйде дастарқан жасайсың ба?

*Сен дастарқанға қандай ыдыстарды қоясың?

*Сүт қандай болады?

*Сен сүт ішесің бе?

* Сен сүтті жақсы көресің бе?

*Сен нені жақсы көресің?

*Неге сүт пайдалы?

*Сүт тағамдары неден жасалады?

*Сиырдың сүтінен не жасалады?

* Жылқының сүтінен не жасалады?

* Түйенің сүтінен не жасалады?

* Сүт тағамдары денсаулыққа  пайдалы ма?

* Балмұздақ қандай болады?

* «Балмұздақ» деген өлең не туралы?

* «Тәтті» деген сөзде неше буын бар? Қандай?

* Сен қандай мақал білесің?

* «Ас атасы- нан» деген мақал қандай мағына береді?

2. Септе.

І топ

Жылқы

ІІ топ

Түйе

ІІІ топ.

Шұбат

3. Фонетикалық талдау жаса.

І топ

балмұздақ

ІІ топ

шанышқы

ІІІ топ.

қасық

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Балалар, біз сабақта не істедік?

Ү. Үйге тапсырма. Сөздік  жаттау, 163 бет  Менің сүйікті тағамым сұрақтарға жауап бер.

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

31  сабақ

Күні - 4а -23.10, 4б -26.10,  4в-24.10

С/ тақырыбы: Диктант «Сүтті бәрі жақсы көреді»

С/ мақсаты: Меңгерілген лексикалық қорды пайдалану

І. Ұйымдастыру. Сөйлесім.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды сабаққа бейімдеу, сөйлесу.

163 бет .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  Қайталау.

1. «Менің сүйікті тағамым» сұрақтарына жауап беру. 163 бет

Сиқырлы сандықшадан сұрақтарды алып жауап беру.

*Сен үйде дастарқан жасайсың ба?

*Сен дастарқанға қандай ыдыстарды қоясың?

*Сүт қандай болады?

*Сен сүт ішесің бе?

* Сен сүтті жақсы көресің бе?

*Сен нені жақсы көресің?

*Неге сүт пайдалы?

*Сүт тағамдары неден жасалады?

*Сиырдың сүтінен не жасалады?

* Жылқының сүтінен не жасалады?

* Түйенің сүтінен не жасалады?

* Сүт тағамдары денсаулыққа  пайдалы ма?

* Балмұздақ қандай болады?

* «Балмұздақ» деген өлең не туралы?

* «Тәтті» деген сөзде неше буын бар? Қандай?

* Сен қандай мақал білесің?

* «Ас атасы- нан» деген мақал қандай мағына береді?

ІҮ. Диктант «Сүтті бәрі жақсы көреді»

Диктант

Сүтті бәрі жақсы көреді

      Сүт қандай болады ? Сен білесің бе? Мен білемін. Себебі мен сүтті жақсы көремін. Сүт сұйық, ақ эжәне дәмді болады. Сүтте пайдалы дәрумендер көп. Мен сүтке тосап қосамын. Сонда сүт тәтті болады.

      Бәрі балмұздақты жақсы көреді. Ал балмұздақты сүттен жасайды. Сондықтан бәрі сүтті жақсы көреді.

 

 

Ү. Үйге тапсырма. Сөздік  жаттау, 163 бет  Менің сүйікті тағамым сұрақтарға жауап бер.

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32- сабақ.    24.10-4а , 27.10-4б, 26.10- 4в

С/ тақырыбы: Қазақстан, 40 бет. Сын есім.

С/ м: оқушыларға Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйрету, Қазақстанның жері, елордасы, елбасы туралы ақпарат беру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : өзінің  Қазақстанда  тұратындарын және Қазақстанның жері қандай екенін, елбасы кім, елордасы қай қала екенін  айта алу.

Тұлғалық: туған жеріне сүйіспеншілік сезіммен қарау, туған жерін, елін мақтан тұту..

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                    

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, сен нені жақсы көресің? ...

-          Саша сенін туған жерін қай жер? Сен қай елде тұрасың?

ІІІ.Жаңа сабақ. Қазақстан. 40 бет.. Сын есім.

Мұғалім сын есім ережесін түсіндіреді, оқушылар ереже дәпт. жазады.

Сөздік

елбасы, -  Президент, Глава государства

елорда, астана – столица

 

1- тапсырма  б/ша оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын және Қазақстан жерінің үлкен екенін айта алады. 2- тапсырмада сөйлесім әрекетіне көңіл бөлінеді Оқушылар тақырып бойынша сұрақ қоюға және оған жауап бере алуға жаттығады.

Сергіту сәті.

3- тапсырмадағы кесте б/ша оқушылардың назары ілік септігі мен тәуелдік жалғауына аударылады. Оқушылар Қазақстанның жері, Қазақстанның астанасы, Қазақстанның президенті деген сөз тіркестерді дұрыс қолдана білуге дағдыланады. 4- тапсырмада оқушылар кесте бойынша жұмыс жасайды. Олар кестедегі ақпаратты пайдаланып, Қазақстанның президенті, астанасы, жері туралы сөйлемдер құрап айтады. «Есте сақта!» айдары б/ша оқушыларға ел сөзімен бірігу арқылы жасалған  елорда, елбасы сөздерінің мағынасы түсіндіріледі. 5- тапсырмада оқушылар Қазақстан туралы толық мәтін үлгісімен танысады. Мәтінді аудиотаспадан тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Мәтін бойынша 6- тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын қаншалықты толық түсінгендерін көрсетеді.

 

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. Мәтіннен сын есімді тауып жазу.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Қандай тақырып өттік. Сен қайда тұрасың? Қазақстанның жері қандай? Қазақстанның елбасы кім? Қазақстанның елордасы қай қала?

ҮІ. Үйге. 5- тапсырма. 41 бет. әңгімелеу,  сөздік жаттау, сын есім ережесін жаттау

 

 

33- сабақ.    28.10-4а , 28.10-4б, 28.10- 4в

С/ тақырыбы: Қазақстанның елордасы. 42бет. Көптік жалғауды қайталау.

С/ м: оқушыларға Қазақстанның елордасы туралы айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : Астана қаласы туралы әңгімелей алу.

Тұлғалық: туған жерін, еліміздің астанасын мақтан тұту.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, сен нені жақсы көресің? ...

-          Саша сенін туған жерін қай жер? Сен қай елде тұрасың? Қазақстанның астанасы қай қала?

-          - Жақсы, балалар, ендеше бүгінгі тақырыбымыз ...

ІІІ.Жаңа сабақ. Қазақстанның елордасы 42бет.. Көптік жалғау қайталанады.

Мұғалім сын есім ережесін түсіндіреді, оқушылар ереже дәпт. жазады.

Сөздік

ғимарат- здание

ескерткіш- памятник

Сөздік б/ша оқушыларға  ғимарат  және ескерткіш сөзінің мағынасы түсіндіріледі. 1- тапсырмадағы тірек сөздер б/ша ( әдемі, үлкен, жас) оқушылар «Астана қандай қала?» деген сұраққа жауап береді. 2- тапсырмада  оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс сөздері қайталанады. Берілген сөздерді толықтырып оқу арқылы оқушылар Астана қаласының Солтүстік Қазақстанда орналасқанын айтады.

Сергіту сәті.

3- тапсырма арқылы көптік жалғауы қайталанады. Сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар үй, саябақ, ескерткіш, ғимарат сөздерінің көпше түрін есте сақтайды. Олардың не? нелер? Сұрағына жауап беретініне назар аударылады. 4- тапсырмада оқушылар Қазақстанның елордасы туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін  мәтінді 5- тапсырмадағы кесте бойынша әңгімелейді. 6- тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты меңгергендерін байқатады. 7- тапсырмадағы сөздерді буынға бөлу, жуан, жіңішке буынды ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Қандай тақырып өттік. Сен қайда тұрасың? Қазақстанның жері қандай? Қазақстанның елбасы кім? Қазақстанның елордасы қай қала?

ҮІ. Үйге. 4- тапсырма. 43 бет. әңгімелеу,  сөздік жаттау, көптік жалғау ережесін қайталау.

 

 

 

 

 

35- сабақ.    30.10-4а , 02.11-4б, 31.10- 4в

С/ тақырыбы:  Cаяхат.

С/ м: қайда сапар шегетіндерін, яғни қай қалаға баратынын айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік : Қазақстан қалаларының қайда орналасқанын және өзінің қай қалаға баратынын айта алу.

Тұлғалық: саяхатқа, Қазақстанның қалаларын аралауға деген қызығушылыққа ұмтылу.

Жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қормен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

С/ барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу, сыныпты түгендеу

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!                                                                                

Сәлеметсізбе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма

Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру..

-          Балалар, сендердің сүйікті тағамдарың не?

-          Вадим, сен нені жақсы көресің? ...

-          Саша сенін туған жерін қай жер? Сен қай елде тұрасың? Қазақстанның астанасы қай қала?

-          - Жақсы, балалар, ендеше бүгінгі тақырыбымыз ... Сен демалыста  қайда барасың?

ІІІ.Жаңа сабақ. Cаяхат.

Сөздік

Саяхат- путешествие, экскурсия

Сөздік б/ша оқушыларға  саяхат  танысады.1- тапсырмадағы диалог б/ша оқушылар суреттегі екінші баланың Астана қаласына бара жатқанымен танысады. Оқушылар «Сен қайда барасың?» деген сұрақты меңгереді. Бұл сұрақ жауабын 2- тапсырмадағы кесте бойынша толықтырады. Оқушылар барыс септігінің жалғауын дұрыс қолдана білуге жаттығады. «Есте сақта!» айдары бойынша барамын етістігінің ауыспалы осы шақта жіктелуімен танысады.

Сергіту сәті.

 

3- тапсырма арқылы көптік жалғауы қайталанады. Сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерінің көпше түрін есте сақтайды. Олардың не? нелер? Сұрағына жауап беретініне назар аударылады. 4- тапсырмада оқушылар Саяхат туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін  мәтінді 5- тапсырмадағы кесте бойынша әңгімелейді. 6- тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты меңгергендерін байқатады. 7- тапсырмадағы сөздерді буынға бөлу, жуан, жіңішке буынды ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.

   ІҮ.  Бекіту. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика- грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

Ү. Қорытындылау.  Бағалау. Балалар, біз сабақта не істедік? Сен қайда барасың?

ҮІ. Үйге. 3- тапсырма. 45 бет. әңгімелеу,  сөздік жаттау, көптік жалғау ережесін қайталау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочные планы по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 2429
    • DOCX 56.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакаева Галия Касеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакаева Галия Касеновна
    Жакаева Галия Касеновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10451
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе