Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Поурочные планы по музыке 2 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Поурочные планы по музыке 2 класс

библиотека
материалов

hello_html_64ebcb51.gifhello_html_m1bb31837.gifhello_html_m2bc8f1eb.gifhello_html_64ebcb51.gifhello_html_m1bb31837.gifhello_html_m2bc8f1eb.gifhello_html_64ebcb51.gifhello_html_m1bb31837.gifhello_html_m2bc8f1eb.gifhello_html_64ebcb51.gifhello_html_m1bb31837.gifhello_html_m2bc8f1eb.gifСабақтың тақырыбы: ҚР мемлекеттік Гимні

Мақсаты: 1. «Отан», «махаббат» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретніндегі мәнін ашу. ҚР мемлекеттік Әнұранын үйрету. 2.Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін арттыру. 3.Отанды сүйіп құрметтеуге, ұлтжандылыққа, патриоттылыққа, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал жабдықтар: ҚР картасы, рәміздер, президент портреті, кітап-дәптер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен амандасу, түгендеу; ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару;

ІІ. Жаңа сабақ.

  1. Әңгіме жүргізу.

  • Отан деген не?

  • Отанды не үшін сүйеміз?

  • Отанды қалай қорғайсыңдар?

  • Отанды құрметтейтініңді қалай көрсетесің?

  • Отан – адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, сондай-ақ табиғи байлықтары, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тілі, мәдениеті, тұрмыс – салт және әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аймағы.



  1. Отан туралы мақал-мәтел айту. Мағынасын ашып, түсіндіру.

1.Отан үшін отқа түс – күймейсің

2.Отан –елдің анасы, ел ердің анасы.

3.Отан үшін күрес – Елге тиген үлес.

4. «ҚР мемлекеттік Гимнін» үйрету.

4.Сабақты бекіту: Әнұранның авторларын таныстыру. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. 5.Сабақты қорытындылау: - Өз Отаныңның перзенті бол демекші, адам ең алдымен , өз елінің перзенті, өзінің туған жерінің мүддесіне жан жүрегімен берілген азамат болуы керек.

6. Оқушыларды бағалау. 7.Үйге тапсырма беру: 1. Әнұранды жаттау. 2.Отанға байланысты мақал жаттау.



Сабақтың тақырыбы: Күй атасы Құрманғазы.

Мақсаты: 1.Құрманғазы Сағырбайұлы шығармашылығымен танысу. Қазақ өміріндегі күйшілердің алатын орны.. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Құрманғазы портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Жаңа сабақ. 1. Қазақ халқында әнші, биші, сал-серілік өнермен қатар күйшілік өнер де кеңінен дамыған. Күйші – композиторлар өте көп. Кұрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Жамбыл Жабаев, Тәттімбет,Дәулеткерей, Қазанғап,Ықылас Дүкенұлы сынды күйші-композиторлар көп болған. Соның бірі Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен танысатын боламыз.

2.Құрманғазының өмірімен таныстыру.

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ





Қазақтың күй атасы Әділетсіздікпен күрескен 80-ге жуық күйі бар,

«Адай», «Серпер»,

«Балбырауын», «Сарыарқа»

3.Музыка тыңдайық. Құрманғазының «Адай» күйін тыңдату. Талдау. 1. Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Күй не туралы деп ойлайсыңдар? 3.Не елестеттіңдер?

4. Музыка сауаттылығы!

Күй – домбыра аспабында орындалатын шығарма.

Күйші-композитор – күйді шығаратын немесе орындайтын адам.



4. «Ойлан да айт» әңгіме ойыны. 1. Сен ат бәйгесін көрдің бе? 2. Сен өзің ат бәйгесіне қатысар ма едің? 3.Ат бәйгесіне қатысу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

5. Ән орындау. «Алғашқы қоңырау» оқулықта 10-11 беттер.

Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Құрманғазы не үшін күресті? 2. Құрманғазы кімге арнап күй шығарды? 3. Құрманғазы күйінің атын қалай атайды? 4.Шешесі қалай жігірлендірді? 5.Құрманғазының домбырасы не деп сөйледі?

Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. «Алғашқы қоңырау» әнін жаттау.

2. 8-11 беттер оқу.

3. Құрманғазы жайлы мағлұматтар жинау.

























Сабақтың тақырыбы: Күй шебері Тәттімбет.

Мақсаты: 1.Тәттімбет Қазанқапұлы шығармашылығымен танысу. Қазақ өміріндегі күйшілердің алатын орны.. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Тәттімбет портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Алғашқы қоңырау» әнін орындату

  2. Құрмнғазы Сағырбайұлы туралы жинаған материалдарымен бөлісу.

  3. «Күй» дегеніміз не?

  4. «Күйші-композитор » деген кім?

  5. Қандай атақты күйші-композиторларымызды білеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Тәттімбет Қазанқапұлы - қазақтың көрнекті күйші-композиторы, шертпе күйдің шебері. Ол әрі ақын, сөзге шебер адам болған.Оның «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті» сияқта күйлері көпке танымал. Тәттімбеттің күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов орындаған.

2.Тәттімбеттің өмірімен таныстыру.

ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ





Күйші-композитор, Шертпе күйдің шебері, «Сарыжайлау»

ақын, сөзге шебер «Сылқылдақ», «Бестөре»,

«Көкейкесті»

3.Тәттімбет ел аралап, алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып, қайтып келе жатады. Сол сапарында бір ауылда айтысып жатқан екі ақынға кездеседі. Сонда ақынның бірі: «Бұл дүниеде не өлмейді?» - деп сұрайды, сонда екінше ақын : «Өлмейтін тау, су, ай, күн, жер» - деп жауап береді. Ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды:

- Асқар таудың өлгені – Басын мұнар шалғаны, Ағын судың өлгені – Ағыны тоқтап қалғаны. Қара жердің өлгені – Үстін ақ қар басқаны, Ай мен күннің өлгені – Қарайып барып батқаны, Тек өлмейтін шын асыл Данышпан адам айтқаны, - деген екен. Ақынның екеуі де Тәттімбеттің айтқан жауабын мойындайды. Олар Тәттімбетті қонақ болуға шақырады, бірақ ол: «Құрмет-сыйларыңызға рахмет. Елім мен жерімді сағынып келемін, жолдан қалмайын» - дейді. Ол өзінің туған жеріне арнап «Сарыжайлау» күйін шығарған.

4.Музыка тыңдайық. Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдату. Талдау. 1. Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Күй не туралы деп ойлайсыңдар? 3.Не елестеттіңдер?

4. Музыка сауаттылығы!

Шертпе күй –оң саусақтарымен шертіп орындалатын музыкалық шығарма.

Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Тәттімбет ел аралап жүріп кімдерге кездеседі? 2.Ол өзінің сөзге шешен екендігін қалай танытады? 3.Тәттімбеттің туған жеріне арнап шығарған күйі қалай аталады?? 4.Шертпе күй деген не? Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. 12-14 беттер оқу.

3. Тәттімбет жайлы мағлұматтар жинау.















Сабақтың тақырыбы: Халық композиторы Дәулеткерей.

Мақсаты: 1.Дәулеткерей Шығайұлы шығармашылығымен танысу. Қазақ өміріндегі күйшілердің алатын орны.. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Дәулеткерей портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Тәттімбет Қазанқапұлы туралы жинаған материалдарымен бөлісу. 2.«Шертпе күй» дегеніміз не? 3.Тәттімбеттің күйлерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Дәулеткерей Шығайұлы - қазақтың ұлы күйші-композиторы. Дәулеткерей төре тұқымынан шығып, ел билігіне араласқан .Дәулеткерей күйлері – терең мазмұнды күйлер. Оның «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Қосалқа» , «Жігер», «Топан» атты күйлері бар. Дәулеткерей күйлері төре қағыспен нәзік орындалады.

Дәулеткерей өмірінен үзінді дерек: Бірде Дәулеткерейді Құрменғазы сәлем беруге іздеп келеді. Дәулеткерей Құрманғазыны құрметтеп қарсы алады. Дәулеткерей қолына домбырасын алып, бір күй тартады. Дәулеткерейдің күйі Құрманғазыға ұнап: «Мына күйіңіз бұлбұлша сайрап тұр ғой. Бұл қандай күй?» - сұрайды. Дәулеткерей: «Әй, Құрманғазы, дәл таптың-ау. Бұл күйімнің аты – «Бұлбұл», - дейді. Ендігі кезек Құрманғазыға келеді. Құрманғазы домбырасын қолына алып, бірнеше күй тартады. Біраз күйлер тартылып болған соң, Дәулеткерей мен Құрманғазы есік алдына шығады Сол кезде құдық басынан су алып келе жатқан Дәулеткерейдің келінін көреді. Сонда Құрманғазы: «Сіздің көптеген күйлеріңізді естіп жүрміз. Келініңіздің жүрісіне, сылдыр қаққан сығасы мен алқасына арнап бір күй шығарыңызшы», - дейді. Дәулеткерей келініне арнап бір күй тартады. Бұл күй ел арасында «Қосалқа» атанып кетеді.

4.Музыка тыңдайық. Дәулеткерейдің «» күйін тыңдату. Талдау. 1. Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Күй не туралы деп ойлайсыңдар? 3.Не елестеттіңдер?

4. Музыка сауаттылығы!

Төкпе күй –домбырады оң қолды сермеп тарту тәсілімен орындалатын музыкалық шығарма.

Ән орындайық! «Қошақаным қайда екен?»

1.Жазда атамның аулына Барып едім қыдырып. Бір қошақан алдымнан Шықты ойнап жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен?! Арқа жүні майда екен. Кеттім оны сағынып , Қошақаным қайда екен?

2.Тентек құлын тебер деп, Бұзаулармен бір ме екен? Кеттім оны сағынып, Қошақаным қайда екен?

Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1. Дәулеткерей мен Құрманғазы қалай кездеседі? 2.Дәулеткерей қандай күй тартады? 3.Дәулеткерей «Қосалқа» күйін кімге арнаған? 4. «Төкпе күй» деген не? Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. 17-18 беттер оқу.

2. Дәулеткерей жайлы мағлұматтар жинау.











Сабақтың тақырыбы: Күй шешені Қазанғап.

Мақсаты: 1.Қазанғап Тілепбергенұлы шығармашылығымен танысу. Қазақ өміріндегі күйшілердің алатын орны. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың күй өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Қазанғап портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Дәулеткерей туралы жинаған материалдарымен бөлісу. 2.«Төк пе күй» дегеніміз не? 3.Дәулеткерейдің күйлерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қазанқап өмірінен үзінді дерек: Қазақтың атақты күйші-композиторы Қазанғап Үсен төренің ауылына келеді. Қазанғап Үсен төренің атағын естісе де, бұрын кездеспепті. Үсен төре үйінде жоқ екен. Келіні Қазанғапты құрметпен қарсы алады. Бір кезде Қазанғаптың көзі ілулі тұрған домбыраға түседі. Өте әдемі домбыра екен. Үсен төренің домбырасына қызыққан Қазанғап: «Ең болмаса қолға алып ұстап көрейін», - деп сұрайды. Қазанғап жалынып сұраған соң домбыраны Қазанғапқа алып береді. Қазанғап домбыраны алған кезде сырттан Үсен төре кіріп келеді . Домбырасын ұстап отырған бөтен адамды көріп ашуланады. Содан соң Үсен төре Қазанғаптан бір күй тартуын сұрайды.Қазанғап «Көкіл» деген жаңа күйін тартады.Қазанғаптың шеберлігіне қайран қалған Үсен төре: «Қазанғап деген домбырашы бр деп естуші едім, сол сен боларсың. Ал енді Қазанғап болсаң, төрге шық, қонағым бол», - дейді. Сөйтіп бұл күй ел арасында «Көкіл» атанып кетеді.

2.Музыка тыңдайық. Қазанғаптың «Көкіл» күйін тыңдату. Талдау. 1. Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Күй не туралы деп ойлайсыңдар? 3.Не елестеттіңдер?





3. Ән орындайық! «Гүлдерайым»

1.Ақкөңіл ағызайық әннің майын, Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын. Астынан алты қырдың шыққан дауысым, Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Қайырмасы:

Ахау, Гүлдерайым, Күн мен айым, Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын.

2.Жаз шықты жадыратып мамыр айын, Әніне шырқай кетті Гүлдерайым. Шығады ащы дауысым әнге салсам, Қарағым, сені есіме алған сайын.

4. Музыка сауаттылығы!

Төкпе күй –домбырады оң қолды сермеп тарту тәсілімен орындалатын музыкалық шығарма.

5.Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Қазанғап кімнің ауылына келеді? 2.Қазанғап не себепті домбыраны сұрайды? 3.Қазанғап қандай күй тартады? 4. «Тартыс» деген не? Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. 19-12 беттер оқу.

2. «Гүлдерайым» әнін жаттау

3. Қазанғап жайлы мағлұматтар жинау.













Сабақтың тақырыбы: Гүлдерайым.

Мақсаты: 1. «Гүлдерайым» әнін үйрету. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың әнге деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер,

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Қазанқап жайлы жинаған материалдарымен бөлісу. 2. «Гүлдерайым» әнін орындату.

1.Ақкөңіл ағызайық әннің майын,

Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.

Астынан алты қырдың шыққан даусым,

Жетсе екен құлағына қалқатайдың.


Қайырмасы:

Ахау, Гүлдерайым, Күн мен Айым,

Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын.


2.Жаз шықты жадыратып, мамыр айын,

Әніне шврқай кетті Гүлдерайым.

Шығады ащы даусым әнге салсам,

Қарағым ,сені есіме алған сайын.


3. Музыка сауаттылығы!

Тартыс – екі домбырашының бір – бірімен күй жарысы.

Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Құрманғазының күйлерін ата? (Сарыарқа, Балбырауын, Адай, Серпер) 2. Тәттімбеттің қандай күйлері бар? (Сарыжайлау, Сылқылдақ, Бестөре, Көкейкесті) 3. Дәулеткерейдің күйлерін ата? (Қыз Ақжелең, Құдаша, Қосалқа, Жігер, Топан) 4. Қазанқаптың күйлерін ата? (Ысырма, Көкіл, Шыныаяқ тастар, Құс қайтару)







4.Сабақты қорытындылау: Қазанқап Тілепбергенұлы – қазақтың күйші-композиторы. Қазанқап «62 Ақжелең» күйлерін толық орындаумен қатар өзі де көптеген «Аөжелең» күйлерін шығарған. Батыс Қазақстанда өткен күй тартысында «Күй шақырған Ақжелең» күйін орындап, бас бәйгені жеңіп алған.

Сұрақтар:

1.Қазанқап кімнің ауылына келеді?

2. Қазанқап не себепті домбыраны сұрайды?

3. Қазанқап қандай күй тартады?

4. «Тартыс» дегеніміз не?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. «Гүлдерайым» әнін жаттау.

2. 19-22 беттер оқу.
































Сабақтың тақырыбы: Арнау күй.

Мақсаты: 1.Ықылас Дүкенұлы шығармашылығымен танысу. Қазақ өміріндегі күйшілердің алатын орны.. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың аспаптарға деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Ықылас Дүкенұлы портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Гүлдерайым» әнін орындату

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Ықылас халық аңыздары негізінде қобыз аспабында орындалатын көптеген күйлер шығарған. Сондай күйлердің бірі – «Жез киік». Халық аңызы бойынша ертеде мерген аңшы жігіт болыпты. Бір күні аңшы жігіт киік атуға шығады.Аңшының алдынан бір топ киік қаша жөнеледі. Ол қолына садағын алып, киіктерді ата бастайды. Аңшы жігіт аңның қызығына түсіп, киіктерді бірінен соң бірін ата береді. Көп киік қырылып қалады. Бір кезде мерген жігіттің алдынан күнге шағылысқан жезкиік шыға келеді. Мерген жігіт жез киікті атып алмақшы болады. Бірақ мергеннің оғы күнге шағылысқан жез киікке дарымайды. Сол мезетте жез киікке тіл бітіп: «Ей, аңшы жігіт! Сен мергендіктің қызығына түстің. Қанша киіктің обалына қалдың. Енді сенің атқан оғың ешбір аңға дарымайды», - дейді. Аңшы жігіт бұл болған жағдай,а таң қалып, еліне оралады. Осы күннен бастап аңшы жігіттің атқан о,ы бірде-бір аң-құсқа дарымайды. Бұл аңызды естіген ықылас қолына қобызын алып, осы оқиғаға арнап күй шығарады. Күйдің атын «Жез киік» деп атайды.

2.Музыка тыңдайық!

Ықыластың күйі «Жез киік».

3.Музыка сауаттылығы!

Қобыз – қазақтың ұлттық аспабы. Қобыз екі ішекті, сықышпен тартылатын ыспалы аспап.



4.Ықылас Дүкенұлының өмірімен таныстыру.

ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ



Қазақтың атақты Қасқыр, Кертолғау, Ерден, Қамбар-Назым

Күйші- қобызшы Жез киік Айрауық

Композиторы сияқты күйлері бар, Қазан күйлері ел арасына

кең тараған.



5.Сергіту сәті: «Топ, топ, топ»

6. Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Не себепті аңшының оғы дарымайтын болады? 2. Жез киіктің басқа аңдардан айырмашылығы неде? 3. Ықылас аңызды естіген соң қандай күй шығарады?

Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. Ықылас Дүкенұлы туралы мағлұматтар жинау.

2. 23-24 беттер оқу.

























Сабақтың тақырыбы: Күй анасы Дина.

Мақсаты: 1.Дина Нүрпейісова шығармашылығымен танысу. Қазақ өміріндегі күйшілердің алатын орны. 2.Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. 3.Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Дина портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ықылас Дүкенұлы жайлы әкелген мағлұматтарын сұрау.

2.Не себепті аңшының оғы дарымайтын болады? 3. Жез киіктің басқа аңдардан айырмашылығы неде? 4. Ықылас аңызды естіген соң қандай күй шығарады?


ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Бірде күй атасы Құрманғазы сегіз жасар керемет домбырашы қыз бар дегенді естіп, оны әдейі іздеп барады. Кішкентай Динаның өнерін көріп, қайран қалған Құрманғазы: «Қазақтың қара домбырасының атағын шығаратын адамның дүниеге келгеніне қуанып отырмын. Өнерің өрлей берсін», - деп батасын береді. Құрманғазы Динаның әкесіне бұрылып: «Кішкентай қызыңның аты елге тарап жатыр. Рұқсат берсең, мен домбыраның қыр – сырын үйретейін», - дейді. Сонда Динаның әкесі: «Ау, Құреке, бізде қуаныштан басқа қарсылық бола ма ? Өз қолыңызға тапсырдық» , - деп шын ықыласын білдіреді. Сөйтіп Дина Құрманғазының қасына еріп, тоғыз жыл шәкірт болады. Дина ұстазы Құрманғазының күйлерін үйреніп, бізге жеткізді. Өзі де көптеген күйлер шығарған. Дина шебер домбырашылығының арқасында «күй анасы» атанған.

2.Динаның өмірімен таныстыру.

ДИНА НҮРПЕЙІСОВА



Қазақтың күй анасы Құрманғазының ең дарынды Әсем қоңыр, Бұлбұл,

Күйші-композитор шәкірті Науайы, Қара қасқа ат,

Сегізінші март,

Тойбастар



3.Музыка тыңдайық. Динаның «Әсем қоңыр » күйін тыңдату. Талдау. 1. Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Күй не туралы деп ойлайсыңдар? 3.Не елестеттіңдер?



Дина өзінің «Әсем қоңыр» атты күйін немересі Қоңырға арнап шығарған. Домбыраның үнін мұқият тыңдасаң, күй «әсем қоңыр» деп сөйлеп тұғандай болады.

Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Құрманғазы мен Дина қалай кездесті? 2. Дина кімнің шәкірті болды? 3. Дина Құрманғазыға неше жыл шәкірт болған? 4.Дина «Әсем қоңыр» күйін кімге арнаған? 5. «Әсем қоңыр» күйінде домбырасы не деп сөйледі?

Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:

1. 25-27 беттер оқу.

3. Дина Нүрпейісова жайлы мағлұматтар жинау.




















Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер.

Мақсаты: 1. Күйші-композиторлар өмірінен дерек беру. суретпен жұмыс. 2.Ән айту қабілетін арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Оқушыларды адамгершілікке баулу, күй өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, тақырыптық суреттер.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.Дина Нүрпейісова жайлы жинаған мағлұматтарымен бөлісу. 2. Дина Нүрпейісованың қандай күйлері бар? 3. Ол қай аспапта ойнайды?

Өткенге шолу. Сұрақ жауап.

1.ҚР Әнұранын орындату, авторы кім? (Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев , Ш.Қалдаяқов)

2. Гимн деген не? (мемлекеттің басты әні, әнұраны)

3.Шәмші Қалдаяқов туралы айт? (көрнекті композитор, ОҚО, Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Ол вальс жанырында көптеген әндер шығарды.)

4.Шәмшішің әндерін ата? (Ақмаңдайлым, Ақ сұңқарым, Қайықта, Арыс жағасында, Сыр сұлуы, Мойынқұмда т.б.)

5.Елтаңбаның авторын ата?(Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков)

6.Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)


Тәттімбет туралы айту

Дәулеткерей

туралы айту

Құрманғазы туралы айту

2.Оқушылармен шығармашылық жұмыс:







Қазанқап туралы айту

Ықылас туралы айту

Дина жайлы айту







3.Кітаппен жұмыс: 28 бет.

Суретке қарап, күйлерді ата.

  1. «Жез киік» - Ықылас Дүкенұлы

  2. «Көкіл» - Қазанғап Тілепбергенұлы

  3. «Аман бол, шешем» - ҚарманғазыСағырбайұлы

  4. «Әсем қоңыр» - Дина Нүрпейісова

  5. «Қосалқа» - Дәулеткерей Шығайұлы

  6. «Сарыжайлау» - Тәттімбет Қазанғапұлы



Күйші – композиторларды ата. 29 бет.

1.Дәулеткерей Шығайұлы

2.Құрманғазы Сағырбайұлы

3.Ықылас Дүкенұлы

4.Тәттімбет Қазанғапұлы

5.Дина Нүрпейісова

6.Қазанғап Тілепбергенұлы


4.Сабақты бекіту. «Сәйкестендір» ойыны

Оқулықтың 30 беті.

Тәттімбет

«Көкіл»



Қазанғап

Дина

Құрманғазы

Дәулеткерей

«Қайран шешем»

«Сарыжайлау»

«Қосалқа»

«Әсем қоңыр»














5.Оқушыларды Бағалау




Сабақтың тақырыбы: Ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.

Мақсаты: 1. Ежелгі аспаптар туралы дерек беру, суретпен жұмыс. 2.Ән айту қабілетін арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Оқушыларды адамгершілікке баулу, қазақ халқының ұлттық аспаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, тақырыптық суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

1.Ежелгі аспаптардың шығу тарихына шолу жасау.

Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан. Аң аулауға шығарда алдын ала дайындалатын болған. Сол үшін тасты тасқа ұрып, аңшылық әдістерін шыңдаған. Сөйтіп ең алғашқы ұрмалы аспап пайда болған. Уақыт өте келе адамдар тас өте ауыр болғандықтан, ағаштан және аңның терісінен ұрмалы аспаптар жасай бастаған. Мұндай аспаптардың дауысы қатты әрі алысқа жеткен.

Аңшылар осы аспаптар арқылы аңды үркітіп, оларды бір жерге қуып әкеліп ұстайтын болған. Кейіннен ұрмалы аспаптар адамдардың бір-біріне алыстан хабар беретін аспабына айналған. Ұрмалы аспаптар ұзақ уақыт бойы музыкалық аспаптар емес, хабар беруші аспап ретінде танылған.



  1. ДАБЫЛ - қолмен ұру арқылы ойналатын ұрмалы аспап. 2. ДАУЫЛПАЗ – қолмен немесе таяқпен ұру арқылы ойналатын ұрмалы аспап.



2.Оқулықпен жұмыс 32-бет.

Оқушылар берілген суреттерге қарап, ұрмалы аспаптардың қай жерде қолданылатынын айтады.


3.Ән орындайық! Халық әні «Қалауым»


1.Айналайын, қарағым, хал жақсы ма, а-хау,

Сала берме көзіңді әр жақсыға, қалаулым-ай.

Сала берсең көзіңді әр жақсыға, а-хау,

Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулым-ай.





Қайырмасы:

Алматы мен қоғалы-ай,

Әркім көңілі жоғары – ай.

Аса байлық не керек,

Ден сау болса, болғаны – ай.

Жүгіріп шықтым белеске,

Белес жақын емес пе,

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет емес пе?


  1. Мінген атым астыма құла қасқа, а-хау,

Шеңбер салдым құдыққа құламасқа, қалаулым –ай.

Әдейі іздеп аулыңа мен барғанда, а-хау,

Танымаған адамдай тұра қашпа, қалаулым-ай.



4.Музыка тыңдайық!

Дауылпаз және дабыл аспаптарының сүйемелдеуінде Дәулеткерейдің күйі «Көрұғлы» күйін тыңдату.


5.Музыка сауаттылығы!


Ұрмалы аспаптар – ырғақ арқылы орындалады.


ІІІ. Сабақты бекіту.


Біліп ал! - Қазақ халқында қоңырау, асатаяқ, тұяқтас сынды ұрмалы аспаптар бар. Қоңырауды қобызға және асатаяққа тағып қойған. Асатаяқ аспабын бақсылар ауырған адамды емдеуде пайдаланған. Қазіргі кезде асатаяқ, қоңырау және тұяқтасты музыкалық аспап ретінде ұлттық оркестрлер мен ансамбльдерден көруге болады.


ІV. Сабақты қорытындылау.


Сұрақтар қою.

  1. Ұрмалы аспап қалай пайда болған?

  2. Қазақ халқының ұрмалы аспаптарын ата.

  3. Қандай ұрмалы аспаптарды білесің?


V. Үйге тапсырма беру. 1.31-34 беттер оқу.

2. «Қалаулым» әнін жаттау


VІ. Оқушыларды бағалау.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров274
Номер материала ДВ-381992
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх