Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Поурочные планы по самопазнание на тему "Салауатты өмір салты" 10 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Поурочные планы по самопазнание на тему "Салауатты өмір салты" 10 класс

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №36 мектеп-гимназиясы Мерзiм: 30.11.2015ж_12сабақ

Тақырып: Салауатты өмір салты

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік, шыдамдылық, жанашырлық

Мұғалiм: Намазова Д Сынып 10"а" Оқушылар саны :19


Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділік:салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру;

Дамытушылық:зиянды заттарды қолданудың алдына алу;

Тәрбиелік:салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Кітап, дәптер,үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



2)Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптермен жұмыс №11.   1-тапсырманы  орындау.

Сабақ барысын талқылау:



Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
















ІІ. Дәйексөз.

Шынықсаң шымыр боласың


ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалім сыйы. Өсиет:

Лұқпан хакімнен  «Өмірде байлық қымбат па,жоқ даңқ қымбат па ?»  деп сұраған екен .Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете  алмайды . Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен .

Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.

Біріншісі- ерте тұру.

Екіншісі - орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі - дене шынықтыру.

Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі - үнемі сергек жүру.

Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.

Ұзақ өмір сүргің келсе  денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан

Кітапта берілген сұрақтармен жұмыс.



  • Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен

  • Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

  • Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

  • Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

  • Зиянды әдеттерге нелер жатады?

  • Салауатты өмір сүру дегеніміз не ?

Топтастыру:







Зиянды әдеттер


Шылым шегу


Есірткі


Тиімды тамақтану


Алкоголь


Дұрыс еңбек және демалыс тәртібі


Спортпен шынығу


Салауатты өмір салты


hello_html_m21aaa11d.png







Мәтінмен жұмыс

Ұ.Есдәулетовтың "Қара пима" поэмасынан үзінді

Қара пима

Тындау, талдау.

Термені тындағанда қандай сезімде болдыңыз.

Неліктен «бірінші байлық – денсаулық» деп айтады?

Тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

Салауатты өмір салты не үшін керек?

Жан саулығының тән саулығына әсері бар ма?


Жаңа ақпарат

Оқушыларды оқулықтағы жаңа ақпаратпен таныстырып, пікірлері тыңдалады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегудің адам баласының денсаулығы мен амандығына үлкен қатер тудырып отырғанын айтады. Халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, темекі шегуден пайда болатын аурудан жыл сайын 5 миллион адам көз жұмады екен…

Тапсырма

Нақыл сөздерді оқып, өз ойларыңмен толықтырыңдар.

Тәртіп пен еңбек – … кепілі.

Жақсы күлкі – … сенімді белгісі.

Әдемілік – … жемісі.

Сергек әрі жайдарман көңіл күй – … ең жақсы шипалы дәрі.

Дене шынықтыру ойындары … жәрдем етеді

Назар аударыңдар

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:

Ұстанымың – салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;

Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;

Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен абыржу жүрекке күш түсіреді;

Таза ауада көбірек болуға тырыс, дене еңбегімен шұғылдан.

Уайым-қайғыға берілме, көңіл күйіңді түсірме.,т.б.

Тест сұрақтары: «Сіз темекі туралы не білесіз?»

Оқушылар таратылып берілген тест сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

Бүгінге бес тапсырма

« Оқушылар берілген жүрекшелерге тілектерін жазып, денсаулық ағашына апарып іледі.

- «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір…» – деп Әйтеке би айтқандай деніміз сау болып, бақытты өмір сүрейік!






















IV.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізу, келесі сабақта талдау.

Топпен жұмыс “Салауатты өмір салты” жоба жазу, талдау, қорғау

Дәптермен жұмыс










V.Топпен ән айту.

           Ертеңіме сенемін!

                  Сөзі: Роза Рымбаева

Өмірімнің мәні – өлеңім,
Жайқалған нұр жасыл желегім.
Мен өміріме, өлеңіме
Сенемін, сенем…

Жайқалған нұр жасыл желегім,
Ертеңім деп табар қорегім.
Мен ертеңіме, ертеңіме

Сенемін, сенем…

Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Тағдырдың тезіне көнемін, көнем…
Көнемін,
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем…

Еркемін мен, ойлар ертеңін
Мәңгіліктің жырын өркеп ем
Мен жырларыма, нұр бағыма
Сенемін, сенем…

Өлмесін деп жаяр өркенім,
Өмірімнің күйін шертемін
Ертеңім – менің ертегім,
Ертеңіме сенем…

Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Тағдырдың тезіне көнемін, көнем…
Көнемін,
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем…



VI.Үйге тапсырма беру.

Ұ.Есдәулетовтің «Қара пима» үзіндісін оқып, түсінігін айту.





VII.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)





Автор
Дата добавления 09.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров226
Номер материала ДВ-243189
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх