Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Поурочные планирование по самопазнании
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Поурочные планирование по самопазнании

библиотека
материалов

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Сабақ №1

Мектеп: Рудный орта мектебі

Тақырып: Өзін –өзі тану –өмірді тану

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жақсы сөз, сыпайылық, мейірімділік.

Сынып: 4 Оқушылар саны: 4

Сабақ мақсаты:Оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Жақсы сөз, сыпайылық, мейірімділік дұрыс әрекет екендігін түсіндіру.

2.Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.

3.Жақсы сөз айтуға, сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) АКТ мүмкіндігі, суреттер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Тыныштық сәті.

.«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, мектептен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен,мектепке қарай аяңдаймыз. келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабаққа шолу


3.Дәйексөз. « Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану».

3.1. Хормен оқу.

3.2. Дәптерге жазу.

3.3. Дәйексөздің мағынасын ашу.

- Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінер едіңдер?


4.Әңгімелеу. Өлеңді оқып беру

Мақтайды жұрт Мақтайды

Өйткені ол жақтайды

Әдептілік ,адамдықты

Әділеттік ,адалдықты

Білімділік ,батырлықты

Бейімділік ,алғырлықты,

Дарындылық ,даналықты

Қайырымдылық ,тазалықты

Табандылық,қайсарлықты

Талаптылық,жайсаңдықты

Намыстылық ,даралық

Сыпайылық, сыйластылық,

Сапалылық ,қимастықты

Елгезектік,ептілікті

Ізеттілік ,ептілікті

Зеректілік, зейінділік,

Мейірімділік, сергектікті,

Тәртіптік,ісмерлік,

Тұрақтылық, іскерліктері

Өжеттілік, кішілікті

Өнерлілік,кімсілікті

Міне, осындай Мақтайды

Үлкен-кіші жақтайды

Мақтайды, Мақтайды.

Сұрақтар.

1.Өлең не туралы?

2.Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

3.Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар?

Аңыз «Екі дос және қария» оқып түсіну


5.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

5.1.Топқа бөлу ( Заттар арқылы топқа бөлу)

5.2.Тапсырма

- Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру.

1-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым қатынасы.

2-топ: Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.

Тірек сөздер:рахмет,аман-есенсіз бе?,құлыным,қолғанат,елін қорғайтын.

5.3.Тапсырма орындау

5.4.Тапсырманы талдау

5.5.Қорытындылау


6.Үй тапсырмасы.

2 сабақ «Құштарлық» әңгімесін оқу


7.Топпен ән айту.

Дос болайық бәріміз!

Сөзін жазған:Х.Талғаров

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев


8.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен:

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тіліктер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.















Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-313193
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх