Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Поурочный на тему "Жаратылыстану әлемінде"

Поурочный на тему "Жаратылыстану әлемінде"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Жаратылыстану әлемінде


Мақсаты: Мұғалімдердің бойындағы басқа да қабілетін аша білу, жан - жақты дамуына әсер ету.

Түрі: интеллектуалды шоу

Ұйымдастыру: екі топқа бөлінеді

1-топ: Алғырлар, 2-ші топ- Тапқырлар тобы

1 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіздердің бүгін
Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші:

« Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!

2-жүргізуші:

« Тапқырлар » тобы:
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.


1-жүргізуші: Интеллектуалды шоуымыздың кезеңдері:








2-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанған, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған Төзбейтін өтірікке жалғандыққа Ақыл ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пәндер ғой жаратылыстану ғылымы, – дей келе, интеллектуалдық шоуымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,

Оның әрбір сөзіне нанарсыз.

Ел сенімін ақтай білер төрдегі,

Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:

1

2

3


2-жүргізуші:

1айналым: Тапқыр болсаң - талас жоқ

Қай топ 1-ші болып қол көтереді, сол топ жауап береді:

1.Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын ,  бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?

2.Бір азаматтың әкесі Султан Алдабергенұлы, ал оның ұлы Жұмабек Маратұлы . Ол азаматтың аты-жөні кім?

3. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

4. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

5. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
6. 4 балада неше саусақ бар

7. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды?

8. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

2-жүргізуші: «Қазақ халқы сөзге шешен, алғыр, тапқыр, Астарлы сөздің ақиқатын айнытпай айта білетін дана халық.» деп айтылғандай 2-айналым: Сыр сандық құпиясы

1.Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не?

2.Бұл негізгі сандардың бір түрі. Олармен сен бастауыш сыныпта танысып келгенсің. Сенің үйіңнің нөмірін, жолдастарыңның санын, оқып жатқан
сабақтарыңның ретін тек қана осы сандармен белгілеуге болады. Бұл қандай сандар?

3. Кейбіреулер «ол» тезірек бітсе екен деп асығады. Өйткені, ол бітсе, ойнауға, асыр салып жүгіруге болады. Бірақ ол бітер емес... Біреулер оны жақсы көреді, ал кейбіреулер ұнатпайды, өйткені «онда» көп ойлау керек, есептеу, жазу, жауап беру қажет. Кейде бірдеңелерді орындайсың-орындайсың, ал тексергенде «2» қояды. Мүмкін, тапсырмаларды дұрыс орындамағансың, әлде уақытың жетпей қалды ма екен? Бұл не?
4.Бұл оқушының ең негізгі құралы. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отыр, бұл құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде қуанады, ал кейде жылағысы келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуанса оны оқушы мамасы мен папасына өзі көрсетіп мәз болады, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайды. Өйткені онда оның бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не?

1-жүргізуші:

3-ші айналым: Экономикалық алаң –деп аталады. Алдарыңызға қазір суреттер беріледі, сол суреттер бойынша жауаптарыңызыд негіздейсіздер.

Бұл тапсырмалар функционалдық сауаттылыққа бағытталған.

hello_html_m496fe19e.gif hello_html_67c2da20.gif

2-жүргізуші: Келесі айналым «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Мақалдың жалғасын табу керек.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл) 
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 
4. Досыңды үш күн сынама,(үш жыл сына) 
5. Бір елі ауызға –(екі елі қақпақ) 
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 
7. Отызтістен шыққан сөз,(отыз елге тарайды) 
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10. Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
(Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.)

1-жүргізуші: Келесі айналымымыз: Ұшқыр ой деп аталады. Қане, кімнің ойының ұшқыр екенін анықтап көрейік.

1.  Бұл саған ... дейді шешесі

Үзіліс арасында саған ыңғайлы

Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың

                                   ( сабақ )

2.Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...

   1 сынып сонымен  басталады    

   11 сынып сонымен  аяқталады

                       (емтихан)

3.  Әр есепте бар

Оны тауып алуға немесе қарап алуға болады

Шешесі баласына: «Бұзақылық жасасаң .... бере біл.

                       (жауап)

4. Үздіктер оны сирек жасайды

Содан сабақ алады

Ол үшін баға кемітіледі

                    ( Қате)


2-жүргізуші: Келесі айналым Тапқыр деп аталады.

Яғни жәшікке салынған заттарды анықтау. Заттың сипаттамасы беріледі және 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 5 ұпай.

Алғырлар тобына Сұрақ:

5 ұпай. ХХ ғасыр тарихшысы Роуз бұл ойын туралы былай деген: “Бұл – жаныңды қозғайтын сөзсіз әңгіме, үміт пен өкініш, өлім мен өмір, поэзия мен ғылым, Ежелгі Шығыс пен қазіргі Европа”.

4 ұпай. Отаны-Үндістан. Жасы-15 жүзжылдық. Ежелгі аты-чатуранга. Өнертапқыштың аты белгісіз.

3 ұпай. Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын шығарды.

2 ұпай. Екі король арасындағы тұрақты ұрыс.

1 ұпай. Бұл ойында аттар мен пілдер бар.

Түсініктеме: Бұл жасырылған зат - Шахмат.
Шахмат - ақылдылық пен әділдік символы. Шахмат дегеніміз өнер ме, спорт па, әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде қазірде де айтыс туады. Біреулер үшін - еңбек, біреулер үшін - демалыс. Бірақ бір нәрсе белгілі: шахмат ойнау үшін еркіндік, шыдамдылық, қойылған мақсатқа жетуде төзімділік, жоғары есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау, математикалық қабілеті, талант болу керек
.



1-жүргізуші: Тапқырлар тобына сұрақ:

5-ұпай: Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған.

4-ұпай: Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
3-ұпай: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
2ұпай: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
1-ұпай : Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

2-жүргізуші: келесі айналым: сөздің астарын түсін деп аталады: кішкентай мәтін беріледі, соған байланысты сұраққа жауап беру керек:

Ортадан конферттерді алыңыздар:

1-мәтін: Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде? (Себебі шал бес жүз теңгені алса, онда еш қызық болмайды, келесіде оған 500 бен 50 теңгенің екеуінен таңдау жасатпайтын болады. Ол әр таңдау жасатқан сайын 50 теңгені алып тұра алады. жұртқа қызық керек, ақымақ шалдың қалай 50 теңгені таңдайтынын тағы бір мәрте көргісі келетін. («ақылды» туристер әрқашанда табылар.)

2-ші мәтін: .Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?( Сендер мені арыстандармен бірге торға қамайсыңдар дейді)

1-жүргізуші: келесі айналым Логикалық тапсырмалардан тұрады:

Тағыда ортадан конферт аласыздар:


  1. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?( Сағи 15, Меруерт 9, Еңлік 3, Арай 5)

  2. Бір мектепте оқыған үш дос : дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтің қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің , ақынның фамилияларын атаңдар. ( дәрігер –Иманбаев, мұғалім-Боранбаев, ақын-Саматов)

2-жүргізуші: соңғы айналымымыз: Өре бәйге деп талады: сұраққа ойланбастан жауап береміз:

  1. Жердің формасы қандай геометриялық фигуралар (шар)

  2. Консерва калбырларының формасы қандай геомериялық фигураға ұқсайды (цилиндр)

  3. актив бірлігін анықтайтын код (111)

  4. Теңтек балаларды жазалау үшін қоданылатын геометриялық фигура (бұрыш)

  5. Әрбір өсімдікке, сөзге, теңдеуге ортақ термин (түбір)

  6. 7-1 (жеті өлшеп бір кес)

  7. 6-4 (алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

  8. 30 теңге тұратын балмұздақтан 1 долларға қаншасы түседі? (6)

  9. Егер біз 2-ге қарап, 10 десек, бұл қалай болғаны? (Сағатта минуттық тілі 2-ні көрсетсе, 10 минут болады)

  10. Алғашқы есептеу құрылғысы.(саусақ)

  11. Тілі бар, үні жоқ, Өзін адам түсінген .Жүрегі бар да, қаны жоқ Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/ , .

  12. Он екі парақ - Он екі ақ қанат, Жауабы әсем – ақ, Сызылған тақталап. /дәптер/

  13. Ол – оқушы құралы Қатеңді түзеп тұрады. /өшіргіш/ ,

  14. Күн сайын жыртылдық, Өміріміз бір жылдық. /күнтізбе/

  15. Тебеннің ұшы түйір Өзі сөйлей білмейді, Шиыр – шиыр жолы көп. /қалам/

  16. Дүниеге тұмсықсыз ол келеді,

  17. ,

  18. Алайда тұмсығынан өледі. /қарындаш/

  19. бойында./сызғыш/ №9. №10

  20. Бірге барып сыныпқа, Қызыл, жасыл, қарасын,

  21. Бірге үйіңе қайтады. Қолға кезек аласың. /қарындаш/

  22. Оның бетін кім ашса, Қарындаштар түгел,

Әр бағаңды айтады. /күнделік/ Құшағына кірер. /пенал

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-377435
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх