Инфоурок География КонспектыПоурочный план. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

Поурочный план. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

Скачать материал

Тақырып: Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың кен орындары, орналасу ерекшеліктері туралы түсінік беру.

 Дамытушылығы: Оқушылардың ой — өрісі мен білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 Тәрбиелігі: Оқушыларды өз жерінің танып білуге, ондағы байлықтарды қадір тұтуға және жалпы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың тегі:  жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстанның  физикалық картасы

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Картамен жұмыс:  Биік таулы өлкеге қандай таулар жатады (1 оқушы айтып, тауларды интерактивтегі картаға түсіреді)

Карточкалармен жұмыс. Оқушыларға өткен сабақ бойынша карточкалар таратылады.

1.Қазақстанның  қанша аумағын биік таулар алып жатыр?

2.Биік таулы өлкенің географиялық орыны қалай анықталады?

3.Қазақстанның биік тауларын картадан кімдер көрсетеді ?

4. Қазақстанның биік шыңы қай тауда?

5. Биік таулы өлкелердің жер бедері не себепті әр түрлі?

6. Тянь-Шань тауларының жер бедері туралы не білесің?

 7.  Батыс Алтайдың қазақстандық бөлігі неге кенді Алтай деп аталады?

б) Таңдау тестісі арқылы оқушылардың білімін анықтау.
1. Қазақстандағы аласа тауларды ата.
а) Сарыарқа, Мұғалжар
ә) Тянь- Шань
б) Алтай, Сарыарқа
2. Хан Тәңірінің биіктігі.
а) 6999м
ә) 6995 м
б) 5995м
3. Қаратау жотасының биіктігі.
а) 346м
ә) 546м
б) 556м
4. Қазақстандағы ең төмен жатқан ойыс    а) Қаратау 122  м     ә) Қарақия 132м
б) Бақтыбай 152м

Қорытынды: Батыс Алтайдың қазақстандық бөлігі неге кенді Алтай деп аталады?Батыс Атайдың шығыс бөлігі қатты тілімделген және шыңдарын мәңгі қар мен мұздар жауып жатады. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар алынады. Мысалы: мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын т.б. металдар табылған. Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атаған екен. Олай болса оқушылар бүгін біз Қазақстанның пайдалы қазбалары. Соның ішінде жанғыш қазбалы байлықтары мен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: – Жері байдын-елі бай. ҚР жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі. 6 мыңға жуық пқ алынатын кен орындары ашылған.

Кенді емес. 1. Пайдалы қазбалар коллекциясын көрсету
(Мына суретте не көріп тұрсыңдар)
Біз Қазақстан аймағындағы таулар мен жазық жерлер туралы алдыңғы тақырыптарда өттік ендеше биік және аласа таулар қатты бұзылып , күшті кемірілген сайын кенге бай тереңдегі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып қалады. Көбіне бұзылған таулардан кенді қазбалар табылады. Шөгінді жыныстырда көбінесе кенсіз қазбалар қалыптасады. Біздің қасиетті де қасіретті жеріміз қазына байлыққа бай ел. Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді.  Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады. Қазақстанның геологиялық құрылысы даму ерекшеліктері пайдалы қазбалардың түзілуіне әсер етті. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:
1. Жанатын
2. Рудалы
3. Рудасыз
Жанатын п.қ. көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі.
Рудалы п.қ. көбінесе кристалды тау жыныстарында болады.
Рудасыз п.қ. магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі.
Қазақстанда 6000 нан астам п.қ. кен орындары бар. Мұнай мен газ.
Қазақстанның барыс бөлігінде шоғырланған
. Мұнай мен газ- Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. 1899 жылы Қарашүңгілде Эмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады. 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 жылы Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. ҚР мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 220 кен орны бар. Бүгінде республикамызда жылына шамамен 45 млн т мұнай, 7,5 млрд м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн тоннадай өңделменген мұнай шығарылады. Көмір кен орындары: Қарағанды, Екібастұз  10 көмір алабы, зоо кен орны бар, жалпы 162 млрд т қоры бар. Қарағанды алабы-3600 шқ2 жерді алып жатыр. Ол- негізгі көмір базасы.Тас көмірдің 80 қабаты анықталған. Қалыңдығы 120 м, жалпы қоры 45 млрд т. Екібастұз көмір алабындағы (Павлодар облысы) ауданы 160 шқ2 көмір қабатының қалыңдығы 150 м, ашық әдіспен өндіріледі, ал ең арзан «Алып» кенішінде жылына 36 млрд т көмір өндіріледі. Рудалы кен орындарға: Кемпірсай, Торғай, Атасу, Аят, Лисаков
Сирек кездесетін металдар: сынап, висмут, молибден де кездеседі.
Рудасыз п.қ. фосфорит Қаратау жерлерінде орналасқан. Ас тұзы батыс Қазақстан, Индеркөлде, Арал, Балқаш көл маңында.
Қазақстан құрылыс материалдарынан – әктас, мергель, гипс, отқа төзімді саз балшыққа, кварцитті құмға, минерал бояуларға бай.
Жетіқара, Жезқазған, Бөгесай, Хантау кен орындарында асбест өндіріледі.
 
Өз бетінше жұмыс: кестені толтыру.(кесте интерактивті тақтада) ПҚ

 Қазақстан қандай пайдалы қазбалар жөнінен д\ж бойынша алдыңғы орында? (сызба)

 ІV. Бекіту

ҚР қандай ПҚ бойынша д\ж алдыңғы орында?

БҚО қандай ПҚ бай?

ПҚ қалай өндіру қажет?

V. Үйге тапсырма. § 19. Кескін картаға ҚР пайдалы қазбаларын түсіру

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план. Қазақстанның пайдалы қазбалары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 494 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 533
    • DOCX 47.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шермагамбетова Айнур Галымжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5820
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 984 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 363 человека

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе