Инфоурок Другое КонспектыПоурочный план "Әдептен озбайық"

Поурочный план "Әдептен озбайық"

Скачать материал

Сабақ жоспары

Пәні: «Өзін – өзі тану»

Тақырыбы: «Әдептен озбайық»

Сыныбы: 9 «В»

Күні: 29.01.2014ж.

Өтетін орны: 206

Оқушылар саны: 18

Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттер: көмек, кешірімді болу, жаңашырлық, басқаларға қызмет ету, сенім білдіру.

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп сақтау туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушыларға әдеп нормаларын ұстану әскерлігін дамыту:

Тәрбиелік: оқушыларды жақсы мен жаманды айыра білуге ықпал ету. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, ізгілікке тәрбиелеу.
Типі: дәстүрлі

Сабақтың кезеңдері: тыныштық сәті, әңгімелеу, топпен ән айту, шығармашылық жұмыс, т. б.
Сабақ түрі: пікірлесу, әңгімелесу.
Көрнекілік: үнтаспа, бейнетаспа.

Құрал – жабдықтар: дербес компьютер,флешка, интерактивті тақта.

 

 

 

 

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Сабақ мазмұны:

Сабақтың

уақыты

1

Ұйымдастыру

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

- Көңіл – күйлерің қалай?

- Сабақта бәріміз түгелміз бе? Сабаққа дайын болсаныздар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз - «Әдептен озбайық».

3 мин

2

Тыныштық сәті

 Сабағымызды тынығудан бастайық - «Нұрға бөлену». (Иоган Себастьян Бах, «Весна» әуені қосылады).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолдарыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

5мин

3.

Үй жұмысын тексеру

-         Оқушылар, сіздерге адами қарым-қатынаста әдептің алатын орнын талдап келу тапсырмасы берілген.

 Осы тақырып бойынша мен сіздерге сұрақтар қоямын:
- Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?
- Әдептілік адамның іс - әрекетінде қалай көрініс табады?
- «Дұрыс жүру, тұру, әдепті бола білу – ұсақ-түйек емес» деген қалай түсінесіңдер?
- Синонимдік тәсіл, яғни әдептілік сөзінің синонимдерін тап: әдеп, тәртіпті, үлгілі, тәрбиелі, сыпайы, әдепті, көргенді.
- Антонимдік тәсіл, яғни қарама - қарсы сөздерді тап: әдепті - әдепсіз, көргенді - көргенсіз, үлгілі - өнегесіз, тәрбиелі - тәрбиесіз.

- Оқушылар, сонымен әдеп сақтау – адамгершіліктің белгісі. Әдеп сөзінің баламалары өте көп: адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік, сыпайылық, имандылық қасиеттері бар бала басқа балаларға да ерекше ілтипатпен қарайды. «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» - демекші сәлемдесу де әдептіліктің жоғарғы құндылығы.


3мин

4.

Әңгімелеу

 

-         Оқушылар, әдептілікке байланысты, өсиет – әңгіме тыңдаңыздар.

      Әлидің шешесі бірде оған өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай алыста тұратын. Әли анасының айтқанын екі етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін жеткізеді. Алайда ғалым ол жауапты білмейтіндігін айтып, арланбастан жауабын Әлидің өзінен сұрайды. Әли ол жауапты білетін еді, айтып берді. Таңырқаған Омар ибн Зәрр: “Өзіңіз де біледі екенсіз, маған несіне келіп әуре болдыңыз?” – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: “Шешемнің ауызынан шыққан өтінішін сол күйі орындау – менің міндетім“, – дейді.

Қолданылатын сұрақтар:

-         Оқушылар, баланың іс- әрекеті дұрыс па?

-         Бұл әдептілікке жата ма?

-         Оқушылар, сол себепті:

Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін! –
дей келе, адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен де әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін.

7мин

5.

Сергіту сәті

-         Оқушылар, денемізді сергітіп алайық:

Шапшаң –ойын «Иә мен жоқ»

Мынадай сөздерді айтып, балаларға доп лақтырады:

ü Достық біреуге жымиғаннан бастала ма?

ü Достық біреуді қорғағаннан бастала ма?

ü Достық біреудің бағынан алма ұрлағаннан бастала ма?

ü Достық ойыншық бөлісуден бастала ма?

ü Достық біреуді құлатқаннан бастала ма?

ü Достық біреудің машинасын жөндегеннен бастала ма?

ü Достық төбелескеннен бастала ма?

ü Достық мазақтасқаннан бастала ма?

ü Достық сыпайы болудан бастала ма?

 

2 мин

6.

Шығармашылық жұмыс

- Енді, балалар, осы айтқандардан қорытынды шығарып, ереже жазыңдар.

- Қане, бес топқа бөлінейік, мына тапсырмаларды орындайық.
І. 1) Көлікке итермей кіру керек;
2) Жол ақысын төлеу;
3) Үлкендерге орын беру;
4) Кәрі кісілердің мініп - түсуіне көмектесу
5) Көлік ішінде дауыс көтеріп сөйлеспеу
ІІ. 1) Үстел басында өзіңді дұрыс ұста
2) Қолыңды жуып, сырт киімді шешіп келу
3) Ауызыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе
4) Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес
5) Пышақты оң қолға, шанышқыны сол қолға ұстау керек.
ІІІ. 1) Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр
2) Тыныштық сақтау
3) Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалан
4) Кітап бетін жыртуға, сызуға болмайды
5) Кітапты уақытында өткіз
Ү. Мен қандай болуым керек?
1) Мейірімді – күншіл
2) Кішіпейіл - өркөкірек
3) Еңбекқор – жалқау
4) Кеңпейіл – қызғаншақ
5) Өзгені сыйлай алатын – менмен
6) Сөзінде тұратын – жауапсыз
7) Адал – өтірікші

 Жарайсыңдар.
- Балалар, мынаған қараңдаршы, өте жақсы адам болу үшін өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман қасиеттерді жоюымыз керек. Мына жерде тұрған бұлттар жақсы қасиеттерімізді көлеңкелейді, осылардың бірін алып тастайық, яғни тек осының жақсысын ғана қатыстырып қысқаша эссе жазайық.

Бірнеше оқушының эсселері жарияланады.

15

мин

7.

Ойын жаттығу

Оқушылар орындарынан тұрып, бірге шеңбер жасап, қол ұстасып тұрады. 1 – оқушы 2 - ші оқушыға қарап: «Мен сені жақсы көремін» деп күлімсірейді. Ол басын изей күлімсірей сол сөзді қайталайды. Ол оқушы келесі оқушыға дәл сол сөзді қайталайды.

-         Оқушылар, не түсіндіңіздер?
Түйін.

-         Көрдіңдер ме? Өз ниетің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жылы сөз айтсаң, өзіңе қайтып келеді екен. Әрқашан бір - бірімізге жылы сөз айтып, өзімізде соны естіп жүре берейік.

5мин

8.

Топпен ән айту

-         Оқушылар, орнымыздан тұрып, ән шырқайық.

«Қыз сыны»

Сөзін жазған: Қ.Қазыбеков

Әнін жазған: М.Омаров

Үкілі камшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп,

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге.

Қ-сы:

Қиылған қасы,

Қарақат көзі,

Жүректі баурап,

Оятар сезім,

Тал бойң нәзік.

Қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы,

Шуақты күндей,

Жаңарып қайта.

 

 

Жаңғырып көне,

Ләззат алар,

Көрген жан сенен,

Көргіңнен сенің,

Айналдым еркем,

Халқымның салтын,

Сақтаған көркем.

Қ-сы:

Қиылған қасы,

Қарақат көзі,

Жүректі баурап,

Оятар сезім,

Тал бойң нәзік.

Қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы,

Шуақты күндей,

Жаңарып қайта.

 

3мин

9.

Үй тапсырмасын беру

-         Оқушылар, кітаптың 131 беттегі «Әдептілік әліппесін» оқып келіңдер.

30 сееунд

10.

Бағалау

-         Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға жұлдызшаларды ұсынғым келеді. Жұлдызшалар таратылып беріледі.

30секунд

11.

Тыныштық сәті

-         Оқушылар, тынышталып, серігіп алайық.

-         Тыныштық сәті әуені қосылады.

1 минут

 

12.

Қоштасу

-         Сау болыңыздар, келесі кездескенше!

30секунд

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план "Әдептен озбайық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2016 517
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кәсілің Гүлжәннәт Ибрагимқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кәсілің Гүлжәннәт Ибрагимқызы
    Кәсілің Гүлжәннәт Ибрагимқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15646
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой