Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Поурочный план "Ұ дыбысы мен әрпі"

Поурочный план "Ұ дыбысы мен әрпі"



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

1 класс. Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік.

Оқушыларға Ұ әрпін таныту,Ұ дыбысының сөздегі орнын айыра білу,жазба түрін жазуға үйрету.

2.Дамытушылық.

Оқушылардың тіл байлығын дамытып,сөздік қорын молайту,сөйлем құрастыруға,байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

3.Тәрбиелік.

Оқушыларды әріптерді,сөздерді көркем,таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,топтастыру,көрнекілік,ой қозғау т.б.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер,ойындар,плакатқа жазылған сөздер,сөздік жұмысы,таратпа материалдар т.б.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Әрбір адам?

Оқушылар: Туысым,досым,жұрағат.

Мұғалім: Әрбір сабақ?

Оқушылар: Үйрену,ұғу,ұлағат.

Мұғалім: Әрбір ісің?

Оқушылар: Тірлік,тірек,адамдық.

Мұғалім: Әрбір сөзің?

Оқушылар: Шындық,бірлік,адалдық.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Адасқан буындар!» ойынын ойнату.Шарты: буындардан сөздер құрау.

ә) «Жусан» мәтінін оқыту.

ІІІ Жаңа сабақ.

а) Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу.

Құстай ұшар,қанатты тұлпар. (Ұшақ)

ә) Ұ дыбысынан басталатын және Ұ дыбысы бар сөздерді топтастырайық.

Ұ дыбысы дауысты дыбыс,себебі,айтқанда созылады,әндетіп айтылады,өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды.

-Тағы қандай Ұ дыбысы бар сөздер білесіңдер?

Қорытынды: Ұ дыбысы сөздердің басында және ортасында кездеседі.

- Балалар,айтыңдаршы Ұ дыбысы неге ұқсайды? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).

Мұғалімнің мысалы:1.Қыстың қарлы күнінен

Көп нәрсені тоқисың.

Кей құстардың ізінен,

«Ұ» әрпін оқисың.

2.Ұшқыр кемем не түрлі,

Жұлдыздармен таласар.

Тоқтар ағам секілді,

Ұшқыш болсам жарасар.

б) Суреттер тарату ондағы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

в) Сергіту сәтін жасату. Ұ дыбысына қатысты.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

«Ұ» дегенде отырып,

«Ы» дегенде тұрайық.

«Ұ», «Ы».

г) «Тиінге көмек» ойыны.Шарты: саңырауқұлақтың соңында жасырынған сөздерді оқу арқылы тиінге қысқы азық жинап беру.

ғ) Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы «Құстар» мәтінін оқыту.Мазмұнына тоқталу.Құстар туралы білімдерін байқау.

д) Сөздерді тізбектей оқыту.

е) Сөздік жұмысын жүргізу.

Ұлар-құстың түрі.

Құран – мұсылман кітабы,сүре,аят.

Нұр- күн шуағы,сәулесі.

ж) Дәптермен жұмыс.

Дәптерге Ұұ әрпінің бас және кіші әрпін үлгі бойынша жазып үйрету.Сөздер,сөйлем жаздыру.Әріптерді ауада жаздыру.

Сергіту сәтін жүргізу. «Қарлығаш»

з) Терме диктантын жаздыру.

Жаға,ұлу,отын,бала,қасық,ұл сөздерінің ішінен Ұ дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

IY Қорытынды.

-Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық?

- Ұ дыбысы қандай дыбыс?

- Ұ дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

Y Үйге тапсырма беру.

Ұ дыбысына қатысты сөздерді оқу,мәтінді мәнерлеп,түсініп оқыңдар,сөздерді жазу.

YI Сабақта жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап,жұлдызшалар тарату.


Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров57
Номер материала ДВ-563123
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх