Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Поурочный план "Дос" казахский язык

Поурочный план "Дос" казахский язык

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ №17

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дос
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Достық туралы түсініктерін кеңейту.Септік жалғауларын қайталау.
Дамытушылық: Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Дос болуды, достарын тани білуге, түсінуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, бір – біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі. Достық туралы мақал –мәтелдер, ұлағатты сөздер,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ 
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
- Адал достың өмірі нұсқа болады, амал достың өмірі қысқа болады, - деп жауап береді екен.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады. 
Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».
4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».
6. «Досы көппен .... ,
Досы жоқпен ... ».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас». 
Сөздікпен жұмыс
Түйедей құрдас – ровесники қадір тұту - цени 
Жұбын жазбау – на расставаться мойындау - сознаться
Қабақ шытыспа – не обижаться
ІV Сабақты бекіту
1 – тапсырма.
Мәтінді оқып, аударыңдар. Мазмұнын айтып беріңдер.
2- тапсырма.
Сөз тіркестерін дұрыс қойыңдар.
Түйдей құрдас, бұл екеуін, оқушылар кеңесі, достықты қадір тұту, басқалардан бұрын, қабақ шытысып көрген емес, бірге ойнайды, бір партада отырыды. 
3- тапсырма 
Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңдар.
4- тапсырма Сөйлемді аяқтаңдар.
1. Назым мен Бейсенгүл........ а) құрдас, тату дос. 
2. Қашан көрсеңде........ ә) жұбын жазбайды.
3. Ойынды да бірге ойнайды,..... б) сыныпта да бір партада отырады.
4. Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын екеуінің... в) мінезі мен ісі басөаларға ұнайды.
5. Сабақты да.... г) жақсы оқиды.
6. Оларды мұғалімдер де,...... ғ) балалар да сыйлайды, қадірлейді.
V. Сабақты қорыту
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.• Досыңды алдамай, оған адал бол.• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
VІ. Үй тапсырмасын беру
5 – тапсырма. Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер. 
6- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
VІІ. Бағалау




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.10.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров39
Номер материала ДБ-232652
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх