Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Поурочный план "Етістік" 2 класс

Поурочный план "Етістік" 2 класс


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров «Ақша қар». Ана тілі 2 сынып.

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі идеясын ашу. Қыс мезгілінің ерекшелігімен танысу.

Міндеттері: 1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.

2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.

3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- М. Жұмабаев кім?

- «Балапан қанат қақты…» М. Жұмабаев.

Әңгімені өз беттерінше аяқтау керек. (3-4 баланы оқыту, қалған шығармашылық тапсырмаларды жинап алу).

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Ой қозғау

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыста қандай қызық бар?

-Ендеше оны білу үшін бізге Әсет өз өлеңінде айтып береді.

2. Қызығушылықты ояту

- «Қыс» өлеңі.

Жүріңдер балалар,

Сырғанақ тебейік.

Желменен жарысып,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай,

Шынықсын денеміз.

«Қыс» әнін Қуанышов Әсет орындадайды.

А) Сұрақ- жауап

( тақырыпты ашып алу)

-«Қыста талай қызық бар.»

-Ал балалар бүгін бізге қонаққа не келетін жұмбақ арқылы тауып шешейік.

Жұмбақ шешу:

Аппақ , аппақ , ақ мамық ,

Жерде жатыр тапталып.

Ол не?

  • Ал енді балалар қар қандай болады?

  • Ал түсі қандай болады?

  • Ендеше жаңылтпашты жатқа айтып көрейік.

Бұл қар -

Сұр қар.

Сұр қар –

Кір қар.

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

(2-3 оқушыдан жатқа сұрау)

  1. Өлеңді оқымас бұрын оның авторымен таныстыру.

Шүкіров Зейнолла 1927-1979жж.

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.

  1. Өлеңді оқып таныстыру

Мазмұның талдау

Оқушыларға мәнерлеп оқыту

Сергіту сәті

ІҮ. Дәптермен жұмыс

-күнді тақырыпты жазу.

Ақша қар -...

Шығармашылық тапсырма 1 топ балаға (Мнемотаблица)

Берілген өлеңді сурет бойынша бейнелейді.

Аққала

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп ақ қала,

Мұрны сәбіз, үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынды аршуға

Келгендей –ақ ол мұнда.

«Неге ұқсайды?» ойын

( суретті жалғастыр)

Суреттер бойынша жұмыс

Қардың түстерін ажырату

-Балалар суреттерге назар аударайық. Кай жыл мезгілі ?Не қөріп отырмыз?

( тәуліктін әр түрлі уақытында қар әр түрлі түсті болады)

Қар

- Қардың сырын ашайық және оның түстері туралы айтып кетейік. (ақ, үлбіреуік, сары. Ол жылтыр, күміс түстеспін)

- Қар қашан қызғылт болады? (азанда, күн туған уақытта)

Қар күндіз.

- Ал қар күндіз қандай болады? (ақ, көгілдір, көкшіл)

- Қар қай кезде көз аштырмай жарқырап тұрады?

Қаһарлы аязда, үскірік...

-Сендерге қандай көңіл-күйге ашық қысқы күннің пейзажы шақырады? (көңілді, қуанышты, ертегі)

Қар кешкі уақытында.

- (көк, сұр, күлгін- фиалетовый, қара қоңыр)

-Ал аяз не істей алады?

Суретші ...

-Ал қандай қыс туралы өлеңдер білесіңдер?

Суретші аяз

Аяз келіп қаһарлы,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

Қыс

Ақ киімді денелі, денелі , ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

- Қыста аяз кезінде қарды басып жүргенде қандай дыбыс естіледі екен?

-Ал неге олай естіледі?

(оқушы өз зерттеген айтып көрсетіп береді)

Ү. Қорытынды.

Табиғат: Көктемде- оянады.

Күзде- табиғат жемісін береді.

Қыста-тынығады.

-Қыста тынығады дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қыста ұйықтайтын аңдар күзден бастап бойына май жинайды да, қыс түскен соң ініне кіріп, көктемге дейін ұйықтайды.

-Олар қандай аңдар?

- Олар: аю, суыр, саршұнақ, қосаяқ, аламан, кірпікшешен , жарғанат.

- Аңдар қанша уақыт ұйықтайды?

- Мысалы :суыр өз үйірімен 7-8 айға дейін ұйықтайды. Ал аю болса, орманның алыс түкпірінен апан қазып, сол жерде көктемді қарсы алады.

- Аңдардан басқа тағы нелер ұйқыға батады?

- Құрт-құмырсқа, жыландар, кесірткелер тасбақалар ініне кіріп, жатып алады.

  • Қардың қандай пайдасы бар?

  • Мақалдар талдау:

1.Ақ қар көп болса ,

Ақ нан көп.

2.Қыстағы қар – жерге ырыс,

Жердегі ылғал –елге ырыс.

  1. Қыста малыңды бақ,

  2. Жазда шөбінді шап.


Өлеңді жалғастыр

Аппақ – қар жауар

-- -- қуанар,

Аққала соғып, жарысып

-- -- балалар.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге жұмысы.

Өлеңді жаттау.





















Қазақ тілі

Тақырыбы: Етістік туралы түсінік

Мақсаты:

Етістік туралы берілген білімді жетілдіру, талдау, бекіту. 2. Сауатты, көркем жазуға төселдіру,оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін, шығармашылығын дамыту. 3. Әдептілікке татулыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, ой - қозғау, шығармашылық тапсырма,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезең

І. Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме қонақтар?

Қайырлы таң достым

Қайырлы таң құрбым

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын.

2.Сабаққа дайындық

- Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

- Қыс деген сөзді естігенде қандай ой түседі?

- Ал балалар қыста күннің көзі қандай болады?

- Міне , ендеше бүгін біздің сабаққа күн жарқырап келіп тұр.

- Осы күн сияқты көңіл-күйіміз жақсы және сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

ІІ.Жаңа сабақ

1. «Қазақ тілі» әлемінде

2. М: - Ертеде “Қазақ тілі” әлемінде “Сөз таптары” деген ел болыпты. Сол елде “Зат есім”, “Етістік”, “Сын есім” және “Сан есім” деген ағайындылар тұрыпты. Олар бір-бірімен тату тұрыпты. Әрқайсысы өзінің жұмысымен айналысыпты.

3. Ендеше бүгін біз сол елдерге саяхатқа шығайық.

- 1-ші елімізге тоқтайық «Зат есім»

Оқушылар берілген сөздерді талдайды, ережесін айтып дәлелдейді.

( Мысал келтіру: сәби дүниеге келкенде ең бірінші қоршаған заттарға назар аударып атауларын білсі келеді) Зат есім тұрғындары

ІІІ. Дәптермен жұмыс: З әрпін көркем жазу

Ойын: «Мекен-жайын тап»

2. Сергіту сәті

3. «Сын есім» тұрғындары «Зат есім» тұрғындарымен дос болып бір-біріне коңаққа барып жүретін бірақ бүгін өздері жалғыз қалып қойыпты. Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

4. Тапсырма : С әрпіне байланысты бірнеше сөздер жазу ( сын есім)

Көмектесейік .

Жалпақ, қалың, тегіс – тақтай

Жуас, асау, жүйрік- жануар

Таза, жарық, кең- бөлме

5. «Зат есім» тұрғындары тек сын есім тұрғындармен ғана дос емес сонымен қатар етістікпен де достықты сақтайды.

- Ал балалар етістік дегеніміз не?

- Етістік тұрғындары қимылды және сөйлеуді ұнатады.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс

- Суретпен жұмыс

- Жұмбақ шешу

- Ережесімен таныстыру

- Жаттығу орындау

. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру (ауызша)

Жүзді – жүзіп жүр.

Оқыды - оқып отыр

Сарғайды –сарғайып жатыр.

- Зат есім сиқырлы сөзді айтса болды бүкіл әлемдегі жаңалықты айта жөнеледі.

Ойын: «Тілші»

Кереті сөздер: олимпиада, басталды, жанқүйерлер,Сочи, спортмендер, қарсы алды, үміткерлер, спорт түрлері.

Осы жаңалықта мұқият тыңдасаңдар тағы сөз табы айтылды ол қандай?

- Сан есім. Сөйлемді қайталап жіберу және жазу.

6. Достық

- Сөз таптары елінде тұрғындарын қарым-қатынасы жақсы,олар бір-бірімен еш қашан бөлек жүрмейді екен.

Шығармашылық тапсырма:

Сын есім сан есім Зат есім етістік

Қызықты ... ...

... көйлек ...

... 57 ... ...

Ү. Бекіту.

Семантикалық карта

сөздер Зат есім Сын есім етістік Сан есім

1. Кітап

2. Оқыды

3. Елу жеті

4. мейірімді

Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды.

(Жапалақ)

ҮІ. Қорытынды.

Мақал: Көп ойласаң, дана боласың,

Көп ойнасаң, бала боласың .

Сөз таптары – достық.

Сұрақ- жауап

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үй жұмысы.






«Толағай» отбасылық сайыс


Мақсаты:

Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.

Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдам, шапшандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекі-құралдар: Толағай жазылуы эмблемасы, спортқа байланысты нақыл сөздер, спорт энвентарьлар


Өту барысы:

1-жүргізуші:


Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұзтаздар! « Денсаулық құпияларыының бірі – спорт » дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:


« Толағай» отбасылық сайысқа келген ойыншыларымызды өарсы алайық!

Музыка ойнайды.


1-жүргізуші: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып таныстырайық.

2 «А» сынып --------- отбасы

2 «Ә» сынып --------- отбасы

2 «Б» сынып --------- отбасы


1- жүргізуші: Жарыс болмай жеңіс болмас,

Бізге келіп күшпен сынас.


2- жүргізуші:

Мықты болсаң толағайдай,

Өнер көрсет жүлдеге талас.


1 - жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!


2- жүргізуші:


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де реншісіз болайық,

Қайымықпайық, көңілді болып тарайық!


1- жүргізуші: - Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар

алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

2- жүргізуші:

Жүйрік болсаң озып көр,

Бәрібір маған жетпейсін.

1- жүргізуші: - Әсет не айтып жүрсің?


2- жүргізуші: - Апай енді отбасылық сайысымызды бастайық.

1- жүргізуші: - Әрине ең 1-ші спорттық сайысқа келген отбасы топтарын

толық таныстырып өтейік.

( әр топ өздерін таныстырып өтеді)

1 - жүргізуші: -Бүгінгі спорттық сайыс 6 конкурстан тұрады.

1. « Кенгуру » сайысы.

2. « Пингвин » сайысы.

3. « Қаңбақ шар » сайысы.

4. « Сафари » сайысы.

5. « Кім көп секіреді?» сайысы.

6. « Кедергілер алаңы » сайысы.

1- жүргізуші: - Бүгінгі сайысымызда көмекші жетекшілерміз дене шынықтыру мұғалімдерін таныстырып өтейк ----------

1- жүргізуші: 1 конкурс : « Кенгуру » сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп екінші жаққа келіп берілген математикалық амалдарды шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да анасының алақанынан ұрып келесі эстафетаны анасына береді. Сонан соң әкесі қайталайды.

( ойыншылар жарыса бастайды)

Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!

1- жүргізуші: Ал енді « Кенгуру » сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-өазылар өздерңізде.

1- жүргізуші: 2 конкурс : « Пингвин » сайысы.


Допты аққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафета береді. Сонан соң әкелері қайталайды.


Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!

Әр конкурсты жеке-жеке бағалайды.

Ал енді « Пингвин » сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-өазылар өздерңізде.


2-ші жүргізуші: Естеріңе сала кетейк эфирде « Толағай » отбасылық сайыс өтіп жатыр.

1-ші жүргізуші: 3 конкурс : « Қаңбақ шар » сайысы.

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып қайтар жолда жүгіріп кетеді. Алдымен ұ Әкелер лдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафета береді. Сонан соң әкелері қайталайды.


Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!

( ойыншылар жарыса бастайды)

1-ші жүргізуші: Ал енді « Қаңбақ шар » сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.


(берілген бағалалар тыңдалады)


1-ші жүргізуші: 4 конкурс : « Сафари» сайысы

Қаппен секіріп барып себеттегі шарларды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағысекіріп бару. Алдыменен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафтаны береді. Әкелер дәл солай қайталап орындайды.

Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!


( ойыншылар жарыса бастайды)


1-ші жүргізуші: Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.


1-ші жүргізуші: 5 конкурс: « Кім көп секіреді?» сайысы

Балалар әкелеріне скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал әкелері скакалканы аяқтарынын астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.


( ойыншылар жарыса бастайды)


Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!


1-ші жүргізуші: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.

1-ші жүргізуші: 6 конкурс: « Кедергілер алаңы» сайысы

Осы сайыста ең бірінші әкелер бастайды. Кедергілермен өрмекшілер жүріспен жүреді. 2-ші аналар бұл сынақтан өтеді. Келесі балаға жеңілдік өрмекші жүріспен мәреге дейін жүріп қайтарда обручпен секіріп жүгіреді.


Хормен : Дайындал, қалыспа, алға!!!


1-ші жүргізуші: Ал енді « Кедергілер алаңы» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздерңізде.


«Толағай» отбасылар сайысы – еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама.

Сондықтан бүгінгі отбасыларға қатысқан үшін көп-көп рахмет!

Келесі сөзді әділ-қазыларға береміз.

Сайыс аяқталды. Қош сау болыңыздар!!!

Музыкамен аяқтау.





































Сабақтың тақырыбы: ‹‹Жылылық күннің көзінде ,тәрбие әже сөзінде ››

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру.

Көрнекіліктері: Слайд, оқушылар шығармашылығынан көрме.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті әжелер, армысыздар,

Бәріңізде есен-саумысыздар.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.

Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді әжелер

Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.

Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын.

Әжемнің саясында ер жеттім мен

Аялы ақ бесікте тербетілген

әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаймын айналсам да жер бетінен.

2 –сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Әжелер сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

Енді сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған әжелермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Орынгүл әже немересі Айнұр

2. Зайра немересі ДАНИЯР

3.Назкен немересі МАРҒҰЛАН

Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасаын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.

Біздің сайысымыз V кезеңнен тұрады.

І кезең. «Сәлем сөздің анасы».

(таныстыру).

ІІ кезең. «Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын»

(әжелер қағаздан ою-өрнек қияды, немересі дайын оюдан

өрнек құрастырады).

ІІІ кезең. «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» деп аталады

( әжелер мақал- мәтелдер айтады, немересі тиым сөздер

айтады).

ІV кезең. «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін ортаға салады.

V кезең. «Әжелердің таңсық тағамы-ай» деп аталады (қазақтың

ұлттық тағамдарын жарнамалайды).

Ендеше І сайысымызды бастаймыз.

І кезең. «Сәлем сөздің анасы» дегендей сөз кезегі өздеріңізге

беріледі.

Әжелермен немересі өздерін таныстырады.

2. Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда

Қол өнер әдемі сәнділікпен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің

ІІ кезеңіміз

«Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын» деп аталады.

Әжелер қағаздан ою-өрнек қияды, немересі дайын оюдан өрнек құрастырады.

2-сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар

ІІІ кезең. Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер, мақал –мәтелдер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз.

«Халық тәләм-тәрбие бастауы» деп аталады әжелеріміз мақал-

мәтелдер айтады, немересі өздері білетін тиым сөздер айтады.

ІV кезең. «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін ортаға салады.

5.Тентек болсам,ашылып,

Жақсы іс қылсам,асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттісінде жасырып.

ІV кезең. «Әжелердің таңсық тағамы-ай» деп аталады.

Мұнда әжелері мен немерелері өздері дайындап келген қазақтың ұлттық тағамын жарнамалап көрсетеді.

Ана жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктен де құларсың.

дей отырып бүгінгі сайысымыз да мәреге жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қорытындысы шыққанша «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу).

Сайыс қортындысын тыңдау. Әжелерді құттықтау (сөз беру).

Әжелерді марапаттау.

Әже мерейі күн көзімен пара-пар,

Тұла бойға қуат беріп таралар.

Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңыз,ақ ниетті апалар, – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан аяулы асыл әжелерімізге, апаларымызға көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады.

Сіздерге көп-көп рахмет!

Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!














Математика

 Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.

 Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-

 лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен

 азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын

 қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;

 Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын

 бекіту.

 2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары

 арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

 3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда,

 бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне

 көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштар

 Сабақ түрі: (жаңа сабақ)аралас

 Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру

 Сабақ барысы.І. ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық»

 ***Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)

 1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.

 Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)

 2.Сан қатары берілген:

 5 10 15 20 25 30…………

 Неге назар аударылған?

 *Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.

 15-5 20-10 25-15 30-20

 Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.

 (35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)

 Сергіту сәті. «Он саусақ»

 Ауызша есептеулер.

 1.Көлден ұшты жеті қаз,                             2.Жаңа ғана шалғында,

 Қайтып қонды екі қаз,                                   Алты бұзау жүр еді.

 Қонбады оның нешеуі?                                 Әлде шаршап қалды ма,

 Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5)                      Жатып қапты біреуі.

                                                                          Нешеуі енді жайылып,

                                                                          Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)

 Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?

 Қауымдастық құрайық.

 5 баға бесбұрыш , 5тең ,5 алып , 5тұлпар, 5арыс , 5қару,  5 бақыт,

5жігіт , 5жетім, 5тас, 5саусақ, 5дұшпан, 5асыл, 5 саусақ,

 Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.

 5 алып

 1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,

 әнші-сазгер.

 2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын

 дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан

 4.Қазақбай қажы палуан

 5.Қасымхан палуан

 5 тұлпар

 (ер қанаты болған бес тұлпар)

 1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең

 5 тең

 1.Әкеден алған ақылың

 Даңғыл қара жолмен тең.

 2.Ағайының көп болса,

 Сапта тұрған қолмен тең.

 3.Жақсы болса ағаңыз,

 Асқар асу белмен тең.

 4.Елгезек болса ініңіз,

 Ерттеулі атпен тең.

 5.Көпті көрген қартыңыз,

 Жазылған шежіре хатпен тең.

5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.

 5 бақыт

 1.Астыңдағы атың жүрдек болса,

 Жалғанның пырағы.

 2.Алған жарың жақсы болса,

 Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.

 3.Әкең асқар тау.

 4.Шешең қайнар бұлақ.

 5.Балаң жақсы болса,

 Екі көзіңнің шырағы.

 5 жігіт

 1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт

 5.айналып соғар із жігіт

 5 жетім

 1.Иесіз қалған жер жетім,

 2.Басшысыз қалған ел жетім.

 3.Аққу-қазсыз көл жетім.

 4.Тыңдалмаған сөз жетім.

 5.Іздемесе қыз жетім.

 5 дұшпан

 Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

 5 асыл

 Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау

 5 саусақ

 Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек

 Бес тас

 Бестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.

 Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.

«Бес саусақ» (санамақ)

 Бас бармағым, Сұқ саусағым,

 Бақташы бол! Сауыншы бол!

 Қырағы көз, Өнеріңе

 Сақ малшы бол! Табынсын ел!

 Ортаң қолым, Аты жоғым,

 Орманшы бол! Аспазшы бол!

 Күллі орманға Өз қолыңнан

 Қорғаншы бол! Дәм татсын ел!

 Шынашағым,

 Бақшашы бол!

 Жемісіңді

 Мақтасын ел.

 Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.

 І-топ «УАҚЫТ»

 ІІ-топ «ӨРНЕК»

 ІІІ-топ «ФИГУРА»

 ІV-топ «ТАҢБА»

 V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.

 5 санын қосу мен азайту.

 5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз. ±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)

 Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?

 6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.

 7+5=(… 12-5=(….

 8+5=(…… 13-5=(….

 9+5=(… 14-5=(….

 5+6=(… 11-6=(…

 5+7=(… 12-7=(…

 Сергіту сәті. «Табиғат»

 Күндей болып күлеміз,

 Гүлдей болып өсеміз.

 Құстай болып ұшамыз.

 Көбелектей қонамыз.

 Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.

 Әңгіме -6күн

 Жыр-? 5күн ұзақ

 Ш: 6+5=11 (күн)

 Ж: Жырды 11күн оқыған.

 Қыз бала -24

 ? бала келген

 Ұл бала-? 4-еуі кем

 Ш: 24+(24-4) = 44 (бала)

 Ж: 44 бала келген.

 **Логикалық тапсырма

 7+4= 11-4=

 17+4= 21-4=

 27+4= 31-4=

 Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)

 Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.

 7+5= 12-5=

 17+5= 22-5=

 27+5= 32-5=

 Өздері жұппен тесереді.

 Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,

 Бәрі осыдан басталған.

 Мынау менің басым,

 Бәрін осы басқарған.

 Мынау менің оң қолым,

 Мынау менің сол қолым,

 Барлық істі атқарған.

 Ойын: «Гүлдерді әшекейле!»

Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.

 Қорытындылау. ***Бақылау тесті

 1.Машина-24

 -?

Комбайн-20

А) 4                                           С)34

В)44                                         Д )14

 

2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.

А)8+4                                     В)9+5

С)11-2                                    Д)7+8

3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.

А)12-х=6                                С)х-9=5

В)х+7=12                               Д)8+х=14

4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?

А)4                                         С)14

 В)10                                      Д)12

5. 1 тәулікте неше сағат бар?

А)24сағ                                                           С)20сағ

В)21сағ                                                           Д)22сағ

Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.

 Бағалау

 Үйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау)















Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров190
Номер материала ДВ-105438
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх