Инфоурок / Биология / Конспекты / Поурочный план 11 клас
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Поурочный план 11 клас

библиотека
материалов

Күні:

Пәні:биология

Сынып:11

Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тəжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы,протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғикатализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тəжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы,протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғикатализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуытуралы түсінік беру;

Дамытушылық: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарын және алған білімді қорытындылай, салыстыра пайдалану икемдігін дамыту;

Тәрбиелік: Жалпы биологиялық білімнің маңыздылығы туралы қалыптасқан түсініктер негізінде оқытылатын материалға жауапкершілік қатынас сезімін тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын жаңа технология түрлері: тірек-сызба

Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы:Сызбанұсқа: «Алғашқы атмосфераның құрамы».

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жер бетінде тіршілік пайда болуының қандай алғышарттары бар?

  2. Ғаламшардың қажетті мөлшері болу керек дегенді қалай түсінесіңдер.

  3. Тіршіліктің пайда болуы үшін энергияның маңызы қандай болды?

Сұрақтарға берілген жауаптарды талдап, толықтырып, жаңа сабақты түсіндіремін.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Жер шарындағы алғашқы атмосфера

Ғарышты зерттеген ғалымдардың соңғы деректері бойынша аспан денелері бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын пайда болған. Жер шары алғаш пайда болғанда оның құрамында оксидтер, карбонаттар, металл карбидтері және жанартаулардың (вулкандардың) атқылауынан түзілген газдар басым орын алған. Жер бетінде температураның көтерілуіне радиоактивті қосылыстардың ыдырауы және Күннің ультракүлгін сәулелерінің көптеп түсуі де әсер еткен. Бұл кезде Жер шарындағы су бу күйінде ғана таралған. Ауаның жоғары қабаттарындағы өте салқын кеңістіктерде, су булары жинақтала келе бұлтқа айналған. Одан жауған нөсер жаңбыр жер бетіндегі ыстық тастарға түсіп, қайта буға айналып, қайтадан атмосфераға қосылып отырған. Күннің күркіреуі және аспанда найзағай жаркылдауы үнемі қайталанып тұрған. Бірте-бірте жердің беткі қыртысты қабаты суына бастаған. Жер бетінде жаңбыр суының жинақталуынан алғашқы шағын су көлшіктері пайда болған. Жанартаулардан атқылаған ыстық лава (кою жыныстар) ағыстары, күл су көлшіктеріне қосылып, қоршаған орта жағдайлары үнемі өзгеріп тұрған. Орта жағдайларының осылай үнемі өзгеріп тұруы, органикалық қосылыстардың түзілу реакцияларының жүруіне мүмкіндік жасаған.

Жердің ең алғашқы атмосферасының құрамында бос күйінде оттек болмады. Жер бетіндегі сутектің басқа элементтермен қосылуынан көптеген улы газдар түзілді. Күннен келетін ультракүлгін сәулелер органикалық косылыстардың түзілуіне қажетті бірден-бір энергия көзі болды. Жер атмосферасында көптеп таралған бейорганикалық косылыстарға метан, аммиак, т.б. газдар жатады.

CO + 3H2 → CH4 +H2O
N
2 + ЗН2 → 2NH3

Қазіргі таңдағы атмосфера. Жердің «қатты» қабатын (гидросфераны қоса) атмосфера қабаты қоршап жатыр. Ол Жермен бірге айналады және оның құрамы, негізінен, азот (78,08%-ы) пен оттектен (20,95%-ы) тұрады.

Атмосферадағы ауаның жалпы массасы 5,15•1015 тонна. Жер бетінен жоғарылаған сайын оның қысымы мен тығыздығы кемиді. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Жер бетінен биіктеген сайын

Олар бір-бірінен температуралық, физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Атмосфера қабаты Жер бетіне келіп түсетін Күн сәулесінің радиациясын ұстап қалады. Көмір қышқыл газ және су буының әсерінен Жерден жылу шығару мөлшері төмен болады («парниктік әсер»).

Биополимерлердің түзілуі және эволюциясы

Жердің алғашқы тарихындағы әр түрлі су айдындарында түзілген органикалық қосылыстардың құрамы және олардың жиынтығы да түрлі дәрежеде болды. Мұндай қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі тәжірибе арқылы дәлелденді. Америкалық ғалым С.Фокс 1957 жылы аминқышқылдары судың қатысуынсыз-ақ өзара косылып пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды. Ол құрғақ аминқышқылдарының қоспасын қыздырып, сосын суытқанда аминқышқылдарының нәруыз тектес молекулалары өзара байланыс түзетінін байқады. С.Фокс Жердің суы тартылған аймақтарында, лава ағыстарының жылуынан және күн сәулелерінің әсерінен аминқышқылдары өзара қосылған. Олардың осындай қоспаларынан алғашқы полипептидті қосылыстар түзілген деп қорытынды жасады.

Тіршілік эволюциясындағы ДНҚ мен РНҚ-ның рөлі

Нуклеин қышқылдарының нәруыздардан басты айырмашылығы — олар екі еселену қабілеті арқылы бастапқы молекулаларының дәлме-дәл көшірмесін жасай алады. 1982 жылы америкалық ғалым Томас Чек РНҚ молекулаларының өршіткілік (катализаторлық) белсенділігін ашты. Нәтижесінде, ол РНҚ молекулалары — жер бетіндегі ең алғашқы полимерлер деген қорытынды жасады. ДНҚ молекулалары әлсіз сілтілі сулы ерітіндідегі ыдырау процестерінде РНҚ молекулаларымен салыстырғанда едәуір тұрақты күйде болады. Мұндай ерітіндісі бар орта Жердің алғашқы тарихындағы су айдындарында болған. Қазіргі кезде бұл жағдай тек жасуша құрамында ғана сақталған. ДНҚ молекулалары мен нәруыздардың арасында тығыз байланыстылық бар. Мысалы, нәруыздар ДНҚ молекулаларын ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Нәруыздар мен ДНҚ молекулаларында тіршілікке тән кейбір белгілер болғанымен, оларды тірі организмдер деп атай алмаймыз. Өйткені оларда биологиялық мембраналар толық қалыптаспаған.

Бекіту сұрақтары:

  1. Жер шарындағы алғашқы атмосфера құрамында қандай газдар болды?+

  2. Химиялық элементтердің, бейорганикалық жəне органикалық молекулалардың эволюциясы қалай жүзеге асты?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары: ғарыштық жəне ғаламшарлық алғышарттар туралы түсініктерді негіздеуге болады.

Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысындағы біліміне қарай оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы:§4. Қосымша мағлұматтар,тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау. 18-19 беттер

Рефлексия кезеңі. Оқушылар сабақ барысында алған әсерлерін ортаға салады.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-196673

Похожие материалы