Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Поурочный план 2 класс

Поурочный план 2 класс



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңнің идеясын өз білімдері арқылы түсінуге бағыт беру

Дамытушылық мақсаты: өлеңді талдау, түсіну арқылы өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік мақсаты: бірлесе жұмыс істеу арқылы өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге, басқаларды тыңдауға баулу.

Сабақтың стратегиясы: топтастыру, түртіп алу, эссе

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, «Қазақстан Республикасы» дегенде көз алдымызға не елестейді?

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Атырау сөздері жазылған қиындыларды оқушылар таңдап алып, аталған қалалардың атымен топқа бөлінеді. Әртоп, мәселен, Алматы атауын неліктен таңдағандарын топқа талқылап, бір-екі оқушы пікірін айтады.

ІІІ. Мағынаны ашу.

  1. Ақын Қайрат Жұмағалиевтің «Қазақстан» атты өлеңі оқылады.

Мәнерлеп оқу. Оқушыларға дауыстап оқыту.

Сөздік жұмыс: «Тұртіп алу»

Дана - кемеңгер, данышпан, ақылды, білімді.

Пейіл - көңіл

Дәуір - тарих кезең, заман.

  1. Осы өлең мазмұны бойынша төмендегідей жұмыс жүргізіледі:

1-топ: «Астана» тобы өлең мазмұнына сай «Менің Қазақстаным» тақырыбына эссе жазады.

2-топ «Алматы» тобы «Қазақстан» жайлы өлең құрастырады.

3-топ «Атырау» тобы өлеңді мәнерлеп оқып, соңындағы сұрақтарға жауап береді.

4-топ «Шымкент» тобы Қазақстан жайлы сурет салады.

5-топ «Семей» тобы «Қазақстан Республикасы жайлы не білеміз?» сұрағына еркін түрде жауап жазады.

Ой толғаныс.

  • Балалар, туған еліміздің болашағын қалай елестетесіңдер?

  • Болашақта Қазақстан қандай мемлекет болады деп ойлайсыңдар? (әңгіме)

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Қазақстан жайлы материалдар жинау. Өлеңді мәнерлеп оқу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров77
Номер материала ДВ-467977
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх