Сауат
ашу
Сабақтың
тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың типі:
жаңа сабақ
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік: сауат ашу жұмысына даярлық
жүргізу. Сауат ашуға арналған "Сауат ашу. Әліппе — дөптер" оқу
құралымен таныстыру. Дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Дыбыстар мен әріптердің
айырмашылығын меңгерту.Дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде
түсінік беру.
2.Тәрбиелік:Белсенді қызығушылығын дамыту, имандылыққа тәрбиелеу. Сөйлеу мен
қарым-қатынас мәдениетін үйрету. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.
3.Дамутышылық : Баланың ойлай білу және
өзіндік пікір айту қабілетін дамыту
Әдіс-тәсілдер:
ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық.
Көрнекілігі:
ойыншықтар, компьютер. "Сауат ашу. Әліппе — дәптер".
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Ұстаз
сабақты ойыннан бастайды. Үрленген шарды балаларға кезекпен лақтырады, шарды
ұстаған бала атын айтады. Шар жарылғанша ойын жалғаса береді.
"Пах",
деп, жарылған шардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші:
балалар назарын өзіне аударып, олардан не естігенін сұрайды.
—
Дыбыс естідік, — деп жауап береді.
— Дұрыс,
сендер дыбыс естідіңдер. Бірақ дыбыстар әр түрлі болады.
Әтеш:
"Ку-ка-ре-ку" — деп шақырады, сиыр: "Мө-ө-ө" деп мөңірейді,
ешкі: "Мө-ө" — деп маңырайды, қаз: "Ға-ға-ға" — деп қаңқылдайды
т.с.с.
Дыбыстарды
айтамыз, естиміз.
Тәрбиешімен
бірге балалар әтеш секілді, сиыр секілді, қаз секілді дауыстар шығарып,
дыбыстарды қайталап айтады.
Ұстаз: Егер А — А — десек, оны ұзақ созып айтуға
болады, дауысымыз еркін шығады. Қане, бәріміз қосылып "А" дыбысын
қайталап айтып көрейікші.
Балалар. "А-а-а-а" деп қайталайды.
Ұстаз: А дыбысын ауызды ашып, әндетіп те, созып
та, айғайлап та айта аламыз. Аузымызда тіл, тіс ешнәрсе кедергі жасамайды. Дәл
осылайша айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз. Дауысты дыбыстарды қызыл
текшемен белгілейміз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.