Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыПоурочный план на тему (Атмосфера-Жерің ауа қабаты.)

Поурочный план на тему (Атмосфера-Жерің ауа қабаты.)

Скачать материал

Пәні: Жаратылыстану 5-сынып

 

 

Тақырып: Атмосфера-Жерің ауа қабаты.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат– Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:

интерактивті тақта,  оқулық, бағалау парағы, суреттер, су, шар, стақан.

Әдіс-тәсілдер:  дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, жекелей, топтық жұмыстар,  деңгейлік тапсырмалар,  жұмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар. 

 

 

Сабақ барысы:

   Нұрға бөлену  жаттығуы.

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт  топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

 

Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

(Ауа)

 

ІІ. Жаңа сабақ. 

Ендеше, оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Атмосфера – Жердің ауа қабаты. Топқа бөлініп, мынадай ролдер бойынша жұмыс жасаймыз. Топ басшыларына өзін-өзі бағалау парағын үлестіремін.

 

1.   Төраға

2.   Таймкипер

3.   Хатшы

4.   Баяндамашы

 

Оқушыларға оқулықпен және қосымша берілетін мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды   қорғайды.

 

 

 

ІІ. Жаңа сабақ. Қосымша мәтін.

Атмосфера[1] — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы  биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера  деп аталатын қабаттарға бөледі.

 

І топ. Атмосфера қабатына жалпы сипаттама

ІІ топ. Ауа құрамындағы газдарға сипаттама

ІІІ топ. Атмосфераның негізгі қабаттарына сипаттама

ІV топ. Ауаның ластануына сипаттама

               ***

Енді сәл сергіту сәтіне – жұмбақтар шешу ойынын өткізейік

Ұстасаң, қолға ілінбес

Қарасаң, көзге түспес.

(Ауа)

Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады.

(Аяз)

Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді

Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді.

(Қыс пен жаз)

Ол келсе орман шулайды

Толқын теңіз тулайды

Қуса өзен қуады

Ешкім оны құмайды.

(Жел)

Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгілі түсте жоқ.

Мен моншақпын әдемі

Ірі емес ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас

(Шық)

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады

ұлт)

Көк жүзінде көк жолақ

Қойды екен оны кім бояп.

(Кемпірқосақ)

Топтық жұмыс.

І топқа тапсырма.

Берілген сұрақтарды топ талқыға салып, топтың әр мүшесі жауап беруі қажет.

Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи ортаға қандай зиян келтіреді?

Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы қандай?

Ерте кездегі адамдар табиғаттты қалай пайдаланды?

Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?

 

2 топқа тапсырма.

Венн  диаграммасы.

              Ауаның маңызы        пайдасы         Ауаның ластануы

 


    

 

 

 

 

ІІІ топтың тапсырмасы.

 Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз, онда ауаны қорғау үшін қандай шаралар жүргізер едіңіз?

1.Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.

2.Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.

3.Қалдықсыз технологияға көшу.

4.Табиғи байлықты тиімді пайдалану.

5.Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.

 

ІV топтың тапсырмасы.

Оқулықта берілген нұсқаулықты пайдалана отырып тәжірибе жасау.

 

Өткенді пысықтау.

Оқушылар осы сабақта өз білімдерінің қаншалықты деңгейде толыққанын кесте толтыру арқылы білдіртеді.

Нені білемін?

 

Не білгім келеді?

 

Не білдім?

 

 

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

Берілген сұрақтарға оқушылар адамгершілік тұрғысынан байланыстырып жауап беруі қажет.

1.     Тірі ағзалар үшін оттегін қайдан аламыз?

2.     Улы түтіннің алдын-алу үшін қандай шаралар жүргіземіз?

3.     Көше бойынан дәрілік өсімдіктерді теруге, мал жаюға болады ма?

4.     Өзің тұратын жердің ауасы қаншалықта таза екендігін айта аласың ба?

 

Сабақтағы кері байланыс: Оқушылар осы сабақтан алған әсерлеріңді, тілектеріңді қағазға жазып тақтаға жапсыруларыңызға болады.

 

Өзін – өзі бағалау парағын жинау.

Үйге  тапсырма: «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары» туралы эссе жазып келу.

  

Нұрға бөлену  жаттығуы.

 

Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план на тему (Атмосфера-Жерің ауа қабаты.)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 860 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 971
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтмаганбетова Саним Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7737
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 54 регионов

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 24 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 396 человек из 65 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе