- Учебник: «Биология. Живой организм», Сивоглазов В.И.
- Тема: 6. Органы цветковых растений
- 21.02.2018
- 1055
- 1

Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Жалпы сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері, көбеюі. Қырықжапырақтектестер (папоротниковые), жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктердің ішіндегі ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.
Қазіргі кезде қырықжапырақтектестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі. Суда өсетіндері де бар. Австрия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтектестерді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Қырықжапырақтар – тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі – усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай – қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Фотосинтез процесі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады.
Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюітамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Ол талақдәрі (аспленум) қырықжапырағының кейбір түрлеріне ғана тән. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапырақтар пайда болады. Олар үзіліп түсіп, тамырланып, топыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады6 459 273 материала в базе
«Биология. Живой организм», Сивоглазов В.И.
6. Органы цветковых растений
Больше материалов по этой темеНастоящий материал опубликован пользователем Орынбасарова Жазира Нурпейсовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Политические режимы
Разработка мобильного приложения для вашего бизнеса
Профессиональная компетентность педагога
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.