Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Поурочный план на тему "Менің Қазақстаным- менің болашағым" (2 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Поурочный план на тему "Менің Қазақстаным- менің болашағым" (2 класс)

библиотека
материалов


Сабақтың мақсаты: а) ҚР- туып өскен жеріміз, Отанымыз, Қазақстан- ата-бабамыздан мұра боп қалған болашақтың , тату-тәтті өмір , ынтымақ пен бірліктің елі деген түсінік беру.Ассамблеяға 20 жыл,қазақ хандығына 550 жыл, Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияға 20 жыл мерейтойларын атау.

ә)Елін,жерін құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын, сүйетін азаматты тәрбиелеу

б) Ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.


Сабақтың түрі:Аралас


Сабақтың типі: Жоба сабақ

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап , шығармашылық, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі:Суреттер, нақыл сөздер, плакат.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау.

2.Құттықтау сөз.


Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қысқаша түсінігі:

Эпиграф: Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп ,уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!

Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мщл мүмкіндігіміз бар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты баынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. 1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы.Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.

КОНСТИТУЦИЯ- мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент. ҚР тұңғыш президенті –

Н. Ә. Назарбаев. Ә рбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.

Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса оның 130 әр- түрлі ұлт өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар.Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Қазақстанның табиғатты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан- ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.

Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.


Ә) ҚР Конституциясынан үзінділермен таныстыру:


1 бап, 1бөлім: « ҚР өзін... әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.»


2 бап, 2бөлім: « Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды...»


3 бап,1 бөлім: « Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы – халық.»


34 бап, 1 бөлім: « Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға басқа адамдардың құқықтарын , бостандықтарын , абыройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті.»


40 бап, 1 бөлім: « ҚР Президенті- мемлекет басшысы,... ең жоғары лауазымды тұлға.»


7 бап, 1 бөлім: « ҚР мемлекеттік тіл- қазақ тілі.»


9 бап: « ҚР мемлекеттік нышандары- Туы, Елтаңба, Гимні бар.»


34 бап , 2 бөлім, « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті»


31 бап, 1 бөлім: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.»


38 бап: « ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.»


Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне 70 жыл толған мерекесін тойладық.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақты сіздерді аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

«Ассамблея жылы –Қазақ Елінің бірлігі жылы!» деп елбасымыз атап кеткендей жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса ,ер болар,бірлікті болса,ел болар» деген даналық сқзі бар.Сондықтан да,бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұсынған Мемлекет басшысы Н.назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа,құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын,бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1-наурызында құрды.Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті.Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп,жұртшылықты жетістікке бастады.Ең бастысы-Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды.Биылғы 2015 жыл-Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдығы.

Сондай-ақ биылғы жылдың еліміздің тарихындағы ,халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше.Биыл біздің мемлекетіміздің ,яғни қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

Рухы мен тілін жанындай сүйген, Жолдарға бастар,

Адамдар неге санаулы? Ісіңнен ұрпақ от алар.

Ұлт үшін дәуір отына күйген, Қалмайсың көштен,

Аталар болды алаулы. Шықпайсын естен,

Армандай асқар, Тағдыры шыншыл аталар.


Қорытынды бөлім:

Мақал – мәтелдер жатқа айту, өлеңдер оқу:


Отан- елдің анасы,

Ер елдің анасы.


Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.


Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.


Қырқасын гүл көмкерген

Отанымның от демі.

Менің байтақ өлкемнен

Көркем өлке жоқ тегі!


Атады әрбір таң күліп,

Шашып алтын шапағын.

Жер бетінде мәңгілік

Жасайды ұлы Отаным!


Келе жатыр керім күн

Халық сүйіп қалаған.

Ата Заңын елімнің

Құрметтейді бар адам.



Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз мұны біз.

Қазақ тілі киелі-

Мемлекеттік тіліміз.


Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.


Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.


Барша халық таныған

Біздің үміт тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі.



6. Үйге тапсырма: « Менің Қазақстаным!» шығарма жазу, сурет салу.

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров122
Номер материала ДВ-525746
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх