Инфоурок География Другие методич. материалыПоурочный план на тему "Орал, Алтай"

Поурочный план на тему "Орал, Алтай"

Скачать материал

Сынып 8  күні__________  пән: Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың  тақырыбы: : Орал, Алтай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орал мен  Алтай жай күйімен (ГО, геологгиялық құрлымы, жер бедері, климаты,пайдаоы қазбалары, гидрологиясы, табиғат зоналарымен оқушыларды танстыру

Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:  Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа,экологиялық  тәлім арқылы адамгершілікке,табиғатты аялай білуге, дүние танымдылыққы

елеін-жерін сүю арқылы  патриоттыққа тәрбиелеу    

Сабақтың типі:  білім білік дағадыларын қалыптасытру

Сабақтың түрі: жаңа материал

Әдістер –тәсілдер і: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу кесте түрінде, оқулықпен жұмыс

Көрнекілік құралдар: дүние жүзі физикалық картасы, Қазақстанның физмкалық картасы мектеп атласы, кескін карт

Сабақ барысы:

1-кезең Ұйымдастыру бөлімі: І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

4. Тақырыпқа шығу

 

2-кезең Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Кескін карталарды карау, Шығармашылық жұмыстарын қарау

3 -кезең Үйтапсырмасын бекіту кезеңі

4-кезең Мақсатты қою

5.Жаңа тақырып түсіндіру кезеңі

Географиялық орны

Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.

Жер бедері мен геологиялық құрылысы

Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан түрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.

Пайдалы қазбалары

Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.

Климаты

Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.

Су қоры

Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтылығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.

Табиғат зоналары

Өсімдіктері мен жануарлары

Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізіненселеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларынақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.

 

Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы ҚараЕртіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.

[Жер бедері

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3d/Altai%2CTienschan-Orte.png/300px-Altai%2CTienschan-Orte.png

 

Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына үзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.

Геологиялық құрылысы мен кен байлықтары

Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасықұрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоник. козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден,қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.

Климаты

Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.

Өзендері мен көлдері, мұздықтары

Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі,Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғүты, Үлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.

Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Жайсан, Түранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердін ең үлкені - Жайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншүңқырда орналаскан.

Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сакталған.

Мүзтау

Мұзтау - Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу, т.б. мұздықтары бар, бүлардан Қатынсу өзені бастау алады.

Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Жайсан қазаншүңқырына караған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бүқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі кар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарагай, бал қарагай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмүрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бүғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бүғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бүлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау қүр, шіл, кекілік, тоқылдақ, үлар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.

Рахман қайнары - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.

Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.

 

 

6-кезең Түсігін тексеру (яғни кері)

 

Географиялқ орны

Геологиялық құрлымы

Жер бедері

Пайдалы қазбалары

Климаты

Гидроло-гиясы

 

 

Жалпы Сырт

Орал алды үстірті

Каспий маңы ойпаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат зоналары кестесі

 

Кездесетін табиғат зоналары

сиаттамасы

Өсімдігі

Жануарлары

Топырағы

Экологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-кезең Бекіту және бағалау сұрақ қою арқылы

8-Бағалау:

9-кезең Қорытынды. Не білдік ені үйрендік тағы не білгілерің келеді, келесі тасабақта не білгілерің келеді.

 Рефлексия.

Осы сабақтан не үйрендіңдер?

Сабақ ұнады  ма?

Несімен ұнады?

10-кезең Үйге тапсырма беру: §  41 қайталау кестені толтыру

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план на тему "Орал, Алтай""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 534 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2017 869
    • DOCX 88.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асан Каракоз Асанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асан Каракоз Асанкызы
    Асан Каракоз Асанкызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13511
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 980 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека